Н. Е. Дабылтаева инвестицияны


Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары



Pdf көрінісі
бет19/46
Дата08.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#464269
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46
ФКИ на каз Курс лекций

Бақылау және өзін-өзі тексеру сұрақтары 


30 
1. Инвестицияны қаржыландыру не үшін қажет? 
2. Инвестицияны қаржыландырудың қандай түрлері бар? 
3. Инвестицияны қаржыландырудың бюджеттік әдісінің ерекшелігі неде? 
4. Лизинг пен ипотека туралы түсінік беріңіз. 
5. Еркін экономикалық аймақты орнату жағдайы туралы не білесіздер? 
6. Еркін ээкономикалық аймақтың инвестициясын қаржыландыруда сыртқы 
несиелік ресурстар тартыла ма? 
7. Еркін экономикалық аймақты дамытудың мақсатына қол жеткізуде қаржы-
несие саясаты қандай роль атқарады? 


31 
7 ТАРАУ. НЕСИЕЛІК САЯСАТ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
СФЕРАДА НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
• Банктің несие саясаты 
• Несие алуға өтінішті және құжаттар пакетін қарастыру 
• Қарызгердің несие қабілеттілігін зерттеу 
7.1. Банктің несие саясаты 
Нарық жағдайында кез-келген банктің ұзақ болашақ тұрақтылығы мен 
өтімділігі көбінесе оның несиелік саясатына тәуелді болып келеді. 
Банктің несие саясатының мәні, оның ресурстарды шоғырландырудағы 
стратегиялық және тактикалық тәсілдері мен қарыз алушыларға несие берумен 
сипатталады. Бүгін банкті басқару бұрынғы қатаң орталықтандырылған 
жүйеден өзгеше, әрбір банк нарық жағдайында жалпы саясаттық, 
экономикалық, ұйымдық және басқада факторларды есепке ала отырып,өзінің 
меншікті несиелік саясатын қалыптастырады. 
Банк несие саясатын қалыптастыру кезінде, алдымен өзінің пайда-
табысының негізгі бөлігі болып табылатын қарыз беру операциялардан оның 
құралатындығын ескереді. 
Банктік несие портфелін қалыптастыруға әсерін тигізетін факторлардың 
ішінен банктік қызмет көрсету нарығының ерекшелігін бөлектеп 
шығарыды,яғни әрбір банк негізгі клиенттердің немесе таңдап алған нарық 
секторының несиелік қаржыларға қажеттілігін есепке алуға тиісті. Сонымен 
бірге, банктін несиелік портфель құрылымы оның капиталының мөлшеріне 
тәуелді болып келеді. Осы басты көрсеткішке, яғни банк капиталының дәл 
шамасына байланысты бір қарыз алушыға берілетін несие сомасының шегі 
анықталады. 
Кез-келген банктің несие саясатының мазмұнының анық және толық 
жазылуына аса маңызды мағына беріледі. Өткені бұл, банкаралық бәсекенің 
өршіп тұрған, нарық экономикасының тереңдей түсіп тұрған сатысында аса 
актуальды (өзекті) болып табылады. Банктің қалыптастырып жатқан несие 
саясатында несиелендірудің барлық негізгі процедуралары мен осы 
процедураға қатысты банк қызметкерлерінің атқаратын міндеттерінің мазмұны 
айқын көрсетілуі керек. 
Несиелік саясаттың тәртіптерін қатаң сақтау бұл банктік қызметте алға 
қойылған мақсатқа қол жеткізуге жол ашатын несие портфелін қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. Бұл мақсаттар банк пайдасын алуда, тәуекелдік жағдайды 
басқарудағы бақылау, инвестиция және банктік қызмет ауқымында 
қолданыстағы заңдарды сақтаумен байланысты болып табылады. 
Банктерде несие үшін жалпы жауапкершілік директоратқа (директорлар 
кеңесіне) жүктеледі және олардың несие саясатын жасайды. 


32 
Несиелік саясат әртүрлі аталумен арнаулы құжатта қалыптастырады. 
Мысалы, АҚШ банктерінде, бірқатар еуропалық елдерде және біздің еліміздегі 
ірі инвестициялық бұрыңғы “Эксимбанк Қазақстан” банкісінде бұл құжат 
несиелік саясат туралы меморандум деп аталады және мәні бойынша банк 
қызметінің барлығын анықтайтын (оның жарғысы мен құрылтай келісім-
шартымен қатар) және бірден-бір негізгі алынатын құжат болып табылады. Бұл 
құжат, шетелде де және бізде де бес бөлімдер мен сәйкес бөлімшелерден 
тұрады. Несиелік саясат меморандумының шарттық құрылымы мынандай 
болып келеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет