Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Жылқының саусақты терең бүккіш сіңірінің тенотомиясы



Pdf көрінісі
бет114/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   129
оперативтік хир 8 н

Жылқының саусақты терең бүккіш сіңірінің тенотомиясы 
 
Көрсетуі. Саусақ терең бүккіштері немесе оның қосымша басы 
созылмалы қабынудың әсерінен тыртықтанып қысқаруы. 
Дайындауы. Тұяқты тазалайды және оған қалыпты түрді береді. 
Жансыздандыру және бекітуі. Жіліншік деңгейі ортасынан 
пальмарлық жүйкелерді тежеу; малдың жығуын жеңілтуіне рауш наркоз 
немесе нейролептик. Малдан ауру аяғы жағына жатқызып бекітеді, оған 
тұсамыс буынына қайыс немесе арқан жіпті байлап, үшін тұяқтың ұлтаны 
арқылы өткізеді. Аяқтың астына арнайы жастықты салады. 
Операция техникасы. Операцияның 2 тәсілі болады - жабық (тері 
астынан) және ашық. Соңғының артықшылығы болады, осы тәсілде қан 
тамыры - жүйкелік шоғы зақымдалмайды. Операцияны саусақтың терең 
бүккіштің қынабымен тіземен жіліншік аралық ортасында орындайды. 
Операция жасаушы сол қолмен тізені ұстайды, оның бас бармағы 
медиалдық бетінде жатады, ал I және II саусақтар терең бүккіштің 
латеральдық қабырсында болады. Терең бүккіштің медиальды жағынан 
теріні 3 см көлемде тілеледі, иілген қайшыны жараның ішіне, оның үші тері 
астынан латеральдық жағына өткенше енгізіп қан тамыры - жүйкелік шоғын 
сіңірден алға тықсырады. 
Қайшыны шығарып, құрылған каналға, жүзін тұяқ жағына бұрып түйме 
тәрізді скальпельді немесе арнайы тенотомды енгізеді. Содан соң


220 
көмекшілерге жылқының саусақ буындарын қарама-қарсы бағыттарда 
қайыстан тартып жазуын тапсырып, терең бүккішке аспаптың жүзін бұрып 
жеңіл аралаушы қозғалыстарды істейді (сурет 161).
Сурет 161. Тізе аумағында саусақты терең бүккіш сіңірінің тенотомиясы 
Мынау кезеңде ажыратылған сіңірдің жеңіл сықырлауы естіледі. 
Барлық ережелерінің сақтауы жанында қан кетулері аз болады ол 
тампонадамен жеңіл жойылады. Түйінделген тігіс және 3 аптаға гипстік 
таңғышы салынады. Малға мол төсеуіш және еркімен қозғалысты 
тағайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет