66
бойымен ажыратады. Егер зақымдалған мүшеге қолайлы жетуге немесе жара
эксудаттарын сыртқа шығаруға жағдай жасау
қажетті болған кезде бұл
ережелерді сақтамауға болады. Сондықтан операция жасаушы ұлпаларды
ажырату алдында тілімнің ұзындығын және пішінін жақсы болжауы керек.
Тілік ұзындығы тек зақымдалған ұлпаның ұзындығына ғана тәуелді
болмайды, сонымен қатар ұлпаларға жету тереңдігіне де байланысты болады.
Операция жасалатын мүше неғұрлым терең орналасатын болса, беткейлік
ұлпалардың тілімі соғұрлым ұзын болады. Жалпы; тілуге кіріскенде
хирургияның жалпы ережесін ескеру керек: тілік қажетінше үлкен және
мүмкінінше кішкене болуға тиісті.
Тілік пішіні көбіне тіксызықты болады. Бірақ,
ісіктердің, ойық пен
іріңді жаралардың, өзектердің т.б. патологиялардың экстрипациясында
тілімді ұршық тәрізді жасайды. Сонымен жаралардың бөлінділерінің сыртқа
ағуына қолайлы жағдай жасау үшін, терең орналасқан ұлпаларға оңай жету
үшін жамау (лоскутық) тілімдер қолданады: т-тәрізді; крест тәрізді т. б.
Тілік бағыты тері қатпарларының жолымен; түктердің өсуімен және ең
бастысы терең орналасқан тамыр - жүйке түйіндерінің, сіңірлер мен
байламдардың, сіңір қынаптарының және басқа мүшелердің
орналасуымен
анықтайды. Себебі олардың зақымдалуы операция нәтижесін қолайсыздыққа
әкелуі мүмкін.
Хирургиялық аспаптар, тілімдерді орындау техникасы. Хирургиялық
аспаптардың ең бастысы - хирургиялық пышақ (скальпель), жүзіне және
сабына байланысты әртүрлі пішінді және тағайындалуы болады (сурет 42).
Ең көп таралған құрсақты және шошақты скальпельдер. Арнайы сіңірге
опрерация жасайтын – тенотом, жарыққа – герниотом, көздікі, орақты т.
б.скальпельдердің түрлері көп болады. Құрсақты скальпелмен ұлпаларды
тіледі, тіліктердің әртүрлі пішінді, ұзын және терең жасауға қолданады.
Шошақ скальпель ұшымен шағын байқаулы қимылдармен тамыр - жүйке
элементерінің талшықтарын,
өзектерді, фасцияларды және т.б. ұлпаларды
тіліп ажыратады.
Сурет 42 Скальпельдің түрлері
1 - құрсақты; 2 – шошақты; 3 – түйме тәрізді; 4 – тенотом; 5 – орақ тәрізді; 6 –
резекциялық
67
Скальпельды ұстау әдістері. Беткейлік ұзын терең емес тілік жасау
үшін скальпелді қолда ысқы жағдайында ұстайды. Егер тығыз және серпімді
ұлпалардан тереңге өту керек болса скальпелдің арқасына саусақты қойып ас
пышағы сияқты пайдаланады (сурет 43).
Шошақ скальпелді көбінесе жазу қаламы тәрізді ұстайды, осы әдіспен
шағын тура тіліктерді орындауға мүмкіндік бар. Абсцестерді тіліп ашуға,
терең емес тесуді жасауға т.б. операциялар жасауға болады.
Жуан теріні бірқалыпты кесу үшін тілу алдында құрсақты скальпелді
вертикаль қойып, теріні кеседі де ары қарай
скальпельды семсер әдісімен
ұстап жұмысты жалғастырады.
Сурет 43. Скальпельды ұстау әдістерінің түрлері:
а – қалам тәрізді;
б – скрипка ысқысы тәрізді;
в – ас пышақ тәрізді;
г – семсер
тәрізді;
д – троакар тәрізді
Скальпелді троакар түрінде ұстап, вертикальды тіліктерді орындайды.
Нығыз ұлпаларды, қалың теріні, сіңірлерді тілу үшін резекциялық
скальпельды немесе резекциялық пышақты ас пышақ әдісімен ұстап
қолданады.
Теріні тілгенде ең алдымен оның
қозғалысын және жылжуын
болдыртпау керек. Ол үшін хирургтің өзі сол қолының саусақтарымен немесе
көмекші жәрдемімен оны бекемдейді (сурет 44). Өмірге маңызды мүшелер
орналасқан учаскілерді кескенде, оларға жарақат келтірмеу үшін, теріні
69
кейде
доғал ұшты, қисық, ішектік, қабырғалық, көздік, жалпақтығына
майысқан т.б. түрлері көп болады (Сурет 46).
Сурет 46. Қайшылар түрлері:
1 – түзу ұшы доғалды;
2 – түзу үштері үшкір;
3 – түзу бір
үші үшкір;
4 – үштері жалпақтығына майысқан (Купердікі);
5 – майысқан қабырғалық
(Рихтердің)
Операцияға қажетті құралдардың бірі болып табылатыны – ілмектер
(пинцеттер). Олар хирургиялық (тісі бар) және анатомиялық (ұштарында
бұдырлары бар). Олармен операция кезінде ұлпаларды қысады және
бірқалыпта ұстайды (сурет 47). Ұлпаларды қысу және сығып алып тастау
үшін шынжырлы экразерді қолданады (сурет 48).
Жараның шеттерін
алыстату, созу үшін әртүрлі пішінді және өлшемді жаралық ілмектерді
қолданады. Тығыз ұлпаларға өткір ілмектерді қолданады және доғал,
пластинка тәрізді ілмектер болады. Жаралық ілмектер ұлпаларды аз
жарақаттайды, сондықтан олармен жылдам жарақатанатын ұлпаларды
кеңейтеді.
Сурет 47 Ілмектер
а – анатомиялық,
б - хирургиялық
70
Сурет 48 Ұпаларды бөлуге және жараларды кеңітуге арналған хирургиялық
аспатар;
а, б – өткір қасықтар;
в – кюретка;
г – экразер ;
д, е – жара қысқыштары;
ж –
доғал
жара ілмектері;
з – жараның өткір ілмектері;
и – Мюзе қысқышы
Ілмектермен қатар, шарнирді құралдары және құлыптары бар жара
кеңейтушілерді қолданады. Олар арқылы жара оңай ашылып керіледі, оның
ішінде аспаптармен операция жасау қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: