Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Құрсақ қабырғасындағы жарықтарға операция жасау



Pdf көрінісі
бет67/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129
оперативтік хир 8 н

Құрсақ қабырғасындағы жарықтарға операция жасау 
 
Жарықтардың бұл түрі құрсақ қабырғасы бұлшық ет элементтері 
болмайтын аумақтарында жиірек кездеседі. Сондай орынға бүйірдің орта 
бөлімінде орналасқан апоневротикалық аймағы келеді. 
Жансыздандыру. Наркоз немесе ірі малда паралюмбальдық, 
паравертебралдық 
өткізгіштік, 
ал 
ұсақ 
малға 
инфильтрациялық 
жансыздандыруды жасайды. 
Операция техникасы. Малдың жарық орналасқан жағын үстіне қарай 
келтіріп, жатқызып бекемдейді. Операцияны негізінде кіндік жарығына 
жасағандай жасайды. 
Жарықтың қақпалары үлкен болғанда немесе жарықтың қабын 
резекциялау қажеттілігінде ширатылған жіпті (ең жақсырағы синтетикалық), 
бірнеше рет қысып буып құрық тәрізді тігіспен шамасынша тартып тігеді. 
Тігістердің үстінен жарықтың қақпасынан 3 - 4 см ара қашықтықта, 
жарықтың пішініне келтіріп, синтетикалық жамауды тігіп қояды. Ол үшін ең 
жақсы материал болып, кесек түйінді капрон елеуіші саналады (1х1 мм); егер 
ол жоқ болса, әдеттегі жиі тоқылған капрон немесе лавсан матасын 
қолданады. Теріге оны бүріп немесе біліктерді пайдаланып тігіс салады. 
Иттердің шап жарықтарына операция жасау 
 
Жансыздандыру және бекіту. Операцияның алдында тік ішекті және 
қуықты босатады. Терең наркоз жасалынады. Жануардың артқы жағын аздап 
көтерілген жайға келтіреді. Артқы сирақтарын алға әкеледі, ал құйрықты 
арқасына қайырып тартады. Тік ішектің ішіне 1 - 2 анжы енгізеді, анусты 
дорба тәрізді тігіспен жабады. 
Операция техникасы. Тері кесуді құйрықтың негізінің астынан бастап 
анусты айналып шыға 8 - 10 см ұзындықта жүргізеді. Тері кесуінен кейін m. 
sphincter ani externum талшықтарды көрінеді. Оларды қайшымен тіліп 
өткеннен соң, жарықтың ішіндегі мүшелер көрінеді. Операцияның мәні 


145 
жамбас қуысының диафрагмасын түзелеуі, ол үшін анустың сыртқы 
сфинктерын, құйрықтың сыртқы бұлшық етімен және төменде орналасқан 
Lig. Sacrotuberale мен бөлек тігістермен қосып тігу. Жіп пен инені құйрықтың 
бұлшық еті арқылы өткізген кезінде аналдық бурсасына зақым келтірмеуін 
мұқият қадағалайды. Жануар мөлшеріне тәуелді 2-3 тігіске дейін салынады. 
Тігістерді салуынан кейін анжылар алынып жіптердің ұштары байланады. 
Теріге тігістерді салуының алдында жара қуысын антибиотик ерітіндісімен 
өңдейді. Операция жасаған малға 3 - 4 күнге дейін жеңіл азық береді . 
Тігістерді 10 күннен кейін шешеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет