Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Тұяқ аралық саңылауында жуандаған тері күстің экстирпациясы



Pdf көрінісі
бет116/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   129
оперативтік хир 8 н

Тұяқ аралық саңылауында жуандаған тері күстің экстирпациясы 
 
Көрсетуі. Тұяқ аралық саңылау аумағында, ауырсындырып ақсататын 
ұлғайған тері күсті ( тилома, күстілген жара). 
Бекітуі. Сау аяғы жағына жығып, оны бекітіп байлайды, сонда 
зақымдалған орын жақсы көрініп және операция жасауға қолайлы болады. 
Жансыздандыруы. Нейролептик, өткізгіштік немесе циркулярлық 
жансыздандыру. 
Операция техникасы. Тізе облысына икемді қан тоқтататын бұрау 
салынады. Өткір берік қысқыштармен сыртқы тұяқты көбірек керіп ашып 
тартады. Зақымдалған өсімдікті Мюзе қысқыштарымен қысып алып, 
барынша тартып алға шығарады. Скальпельмен күстің екі жақтағы терісін 
оның негізіне бағыттай ашып тіледі, (сурет 163).
 
Сурет 163 Тұяқ аралық саңылауында жуандаған тері күстің экстирпациясы 
Күсті скальпель немесе қайшымен оның негізінен бөліп алады. Кесіп 
алғаннан кейін жара үңірейіп, шағын болса оны тігістермен қосады; егер 
үңірею зор болса, керісінше тігістер тітіркендіріп жара жазылуына кедергі 
болады. Жараны йодоформ - эфирмен суландырып, антибиотик ұнтағын 
себіп, дәке майлықпен жабады. Содан соң тұяқтарды берік жақындата, бинт 
таңғышымен таңады. Таңғышты қара маймен сіңдіреді. Таңғышты әрбірлер
8-10 күнде, жара толық эпителизация болғанша дейін алмастырады. 
 
АРТҚЫ АЯҚТАРҒА ЖАСАЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР 
Анатомо - топографиялық деректері. Артқы аяқтарында келесі 
аумақтарды анықтайды. 


223 
Бөксе аумағы (regio glutaea). Шекаралары: жоғарғы - дененің 
медиандық сызығы; алдыңғы - мықын сүйектің сыртқы және ішкі 
төмпектерін қосушы сызық; төменгі — мықын сүйектің сыртқы бұрышынан, 
жамбас - ортан жілік буын арқылы сербекке дейін жүрген сызық; жамбас - 
құйрық түбірінен сербекке дейін сызығы. Мына аумақ аттас жақпен бірге 
сауыр аталатынды дене бөлімін құрастырады. Бөксе аумағында сыртқы және 
ішкі мықын сүйегінің төмпектері, омыртқа өсінділері, сербекте ортан 
жіліктің ұршықтары, шонданай - құйымшақ байламның артқы жағы 
бағдарлары байқалып қаралады. Жақсы дамыған терең фасцияның астына 
үстіңгі, орта және терең бұлшық еттердің қабаттары орналасады. 
Сан аумағы (regio femoralis). Шекаралары: жоғарғы - алдындағы 
аумақтың төменгі шекарасымен сәйкес келеді; төменгі - тобықтан жоғары 
өткізілген жазықтық; алдынғы - сан кең фасция тартқышының алдыңғы 
қатары; жамбас — санның артқы нұсқасы. Ірі малда екі басты және жартылай 
сіңірлік бұлшық еттер аралықта науаша байқалады. 
Тобық буын және тілерсек аумағы (r. r. genualis et cruralis). 
Шекаралары: жоғарғы - алдындағы аумақтың төменгі шекарасына сай 
болады төменгі - өқше сүйектің төбесі арқылы өткізілген горизонтальдық 
жазықтық. Аумақ беттеріне жақсы байқалатын науашалар: шыбық сүйектік – 
ұзын және жақтық саусақ жазылдырғыштар аралықта; латеральдық және 
медианалық - ахилл сіңірі және терең саусақ бүккіштер аралықта (өкше 
үстіндегі сыртқы және ішкі шұңқыр). Тобық буыны тобықтық және 
тілерсектік буындардан түзеледі. Тобықта - түзу ( латеральдық, орта және 
медиальдық) және жақтарлық байламдар болады. Тобық буының қуысы 
тілерсек буын қуысымен өте жиі хабарласады. Тілерсек буында әрқашанда 
біріне бірі бөлектенген 2 қуыс болады. 
Тілерсек буын аумағы (r. tarsi). Шекаралары: жоғарғы - тілерсектің 
төменгі шекарасымен сәйкес келеді; төменгі – тілерсек сүйектердің 
проксимальдық жуандатылған соңыларынан төмен. тілерсек буыны - 
анатомиялық қараста күрделі аумақ, көп байламдар, сіңірлер, сіңірлердің 
қынаптары, қан тамырлары, жүйкелер, синовиальдық қапшықтар және 
сүйектер қөп сандарымен сипатталады.
Ең үлкен хирургиялық назар 2 каналға келеді: а) тілерсек медианалдық 
каналы; ол сіңір және ұзын саусақ бүкіштің қынабын мазмұндайды; б) 
плантарлық тілепсек каналы одан бес бармақтың ұзын бүккішінің сіңірі және 
асықты жіліктің жамбас бұлшық еті өтеді, оларда асықтық сіңір аталатын 
қынап жалпы. Канал құруы және сіңір бекітүі тілерсектік фасция қатысуын 
болады, ол мына учаскеде тілерсектің қиғаш плантарлық байлам аталған - lig. 
tarsi plantare obliquum жуандауды құрастырады. 
Артқы жіліншік және саусақтар аумағы (r. r. metatarsica et digitalis) 
жоғарғы шекарасы тілерсек сүйектердің проксимальдық жуандықтың төменгі 
нұсқамен өткізілген жазықтық. Мына аумақ кеуде аяқтардың негізін 
қайталайды. 
Қанмен қамтамассыз етуі. Бөксе аумағының бұлшық еттін мықын-
белдік, терең және айналадағы жамбастық, краниальды және каудалды 


224 
бөксе, біте үш тамыры жабдықтайды. Сан аумағында жамбастық, 
краниальдық, терең және каудальдық сандық, медиалдық және латеральдық 
айналадағы жамбастық артерия және жасырылу артерияға тармақталады. 
Тілерсек асты негізінде жамбастық артериядан бөлінетін, тобық асты 
артерияның бұтақтарынан қанмен қамтамассыз етіледі. Артқы жіліншік 
аумағы жасырылу және артқы (ірі қара малда алдыңғы) асықты жілікті 
артерия бұтағынан қанмен жабдықталады. 
Иннервациясы. Сауыр және санның терісі дорсальдық белдің және 
құйымшақ жүйкелерімен, бұлшық етті жамбастық латеральдық тері 
жүйкесінің бұтақтарымен сандар бұтақтармен, бітеу, краниальдық және 
каудальды бөксе жүйкелермен жабдықталады. Шонданай жүйке, бөксе және 
сандардың бұлшық еттеріне бұтақтарын қайтарады, тасықты және шыбық 
жүйкелерге тармақталады, олар өз бұтақтарымен тілерсек аумағын және 
аяқтың дистальдық бөлімін жүйкелейді (сурет 164). 
Жылқыда келесі шонданай жүйке мына жүйкемен тарауланады. 
Латеральды
Медиальды
Латеральды
Медиальды 
а
 
 
 
 
 б 
Сурет 164. Артқы аяғының тері аймағының иннервациясы (а) - жылқы, (б) - ірі қара 
мал 
1. Шыбықтық жүйке (n. peroneus , s. fibularis) - шонданай жүйкенің
бұтағы; асықты жіліктің төбесінде беткейлік және тереңдік шыбықтық 
жүйкелерге бөлінеді. 
Беткейлік шыбықтық жүйке (n. peroneus superficialis), саусақтың ұзын 
жазылғыш сіңіріне өтіп, тілерсектің орта аумағында 2 бұтаққа бөлісіп, бірге 
тұсамыс буынына дейін паралельді жүріп, аяқтың терісіне тармақтайды.
Терең шыбықтық жүйке (n. peroneus profundus) бұлшық ет 
науашасының дистальдық жағынынан шығып ол латеральдық және 
медианальдық 2 бұтаққа бөлінеді. 
Терең шыбықтық жүйкенің латеральдық бұтағы саусақ қысқа 
жазылдырғышына 2 бұтағын беріп, жіліншіктін қабырғалық артерияға 
паралельді жүруді жалғастырады. Онан әрі жүйке тәжіге және саусақ 


225 
беттеріне дейін жетеді. Терең шыбықтық жүйкенің медиалдық бұтағы, 
медиальды төмен түссе, жіліншіктің үштен бір орта шекарасынан өте, 
саусаққа дейін жетеді . 
2. Асықты жіліктік жүйке (n. tibialis) санның орта деңгейінде сирақтың 
плантарлық тері жүйкесіне (n. cutaneus. surae plantaris), ахилл сіңірдің 
проксимальдық бөлім деңгейде - сирақ медиалдық тері жүйкесіне (n. cutaneus 
surae medialis) бөлінеді. Жүйке жіліншік буының медиоплантарлық 
беткейлігін қамтамасыз етеді. Асықты жіліктік жүйке тілерсек деңгейде 2 
бұтаққа латеральдық және медиалдық жүйкелерге бөлінеді:
Латеральдік плантарлық жүйке (n. plantaris lateralis) саусақ терең 
бүккіш сіңірлердің қырымен жүреді, медиалдық және латеральдық терең 
жүйкелер талатын 2 бұтақ қайтарады. Олар дистальды бақай және саусақтың 
плантарлық беттеріне түседі. 
Медиальдік плантарлық жүйке (n. plantaris medialis), дәл латеральдіктай 
саусақ терең бүккіш сіңірлердің медиальдік қырымен қан тамырларымен 
бірге бойлай жүреді. 
Жүйкенің екеуі де тұсамыс, тәжілік, тұяқ буындардың капсулалары, 
тиек сүйекті және саусақ сіңірінің қынаптарын иннервациясына қатысады. 
Тұсамыс буынан проксимальды, плантарлық жүйке күші көбірек плантарлық 
және әлсіз дорсальдық 2 бұтаққа бөлінеді. 
3. Жасырынды жүйке (n. saphenus) жамбастық жүйкеден тармақталады. 
Алдымен ол жамбастық артериямен жамбастық каналда бірге жүріп, 
тігіншілік, қырлық және сымбаттық бұлшық еттерге бұтақтар қайтарады. 
Жамбастық каналдан шыққан бойында 3 - 5 бұтаққа бөлінеді, аттас қан 
тамырмен бірге жүріп, саның, сирақтардың, тілерсектің медиалдық бет 
терісінде тармақталып, тұсамыс буынына дейін жетеді. 
Ірі қара малда беткейлік шыбықтық жүйке сирақтың дистальдық 
шетіне дейін жүреді, дорсальды саусақ жүйкелерін құрастырады.
Ірі қара малда асықты жіліктік жүйке сирақтың дистальды 
бөлімдерінде медиалдық және латеральдық плантарлық жүйкелерге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет