Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет22/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129
оперативтік хир 8 н

ЖАНСЫЗДАНДЫРУ 
Жалпы жансыздандыру (наркоз) 
 
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз (греч narkosis - сезімсіз ету) - 
жануарларға есірткі заттарды қолдану салдарынан орталық жүйке жүйесі 
функциясының қайтымды түрде тежелуі. Наркоз кезінде сезгіштіктің 
жойылады, мал естен танады, қозғалыстық, шарттық және кейбір шарттық 
емес рефлекстер жоғалады. Қаңқа бұлшық еттерінің әлсіреуі байқалады, 
бірақ сопақша мида орналасқан-тыныс алу, тамыр соғуы және тегіс бұлшық 
еттердің, өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмысының қабілеті 
сақталады. 
Есірткі заттарды енгізу алдында малдың қозғалу қабілетінің қай 
уақытта жоғалуын, ауырсыну сезімінің жойылуын, бұлшық еттердің 
толығымен әлсіреуін (релаксация) білу өте маңызды. Бірақ ауыл 
шаруашылығында осындай қажетті наркоздық күйді есірткі заттардың бәрі 
шақыра алмайды. Олар тек дозалардың артуында және оның өмірге қауіпті 
шектеріне дейін жеткенде дамиды. Наркоздың қиындығы осыда. 
Наркоздың жіктелуі. Наркоз терең және беткейлік болып бөлінеді. 
Наркоз қалпына әртүрлі химиялық (наркотикалық) препаратарды енгізгенде 
келсе – фармакодинамикалық наркоз деп атайды. Орталық жүйке жүйесіне 
электр тоғымен әсер еткенде – электронаркоз деп аталады. Медицина 
тәжірибесінде гипноз арқылы гипнонаркоз жасалынады.
Енгізу жолдарына қарай, яғни таңдалған есірткелік заттың практикалық 
қолданылу түріне қарай наркозды 2 негізгі топқа бөледі; ингаляциялық 
(тыныс алу жолдары арқылы) және ингаляциялық емес (парапульмональдық). 
Бірінші түрде ұшқыш ерітінділер (фторотан, хлороформ, хлорэтил, эфир 
және т.б) немесе газ тәрізді заттарды (циклопропан, азотың закисы, этилен 
және т.б) тыныс алу жолдары арқылы дем алғызады (инсульфациялық 


45 
наркоз). Екінші түрде ингаляциялық емес есірткілерді (ксилазин, кетамин, 
морфий, хлоралгидрат алкоголь, барбитураттар-пентотал-натрий, тиопентал-
натрий калипсол т. б.) организмге тыныс алу жолдарынан тыс енгізеді.
Кең тараған наркозды енгізу түрі, тез әсер ету және уланбайтын дозасы 
болу үшін, тамыр ішіне енгізуді қолданады. Кейбір есірткелік заттарды 
асқазанға, тік ішекке, интраперитональды, сүйек ішіне енгізу арқылы 
наркоздың белгілі-бір тереңдігін тудыруға болады. Осыған байланысты 
наркозды тамыр ішіне, оральды, тік ішекті (тамыр ішіне енгізудің бір түрі) 
және т. б. ажыратады.
Бір препарат енгізілгенде (мысалы гексенал) - таза наркоз, егер 
бірнеше препараттар енгізсе (мисалы эфир және фторотан) – аралас наркоз
және наркозды бір препаратпен бастап екіншісімен қостаса (мысалы 
хлорэтилмен бастап ұйықтағаннан кейін этиленмен жалғастырса) немесе 
бастапқы ингаляция арқылы жіберілгенде (фторотан) ұйықтағанан кейін 
тамыр ішінен ексек (калипсол) – құрама наркоз деп аталады. 
Сонымен бірге наркоз бір компонентті (наркоз үшін бір зат 
қолданады) - хлороформды, эфирлі, хлоралгидратты, пентоталды, морфий, 
промедол, омнопон т.б. және көпкомпонентті (2 немесе бірнеше заттардан 
тұратын қоспаны тағайындайды). Мысалы ингаляциялық хлороформ-эфирді 
наркоз.
Кіріспе және базистік наркоздарды да ажыратады. Кіріспе наркозды 
ауруға қозу кезеңін болдырмау және негізгі есірткінің дозасын азайту 
амалында, тез ұйықтату үшін жасалады.
Алдымен қысқа ұйқыны және сезгіштікті төмендететін (кіріспе наркоз) 
бір затты қолданады (пентотал-натрий), ал содан кейін есірткі заттың әсері 
кезінде ұзақ және терең әсер ететін затты қолданады (пентотал - натрий), ал 
содан кейін осы есірткі затты енгізеді (эфир, хлороформ) осының әсерінен 
наркоз жалғасып, операция жақсы өтеді. 
Базис - наркозсыртқы наркоз, операцияға дейін, операция кезінде 
және операциядан кейін бірталай мезгіл әрекет ететін сыртқы наркоз. Базис - 
наркоз әсеріне қоса негізгі есірткі препараттын енгізеді. Базис – наркозды 
негізгі есірткі препараттың дозасын азайту үшін қолданады.
Әсер етуіне байланысты толық наркоз оны ұзақ мезгілді 
операциаларда қолданадытолық емес наркоз қысқа мезгілдік операцияларда 
(буынды орнына салу, абсцессты тілу, құйрықты кесу т. б) пайдаланады. 
Жануарды қажетті күйде бекемдеу, содан соң жергілікті анестезиялық 
заттарды операция аймағына инъекциялауды косалқы немесе құрама 
жансыздандыру (мысалы, рометар тамыр ішіне; оральды немесе ректальды, 
ал новокаинды жергілікті) деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет