Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция


Аталған мақсаттарга жету үшін қажетті шаралар



бет51/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73
multi-293 x970856161

Аталған мақсаттарга жету үшін қажетті шаралар:
- кәсіпорын тарапынан, яғни жұмыс уақытында жургізілетін және жұмыс берушімен қаржыландыратын (кадрлық шығындар да ескеріледі), мысалы, кәсіпорындағы оқыту, кәсіпорыннан тыс күндізгі курстар мен семинарлар, ғылыми конгресстерге қатысу, сабақтарды жүйелі түрде белгілеу, кәсіпорын ішіндегі тәжірибе алу немесе ассистент болып іс-әрекет жасау үшін; - қызметкерлер тарапынан, яғни шаралар олардың бос уақыттарында қабылданады және толығымен немесе жартылай олармен қаржыландырады, мысалы, кешкі оқу орындарында оқу, ѳзіндік оқу, сырттай оқу курстарында білім алу немесе теледидарлық лекциялар курсында оқу. Даму жоспарының екі түрі болады: стандартты және жеке басты.
Соңғы кезде арақашықтық (дистанциялық) оқыту деп аталатын оқытулар кеңінен қолданылуда. Жетекшілер мен мамандарды арақашықтық оқыту негізгі қызметімен қатарласа жаңа технологияларды белсенді пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
Қазіргі замандағы ұйымдарда кәсіби оқыту деп келесі кезеңдерден тұратын кешенді үзіліссіз үдерісті айтады:

  • қажеттілікті анықтау, яғни ұйымның персоналын дамытудың, сонымен қатар қызметкерлердің ағымдағы ѳндірістік міндеттемелерін орындаудың қажеттілігі негізінде қалыптасады;

  • жетекшілер мен мамандарды жұмысқа қабылдау кезінде оқыту, яғни жұмысқа бірінші рет қабылданғандарды кәсіпорын іс-әрекетінің ерекшеліктерін, өндірісті ұйымдастыру, экономика, технология, еңбектің әлеуметтік жағдайлары, қауіпсіздік техникасы мен ѳнеркәсіптік тазалық, экологиялық талаптарды оқьіту үшін жүргізіледі. Оқыту мерзімі - 7-14 күн.

  • жетекшілер мен мамандар үшін жыл сайынғы оқыту оларды жаңа техникамен және алдыңғы қатарлы технологиямен, ѳндірісті басқару және талдаудың тиімді әдістерімен, ѳндірістегі және адам ресурстарың басқару саласындағы жаңартпалармен таныстыру үшін жүргізіледі. Жыл сайынғы оқыту бірнеше бағдарлама моделі түрінде ѳткізіледі. Оқыту ұзақтығы — 1-3 күн.

біліктілікті жоғарылату жетекшілер мен мамандардың теориялық және тәжірибелік білімдерің, ептілігін, дағдылығын дамытып, жаңарту үшін жүргізіледі. Ол оқытудың келесі түрлерін қамтиды:

  • қысқа мерзімді (72 сағатқа дейін);

  • тақырыптың және проблемалық семинарлар (72 сағаттан 100 сағатқа дейін);

  • ұзақ мерзімді (100 сағаттан жоғары).

Дәстүр бойынша біліктілікті жоғарылатудың үш ѳрісін кѳрсетуге болады:

  • кәсіби біліктілік;

  • әдістемелік біліктілік;

  • әлеуметтік біліктілік.

Әрбір басқарушы қызметкер жылына орта есеппен оқуға жұмыс уақытының тѳрт аптасын жұмсауға тиіс.
Жапонияда үздіксіз білім алу еңбек үдерісінің бір бѳлігі болып саналады. Бір аптаның ішінде қызметкер оқуға жұмыс уақытының тѳрт сағатын, яғни ѳз уакытының сондай тѳрт сағатын бѳледі.

  • машықтану - теориялық дайындықтың нәтижесінде алынған білімі, ептілігі мен дағдылығы іс жүзінде бекітетін оқу түрі.

  • кәсіби дайындық жетекшілер мен мамандардың жаңа кәсіби іс-әрекетті орындау үшін қажетті арнайы пәндердің ғылыми, техника мен технология бѳлігін оқытуды қарастыратын білім беруші бағдарламалар бойынша қорсымша білім, ептілік және дағды алуына бағытталған.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет