Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Қуықты тіліп ашу (cystotomia)



Pdf көрінісі
бет95/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Қуықты тіліп ашу (cystotomia) 
 
Көрсетуі. Қуықтан тастарды шығаруы. Жылқыға операцияны шап 
жақтан, ал ұсақ күйіс қайырушыларға және ет қоректілерге құрсақ қабырғасы 
арқылы орындауы жайлы болады. 
Жансыздандыруы. Жылқыға аласа сакральді жансыздану; ұсақ күйіс 
қайырушыларға және ет қоректілерге наркоз жасалады. 
Операция техникасы. Жылқыға Гекел тәсілімен шат аралық
цистотомияны қолданады. Катетермен тұрған аттың қуығын босатады, анус 
және шат аумағын дезинфекциялайды, анусты сол жаққа сәл тартып бір 
жағынан анус екінші жағынан шонданай төмпегі мен жартылай перделік 
бұлшық ет аралықта ұзындығы 10-15 см тік кесумен теріні және оның 
астында жатқан қабаттарды жарып тіледі.
Жараның екі жағын ұзын лигатуралармен тігіп, оны созып ашып 
ұстауын көмекшіге тапсырады. Содан соң қосылған қол саусақтарымен жара 
арқылы жамбас шеліне 15-20 cм дейін тереңдікке тік ішекке паралельді кіріп, 
оның қуық мойынына шектескен орынына жүріс шығарады. Осыдан кейін 
операция жасаушы жылқының тік ішегіне сол қолды енгізіп қуықтағы тасты, 
оның мойнына яғни оң қол саусақтар орналасқан жерге қарай мүмкіндігінше 
жылжытуға тырысады. Ол процедураны көмекшіге тапсыруға болады. Содан 
соң операция жасаушы оң қолды жарадан алып шығып, бранштары қосылған 
ұзын қайшыны енгізіп қуықтың қабырғасын жақын оның мойын маңайынан, 
тасқа қарсы мөлшері 2-3 см тесік жасайды (сурет 147 а).


193 
а
б 
Сурет 147. а - жылқының цистотомиясы, сол қол тік ішекке енгізілген, ал оң қол 
параректальды аспабымен қуыққа жеткізілген; б – цистотомиия жасау алдында қуықты 
лигатуралармен бекіту
Тесікке арналған қысқышты енгізіп, тасты тұтас немесе оны 
ұсақталғаннан кейін бөлшектеп шығарады. Қорыта келгенде, қуықтың тесігі 
ретроперитонеальдық орында болады. Жараға антибиотиктер немесе 
антисептикалық эмульсияны енгізеді. Жараның қуыс каналын бір тәулік 
ішінде стерилденген дәкемен бітейді. Операция нәтижесінде уақытша несеп 
қаяу тесігі құрылады, ол 2 апта аралықта өзі жабылады, бірақ біздің пікіріміз 
бойынша тігіп қою дұрыс болады.
Ұсақ күйіс қайырушы және ет қоректілерде қуыққа жету операциясын 
шат қырының алдынан құрсақ арқылы жиірек орындайды – құрсақ арқылы 
цистотомия (cystotomia antepubica transperitonealis). 
Малды арқасына жатқызып қойып бекемдеп, операциялық орнын 
дайындап, құрсақ қабырғаны жарып тіледі. Еркек малға лапаротомияны 
күпектен 1 см шетке алып оны сол жаққа жылжытып істейді. Тері астында 
өтетін сыртқы бөксе артериясын және басқа қан тамырларын бойлап кесіп 
өтеді. Лапаротомияны құрсақтың тік бұлшық етін айналып шығып жүргізеді; 
шат қырының алдыңғы жағынан бастап 8 - 10 см ұзындықпен тіледі. 
Құрсақтың көк етін іскекпен басып алып, теріге айналдырып шығарады. 
Жараны дәкелік салфеткалармен айнала қымтайды. Саусақты қуықтың 
астына, жара деңгейінен аздап жоғары көтереді, оның дорсальды беткейлігін 
операция жасаушыға келтіріп, шприцке немесе резеңке түтікке қосылған 
инъекциялық инемен тесіп, зәрді шығарады.
Одан кейін қуықтың кесетін бүйірлеріне (кілегейлі қабығын теспей) бір 
бірден лигатура өткізеді – ұстағыштар деп аталады. Олармен қуықты жара 
сыртына шығара бекітеді. Қуықтың қабырғасына саусақ ұшын енгізуге 
болатындай көлемде скальпельмен тіліп ашады. Корнцангпен, арнайы 


194 
қасықпен немесе саусақпен қуықтың ішіндегі тастарды және зәрдің 
құмдарын алып тастайды. Опрерация аяқталуы барысында несеп-жыныс 
каналына катетер арқылы физиологиялық ерітіндіні немесе 0,25%- дық 
новокаин ерітіндісін енгізіп оның толық өткіштігінін тексереді. 
Қуық жарасын Черни - Ламбердың тігісімен, құрсақ қабырғасын үш 
қабатты тігіспен: алдымен іштің көк етін құрсақтың түзу бұлшық етінің ішкі 
қынап қабырғасымен бірге, содан соң оның сыртқы пластинкасын 
(құрсақтың түзу бұлшық етін қоса алумен), соңғысында теріні тігіп қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет