Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет82/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   129
оперативтік хир 8 н

Дайындау және ұйымдастыру. Шаруашылықта жоспарлы пішу 
кезеңінде шошқалардың жіті жұқпалы ауруларының болуы тиісті емес; 
шаруашылықта 2 апта бұрын жоспарлы егу жұмыстарын аяқтайды және 
карантин қою шектері алынады. Операцияға сау және дене қызуы 
көтерілмеген малды таңдап алады. Операцияға бір тәулік қалғанда 
шошқаларды азықтандырмайды. Операцияның алдында оларды аулаға 
шығару қажет, сол кезде олардың ішек және қуығын азат етеді. Пішуді 
жылдың жылы уақытыда ашық аулада жасаған қолайлы болады. 
Бекітуді арнайы жасалған үстелге немесе басқа 45° бұрышқа 
енкейтілген орынға, малдың басын төмен қаратып бекітеді. 
Жансыздандыруды 2,5%- дық аминазин 1 мл малдың әрбір 25 кг 
салмағына, немесе стреснил, ромпун, рометар ерітіндісімен жүзеге асырады. 
Жергілікті жансыздандыруды - инфильрациялық анестезиямен 2% лидокаин 
немесе 2% новокаин ерітіндісімен жасайды. Лапаротомиядан кейін құрсақ 
қуысына 15-20 мл новокаин ерітіндісін инесіз шприцпен енгізеді.
Операцияның техникасы. Оперативтік жету оң бүйір жағынан; 
лапаротомияны жарық немесе проляпсус мүмкін болуы себептен ақ 
сызықпен қолданбайды. Кесуді сербектен 2-3 см (туған шошқаларда 5 - 7см) 


170 
төмен, бүйір-шаптық үшбұрыш деп аталатын орында анықтайды. Ол 
алдынан соңғы емізіктен сербекке жүрген сызықпен шектеледі, ал арттан – 
санның алдыңғы нұсқасын (санның фасциясының кең тартқышының 
алдыңғы шеті), артқы аяқты кейін тартқанда (сурет 129).
Сурет 129. Бүйір-шаптық үшбұрышы және аналық бездерге жететін орын: 1 - 4 - 6 
айлық жастағыларда; 2 – туған мегежіндерде 
Операция жасаушы оң бүйір аумағында тік төмен немесе алға қиғаш 
кеседі. Теріні және майлы қабаттарды бұлшық еттерге дейін тіледі; тілімнің
ұзындығы 4-7 см. Туған шошқаларда кесуді 10 см дейін ұзартады. Сыртқы, 
ішкі, қиғаш және көлденең бұлшық еттері, олардың талшықтарының 
жүрумен, скальпельдың сабымен ашып ажыратады. Содан соң жараның 
тереңдігіне саусақ енгізіп, экстраперитонеальдық майды және іш пердесін 
сипалап табады. Іш пердесін саусақтың тырнаған қозғалыстарымен басып 
жыртады. Іш пердесі сөгілмес үшін қалған үш иілген саусақтарымен құрсақ 
қабырғасы жарасының шеттерінен басады (сурет 130).
Іш пердесін іскекпен ұстап, оның бүрмесін жараның сыртына алып 
шығып қайшылармен жаруға болады. Сол қолдың саусақтарын құрсақ 
қуысына енгізіп, аналық безді тауып сыртқа 
Сурет 130. Шошқаларды пішкен кезде іш пердесінің перфорациясы: 
 а — дұрыс емес; б — дұрыс; в - іскек арқылы 


171 
шығарады. Егер ішек ілмектері суырылған болса, оны кері итеріп шыққанын 
орнына салады. Суырылған жатырдың мүйізін жылжытып тартып аналық 
безді табады. Аналық бездің будасына бахромасымен бірге гемостатикалық 
іскекті салады. Екінші аналық безді, екінші жатыр мүйізінің бойымен іздеп 
тауып алады (сурет 131 а).
 
а 
 
 
 
 
в 
 
Сурет 131. а - екінші аналық безді іздеп табуы;  в- гистеректомияда жатырға 
артериялық қысымды салуы 
Оның будасына және бахромасына іскек салынады. Әрбір іскектің 
астына лигатура келтіріп аналық бездердің будаларын тартып байлап содан 
соң пинцеттің үстінен әрбір аналық безді бахромасымен бірге скальпельмен 
кесіп алады. Сонымен қатар аналық бездерді алуға арнайы Н.И. 
Никифоровтын эмаскуляторын пайдалануға болады. Оны қолданғанда 
іскектің қажеті болмайды. Жатырдың мүйіздерін құрсақ қуысына қайтадан 
салады және оның ішіне пенициллин, гентамицин, линкомицин т. б. 
антибиотиктердің ерітіндісін енгізеді, ал көк етті түйінді тігіспен тігеді. 
Бұлшық еттердін әр қабатын жеке кетгутпен тігеді. Теріні түйінді тігіспен 
жабады. Жараның сыртына йод ерітіндісін жағады.
Овариогистеректомия - жыныстық толмаған кішкентай шошқалардың 
жатыр мүйіздерін, жатыр бөлімдері мен бірге алып тастап пішуі. 
Лапаротомиядан кейін аналық бездермен бірге жатыр мүйіздерін сыртқа 
жара деңгейіне шығарып, әдеттегі жатыр мүйіздерінің қосылуы орында 
артериялық тамырға берік қысым салады (сурет 131 в). Қысымның астынан 
№5 кетгуттан лигатура салып, ағзаларды қолмен күштеп бұрап үзіп алады. 
Кесіктің қалдығын құрсақ қуысына қайтара салады, жараны алдыңғы 
оқиғадай домдайды. 
Операциядан кейінгі күту. Малды (бес бастан көп емес) таза, құрғақ 
төсеніштермен станоктарға орналастырады. Жақын арадағы сағаттарда 0,5 л 
сұйық жем көжесін және су береді, келесі күндеріде көжені молайтады, 5-ші 
күннен кейін әдеттегі рационға аударады. Жара 7 - 8-ші күні жазылады сол 
кезде тігістерді шешуге болады. 


172 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет