41
Үтіктеп стерильдеу. Бұл тәсілмен тек
қана басқадай стерилдеуге
мүмкіндік болмағанда рұқсат етіледі. Әдетте, үтік температурасы 145° С
жетеді, алдымен ақжайманы жайып қойып оны толығымен екі жағынан
үтіктеп шығады, содан соң үстіне су себіп оның үстіне қажетті заттарды
(дәке, халат, бинт) қояды, үтікті баяу бір орында 2-3
мәрте жылжытып
үтіктеп шығады. Стирилдеуші затты аударып, екінші жағынан қайталайды.
Үтіктелінген заттарды стерилденген іскекпен бикске немесе пакетке қаттап
салады.
Күйдірумен стерильдеу. Тек қана эмалдаған және фарфор ыдыстарды,
шылапшындарды,
темір құралдарды, кюветалар және т.б. күйдіру арқылы
стерилдейді. Ол үшін олардың бетін және ішкі жақтарын спиртпен сүртіп
шығады, сонан соң анжыға от жағып өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: