2. Оқыту түрлері, оқытудың әдістері
Оқытудың бірнеше түрлері бар:
жаңа жұмыскерлерге арналған кіріспе оқыту;
қысқа мерзімде қажетті жұмыс тәсілдерін үйренуге бағытталған өндірістік оқыту;
жұмыстың техникалық және әкімшілік аспектілеріне қатысты білімді арттыруға бағытталған қадағалаушы оқыту;
кадрларды жауапты жұмысқа жүйелі түрде дайындайтын басқарушылық оқыту;
басқарушылық дағдылары мен жұмыс тиімділігін арттыруға арналған лауазым иелерін оқыту үрдісі.
Үйретушілер мен оқушыларды таңдау.
Жақсы нұсқаушы мен үйретушілерді таңдауға көп мән беру керек. Көп жағдайда оқыту бағдарламасының сәттілігі оқытушының қалай таңдалғанына байланысты. Таңдау кезінде оның жеке қасиеттеріне көңіл бөлу керек. Қажеттіліктерді талдау мен оқыту бағдарламасын өткізу нұсқаушыға
жүктеледі. Талдау мен оқытудың кадрлық мамандар мен тыс жерлік консультанттар жүргізеді.
Әдетте ресми оқыту кәсіби нұсқаушылармен жүргізілсе де кейде басшылардан артық үйретушілер болмайды, әсіресе оларға материал дайындауға мамандар көмектесетін болса.
Бағдарлама сәтті болу үшін мына бағыттарды үстану керек:
а) материалды іс-жүзінде қорытуға уақыт бөлу;
ә) материалды қайталауды ойластыру;
б) материалды түсінікті тілде жеткізу.
Бағдарламаға қатысатын үйренушілерді жаңа жұмыскерлердің ішінен және қайта дайындықтан өткендердің арасынан таңдайды.
Үйренушілерді таңдау болашақ жетекшілер мен жаңа жұмыскерлермен ғана шектелмейді. Көптеген компаниялар егде жастағы (зейнет жасына жақын) жұмыскерлерді де оқытады.
Өзіндік тренинг кезеңі (біліктілікті арттыру). Мақсаттарды айқындап, үйретушілер мен тыңдаушыларды таңдағаннан кейін бағдарлама іске қосылады. Бұл - екінші кезең. Ол бағдарлама мазмұнын, оқыту әдістерін таңдаудан тұрады.
Оқыту мазмұнын таңдау. Оқытудағы қажеттіліктерді қарастырғаннан кейін басшы оның мазмұнын анықтайды. Мамандардың саны көп болғандықтан қажетті дағдылар да көп. Сонда да олардың бәріне үйренуге болады.
Тренинг
Тренингтік сабақтарды ұйымдастыру жұмыскерлер үшін аса маңызды. Тренинг (біліктілікті үздіксіз арттыру) жұмыскерлердің өз қызметтерін орындаудың сапасын жақсарту. Бұл жерде мыналарды білу керек:
1 Тренинг - бұл ұйым мақсаттарына жету жолында жұмыскердің әрекеттерін жүйелі түрде өзгерту үрдісі;
Ресми тренинг бағдарламасы - бұл жұмыс ұсынушының жұмыскерлерге жұмыс тәжірибесін жетілдіру мен біліктілікті арттыруға мүмкіндік беруі;
Осының бәріне үйрету адамның білімдерін, мүмкіндіктерін арттыратын әрекет. Бұл оның жұмысын өзгертеді.
Оқыту мақсаты - іскерлікті дамыту. Қозғалғыштық- саналылық және қарым-қатынас дағдыларды - түрлі тренингтік бағдарламалардың объектілері.
ОҚУШЫЛЫҚ ӘДІСІ
Оқытудың төрт түрлі әдісін ажыратады: оқушылық, алдын-ала оқыту, жұмыс орнындағы және одан тыс оқыту. Оқушылық - жұмыс орнында және одан тыс жерлерде оқытудың біріккен әдісі. Ол жұмысқа жалдаушының, жұмыс орнындағы және мектеп қабырғасындағы үйретушілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің бірігуін талап етеді. АҚШ-та осы әдіс бойынша 30 мың адам жыл сайын оқытылады.
Оқушылық - бұл тренинг пен оқыту кезеңі, оған ресми аудиторлық сабақтар мен жұмыс орнында жүргізілетін тәжірибелік тренинг кіреді. Мысалы АҚШ-та осы кезең бірнеше жалға созылуы мүмкін. Осы мерзім ішіндегі жұмыскерлердің алатын жалақысы, тәжірибелі мамандардың алатын жалақысынан төмен. Оқушылық жүйесінің әлсіз жері оған арнайы бөлінген уақыт алдын-ала бекітілген және бұл жеке жағдайларды қарастыруға мүмкіндік бермейді. Алайда, оқушылық пен жұмыс орнында оқыту әдістері бойынша дайындалған АҚШ-тың құрылысшы жұмыскерлері қызметте тез жоғарылап, жұмыссыздық қауіпінен жақсы қорғалған. Сол сияқты нәтижелер отандық кәсіби-техникалық училищелердің түлектерінің арасында байқалған.
Достарыңызбен бөлісу: |