38
эмальданған немесе басқа қақпақты ыдысқа қайнатуға болады. Қайнату
ұзақтығы суда ерітілген сілтіге тәуелді: натрий карбонатымен 15 минут,
бурамен-20, NaOH-10 минут. Пайдаланған аспаптарды (іріңді жараларды
ашқанда, өліктерді сойғанда), сілтілі сұйықтығына 2%
лизол немесе фенол
ерітінділерін қосуымен кем дегенде 30 минут қайнатады.
Шыны заттарды (шприцтер және т.б.) стерилизаторға бөлшектелген
түрде қайнату алдында салады. Шприцтер және жансыздандыратын
ерітінділерге арналған шыны ыдысты дистилденген суға қайнатады себебі
сілтілі ерітінділер жергілікті жансыздандыратын дәрілерді ыдыратуы мүмкін.
Қайнатудан кейін аспаптарды стерилизатордан шығарып аспаптық
үстелшеге
орналастырып, үстін жауып қояды. Егер аспаптарды алдын ала
әзірлеу қажет болса оларды стерилдеуден кейін залалсыздандырған
анжылармен сүртіп, 2-3 қабат стерилденген ақжаймамен немесе сүлгімен
орайды, содан соң клеенкаға орап, стерилизаторда сақтайды және тасиды.
Стерилдеудің басқа тәсілдері. Фламбирлеу. Қолданатын жағдайына
және аспаптардың түріне байланысты. Жедел жағдайларда металл
аспаптардың
фламбирлеуге (отқа қүйдіру) болады. Ол үшін
аспаптарды
стерилизатордың қақпағына салып матырылғанша 96
0
С спирт құйып, спирті
таусылғанша от қойып жағады. Бұл тәсілмен стерильдеу тиімсіз және
аспаптар тез істен шығарады.
Кептіргіш шкафтарға 120–140
0
С температурада 1 сағат стерильдеуге
болады.
Ультракүлгін сәулесімен залалсыздандыру. Аспаптарды үстелдің үстіне
жайып қойып 1 сағат 1 метрден алыс емес жерге ультракүлгін шамын қойып
залалсыздандырады.
Резеңке заттарды: түтіктерді, буждарды, дренаждарды, катетерлерді т.б
аспаптарды тазартылғаннан кейін дистелденген суға 30 минут қайнатумен
стерилдейді. Терімен қапталған зондылар, катетерларды формалин буымен
стерилдейді. Ол үшін жуып және кептіргенен
кейін оларды герметикалық
жабылған жәшіктер немесе қораптың ішіне жоғарғы жағына орналастырады,
төменгі жағына формалинді ашық ыдысқа құйып қойады. Стирилдеу 24-48
сағат жүреді.
Аспаптарды сақтау. Барлық аспаптарды операциядан кейін мұқият
жуады, стерилдейді және кептіреді. Олардың құрғақ шкафқа жайып, жанына
кальций хлоридін басқа ыдысқа құйып қояды. Басқа дәрі-дәрмектерді, әсіресе
йодты дәрілерді шкафта аспаптармен бірге сақтауға болмайды. Инъекциялық
инелерді жуудан кейін, оларға мандреналарын салып спиртті - эфирмен
толтырылған жабық ыдыста сақтайды. Резеңке
заттарды метал аспаптардан
бөлек орналастырады. Олар жұмсақтығын жоғалтқанда 15 минутқа жылы 5%
мүсәтірлі спирт ерітіндісіне, содан соң сондай уақытқа 5% глицерин
ерітіндісіне матырып жұмсартады. Шприцтерді бөлшектелген түрде
сақтайды. Шприцтің поршені қозғалмай, жүрмей қалғанда шприцті
антиформинге (7,5% NaOH және 6% NaCI дистилденген суда) орналастырып,
қалпына келтіреді.