Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»



Pdf көрінісі
бет20/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78
Музыка туралы білім
24


Музыка туралы білім баланың музыка әлеміне енуі үшін өте қажет
және де ол музыканы танытатын бірден-бір құралы болып табылады.
Музыка туралы білімнің ішіндегі ең бастысы – музыка теориясының
білімі. Бұл негізінен дыбыстық, жанрлық, музыка өнерінің стилдін
негіздерін қоса қамтиды.
Музыка өнеріндегі дыбыс ырғағы табиғатын білу – оқушының
музыкалық білім алудағы басты және негізгі білімі болып табылады.
Музыкалық дыбыс ырғағын айқындаушы, бейнелеуші болуы мүмкін;
сөйлеу ырғағымен ортақтағы және айырмашылық қасиеті де бар; онда
шығарманың өн бойындағы сезімдік-бейнелеушілік (эмоционально-
художественный) сәулеленуі де көрініс береді.
Музыкалық жанр туралы білім оқушыларды музыканың әлеуметтік
мәнін және оның қоғамда өмір сүру формаларын танып-білуге
қалыптастырады. Музыка жанрларын оқыту ауқымына ән, би, марш және
күй, опера, балет, симфония, концерт, соната, романс, прелюдия, ноктюрн,
баллада, сюита және тағы басқа музыка өнерінің, халықтық музыка
өнерінің негізгі жанрлары түгел қамтылады. Баланың әртүрлі жанрларды
біліп-тануы музыка өнері мен оның жеке өмірлік тәжірибесі арасындағы
байланысты нығайтады, жандандырады.
5.3 Музыкалық икемділік пен дағдылар
Қазіргі кезде музыкалық білім беру педагогикасында икемділік пен
дағды арасында көптеген айырмашылықтар бар дейтін көзқарастар
үстемдік етуде.
Музыкалық икемділік
Музыкалық икемділік музыка туралы білімге сүйенеді және де ол
музыканы тірідей қабылдау процесінде қалыптасады. Яғни бұл жағдайда,
музыкалық сабақ үстінде икемділіктің екі тобы қалыптасады.
Оның біріншісі – нақты бір музыкалық қызметтің түріне тән және
оның табиғатына сай келетін икемділік:
а) Тыңдау (қабылдау) әрекетінің икемділігі:
- музыкалық дыбыс ырғағын қабылдау, тыңдаған шығарманың
мазмұнына сезіммен үн қосу;
- музыканы тыңдағаннан кейін туындаған өзінің көңіл-күйіне,
сезіміне, жасын ішкі жан-дүниесіндегі өзгерістерге сипаттама беру;
- тыңдаған шығармаға вербальді (ауызша, сөзбен) немесе вербальсіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет