Н. гумилева ministry of education and science of kazakhstan



бет30/46
Дата13.06.2016
өлшемі5.56 Mb.
#131499
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46

Әдебиет

  1. Мясищев В.Н. Психология отношений. – М., 1996. – 356 с.

  2. Жутикова Н.В. Учителю о практике психологической помощи. – М.: Просвещение, 1988. – 144 с.

  3. Роджерс К.Р. Консультирование и психотерапия. Новейшие подходы в области практической работы: Монография. / Пер. с англ. О.Кондрашовой, Р.Кучкаровой. Редакторы И.Гришпун, С.Бобко, В.Ряшина. - М.: Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2000.

  4. Рувинский Л.И. Самовоспитание личности. - М.; 2004 – 140 с.

  5. Павлов И.П. Сборник трудов. – М., 2002. – 288 с.

ОҚУШЫЛАРДА ДАРЫНДЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ

ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ахтанова С. К. 2 курс студенті

Шарипова Қ. С.

«Астана» университеті
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, еліміздің шет елдерімен тенесуге мүмкіндік беруде. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама білім беру қызметі, білім беру басқарудың мемлекеттік – қоғамдық жүйесін қалыптастыруға, жеке тұлғаның еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейтуге, білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуіне бағытталған. Еліміздің қоғамдық геосаясаты, экономикалық және әлеуметтік күйі, жалпы дүние жүзілік білім беру кеңістігіне кірігуі еліміздің білім жүйесін жаңғыртуды, яғни, білім беру мазмұның, мақсатын, құрылымы мен құрамын, технологияларын қайта қарауды қажет етеді.

Болашақ ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болсын ел назарынан түспеген өзекті мәселелердің бірі де бірегейі десек, артық айтқанымыз емес. Бүгінгі XXI ғасырдағы толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму барысы ағымында өмір сүріп, жетіліп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын таныту» тәрізді күрделі мәселе енгізіліп отыр.[1] Дарынды тұлға мемлекетіміздің басты байлығы болып саналады, сондықтан да бүгінгі таңда мектептерде дарынды бүлдіршіндердің білімге ізденісін, шығармашылығын, зор қабілетке ие екенің анықтай отыра, оларды тек педагогтармен ғана емес сондай – ақ отбасымен жұмыс жасауға бағыт бағдар береді.

«Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар. Дарындылықты ақыл – ой дамуының қарқыны бойынша – басқадай жағдайлар бірдей болғанда баланың өз құрдастарынан озықтық дәрежесі бойынша диагностикалау қабылданған. Мұндай көрсеткішті асыра бағалауға болмайды, өйткені ақылдың шығармашылық жағының бірінші дәрежелі маңызы бар. Дарындылық – үлкен нышаннан туындайтын қабілеттіліктің түрі.»[2] Меңінше, оқудың барлық сатысында дарынды және шығармашылыққа жақын балаларды тәрбиелеу мен дамыту мәселесі, сондай – ақ, балалардың өзінің шынайлы дарының және оқу немесе басқа да өнерін көрсету үшін жеке басының жауапкершілігін түсіну мәселесін мұғалім, психолог және ата – ананың бірлесе отырып шеше білуі ең маңызды болып келеді.

Ғалым Қ.Т. Әтемова «Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы» деген еңбегінде отбасы баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде білім, әдет, мінез – құлықпен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын нақты дәлелдеп, отбасының тәрбие берушілік қызметін үш аспектіге бөлген, олар:


        1. Баланың жеке басын қалыптастыру, оның қызығушылығы мен қабілетін дамыту;

  1. Үйдегі әрбір адамның жеке басына отбасы ұжымының үнемі жүйелі түрде тәрбиелік ықпал етіп отыруы;

  2. Отбасындағы балалардың үнемі ересектердің қамқорлығында белсенді түрде тәрбиелеп отыруына мәжбүр ететіндей әсер етуі», - дейді.[3]

Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыруда әлеуметтік жағдайлар, оқушының биологиялық ерекшеліктері негіз болумен қатар, олардың бірлік нәтижелігі баланың ақыл-ойы әрекетінің мәндік мазмұнына байланысты, оқушының сана-сезімі мен практикалық іс-әрекетінің сапасымен сипатталынады. А.Н. Леонтьевтің пікірінше, «Біздің көз алдымызда өткендей, жеке тұлғаның ішкі және сыртқы іс-әрекеттері бір-бірімен байланысып кеткені сонша, мәселе дене еңбегінде бір заттарды жасағанда қолдың ептілігімен бірге ақыл-ойдың қатысын қажет етеді» – дейді 4, 584 б..

Осы тұжырым оқушылардың, таным және қоғамдық еңбек іс-әрекеттерін ұйымдастыру және басқарудың педагогикалық негіздері мен олардың бір-бірімен ішкі байланыстарын айқындап береді.

Жеке тұлға іс-әрекеттер жүйесінде қоғамдық қарым-қатынастарға қатынасады. Олар оқушының мінез-құлықтарына ықпал жасап, саналы бағыт-бағдарын, ынта-ықыласын, мұқтаждықтарын қалыптастыруға обьективті жағдайлар туғызады. Осы мүмкіндіктерді дұрыс басқара білсек жеке тұлғаның іс-әрекет мақсаты, қоғамдық мәні, табиғи бейім-қабілеті, әлеуметтік бағыт-бағдары іс-жүзіне асырар міндеттері айқындалып, оқушының іс-әрекеттері үнемделіп, көптеген жетістіктерге жеткен болар еді.

Жеке даралық, дербестік жағынан алғанда да іс-әрекет жеке тұлғаның психологиялық ерекшелігіне байланысты, оның ақыл ойы мен сана-сезімін, өмірлік бағыт-бағдарын іске қосып жүйелі дамытатын процесс деп атаймыз. Сол себептен де, оқушылардың іс-әрекеттер тиянақты құра білу - оларды жан-жақты қалыптастырудың негізі болмақ.

Сондықтан, бастауыш сынып оқушылардың ойын, танымдық істері, бір-бірімен қарым-қатынас, сырластық, жолдастық әрекеттері әлеуметтік- психологиялық сипаттарынан көрінеді. Оқу іс-әрекеттерін де шындықты тікелей көрсететін және адам психологиясына әсер ететін факторлар жайлы психологиялық, педагогикалық ғалымдар жетістіктері негіздерін басшылыққа ала отырып, (С.А. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Д.В. Эльконин, Л.И. Божович, П.Я. Гальперин, Ш.А. Амонашвили, В.В. Давыдов, А.В. Запорожец, А.Н. Леонтьев, М.М. Мұқанов, Н.А. Менчинская, Ж.И. Намазбаева және т.б.) біз оқушылардың психикаларының дамуы бір кезеңнен келесі кезеңге көшу барысында өрбіп, өсіп отыратындығын назардан тыс қалдырмауымыз керек. Жоғарыдағы ғылыми, психологиялық, философиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау оқушы жеке тұлғасының және оның ішкі мүмкіндіктерінің дамуы объективті және субъект – субъективті қатынастары арқылы қалыптасып отырады деген қорытынды жсауға алып келеді.

Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович, Б.Т. Лихачев, М.М. Мұқанов, Ж.И. Намазбаева және т.б. пікірінше, оқушылар заттар мен нәрселер жасағанда немесе құбылыстарды танып білудегі оқу материалдарымен жұмыс жасағанда, оның қоғамдағы орны, мән-мазмұнымен ерекшеліктерін біліп қана қоймай, әлеуметтік тәжірибе жинақтай бастайды.

Сыртқы (оқу мазмұндары, практикалық істер) және ішкі (танымдық қызметтер) әрекеттерінің ара қатынасын түсінуде, Л.С. Выготский айтқандай, интериоризация ұғымының мәнін түсіну өте маңызды. Себебі, оқу процесінде сыртқы дүние заттары оқушының ішкі дүниесіне айналғандықтан, мұндай маңызды түрдегі ұғым, сезімдер сөз арқылы айналысындағы адамдарға жеткізіледі 5, 58 б.. П. Я. Гальпериннің айтуынша, тіл, сөйлеу мәдениеті арқылы әлемдік өзінің құрылысын, мән-мазмұнын айқындауда, түсіндіру және оны санада бекітуде алатын орны, сөйтіп, баланың ақыл-ойын дамытуда, мінез-құлқын басқарып зерттеп отыруда, жоғарыдағы айтылған құралдардың маңызы ерекше 6, 84 б..

В.В. Давыдовтың пікірі бойынша, А.Н. Леонтьевтың психология ғылымына енгізген, «баланың әлеуметтік дамуы» ұғымын оқушының іс- әрекет бастауы болып саналатынын мойындайды 7. Сонымен, іс- әрекет психикалық дамуының динамикасын және қалыптасу кезеңдерін күрделендіріп, әлеуметтендіру қатар негізінде оқушының білімі сапалы болып, оның ақыл-ой және адамгершілік қасиеттерінің жетіле қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қасиеттерін қалыптастыруда психолог жұмысының маңызды және жауапкершілігі мол әрекеті керек. Бала бір – біріне ұқсас болып дүниеге келгенімен, кейін олардың қандай қасиетке ие болатынын тек тәрбие шешеді.

Мектептік жастың басталуына қарай (4 – 5 жас шамасында) қалыпты дамудағы баланың қабылдауы салыстырмалы түрде жоғары деңгейге жетеді: объектінің қасиеттері мен қатынастарын бөлу тек практикалық түрде емес, сонымен бірге көру арқылы, перцептивті әрекет арқылы жүреді. Балалар түсті, пішінді, өлшемді, материалды және заттардың басқа да қасиеттерін ажырата отырып, сондай – ақ, олардың арасындағы кеңістіктік қатынасты да бөле отырып үлгі бойынша жұмыс істей алады.

Оқушылармен жылы сөйлесіп, сенімділіктерін, батылдықтарын арттыруға көңіл бөлу тиімді тәсіл. Сондай – ақ әр аптаның бесінші күні оқушылармен кездесіп, олардың жаңалықтарын тыңдап, жаңа тапсырмалар беру, дарынды оқушылармен кездесу кештерін, ата – аналармен бірге ұйымдастырылған сайыстар, сынып сағаттарын уақытымен өткізу өте маңызды.

Қорыта айтқанда, «ата-ананың және мұғалімдердің бірігуі жағдайында дарынды балаларды тәрбиелеудің» әдіснамалық, педагогикалық – психологиялық мазмұнын қарастыру және балаларды тәрбиелеудің арнайы жобасын, құрылымын теориялық жағынан негіздеу, мұғалім мен ата-ананың қарым-қатынасы арқылы теориялықтан тәжірибе үлгіде зор мәнге ие деп ойлаймыз.


Әдебиет

        1. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы, - Алматы: Юрист, 2002.

        2. Авторлар ұжымы: Ұ.Ә.Асылов, Н.С.Ахтаева. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі «педагогика және психология», - Алматы «Мектеп» 2002/72 – 73 беттер.

        3. Әтемова Қ. Т. Оқушыларда гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы. Пед.ғыл.канд.дис. Алматы – 1999ж

        4. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. 4-е изд. – М., 1981. С. 584.

        5. Выготский Л.С. Игры и ее роль в психическом развитии ребенка // Вопросы психологии. – 1966. - №6. – С. 45.

        6. Гальперин П.Я. Развитие исследованя по формированию умственных действий // В Сб.: Психологическая наука в СССР. –1986. – С. 442.

        7. Давыдов В.В. Виды об общения в обучении педагогика. – М., 1972.

ДЕНЕ САПАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ХҚТУ профессоры Баетов К.Д., Байжұманов Д. магистрант

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Университеті
Қимыл-қозғалыс белсенділігі – жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.

Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.

Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.

Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.

Дене сапаларын арттыру барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік – жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.

Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп.

Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері
Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар , негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.

Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін — жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде.

Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И.М.Сеченев ұсынған. «Ми рефлекстері» атты еәбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл- қозғалыс әрекеттерінің табиғи – материалистік көзқарасты негіздеді. И.М.Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен. И.М.Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері – еріктіліктің ең жоғары формасы. И.М.Сеченевтің идеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтың тәжірибелерінде дәлелденген. И.П.Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі функцияларына тигізетін әсерлерін мұқият есепке алып, осы заманға дейін өзінің маңызын жоймаған, рефлекстік теорияның материалистік принциптерін негіздеді.

Дененің тік бағыттағы ауысуы лифт рефлекстерімен іске асырылады. Кенеттен төмен қарай түсірілген жануардың секіруге дайындық рефлексі пайда болады, ал жерге қонуы аяқтарының иілуімен іске асырылады. Осыған ұқсас құбылыстар лифт кабинасын жоғары қарай шапшаң көтерген кезде ішінде тұрған адамдарда пайда болады.Көтерілудің басында аяқтар мен тұлға иіледі, ал кілт тоқтаған сәтте – жазылады.

Тұлға мен аяқ-қол бұлшық еттері тонусының рефлекстік өзгерістері вестибулалық ядролардың мишықпен, ми дінінің қимыл орталықтары және қыртыс асты бөлімдерімен өте кең функциялық және морфологиялық байланыстары арқылы жасалады. Лифт рефлекстерінің балаларды тереңге секіруге, секіріп түскенде жерге дұрыс қонуды үйретуде маңызы зор. Бұл рефлекстердің туа біткендігіне қарамастан, секіртерде жерге дұрыс қонуды үнемі түзетіп отыруды қажет етеді. Дәлірек айтқанда, балалардың лифт рефлекстерін «жетілдіру», оқытушының үнемі назарында болғаны жөн. Еріксіз қимыл-қозғалыс формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады. Ию, тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание, ретмические).Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде бала қол-аяғын иеді, егерде алақанды немесе табында баппен қысса, ол затты тебеді.
Ырғақты рефлекс екі формада білінеді. Серпу және адымдау. Серпу рефлексінің типтік мысалы ретінде жануардың қасыну рефлексін келтіруге болады. Бір аяқтың ырғақты қимылдары жұлындағы жүйке орталықтарының функциялық сыңаржақтылық өзгерістері арқылы іске асады.

Адымдау рефлексі аяқтардың жүйке орталықтарындағы реципторлық арақатынастарына байланысты. Ырғақты рефлекс жүру, жүзу сияты күрделі циклдық қозғалудың (локомоция) негізін құрайды. Дене жаттығуларын орындау туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстерін үнемі түзетумен байланысты. Орталықтан бағытталған реттеуші әсерлер ерікті қимыл-қозғалыстардың сипатына орай, бұлшық еттер тонусын қажетті дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау – атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі – организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл-қозғалыстарға үйрету — өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау-қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.

Бұл айдарда қимыл-қозғалыс белсенділігінің және жүктемелеріне бейімделудің физиологиялық негіздері берілген. Бір бөлімі балалар, жасөспірімдер және бозбалалар дене жаттығуларының физиологиялық проблемаларына арналып отыр. Ден жаттығуларына, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына үйретудің физиологиялық заңдылықтары мен алғышарттары қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі дене жаттығулары сабақтарының түрлеріне негіздеме іспеттес. Балғын спортшыларды таңдау, оларды машықтандыру жағдайлары ескерілген. Сонымен қатар сауықтыру жұмыстарындағы және кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жалпы халықтық дене тәрбиесінің рөлі көрсетілмек.

Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене жаттығуларына деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі, қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл – қозғалыстарға ынта – жігер тез сөнеді. Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан –жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.

Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары, организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып, биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен, ауыр заттарды көтерумен, күрделі акробатикалық, гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін — өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.


Әдебиет

  1. Ордабеков С. Медициналық валеология. Тараз, 2005.

  2. Брехман И. И. Валеология — наука о здоровье - М.: ФиС, 1990.

  3. Вайнер Э. Н. Валеология: Учебник.

КУЛЬТУРА СЕМЕЙНО-БРАЧНЫХ ОТНОШЕНИЙ

И СОЦИАЛИЗАЦИЯ ЛИЧНОСТИ
Кулжабаева Л.С.

Университет «Туран-Астана»
Каждая историческая эпоха формирует определенный тип брачно-семейных отношений, содержание которых наполнено той или иной культурой, в том числе, характером, стилем общения, нормами и правилами поведения человека в семье и обществе. Культура брачно-семейных отношений является одним из критериев исторической развитости самого общества, показателем уровня научного познания природы самого человека и, вместе с тем, масштаба практического обеспечения условий для здорового и гармоничного развития каждой семьи.

Распространение среди населения культуры брачно-семейных отношений требует определенной системы, которая представляет собой целый ряд социокультурных институтов. В рамках данной системы можно выделить несколько уровней, или подсистем, каждая из которых имеет собственную специфику в распространении знаний о семье и, соответственно, пользуется своими методическими приемами.Во-первых, это система образования, во-вторых, средства массовой информации, в-третьих, учреждения культуры.

На важную роль образования и воспитания в формировании культуры личности в своих произведениях указывали классики казахстанской социально-психологической мысли: Ч.Валиханов, И.Алтынсарин, А.Кунанбаев, М.Жусуп, Ш.Кудайбердиев и другие. Тема просвещения, необходимости преодоления негативных черт характера, честного труда, единения и дружбы с другими народами не раз звучит в их призывах к родному народу. Достижение счастья, по мнению просветителей, немыслимо без установления гармоничных, добрых и чистых взаимоотношений в семье.

Как подчеркивает этнопсихолог В.Г.Крысько, в традиционной казахской семье, отношение к труду как первой необходимости, ясное понимание своего долга перед семьей, осознание личной ответственности за дела, в которых принимаешь участие, т.е. воспитание в строгих правилах с детства, является основным/1, с. 147 /.

Изучением проблем этнопсихологической социализации личности активно занимаются современные отечественные этнопсихологи. Согласно утверждению С.М.Джакупова, основу социального окружения как совокупности языковых и культурных явлений составляют индивидуальные особенности, обусловленные этническими факторами. Биологические (физические и физиологические) и этнические факторы способствуют возникновению новой функциональной системы – этнической индивидуальности. Она представляет собой «особенности процесса этнически детерминированной социализации личности» в моно - и полиэтнической среде/2, с. 94 /. В трудах В.В.Чистова рассматриваются вопросы становления и развития основных этнонравственных категорий казахов. Автор анализирует особенности общения кочевого народа, его этические традиции (знание своей родословной, культ памяти) и обычаи как нормы поведения, особенности казахского национального характера, влияние этнических традиций на формирование личности/ там же, с. 96 /. Исследователи З.М. Балгимбаева (гендерные (половые) этнические предубеждения у детей), Ж.Д. Жукешева (этнокультурная маргинальность), М.П.Кабакова (этнические особенности казахской семьи), Г.А.Мейрманова (культура общения) и другие продолжают вести научную экспериментальную работу по изучаемым проблемам.

Действительно, семья является «кузницей» человеческих судеб, социализирует личность, формирует ее нравственную ориентацию, приобщает к сущности культурного бытия. В современных, порой очень сложных и жестких условиях жизни, каждый из нас стремится к рекреации: перенести сложные жизненные ситуации, связанные с неприятностями на работе, «депрессией», «нервными срывами» и другими «драмами». Эту функцию, обеспечения психологического и эмоционального комфорта, восстановления моральных и душевных сил, призвана обеспечить семья.

Но, к сожалению, время вносит свои коррективы. Эволюционное развитие института семьи, кризис нравственных ценностей, формирование нового типа семейных отношений привели к разрушению традиционных культурных связей семейно-брачных отношений в современном обществе. Увеличение числа разводов, доли одиноких людей, свидетельствует о снижении престижа семьи и в нашем государстве. Так, по данным статистики, в Республике Казахстан с 1999 по 2010 год зарегистрировано 2 420 тысяч браков. При этом за этот же период число разводов составило более 733 тысяч, т.е. каждый третий брак в республике закончился разводом. В 2011 году из числа молодежи в брак вступили 109 709 мужчин, 129 505 женщин. Количество разведенных женихов за 2011 год составляет 3 278 человек, разведенных женщин - 4 084 человек/3 /.

Важно понимать, что семья - это не только сугубо личная сфера жизни человека, но и, то пространство, в котором пересекаются личностные и общественные интересы. Достижение демографического баланса, решение социально-экономических проблем любого государства невозможно без правильно выстроенной политики укрепления института семьи.

Поэтому вопросы регулирования семейно-брачных отношений являются объектом многочисленных дискуссий законодателей, юристов, социологов, и, конечно же, психологов. Основная задача институтов законодательной, исполнительной и судебной власти, элементов гражданского общества - обеспечить действенный механизм реализации законодательства, регламентирующего социальный статус семьи и развитие семейных ценностей и традиций.

За годы независимости в Казахстане создана надежная правовая база защиты семьи, женщин и детей. Приняты законы «О браке и семье», «О правах ребенка», «О детских деревнях семейного типа и домах юношества», «Об образовании», «О труде», «О специальном государственном пособии», Кодекс «О здоровье народа и системе здравоохранения». В соответствии с Конституцией (ст. 27) «Брак и семья, материнство, отцовство и детство находятся под защитой общества и государства». Указом Президента РК создан институт уполномоченного по правам человека (2002 г.). В 2006 году в Министерстве образования и науки организован Комитет по охране прав детей.  Утверждены государственные программы: «Дети Казахстана» (2006–2011 годы), Стратегия гендерного равенства в Республике Казахстан на 2006-2016 годы, «Форсированное индустриально-инновационное развитие Казахстана на 2010–2014 годы», «Развитие образования на период до 2020 года», «Развитие здравоохранения «Саламатты Қазақстан» на 2011–2015 годы», Государственная программа развития и функционирования языков в Республике Казахстан на 2011-2020 годы, Программа «Доступное жилье -2020», направленные на создание благоприятной экономической среды, улучшение качества и уровня жизни, модернизацию и эффективность системы образования и здравоохранения, конкурентоспособность страны.

В целом, во всех программных документах, разработанных государством и обществом, указывается на необходимость возрождения лучших семейных, этнокультурных традиций, способствующих укреплению духовных и нравственных основ брака и семьи. Широкое распространение получает процесс создания межкультурных семей как социопсихологического конструкта. Успешное функционирование таких семей во многом зависит от способностей и потребности у их представителей в налаживании взаимоотношений, поддержании их стабильности.

В исследовании межкультурных семейных отношений этнопсихологов интересуют следующие вопросы:

- как влияют национально-психологические особенности на характер межличностных отношений между супругами, детьми и другими членами семьи в ходе совместного проживания, взаимодействия и общения на выработку принципиально важных общих решений, специфику воспитательных и иных воздействий;

- в чем состоят национальные отличия в традициях и способах формирования национально-своеобразной личности в семьях, где родители являются представителями разных национальностей, с характерными для каждого из них моральными и нравственными ценностями, формами поведения и деятельности, специфическим мировосприятием и миропониманием;

- как анализировать и правильно оценивать факторы и причины возникновения конфликтных отношений между разноэтническими членами семьи.

Чтобы ответить на эти и другие вопросы, связанные с решением этнопсихологических проблем в межкультурных семьях, важно понимать, что подготовку к будущей семейной жизни следует начинать в подростковом возрасте, когда происходит процесс формирования Я-концепции – системы мировоззрения, убеждений, идеалов человека.

Так, например, в Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2011-2020 годы, наряду с другими, ставится задача воспитания в личности казахстанца гражданственности и патриотизма, любви к своей Родине - Республике Казахстан, уважения к государственным символам и государственному языку, почитания народных традиций, нетерпимости к любым антиконституционным и антиобщественным проявлениям; воспитания личности с активной гражданской позицией, формирования потребностей участвовать в общественно-политической, экономической и культурной жизни республики, осознанного отношения личности к своим правам и обязанностям; приобщения к достижениям отечественной и мировой культуры; изучения истории, обычаев и традиций казахского и других народов республики; овладения государственным, русским, иностранным языками. При этом в организациях образования, запрещается пропаганда расовой, этнической, религиозной, социальной непримиримости и исключительности, распространение милитаристских и иных идей, противоречащих общепризнанным принципам международного права и гуманизма/4 /.

Исходным моментом готовности человека к браку и созданию семьи выступает понимание им значимости семейных отношений, обязательств людей друг перед другом, ответственность за семью и детей, добровольное принятие неизбежных в семейной жизни хлопот и ограничений личной свободы. Каждая этническая общность вырабатывает свои собственные представления о том, какими должны быть эти характеристики и стремится поддерживать их в национальном сознании, традициях, поступках и отношениях представителей своего народа.

Этот процесс достаточно сложен и осуществляется по своим собственным законам у каждой этнической общности и разбивается на ряд последовательных этапов включающих:

- первичное знакомство с семейной жизнью, ее психологией и формирование общих представлений о ней, особенно если вступающие в брак являются представителями разных этнических общностей;

- формирование взглядов на свою семью как многонациональную;
- реализацию собственных представлений о многонациональной семье в браке;
- накопление опыта семейной жизни в рамках многонациональной среды;
- дальнейшее совершенствование семейных отношений в процессе закрепления супружеских уз.

При этом первостепенное значение получают динамика развития супружеских отношений и их национальная специфика.

На первом этапе формирования супружеских отношений обычно происходит присущая для каждой этнической общности социально-ролевая и межличностная адаптация к условиям семейной жизни. Это время первоначального вхождения в духовный мир друг друга, взаимного привыкания, распределения социальных ролей, а также устройства быта и организации досуга.

Если супруги являются представителями разных народов, часто не все складывается гладко, на их пути встречается большое количество трудностей, которые нужно преодолеть, не затронув национальное достоинство каждого. Это самый трудный и опасный период с точки зрения стабильности брака, когда даже малые размолвки, тем более окрашенные этнической спецификой, могут оттолкнуть людей друг от друга. Правда, существует достаточно серьезный фактор, обеспечивающий стабилизацию супружеских отношений, — любовь, которая скрашивает обиды и сметает препятствия на своем пути.


На втором этапе формирования супружеских отношений, начинающемся после появления ребенка, происходит значительная перестройка во взаимоотношениях супругов, связанная с изменением в ролевой структуре, появлением родительских обязанностей, перераспределением материальных средств и бюджета времени. На этом этапе нет еще единства интересов, не сложилось окончательное взаимопонимание между супругами и все еще много серьезных проблем. Однако уже в это время появляется основа для преодоления всяческих, в том числе и национально специфических, размолвок, закладываются предпосылки для общего, интернационального отношения супругов к себе и другим людям, правильной оценки этнических «недостатков» и недоразумений, если они имеют место.

Самое главное, что супруги вынуждены серьезно задумываться над интернациональными принципами воспитания в семье, связанными не только с рождением ребенка, но и с развитием его самосознания, с перспективами его будущей культурной адаптации в окружающем полиэтническом мире.

Большое значение здесь имеет и новое распределение обязанностей по дому между супругами разных национальностей. Специальные психологические исследования показывают, что молодые люди разных национальностей, полюбив друг друга и намереваясь вступить в брак, не задумываются всерьез над возможными трудностями совместной жизни (в том числе межнациональными), которые их ожидают.

Столкнувшись на втором и третьем этапах становления своей семьи с трудностями, они по-разному их преодолевают. Меньше проблем, как правило, испытывают те молодые люди, которые сильнее любят друг друга и которые до свадьбы жили в районах смежного проживания представителей разных национальностей.

Третий этап характеризуется тенденцией к устойчивости и стабильности супружеских отношений в ряде основных сфер жизнедеятельности семьи. Полностью распределяются социальные роли, и они перестают быть источником разногласий. Окончательно выявляется лидер в каждой из функций семьи, если он ранее не был определен в соответствии с национальными традициями. Или же значительно сглаживаются противоречия, возникавшие ранее на этой почве. Однако этот период сложен из-за проблем, связанных с усугубляется известным дефицитом общения отцов с детьми, у других, наоборот, упрощается в силу национальных традиций активного участия главы семьи в формировании внутреннего мира своих детей, а также их воспитании в целом. В любом случае, если супруги являются представителями разных этнических общностей, совместное участие в воспитании детей способствует укреплению их взаимоотношений и сглаживанию различий в этнических традициях.

В этот же период возникает и еще одна проблема, имеющая принципиальное значение. Родители начинают более глубоко понимать и реализовывать в воспитании своего ребенка традиции обоих национальных общностей, к которым они принадлежат. В этой связи и они сами значительно глубже осмысливают необходимость интернационального подхода к психическому развитию и поведению своего ребенка, стремятся воспитать у него одинаковое отношение к тем нациям, к которым принадлежат отец и мать.

Четвертый этап характеризуется гораздо большей стабильностью сложившихся взаимоотношений в основных сферах жизни разноэтнической семьи. Происходит полная интернационализация внутрисемейных отношений. Подрастающие дети не только эффективно влияют на выполнение обязанностей супругами, но и оказывают корректирующее воздействие на их поведение. Для супругов возрастает значимость самооценки своих поступков, решений, мотивов действий, так как дети подмечают всевозможные нюансы во взаимоотношениях родителей, видят фальшь или двусмысленность в их взаимных реакциях на события внутрисемейной жизни.

В то же время в рассматриваемый период у супругов появляется больше времени для самих себя, повышения своего культурного, интеллектуального уровня, налаживания интимных отношений. С другой стороны, на этом этапе приходит черед для активного осмысления ими своего индивидуального опыта налаживания межэтнических отношений, понимания внутреннего мира самого близкого тебе человека, его этнических особенностей.

Пятый этап связан с окончательной стабилизацией супружеских отношений во всех сферах жизнедеятельности семьи. У супругов устанавливается близость, а часто и полное единство взглядов по значительному числу проблем. Взрослые дети вносят в нравственно-психологическую атмосферу семьи элементы демократизма, обязательности, осмысленности действий, взвешенных решений. Чаще в поступках супругов имеют место взаимопонимание, взаимопомощь, взаимодоверие и терпимость. В этот период практически не возникают конфликты на межнациональной почве, супруги полностью адаптированы к национальным традициям и особенностям друг друга.

Таким образом, семья является одним из величайших ценностей, созданных человечеством за всю историю своего существования. Ни одна нация, ни одна культурная общность не обошлась без семьи. В ее позитивном развитии, сохранении, упрочении заинтересовано государство и общество, в прочной, надежной семье нуждается каждый человек независимо от возраста. Поэтому, первостепенным направлением в формировании личности как актора семьи, остается гуманизация образования, нравственно-духовное воспитание, высокая культура толерантного общения.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет