Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


VI ТАРАУ МУЗЫКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет23/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78
VI ТАРАУ
МУЗЫКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ
6.1 Музыкалық әрекет түрлерінің жалпы сипаттамасы
Отандық музыкалық білім беру педагогикасы оқушылардың
музыкалық әрекеттің түрлеріне мыналарды жатқызады: музыка тыңдау,
хормен ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау, музыка әуенімен қимылдау,
балалардың музыка шығаруы (балалардың музыкалық шығармашылығы).
Бұл аталғандар дәстүрлі музыкалық әрекеттер делініп жүр. Сондықтан
болар бұл әрекеттерді балаларды музыкаға жақындатудың формалары деп
шартты түрде белгілейді.
Соңғы жылдары қалыптаса бастаған көзқарас бойынша шынайы
музыкалық әрекеттерге композитордың, орындаушының, тыңдаушының
әрекеттерін жатқызады.
Қазіргі кезде әбден сұрыпталған бырақ әлі де талқылауларды қажет
ететін оқушылардың төмендегідей музыкалық әрекеттерін атауға болады:
- Ең алдымен, бұған жататыны, әрине: музыка тыңдау; оны орындау:
вокалды, хормен, жеке дауыста, музыкалық аспаптарда; музыка жазу
сияқты барлық түрлерін қамтитын оқушының жеке музыкалық әрекеті;
Музыкалық-теориялық әрекеті;
- Өткен, қазіргі музыкалырдың жай-күйінен мағлұмат беретін,
оқушылардың музыка туралы білімінің танымдық жағын арттыратын
музыкалық-тарихи әрекеті;
- Музыкалық хабарлар (білімпаз) көпбейнелі әрекеті;
Жинама түрдегі музыкалық әрекет.
6.2 Жеке музыкалық әрекет
Музыка тыңдаудың негізгі мақсаты оқушының музыканы тыңдай
білу, қабылдау мәдениетін қалыптастыру. Бұл деп отырғанымыз ең
алдымен:
а) Жинақталған тәжірибе бойынша халықтық, классикалық, қазіргі
отандық және шетелдік көркемдігі жоғары музыка үлгілерімен қатынас
орнату.
ә) Музыка өнерінің жанры, стилі, формасы жайында бұрыннан
жинақталған білімге сүйене отырып музыканың мағаналы-көркемдік
мазмұнына терең бойлап, сезіммен қабылдай білу керек.
б) Тыңдаушылық әрекетке қажеттілік туғызу немесе осы әрекетке
деген сұраным.
Оқушылардың тыңдаушылық мәдениетін ұйымдастыру кезінде
музыка өнерінің мәні мен мазмұнын түсіндіретін әртүрлі жолдары
болатынын ескеру керек.
28


1 – түсінік, музыканы ақиқаттың бейнелі формада сәулеленуді деп
қарау.
2 – түсінікмузыкалық мән-мағанасы сол музыканың өзінен көрінуі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет