Мусабекова Айнаш Орикбаевна Ержанова Салтанат Кулдасбаевна «Персоналды басқару» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B051900-Еңбекті ұйымдастыру және нормалау» Қарағанды 019 лекция



бет2/73
Дата17.04.2024
өлшемі0.89 Mb.
#499000
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
multi-293 x970856161

Персоналды басқару мақсаттары. Персоналды басқару келесі мақсаттарды көздейді:

  1. жалпы мақсаттарға жетуде кәсіпорынға көмек көрсету;

  2. жұмыскерлердің шеберлігі мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;

  3. кәсіпорынды біліктілігі жоғары және қызығушылық танытатын қызметкерлермен қамтамасыз ету;

  4. жұмыскерлердің өз жұмыстарына барынша толық қанағаттануына, олардың өздерін толық керсете алуына ұмтылу, ал бұл өз алдына әрбір жұмыскердің осы кәсіп-орында жұмыс істеу тілегін жоғарылатады;

  5. жеке адамның әлеуетін тиімді пайдалану қағидасына сәйкес адамның еңбек (жеке басты, психофизиологиялық) іс-әрекетін басқару механизмін меңгеру.

Персоналды басқару үшін құрылған мақсаттар жүйесі бір жағынан жұмыскерлердің әкімшіліктен қандай мұқтаждықты қанағаттандыруды талап етуге құқы бар екендігіне қатысты сұраққа жауап алуы, екінші жағынан - персоналды пайдалану бойынша ұйым әкімшілігі өз алдына қандай мақсаттарға жету үшін адамдарға қандай жағдайлар жасайтынына жауап беруі. Осы мақсаттар тобы бір-біріне қарама қайшы келмеген жағдайда ғана басқару табысты болуы мүмкін.
Ең жоғары мақсат - персоналды басқару жүйесіндегі кәсіпорынның пайдалы адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін өндірісте қанағаттандыру болып табылады.
Кадрлық саясаттың келесідей мақсаттарын ерекше бөліп көрсетеді:
1. Кәсіпорынның қоршаған ортамен қарым-қатынастарымен байланысты мақсаттар (еңбек нарығы, қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік және жергілікті билік органдарымен, кәсіподақтармен қарым-қатынасы және т.с.с.)
2. Кәсіпорын мен оның қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған мақсаттар (олардың кәсіпорынды басқаруға қатысуы, басқару стилін жетілдіру, кәсіпқой білімді тереңдету, әлеуметтік мәселелерді шешу және т.с.с).
Әкономикалық мақсаттар пайданы арттыру мен шығындарды азайтуға негізделген. Бүкіл қоғам мүддесі жағынан қарастырғанда, жеке кәсіпорынның әкономикалық мақсаттарын көздеуі қоғамның әлеуметтік мақсаттарымен ұштасуы мүмкін.
Әлеуметтік мақсаттарға қажеттіліктер, қызметкерлердің кәсіпорынға қойылатын талаптары немесе қызметкерлер өздері маңызды деп санайтын мәселелер жатады.
Әлеуметтік мақсаттардың қанағаттандырылуы кәсіпорындағы материалдық және материалдық емес еңбек шарттары негізінде жұмыспен қанағаттанумен анықталады.
Отандық және шетелдік ұйымдардың тәжірибесін біріктіру персоналдарды басқару жүйесінің басты мақсатын анықтауға мүмкіндік береді - кадрлармен қамтамасыз ету, оларды тиімді пайдалануды ұйымдастыру, кәсіби және әлеуметтік өсу. Осы мақсаттар шеңберінде персоналдарды басқару жүйесі қалыптасады. Оны ұйымдастырудың базасы ретінде ғылыммен жасалған және тәжірибеде тексерілген, ережелер мен тәсілдер қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет