Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет22/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Музыкалық дағдылар
Музыкалық білім мен икемділіктерге сүйенетін музыкалық дағдылар,
ең алдымен, белгілі бір дайындықты қажет ететін және
психофизиологиялық аппаратты дамытатын музыкалық-орындаушылық
әрекеттің қажетті техникалық базасы болып табылады.
Орындаушылық әрекеттегі дағды ең алдымен техниканы меңгеруге
байланысты.
а) Ән салу әрекетіндегі негізгі вокалді-хорлы дағдыларға
жататындар: әншілік орындаушылық дағдыны қалыптастыру,
дыбысшығарушылық, әншілік тынысты дағдыландыру, дыбыс шығарудағы
сөйлеу мүшелерінің әрекетін дағдыландыру, хорлы қатар мен ансамбль (ән
салу кезінде сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз) дағдысы, ән салатын
үннің басты ерекшеліктеріне қарай дыбыстау аппараттарының қызметін
үйлестіру (айқын, шарықтау) дағдысы, дирижердің нүсқауын түсіну
дағдысы.
26


ә) Тыңдаушылық әрекетінде ең алдымен жекелеген музыка
арқауының (ткань) (регистр, тембр, жоғары дыбыстық, метроритмикалық
және ладтың ерекшеліктер: үйлесім, көпүнділік, фактура, форма
құрушылық т.б.) құрылымдық бөлшектерінің естілуімен байланысты.
б) Музыкалық-композициалық шығармашылықта берілген әуеннің
нұсқалық қайталаулары, ұсынылған модельдер бойынша ырғақты суреттер
жасау дағдылары қалыптасады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сезімдік-құндылық қатынастың музыкалық өнердегі маңызын
ашып беріңіз.
2. Музыкалық білім берудегі музыка туралы білімнің әр түрлі
категорияларына сипаттама беріңіз.
3. Музыкалық білім берудегі икемділіктерді сипаттаңыз.
4. Музыкалық білім білім беру процесіндегі оқушылардың
музыкалық дағдыны қабылдауын қалай түсінесіз?
5. Музыкалық икемділік пен дағдылардың ортақтығы, ұқсастығы
және айырмашылығын сипаттаңыз.
6. Оқушының музыкалық-шығармашылық әрекеті немен
сипатталады?
7. Музыкалық шығармалардан мысал келтіре отырып: әуенділік,
бишілік, жедел ырғақ ұғымдарын ән, би, марш, күй сөздерімен салыстыра
отырып, олардың айырмашылықтары неде екеніне түсінік беріңіз. 
27




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет