- инфильтрациялық анестезия. Қалың және дөрекі теріге инфильтрацияны
тері астылық дәнекер ұлпаларынан бастайды. Бұл жағдайда терінің
жансыздануыі кейінірек басталады. Сонымен қатар ерітіндіні тілік
сызығының қарама қарсы жағынан да енгізуге болады. Сыртқы қабаттарын
тілгеннен
Сурет 37. Инфильтрациялық домбышақтар
кейін ине мен пышақты кезектесіп терең жатқан ұлпалардың
инфильтрациясын жалғастырады.
Үлкен аумақтарға циркулярлық инфильтрацияны қолданады. Ерітінді
бір - біріне қарама-қарсы жатқан инфильтрациялық белгіленген нүктелерден
енгізіледі (сурет 39). Бұл нүктелерден
62
Сурет 38. Екі нүктеден жасаған сызықты - инфильтрациялық анестезия
Сурет 39. Инфильтрациялық анестезияның түрлері
а,а
1
, б – тура; в – беткейлік циркулярды (ромбтәрізді); г, г
1
, г
2
– терең ципкулярдық;
д –біржалпақтық аяқтардың анестезиясы; е – Вишневскидың анестезиясы
тері астынан инені бағыттайды, зақымдалған ошақтың сыртын қоршап ромб
пішініне келтіріп ине салады. Ұлпа тереңдігінде ине ұштарын пирамида
немесе конус пішініне келетіндей етіп жақындатады. Сонымен қатар әртүрлі
нүктелерден инъекциялайды. Инфильтрацияның мұндай тәсілін ісіктердің,
іріңді
қаяулар
мен,
ойықтардың
және
т.б.
патологиялардың
экстрипациясында қолданады.
Аяқтарға циркулярлық анестезияны бөгде заттарды алғанда, көлемі
үлкен хирургиялық зақымданулар болғанда және ампутация жасағанда
қолданады. Ол үшін бірнеше белгіленген нүктелерден, зақымдалған орнынан
кішкене жоғары, алдымен тері астына, онан кейін инені тереңдетіп сүйек
қабығына дейін барлық ұлпаларға салады.
Инфильтрациялық анестезияны сынықтарды орнына келтіргенде
қолданады. Ол үшін сынықтың орнына ұсақ малға 10 мл, ірі малға 20 – 50 мл
63
2% новокаин ерітіндісін енгізеді. Бұлшық еттер босаңсып, сынған
сүйектердің репозициясы жеңіл және ауырсынбай жасалады.
А.В. Вишневскидің жергілікті жылжымалы инфильтара-циялық
анестезиясы. Әдетте дәнекер ұлпалардың арасынан тереңде орналасқан
тамыр – жүйке байламдары өтеді. Қысыммен енгізілген ерітінділер өздігінен
жылжып тарап, бос кеңсіктерді толтырып, жүйкелерды өз ішіне батырып,
оларды новокаин ваннасында жатқандай жағдайға келтіреді. Осы тәсілде
инъекцияны теріден және тері шелінен бастайды. Одан кейін
жансыздандыратын орының жобасын белгілеп, сол кеңістіктерге анестетикті
енгізеді. Жансыздандыру тез басталады.
Инъекция үшін Рингер сұйықтығына дайындалған 0,25% новокаин
ерітіндісін мына рецептімен қолданады.
Rp: Natrii chloridi purissimi 5,0
Kalii chloridi 0.75
Calcii chloridi 0,125
Novocaini 2.5
Aquae destillatae 1000,0
Sol. Adrenalini 1 : 1000,0 - 2,0
M. f. solutio, Sterilisata!
Ірі малға 500–1000 мл дейін инъекциялайды бірақ оның бірталайы
тілгенде төгіліп немесе тампонмен сүрткенде шығып кетеді. Новокаинның
концентрациясы төмен болғандықтан интоксикация болуы мүмкін емес.
Өткізгіштік (регионалдық) анестезия. Анестезиялық ерітіндні
аумақтың жүйкелерінің тікелей маңайларына енгізеді. Осы тәсілмен дененің
бірталай аумақтары жансызданады. Бұл анестезияны жасау үшін, жүйке
жолын және орналасуын жақсы білуіміз керек. Жүйкенің орналасуын
анықтауда арнаулы шарттар: сүйектің бүгілуінде, бұлшық еттің сұлбасынад,
сіңір немесе ол орналасқан жердегі шұңқырда. Жобалау дәрі жібергенде
орнын анықтауға көмектеседі.
Ерітіндіні жібергенде аталған жүйкенің маңынан өтетіндей немесе
жүйке құрылатын орынға тікелей жіберілуі тиіс. Осыған байланысты бірінші
жағдайда шеттік, ал екінші жағдайда орталық өткізгіштік анестезия деп
ажыратады.
Өткізгіштік анестезияны қолдану тәсілінде мүшенің анатомиялық
орналасуына байланысты атайды. Омыртқа аралық қуыстан шыққан жүйкені
тежеуін «паравертебральдық анестезия» деп атайды. Құйымшақтың тесігінен
шыққан жүйкелерді тежеуді «парасакральдық», белдеме жүйкелерін тежеуде
«паралюмбальдық анастезия», қабырғалар арасындағы жүйкелерін тежеуін
«интеркосталдық анастезия» деп атайды.
Жүйке желісін қоршаған болбыр және май ұлпалары арасынан жақсы
өту үшін анестетикалық ерінтілерінің концентрациясы (2-3%)
инфильтрациялық анестезияға қолдануы жоғары болу қажет. Жүйке желісін
жуандығына және жатқан терендігіне байланысты ірі малға ерітіндінің
мөлшерін 5 – 20 мл дейін инъекциялайды. Ине тамырға түспегенін тексеру
үшін оны шприцқа қосқаннан кейін аспирациялап (кері сорып) тексереді.
64
Эпидуральдық анестезия. Жүйке желісін және олардың түбіршіктерін
омыртқа каналының ішінде, сыртқа шықанынша тежейді. Анестетикалық
ерітіндіні жұлының қатты қабығынының және омыртқа каналының арасына –
эпидуралдық кеңістікке (эпидуралдық, экстрадуралдық, перидуралдық
анестезия) инъекциялайды. Егер қатты және өрмекші қабықты тессе ерітінді
өрмекші қабықтың астындағы кеңістікке (субдуральдық, субарахноидалдық
анестезия) өтеді. Ветеринариялық тәжірибеде көбінесе эпидуралдық
анестезияны қолданады.
Анатомо – топографиялық деректер. Малдың жұлыны омырқа
каналында орналасып құймышақта (иттерде 7 бел омыртқасында) ми
конусымен тамамдалады. Жұлын үш қабықпен қабатталған ол қабықтардың
арасы; жұмсақ және өрмекші қабықтын арасы – субарахноидалдық, өрмекші
және қатты қабықтын арасы – субдуралдық; қатты қабықпен және омыртқа
канал арасы – эпидуралдық кеністік деп аталады (сурет 40). Эпидуралдық
кеңістік анестезия ерітіндісін инъекцилауға ең қолайлы орын.
Сакральдық анестезия. Ең оңай және кең тараған эпидуралдық
анестезияның тәсілі болады.
Сурет 40. Жұлынның қабықтарының және олардың кеңістіктерінің жобасы
а, д – эпидуралдық және субарахноидалдық кеңістіктер;
в, с – қатты және өрмекші қабықтары
Көрсетулері. Сыртқы жыныс мүшелеріне және қынапқа, артқы
аяқтарына, құйрыққа, анусқа, тік ішекке, шапқа, сауырға және құрсақтың
артқы бөліміне операциялар жасағанда қолданады. Сакральдық анестезиядан
кейін малдың толғағы уақытша тоқтайды. Сол уақытта ем көрсетуге немесе
түскен жатыр мен қынапты орнына салуға мүмкіндік бар.
Анестезияның техникасы. Анестетикалық ерітіндіні енгізу мөлшеріне
байланысты тәсілдің екі түрі бар - төменгі (артқы) және жоғары (алдыңғы)
сакральдық анестезия. Төменгі сакральдық анестезияда құйрық, анус, тік
ішек, вульва (қаса), қынап, шап, жамбас және сауыр аумақтары
65
жансызданады.
Жоғары сакральдық анестезияда жансыздану құйымшақ аумағынан
асып құрсақ, кеуде аяқтарына дейін жетеді. Бұл тәсілде аяқтар салданады,
операцияны мал жатқанда жасайды.
Анестетіктің қажетті мөлшерін есептеу: малдың саурының ұзындығын,
сербек пен шоңданай төмпесін арасының қашықтығын өлшейді алынған
цифрды 3 бөледі. Мысалы, сауырдың ұзындығы 60 см : 3 = 20. Осы 20 мл
төменгі сакральдық анестезияның дозасы болады. Жоғарғы анестезия үшін
дозаны 2-3 есе көбейтеді (60–180 мл).
Анестезияның орны малдың 1–2 құйрық омыртқаларының арасы.
Инемен теріні перпендукулярлы тесіп, тері астынан 45
0
С еңкейтіп омыртқа
аралық байламдарды тесіп омыртқа каналының түбіне тигізеді. Онаң кейін
инені сәл артқа тартып, оның мандренасын алып, жылы ерітіндіні баяулап
енгізеді (сурет 41).
5–15 минуттан кейін новокаинның әсері басталады: құйрық, анус және
вульва босаңсынады, еркек малда қасасы күпектен сыртқа шығады.
Жансызданудың әрекеті 45 минуттан 1,5 сағатқа дейін жалғасады. Жоғарғы
сакральдық анестезияда малдың артқы аяқтары тәлтіректейді, егерде алдын
ала жығуға дайындалмаса жануар жығылып жарақаттануы мүмкін.
Сурет 41. Сакральдық анестезия (пункция)
а – ірі қара малды; б – жылқыға
Достарыңызбен бөлісу: |