Музыкалық білім беру теориясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен жоғарғы оқу орындарының 050106 «Музыкалық білім беру»


Өнер туралы жалпы бастауыш білім беру стандарты



Pdf көрінісі
бет33/78
Дата21.10.2022
өлшемі0.64 Mb.
#463140
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Өнер туралы жалпы бастауыш білім беру стандарты
Жалпы білім беру жүйесінің бастауыш басқышында музыканы
оқытуда төмендегі мақсатқа жетуге бағыттайды:
-
музыка мәдениеті негізін қалыптастыру;
-
музыкаға және музыкалық сабақтарға қызығушылықты,
музыкалық есту қаблетті, әншілік дауысты, музыкалық жадты, көркемдік
ойлауды, елестетуді дамыту;
-
ән салу, музыка тыңдау, музыкалық аспаптарда ойнау,
музыкалық ырғақты қозғалыстарды және суырыпсалмалықты т.б.
музыкалы-шығармашылық әрекеттерді игеру;
-
музыкалық сезіну дәмін, өнегелік және эстатикалық сезімді,
адамға, Отанға және халқына деген сүйіспеншілікті, әлемнің әр елдерінің
музыкасын, дәстүрін, мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.
-
адамгершілік – эстетикалық қасиеттерге
тәрбиелеу,
эмоциясын, қиялын, музыка тыңдау кезіндегі алған әсерлерін бейнелеу;
-
эстетикалық талғамын
дамыту, 
музыкаға деген
қызығушылығы мен махаббатын арттыру;
-
басқа өнер түрлерімен және халықтың өмірі мен тұрмыспен
байланыстыра отырып, балаларға негізгі дәстүрлік музыкалық
мәдениетті таныстыру;
-
бастапқы музыканы мәнерлеу құралдарымен танысып, музыка
сауатын ашу туралы мәлімет беру;
38


-
балалардың музыкалық әрекетін қалыптастыру (музыкамен
айналысуға қызығушылық пен біліктілік), шығармашылық белсенділігі.
Негізгі білім бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумы
 
Музыка өнерінің негіздері
Музыка туралы түсінік. Музыка өнерінің бейнелілік табиғаты.
Музыканы сезім-күйдің, адам мінез-құлқының, оның табиғатқа, өмірге
қарым - қатынасының көрінуі.
Халықтық және кәсіби музыка. Композитор – орындаушы –
тыңдарман. Қазақстан халық музыкасы, музыка фольклоры, туған өлкенің
халықтық-музыкалық дәстүрі. Кәсіби композиторлардың туындылары.
Музыкадағы даму мен интонация. Музыкалық мәнерліліктің негізгі
құралдары (әуез, ырғақ, екпін, бояу, динамика, саз-лад т.б.).
Музыканың түрлері: вокалді, аспаптық, жеке әншілік, хорлық,
оркестрлік. Музыкалық жанрлар (ән, би, марш, күй және олардың түрлері;
опера, балет, симфониялық музыканың ілгілері, мюзикл т.б) және
формалары (1-2-3 бөлімдік, вариация, рондо). 
Нота элементтерін сауатты меңгеру.
Әншілік дауыстар: баланың, әйел адамның, ер адамның. Хорлар:
балалар, әйелдер, ерлер, аралас. Музыкалық аспаптар. Оркестрлер:
халықтық аспаптық, фольклорлық ансамбль, үрлемелі, симфониялық,
балалар және шулы - соқпалы аспаптық т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет