Комитеттер әдісі бойынша бағалау адамның жұмыс істеуін топта талқылауды көздейді.
Тәуелсіз төрешілер әдісі адамдарды бұрын таныс болмаған (5-7 адам) тұлғалардың «кері сұрақтар» негізінде бағалауды білдіреді.
360-градустық бағалау әдісі қызметкерді жұмыс үдерісінде кіммен қарым-қатынас жасаса, солардың бағалануына сүйенеді.
Бағалаушы сұхбат әдісіне мысал ретінде АҚШ-та қолданы- латын «төрт факторлы сұхбатты» келтіруге болады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін әңгімелесуді ұйымдастырып, оның шеңберінде келесі мәселелер тексеріледі: зияткерлігі (парасаттылығы) (шыншылдығы, логикалығы, ойшылдығы, қиялдаушылығы, өнімділігі); уәждемесі (қызығушылығы, бағалылығы, бір нәрсемен айналысуы); өткір мінезділігі (тұрақтылығы, шешім қабылдаушылығы, өзін-өзі ұстауы, тұйықіығы, қызбалылығы); тәжірибесі (білімі, еңбек дағдысы).
Жағдайды үлгілеу әдісі барынша негізделген және әділ түрде бағалауға мүмкіндік береді. Ол жасанды, бірақ нақты жұмыс жағдайлары мен басқарушы жағдайларға (іскер қағаздарды іріктеу, сұхбат алу, құжаттар жобасын жасау және басқа да) жақын жайттарды құрумен тусіндіріледі.
Бағалау критерийлері ұйымдастыру және жоспарлау қабілеті, шешімділігі, икемділігі, қиын жағдайларға төзімділігі, жұмыс стилі болып табылады.
Бағаның шамасын анықтау. Бағаның нақты шамасын анықтау проблемасының екі жағы бар: соңғы нәтижені өлшеу және шығару. Өлшеу екі объектіні өзара салыстыру негізінде орындалады (кемшіліктері — көп сатылық және субъективтілік), немесе эталон рөлін атқаратын қандай да бір үшінші объектімен (мұнда оның ауытқу дәрежесі) өлшенеді, немесе қандай да бір белгілердің сынақтар сериясында пайда болу жиілігін анықтау жолымен анықталады.
Иерархиялық тізбектілік көмегімен бағалау әдісі. Иерархиялық тізбектілік көмегімен бағалау әдісі барынша қарапайым әдістердің бірі болып табылады. Аттестацияланушы жұмыскерді арнайы бақылаулар нәтижесі 1-ден 8-ге дейінгі ретпен орналасқан балмен бағаланады.
Жіктеу әдісі сарапшының жұмыскерлерді белгілі бір критерийі бойынша жақсысынан нашарына қарай орналастыруын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |