Әдебиет
-
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». А., 2010ж.
-
Инклюзивное образование в России. rian.ru сайты.
-
Отбасы және балабақша. 2001 - №1, 1991 - №3.
-
Ермағамбет Ә. «Психикалық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы». // Дефектология, 2008, №4.
-
Певзнер М.С. «Об отборе детей с временной задержкой темпа психического развития и стойкими церебрастеническими состояниями в специальные классы». // Дефектология, 2003, №6.
ЖАСТАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛДІК МӘСЕЛЕСІ
Каирова Б. К.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Өскелең ұрпақтың денсаулығы еліміздің басты байлығы. Жастардың әлеуметтік-психологиялық белсенділігін арттыру, тән және психикалық денсаулығын нығайту –Қазақстанды өркениетті мемлекет етіп құрудың негізгі бағыты.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы баса айтап өткен болатын [1].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында: Қазақстан Республикасының Ата заңында, "Білім туралы" Заңында, "Білім" атты мемлекеттік бағдарламасында жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында белсенді іс-шаралардың қажеттігі мен мемлекеттік маңызды мәселе ретінде қарастырылуы денсаулық құндылығынң өзектілігін білдіреді.
Денсаулық тұлғаның барлық мүмкіндіктерінің ашылуының шарты болып табылады. Денсаулық баланың құрсақта пайда болған күннен бастап анасының салауатты өмір салтын берік ұстанған жағдайда дүниеге физикалық, психикалық жағынан дені сау болып келеді. Мамандардың айтуынша көптеген балаларда әртүрлі дерттер дүниеге келгеннен кейін пайда болады екен. Оның басты себептерінің бірі отбасындағы тәрбиенің дұрыс жолға қойылмағандығы, екіншісі компьютерлік ойындар болып есептелінеді.
Қазір кезде компьютерсіз отбасын көзге елестету мүмкін емес. Әрине компьютер балалардың жан-жақты білім алуына үлкен көмек көрсетеді, жаңа ақпараттарды алып, өмірдегі мақсаттарына қол жеткізу құралы болып табылады. Дегенмен, компьютердің залалды жақтарын да ескере отырып, болашақ ұрпақтың психикалық денсаулығын сақтағымыз келсе, балалардың компьютермен жұмыс жасайтын уақытын шектеген жөн.
Балалардың құқығын қорғау комитеттің деректері бойынша елімізде сағат 10.00-ден бастап 24.00-ге дейін жұмыс істейтін 698 компьютерлік клубтар бар, оның ішінде 51-і тәулік бойы жұмыс істейді. Күн сайын оларға 7500-ден астам бала барады, олардың ішінде
2 мыңнан астамы 7-12 жастағы, қалғандары 12-18 жастағы балалар. Күн сайын балалар
2 сағаттан 4 сағатқа дейін ашық және астыртын жұмыс істейтін клубтарда қатыгездік, қорқыныш, кісі өлтіру көріністері бар зорлық-зомбылық ойындарын ойнайды.
Ал республикалық психиатрия және наркология ғылыми-тәжірибелік орталығының деректері бойынша клубтарға баратын 12-13 жастағы оқушылардың 80 пайызының физиологиялық биоырғағы бұзылған, 10 пайызының жүйкесі жұқарған, әрбір бесінші баланың басы ауырады және нашар ұйықтайды, әрбір үшіншісінің көз көруінің нашарлағаны байқалаған [2].
Ғалымдардың ойынша (А.Е. Войскунский, Е.З. Мирская, С.Б.Шапошник) «Компьютерлік тәуелділік» ішімдік пен нашақорлыққа тәуелділікпен пара-пар. Бала психикасы тұрақсызданып, ал қатыгездікпен кісі өлтіру, зорлық-зомбылық ойындарды бірнеше рет ойнаған соң, олардың ызақорлық, қатыгезгездік күйге түсіп, айналасындағыларға агрессивтілік мінез-құлық танытады. Енді кейбіреулері психикалық күйзеліске ұшырап түн ұйқысы бұзылып, күндіз беймәлім күй кешеді. Соның нәтижесінде сабақ үлгерімі төмендеп, әлеуметтік белсенділігі нашарлайды. Ата-аналары мен дәрігерлер мұндай көңіл күйді «невроз» сырқаты деп дәрі-дәрмектің көмегімен емдеуге тырысады. Ал, А.И.Захаров бұл сырқаттың себебін баланың отбасындағы жағдаяттармен байланыстырып, ең алдымен әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешу арқылы, бала мен ата-ана қатынасын үйлесімділікке келтіру арқылы ешқандай дәрісіз емдеуге болатынын айтады [3].
К. Суррат баланың компьютерге деген қызығушылығының бірнеше себептерін келтірген: біріншісі, білсем деген қызығушылық, бұл жерде компьютер баланың білгісі келгеннің сұрағының бәріне жауап беріп, танымдық қызығушылығын қанағаттандырады; екіншіден, өзінің бірумен сенімді байланыста болғанын қалайды. Өйткені көптеген ата-ана баласының қарым-қатынас жасауға деген қажеттілігін қанағаттандырмайды. Жұмыстан шаршап келіп, баланың білгісі келген сұрақтарына жауап берудің орнына «бар теледар қара немесе компьютер ойна» деп баласын өзінен алшақтады. Компьютер баланың бос уақытың көбін қызықты өткізуге, одан ляззат алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде көптеген балалар ата-аналарымен, достарымен қарым-қатынас жасағаннан гөрі компьютермен қарым-қатынас жасағанды жақсы көреді. Мұны ата-аналары да құптайды. Өйткені баласы үйде, көзінің алдында, оған қобалжып мазасызданудың қажеті жоқ деп еспетейді де баласының компьютерден не істеп отырғанын бақыламайды. Үшіншіден, жаңа ойындарды тез игеріп, сондағы құбыжық бейнелермен соғысып, олардың бәрін қырып –жойып жеңіп шығып, ертеңінде достарының алдында өзінің жеңісін мақтан ету арқылы достарының арасынан өз орнын табу механизмі жатады. Мұның бәрі біртіндеп баланы ақиқат өмірден алыстатып, виртуалды өмірге кіруіне әкеліп соғады, аяғында бала компьюрелік тәуелділікке бой ұрып әлеумет ортасындағы бедел мен белсенділіктен айырылады [4].
Қазақ халқында «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген қанатты сөз бар. Бар денсаулықты жоғалту оңай, ал оны қалпына келтіру өте қиынға соғады.
Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын әрқашанда ұстану қажет. Ата-бабамыз «дені саудың жаны сау» деп бекер айтаған. Күнделікті өмірде қазір болатын, осы сәтте болып жатқан жағдаяттар шеңберінде өмір сүру денсаулықтың бір кепілі болып табылады. Біз ертеңгі күнмен өмір сүреміз, ертең не болатынын көбірек ойлаймыз, бала тәрбиесінде де «ертең сондай боласың, осындай боласың» деп қазіргі сәтті есепке алмаймыз. Осыған байланысты Я.Корчак «егер балаға бүгінгі күні қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандыра алмасақ, ол бала ертеңгі күні қалай өмір сүре алады. Оған қазіргі минуттағы ойыны, қарым-қатынасы, тірі табиғатпен байланысы, сурет салуы, ойыншықтарын шашып ойнауы қымбаттырық. Осы үлкен сезім үстіндегі сезінетін эмоциясы оған мәнді. Сондықтан тәрбие кезінде «сен ертең сондай боласы дегеннен гөрі» қазіргі сәтін қадірлеңіз. Теріс қылықтарын қазір түзетіңіз, қуанышын қазір бөлісіңіз» деген [5.43 б.]. Я.Корчактың бұл сөзі баланың психикалық денсаулығы мәселесімен өте тығыз байланысты.Өйткені қазіргі әлеумет ортасында бала бар шын көңіл күйімен өзін дамытушы әрекетпен айналысып жатса, оған ересектер өздерінің ақ көңіл ниетімен әріптес болып, ақиқат дүниенің бір сырын ашуға көмегін тигізіп, екеу ара үйлесімді қарым-қатынаста болса, бұл психикалық денсаулықтың кепілі. Бұл идея Л.С.Выготскийдің психикалық дамудың әлеуметтік жағдаяты деген идеясымен сабақтас келеді. Сондықтан қазіргі сәтте болып жатқан жағдаяттарды толыққанды сезіне отырып, өзіңді өзің өміріңнің әр сәтінде конгруэнтті сезіну арқылы ертеңгі күні жақсы көңіл күймен, денсаулықпен қарсы алуды ойлау кезеңі жеткен сияқты. Омар Хаям, Франц Брентано, Шәкәрім Құдайбердиев өздерінің шығармаларында өмірдің қас қағым сәтін қадірлеу идеясын көтеруінің себебі де осында шығар.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша адам денсаулығының бұзылуының 52% оның өмір сүру ерекшеліктерімен байланысты.Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткіштерге ие болып отыр. Психикалық аурулардың, фрустрациясының, мазасызданудың, стресстердің жоғарылауы, суицидтердің көбеюі, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, құмарлық ойындардыңт.б.) қоғамдық ортада кеңінен орын алуы байқалады. Сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметттік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жаңару үрдістері халықтың басым көпшілігінің осы өзгерістерге адекватты бейімделе алмауына байланысты өзіне деген сенімінің жоғалтуынан, өзгерген қоғамда өзіндік рөліне ие бола алмауынан пайда болып отыр. Нәтижесінде кейбір адамдар өмірдің мәнін жоғалтып, экзистенциалдық вакуум жағдайында өмір кешуде. Бұл психикалық денсаулықтың нашарлауына, өзіндік «Менінің» өзгеруіне әкеліп жатыр.
Психикалық денсаулық мәселесіне көптеген ғалым-философтар (В.Е.Давидович, В.М.Розин, И.Н.Смирнов, К.С.Хруцкий, А.Е.Чекалов т.б.), валеологтар (Р.И.Айзман, Г.Л.Апанасенко, И.Н.Гурвич В.П.Казначаев, В.П.Куликов, А.Г.Кураев, В.А.Лищук, Т.Н.Маляренко, Л.А.Попова т.б.), психологтар (К.Роджерс, В.Франкл, А.А.Ананьев, Б.С.Братусь, О.С.Васильева, А.В.Воронина, И.В.Дубровина, Г.С.Никифоров, отандық психолог ғалымдар И.А.Абеуова, Х.Т.Шерьязданова, Г.Б.Капбасова т.б.) зерттеулерінде қарастырылған.
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда денсаулықтың психологиялық аспектілері бірнеше терминдермен қарастырылған: “психикалық денсаулық” (Б.С.Братусь), “психологиялық денсаулық” (И.В.Дубровина), “тұлғалық денсаулық” (Л.М.Митина), “рухани денсаулық” (Ю.А.Кореляков), “жанның саулығы” (О.И.Даниленко) т.б.[6].
Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психикалық денсаулық дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады /6/.
Яғни, психикалық денсаулық – адамның өзінің ішкі және сыртқы ортамен үйлесімқарым-қатынасы, оның әлеуметтік ортасынан келетін ақпараттарға адекватты реакциясы, шынайы объективтік өмір жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарай отырып, өзін-өзі сабырлы қалыпта ұстай білуі болып табылады.
Психикалық саулық дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Кейінгі кезде өзекті бір мәселеге айналған салауатты өмір салты психикалық денсаулықтың бірден бір жолы болып саналады. Салауатты өмір салты адамның рухани қажеттілігі. Сондықтан да 2001 жылы «Бөбек» Қорының президенті С.А.Назарбаева жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында білім бері саласына «Өзін-өзі тану» пәнін енгізді. Бұл пән бүгінгі күні өзінің өміршеңдігін, қажеттілігін, Қазақстан мемлекетінің гүденуіне ықпал ететін бағдарлама екендігін дәлелдеді.
Жалпы денсаулық феномені келесі аспектілерден тұрады:
-
Физикалық денсаулық – дене құрлысы, физиологиялық механизмдері т.б.;
-
Психикалық денсаулық – бұл ақыл-ес, танымдық процесстер мен психикалық құбылыстар: көңіл күй, мінез-құлық, темперамент, эмоция мен сезімді бақылау т.б;
-
Жеке даралық денсаулық – әркімнің өзін-өзі адам ретінде сезінуі, өзін-өзі өмірде өтеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, жетілдіруі, алдына мақсаттар қойып соған талпынуы т.б.;
-
Әлеуметтік денсаулық – өзге адамдармен тең қарым-қатынас жасауы, әлеуметтік статустарға талаптануы, әлеуметтік құндылықтар мен нормаларды ұстануы, әлеумет ортасымен үйлесімділікте болуға тырысуы;
-
Рухани денсаулық – өмірді құндылық ретінде қабылдауы, қиындықтарды өзінің табиғи мүкіндіктерін қолдана отырып жеңуі, өзін жеңіскер ретінде қабылдауы, өзін-өзі үнемі дамытып, жетілдіріп отыру қажеттілігін қанағаттандыруы, әсемдік, қайырымдылық, қанағатшылдық т.б. құндылықтарын сезінуі.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялар адамның рухани құндылықтарына тиімді жағынан емес, қайта таза жолдан жастарды алыстатуға бағытталған қарудың жаңа түріне айналып отыр. Ондай жастарды бірден компьютерден ажыратудың өзі қиындықтар тудырады. Қазақта «батпаңдап кірген аурудан» құтылудың жолы тек сабырлылық пен шыдамдылық. Сондықтан олардың бос уақытын дұрыс пайдалануға, бірлесіп іс-әрекеттер атқаруға, өзінің қызығушылығы бойынша әртүрлі кружоктарға, диспуттарға, көңілді тапқырлар клубына қатыстырып, таза ауада бірге серуендеп, қызықты тақырыптарда пікір алмасу арқылы біртіндеп компьютерден алыстату қажет. Сиқырлы көк жәшікті тек еңбек ету, пайдалы ақпарат алу кезінде ғана пайдаланып, басқа уақытта мағыналы іс-әрекетпен айналысуға дағдаландыру арқылы әлеуметтік белсенділікті көтеруге болады. Мемлекетіміздің басты байлығы – Адам. Ал оның денсаулығы мықты, ерік-жігері күшті, жан-жақты дамыған, білімді де білікті болуы – еліміздің абыройы, ұлттық саясатымыздың басты ұстанымы. Компьютер адамның тек көмекшісі ғана болып, оның жақсылығын пайдаға асырып, жаманшылығынан өскелең ұрпақты қорғай білу үлкен абыройлы іс.
Әдебиет
-
“Қазақстан-2030” стратегиясы: өркендеудің өрелі өрісі. алматы. 2000.
-
Берік Бейсенұлы. Компьютерлік тәуелділік немесе еліміздегі әрбір бесінші баланың басы неге ауырады. //Айқын Республикалық қоғамдық саяси газеті. 05.03.2012.
-
Захаров А.И. Как предупредить отклонения в поведении ребенка. 3-е изд., испр. - СПб. : Союз, 2000. - 223 с.
-
.http://shkolazhizni.ru/archive/0/n-59033/
-
Абеуова И..А., Шерьязданова Х.Т. Психопедагогика здоровья. Алматы. 2006.
-
Никифоров Г.С. Психическое здоровье. - СПб, Питер, 2006. - 607 с.
-
Байкенова Б. А. Компьютерлік тәуелділіктің психологиялық себептері. //Ғылыми мақалалардың жинағы. Алматы. 2007. 19-23б.
Адаптация студентов к обучению в вузе
Куатова А.С.
Евразийский национальный университет им. Л.Н. Гумилева
Известно, что в настоящее время все вузы Казахстана перешли на кредитную технологию обучения, которая отличается от прежней линейной системы и имеет свои особенности.
Как следует из нормативных документов, кредитная технология обучения – обучение на основе выбора и самостоятельного планирования обучающимся последовательности изучения дисциплин с использованием кредита как унифицированной единицы измерения объёма учебной работы обучающегося и преподавателя /1/.
Несмотря на то, что экспериментально кредитная технология обучения была введена 2004 году, студенты и даже преподаватели не могут привыкнуть к ней и до конца понять её сущность. А первокурсники, которые только закончили школу и поступили в вуз испытывают значительные трудности при переходе от школьного процесса обучения к вузовскому, с его новой кредитной системой обучения. Большая часть объёма учебной работы в условиях кредитной технологии студентами проделывается самостоятельно. Здесь специфичной для студента является уже самостоятельная организация учебной деятельности, новые формы и методы обучения, балльно-рейтинговая система оценка знаний – все это является для студентов первого курса новым и непривычным, так как они недостаточно подготовлены к подобной системе обучения, существенно отличной от школьного образовательного процесса.
Естественно, что это ещё больше затрудняет процесс адаптации студентов к вузу.
В этой ситуации проблема адаптации студентов к условиям обучения в вузе, реализующем кредитную технологию, становится необычно актуальной и заслуживает особого внимания со стороны педагогов-практиков, организаторов обучения и ученых. Как известно, пусковым механизмом процесса адаптации человека является смена окружающей его среды. Процесс адаптации имеет место тогда, когда обычное, привычное поведение вообще или малоэффективно и необходимо преодоление затруднений, связанных именно с новизной условий /2/. Именно с такими затруднениями, связанными с новизной условий, сталкивается бывший школьник при поступлении в вуз. Исследование проблемы адаптации студентов к кредитной технологии обучения позволит нам выявить его особенности в условиях кредитной технологии обучения.
Цель исследования – изучить процесс адаптации студентов в современном вузе и выявить его особенности в связи с внедрением кредитной технологии обучения.
В соответствии с объектом, предметом и целью исследования была определена следующая задача:
1. Проверить в экспериментальной работе адаптацию студентов к обучению в вузе в условиях кредитной технологии обучения.
Методы исследования:
на практическом этапе: (тест тревожности Т.А. Немчина, опросник САН);
на аналитическом этапе: методы анализа и обобщения результатов, методы математической обработки данных (критерий t-Стьюдента)
База исследования: ЕНУ им. Л.Н. Гумилёва
В исследовании приняли участие студенты первых и вторых курсов Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилёва.
Экспериментальная группа: студенты первого курса специальностей «Психология» и «Социальная работа». Хотим отметить, что мы планировали проводить эксперимент в двух группах, а две группы были необходимы в качестве контрольных групп. Но в ходе экспериментальной работы реализовать адаптационную работу сразу с двумя группами разных специальностей в связи с их разным расписанием и временем занятий оказалось невозможно. В этой связи в качестве экспериментальной группы была взята только одна группа – ПСХ-12 – студенты первого курса, специальности «Психология». Количество студентов в группе – 12. В качестве контрольной группы была взята группа СР-12 – студенты первого курса, специальности «Социальная работа». Количество студентов в этой группе – 12.
В экспериментальной группе 100 % опрошенных студентов ответили, что адаптировались. В контрольной группе 75% опрошенных ответили, что они адаптировались, 16,7% респондентов ответили, что не адаптировались, а 8,3% затруднились ответить на данный вопрос.
Одним из методов, используемым нами, был тест тревожности /3/.
В таблице 1 отражены результаты, полученные в экспериментальной и контрольной группах.
Таблица 1
Данные уровня тревожности студентов в экспериментальной и контрольной группах
Уровень тревожности
|
Экспериментальная группа
|
Контрольная группа
|
Количество студентов в ед. и в %
|
Очень высокий
(40-50)
|
-
|
-
|
Высокий (25-40)
|
-
|
3 (25%)
|
Средний, с тенденцией к высокому
(15-25)
|
1 (8,3%)
|
6 (50%)
|
Средний, с тенденцией к низкому (5-15)
|
6 (50%)
|
3 (25%)
|
Низкий (0-5)
|
5 (41,7%)
|
-
|
Из таблицы видно, что 50% обладают средним уровнем тревожности, с тенденцией к низкому уровню, у 41,7 % опрошенных он низкий, и лишь у 8,3% уровень тревожности средний, с тенденцией к высокому уровню.
Мы видим, что в контрольной группе 25% респондентов обладают высоким уровнем тревожности, у 50 % опрошенных он средний, с тенденцией к высокому уровню, и 25% студентов характеризуются средним уровнем тревожности, с тенденцией к низкому, а низкий уровень ни у кого из опрошенных не наблюдается.
Для проверки значимости различий результатов экспериментальной и контрольной групп по тесту тревожности нами был использован критерий
t-Стьюдента, который позволяет проверить гипотезу о том, что средние значения двух генеральных совокупностей отличаются друг от друга.
Математическую обработку мы произвели на компьютере с помощью специальной программы SPSS 13.0 for Windows (пакет статистических программ). Данный метод обработки был взят нами из книги /4/.
Сравнение двух групп показало значимые различия по параметру Sig – уровень значимости.
Уровень тревожности у студентов экспериментальной группе ниже, чем у студентов контрольной группы (Sig< 0,05), что указано на таблицах ниже.
Результат математической обработки показал, что уровень тревожности у студентов в экспериментальной группе снизился после проведенного нами эксперимента (Sig< 0,05).
Далее представим результаты методики САН (самочувствие, активность, настроение) /3/. Оценки, превышающие 4 балла, говорят о среднем состоянии испытуемого, оценки ниже четырёх свидетельствуют об их плохом состоянии, оценки 5 и выше свидетельствуют о благоприятном состоянии испытуемого. Нормальные оценки состояния лежат в диапазоне 5,0-5,5 балла. В таблице 16 представлены результаты экспериментальной и контрольной групп.
Таблица 2
Данные о состоянии студентов по опроснику САН
Кол-во
в ед.
(в %)
Уровень
|
Самочувствие
|
Активность
|
Настроение
|
Э.гр.
|
К.гр.
|
Э.гр.
|
К.гр.
|
Э.гр.
|
К.гр.
|
Низкий (0-4)
|
-
|
5 (41,7%)
|
2 (16,7%)
|
7 (58,3%)
|
-
|
5 (41,7%)
|
Средний (4-5)
|
4 (33,3%)
|
2 (16,6%)
|
4 (33,3%)
|
3
(25%)
|
1
(8,3%)
|
-
|
Высокий (5 и более)
|
8 (66,7%)
|
5 (41,7%)
|
6
(50%)
|
2 (16,7%)
|
11 (91,7%)
|
7 (58,3%)
|
Достарыңызбен бөлісу: |