Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Жануарларды наркозға жалпы дайындау



Pdf көрінісі
бет23/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129
оперативтік хир 8 н

Жануарларды наркозға жалпы дайындау 
Осы күнге дейін толық қауіпсіз болатын жалпы жансыздандыру 
тәсілдері жоқ. Сол себептен операция жасайтын жануардың ағзаларын және 


46 
мүшелерін толық мұқият зерттеп наркоздың қандай түріне қарсылығы және 
қолайлығын анықтау қажет.
Жануарды наркозға даярлау екі кезеңнен тұрады: 1) алдын-ала 
дайындау және 2) тікелей наркоз жасардың алдында даярлау. Алдын ала 
даярлауда есірткелік заттар әсер ететін ағзаларды және мүшелерді толық 
тексеру. Егер де олардың қызметінде ңұқсан табылса оған лайықты ем 
тағайындау керек. Алдымен 18-24 сағаттық аштық диета қажет. Ет 
қоректілердің тамыр ішіне апоморфинді енгізіп, жасанды құсуды шақыру 
арқылы асқазанды босатуға да болады. Ірі малдардың ішегін, тік ішегін, 
қуығын босатады. Операция жасайтын күні малды мүлдем суармайды себебі 
оның қаны сұйықталып операция кезінде және онан кейін қан ұйюы 
төмендеп қан кетуі қаупі бар.
Казіргі уақытта наркоздың ең маңызды кезеңі фармокологиялық 
дайындық - премидикация. Ол а) наркоздың жасау техникасын жеңілдетеді
б) есірткенің жағымсыз әсерін жояды, в) қауіпті вегетативті рефлекстерін 
азайтады және жояды. Премидикацияға есіртке емес бірақ наркозды 
тереңдету және жақсартату үшін қолданады. Премедикация қолданатын 
пепараттардың есіртке заттарынан айрашылығы жүйке жүйесінің арнайы 
бөлімдеріне ғана әсер етеді. Олардың әсерінен наркозға қолданатын 
есірткелік препараттардың дозаларынан бірталай кемітуге болады.
Премидикациялық заттар келесі топтарға бөлінеді: 
1. 
Седативтік 
премидикцияның 
заттары
нейролептиктер 
(транквилизаторлар; лат. tranquillare - тыныштандыру). Оларға фенотиазин 
қатарының препараттары – аминазин, трифтазин, пропазин, феназепам, 
амизил, мепротан, дроперидол, комбелен т. б жатады. Мидың стволдық 
бөлімінің ретикулярлық формациясы фенотиазин туындыларының әсер 
ететін орны болып табылады. Онда өзіне тән емес сезімталдық импульстар 
тежелуімен седативті әсер тудырады. Сонымен қатар бұл заттарды түрегеп 
тұрған малдарға қолданғанда, оларда қан қысымы төмендеп, мида қан 
жетіспеушілігінен мал аяқ астынан құлауы (ортостатикалық коллапс) мүмкін. 
Мұндай малдарға наркоздық препараттарды бұлшық етке, бекемдеген соң
енгізгені дұрыс болады. 
Премидикацияның аса белсенді және жиі қолданылатын препараттары 
ромпун, рометар (ксилазин). Оларды көбінесе ұсақ үй жанурларына тері 
астына немесе бұлшық етке қолданады. Әсері жылдам пайда болып, ұзаққа 
созылады. Ромпун ірі қара малға күшті әсер етеді, седативті – гипнотикалық 
күйге келтіріп, бұлшық еттердің босаңсуына және ауырсыну сезімінің 
төмендеуіне (анестезия) әкеледі. 
Шошқаларға арнайы бутиро-фенол қатарының нейролептигі - азаперон 
(стреснил) қолданады оны бұлшық етке 4% концентрациясында 
иньекциялайды. Кәдімгі седация 1-2 мл / 10 кг иньекциясында жүзеге асады. 
Азаперон шошқалардың ызақорлығын басу үшін, тыныштату, ет 
комбинатына тасымалдау кезінде салмақ жоғалтпау және жолда өлімге 
ұшрамау үшін қолданады. Жас шошқаларға 20 кг 4 мл-ден тағайындайды. Ол 
ауыру сезімімен жүретін диагностикалық зерттеулерде, тік ішектің түсуінде 


47 
және гипертония кезінде қолдануға болады. Азаперонның осындай 
қасиеттеріне байланысты оның иньекциясынан кейін операцияны жергілікті 
анестезиямен жүргізе беруге болады. 
2. Холинолитикалық заттар. Бұл топтың басты өкілдері – атропин – 
сульфат, скопаламин, платфилин. Олар бездердің секрециясын тежейді, 
ларинго - және бронхоспазмды төмендетеді, тыныс алуды қоздырады, 
осылай коллапс, жүрек және тыныс алудың тоқтауын алдын алады. 
3. Анальгетикалық заттар. Ол өз кезегінде екі топқа бөлінеді: есірткелік 
(морфин, омнопонды промедол, торбуджестик, кодеин, фентацил, тилидин 
т.б.) және есірткелік емес (анальгин, антипирин, амдопирин). Осы заттар 
ауырсыну берілу орталығының сезімін есті жоғалтпай төмендетеді. Бұл 
заттардың мөлшерден тыс берілуі жалпы қозуды шақырады, ал аз мөлшерде 
тыныс алудың тежелуі байқалады. Тәжірибеде морфинды промедолмен 
алмастыруға болады, себебі оған бейімделу болмайды. 
4. Ұйқы келтіретін заттар. Ингаляциялық наркоз алдында барбитуратар 
(барбитал, фенобарбитал, барбамил) немесе ниртазепам, метаквалон, 
хлоралгидрат, бромизовал т.б. препараттарды қолдану. 
5. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет