Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Қабақтар сыртына айналғанда операция жасау



Pdf көрінісі
бет60/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Қабақтар сыртына айналғанда операция жасау 
Көрсетуі. Созылмалы конъюнктивит, төменгі қабақ сыртына түйіліп, 
терісі тыртықтанғанда.
Жансыздандыру. Инфильтрациялық жансыздандыру. Қыңыр малдарға 
жалпы тыныштану құралдары қолданады (хлоралгидрат, аминазин т. б). 
Операция техникасы. Қабақ жақтарын жақын маңда (0,3 - 0,5 см) 
терісін жебе тәрізді, негізгі ақауға айналған қалыпта кесіп алады. Ақау шетін 
түйінді тігіспен қосады (сурет 105 3). 
Сурет. 105. Қабақтарға операциялар жасау 
 
Үшінші қабақты кесіп алу 
Көрсетуі. Ісіктік өсу шегі (ірі қара мал); фиброздың қалыңдап өсуі 
және үшінші қабақ шамадан тыс артып, қалыпты көруге кедергі болу 
(етқоректілер) жағдайлары. 
Жансыздандыру. Ұсақ жануарлардың көзіне 5% - новокаин ерітіндісін 
тамызады, ірі малдарға конъюнктиваға үшінші қабақ астына ерітіндіні 
инфильтрациялап енгізеді. 
Операция техникасы. Ірі малға түрегеп тұрған жағда операция 
жасайды. Үшінші қабақты хирургиялық іскекпен басып алады, оның 


133 
негізінің астына өткір иілген қайшыны әкеледі және мүмкіншілікпен керіп 
қояды. Жылдам аспап соққысымен үшінші қабақты бөліп алады. Әсіресе 
қатерлі ісіктерде операцияны мұқият орындайды, ол ірі қара малда жиі 
кездеседі. 
Трахеотомия 
 
Қолданылуы. Трахеяны ашу - жедел емдік операция, жануарға 
асфиксия әсерінен жоғарғы тыныс жолдарының толық немесе жартылай 
жабылуынан өлім қаупі төнгенде жасалады. Мұндай ауруларға танау 
сүйектерінің сынуы, танау қуыстарының некрозы, жоғарғы тыныс 
жолдарының зақымдалуынан ісік және бөгде денелер танау қуысында және 
көмекейде жіті қабыну домбығулары, қайтымды және бет жүйкелерінің екі 
жақты параличтары, сақау, қанезді тиф, трахеяның ісіктерден басылуы 
немесе қалқанша бездің үлкеюі (зоб кезінде), ауа-танау қаптарының 
эмпиемасы, жоғарғы тыныс жолдарының тыртықты стенозы жарақаттанудан 
және т.б. 
Аталған әрбір ауруларда трахеотомия қажеттілігін байланысты кілегей 
қабаттарының цианозы, танау қанаттарының жылдам тыныс әрекеттері және 
артқы қабырға аралық қуыстардың тыныс алған кезде тартылуы. Кейде 
трахеотомия балау мақсатында тыныс алу жолдарының стеноз жерін 
анақтауға және кейде алдын -алу түрінде асфикцияны және жоғарғы тыныс 
жолдарына операция кезінде қанның құйылуын алдын алу үшін керек. 
Трахеотомия уақытша және тұрақты (өмірбойлы) болып аурудың түріне 
байланысты бөлінеді. Соңғысы бағалы малдарға жоғарғы тыныс жолдарына 
алынбайтын, тырысықақты стеноздарда, қайтымды және бет жүйкелерінің 
емделмейтін екі жақты параличінде және операция жасалмайтын ісіктерде 
көрсетіледі.
Құралдар. Ұлпаларды бөлетін және қан тоқтататын құралдардан басқа, 
канюлялар-трахеотубустар, ашылған күйде трахея тесігін ұстау және оның 
грануляцияларымен өсуін болдырмау үшін қажет. Трахеотубустардың 2 
түрін ажыратады, доғал және көлденең сопақ (сурет 106), доғалдары тұрақты 
трахеотомия, сопағы уақытшаға керек.
Сурет 106. Әмбебап трахеотубус 
Конструкциясына байланысты трахеотубустар бір қабатты, екі қабатты 
және әмбебап болады. Біріншісі бір түтіктен тұрады, доғал немесе жалпақ; 


134 
оның ұшында саңылаулары бар пластинкалы, трахеотубусты мойынға бекітіп 
орналастырады. Екіншісі бір-біріне орналастырылған екі трубкадан 
жасалған. Олардан сыртқысы әдетте бірге емес саңылаулы пластинкасы бар, 
ішкісі құралда жиналған, шырыштан тазарту үшін керек. Әмбебап 
трахеотубустар тік бұрышта қарама-қарсы бағытта майысқан, бір-біріне 
салынған және винтпен біріккен бөліктерден тұрады (1). Ыңғайлысы әмбебап 
трахеотубустар, себебі олар трахеядан мойын бекемделмеген жағдайда да 
түспейді.
Конструкциясына қарамастан трахеотубустар тікбұрышты доғал 
болады. Сыртқы пластинка және оның арасындағы қашықтық тері және 
трахеяның алдыңғы қабырғасы арасындағы ұлпа қабатының қалыңдығына 
сәйкес болуы керек. Керісінше жағдайда канюля бұл мүшенің кілегей 
қабатын зақымдайды. Сондықтан трахеотубустарды диаметіріне, түтік 
ұзындығына және пластинкаға дейінгі доғал қашықтығына байланысты 
трахеотубустарды әртүрлі мөлшерлерде жасайды (әмбебап трахеотубустар 
төрт қосымша пластинкамен доғалданудан щитокқа дейінгі 3,3,5; 4 және 4,5 
см қашықтықта қамтамасыз етілген). Трахеотубусты резеңке түтікке 
бекітілген, битпен мойынға бекемделетін арнайы сым темірден жасалған 
каркаспен алмастыруға болады. Мұндай каркастың құрылысы 107 суретте 
көрсетілген. 
Операция техникасы. Жиі трахеяға оперативті жетуді мойынның 
алдыңғы және ортаңғы үшінші бөлігінде, ал қажет болғанда оның басқа да 
аумақтарда жасайды, сонымен тілікті әрқашан мойынның вентральды 
беткейінің ортаңғы сызығында жасайды. Ұзындығы ірі малда 5-7 см, ұсақта 
3-5 см-ден аспау керек. Тек ірі малда тілікті жаппай ортаңғы тері қатпарының 
қырынан істейді, әр секундқа баяулау мал өміріне қатер тудырса
а 
 
 
 
б 
Сурет. 107. а - трахеянын шеміршегін алу; б - трахеофиссура жасау 
операцияны жансыздандырмай жасайды, бірақ инфильтрациялық анестезия 
тілген кезде болғаныы дұрыс. Трахеотомия кезінде бұранда қолданылмайды, 
себебі ол қылқыну қатерін арттырады. Малға көмек көрсету барысында 


135 
(тұрған немесе жатқан) операция істейді, бірақ мойны міндетті түрде созылу 
керек. 
Теріні, теріасты клетчатканы және беткейлік шелді скальпелмен 
тілгеннен кейін, ілмекпен немесе пинцетпен жара шеттерін екі жаққа ашып, 
қанды анжылармен алады. Қансыраған бөлек тамырларды қан тоқтататын 
пинцетпен бұрап тастайды. Тілік тереңдігінде ақ сызықты-оң және сол кеуде-
сүйекасты бұлшық еттер арасындағы тігісті табады, оны скальпелмен немесе 
үшкір ұшты қайшылармен ажыратады. Бұлшық етті жараны ашады және 
шелді трахея тереңдігінде бөледі. Трахеяны ашу алдында жарадағы қанды 
тағы бір рет тоқтатады. Жедел трахеотомияда скальпельмен барлық 
қабаттарды тілу мүмкін. Мұндайда трахеяны алдын-ала қолмен бекемдейді. 
Трахея қабырғасын ашу: 2-3 сақиналарды тілу, сақиналық байламдарды, 
шеміршектерді зақымдамай тілу: шеміршек кесектерін және арасындағы 
байламдарды трахеяға трахеотубусты енгізу мақсатында тесік жасау үшін 
тіледі, екі біріккен шеміршектерді тіледі трахея сақиналарын ажыратпай 
көлденең сопақша тесік жасайды (сурет 184). Сақина арасын көлденең тіліп, 
көлденең сопақша трахеотубусты енгізу керек. Сонымен қатар ол 
трахеотубусты бөліктеп, енгізген дұрыс болып саналады. Сол кезде трахея 
деформациясы және операциядан кейінгі кезеңде тыртықты стеноздар 
жойылады. Бұл әсіресе жас төлдер үшін өте маңызды, себебі олардың 
сіңірлері жұмсақ, икемді, жеңіл деформацияланады, соның нәтижесінде 
трахея қуысы тарылады. Малдың жұмыс қабілеті трахеотубусты тек үнемі 
киіп жүргенде сақталады. Сақиналарды көлденең орташа тіліп бөлу, 
трахеяны тез ашуға және үлкен диаметрлі трахеотубусты енгізуге мүмкіндік 
береді. Сондықтан осы әдіс кең тараған, бірақ оны трахеотубусты ұзақ уақыт 
және тек қана кәрі малдарға кигізгенде қолданған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет