Н. У. Шаяхметов, тарих ғылымдарының докторы



бет29/42
Дата24.04.2016
өлшемі5.8 Mb.
#78116
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42

ЛИТЕРАТУРА
1. Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей. - СПб, 1897. - С.76.

2. Аманжолов К.Туркi халыктарынын тарихы. - Алматы, 1999.

3. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитающих в Средней Азии. Т.1. - М.-Л., 1950. - С.223.

4.Валиханов Ч.Ч. Киргизское родословное. Собрание сочинений. Т. ІІ. - Алма-Ата, 1985.

5.Гумилев Л.Н. Древние тюрки. - М., 1993. - С.10.

6. См: ДТС. - М., 1969. - С. 288.

7. Жандарбек З. Иассауи жолы және қазақ қоғамы. Алматы, 2006.

8.Зуев Ю.А. Древнетюркские генеалогические предания как источник по ранней истории тюрков. Автореф. дис.канд.ист.наук. Алма-ата, 1967 9.Митрошкина А.Г. Термин «Золотая Орда». Труды Иркутского гос. Ун-та им. А.А.Жданова т.65, сер. Языкознания. Иркутск, 1968, с. 25-32).

10. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. - Алматы, 1994. - С. 58-59. 11. Красовский М.Материалы для географии и статистики России. Область Сибирских киргизов. СПБ,1868. С.2.)

12. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алма-Ата, 1992. - С. 258.

13.Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. Живая старина. - СПб, 1917. - С.54-65. Гродеков Н.И. Киргизы и Каракиргизы Сыр-Дарьинской волости. Юридический быт. Т.1. - Ташкент, 1889. - С.2.

14.Омаров Е.С. Тамга и жузы // Вестник университета “Қайнар”, 1997. №3. - С.10-11.

15. Омарбеков Т. Габжалилов Х. Карибаев Б. Қазақ жуздерi: Жана тарихы болжамдар // «Алаш», 2005. №3(3). - С. 54-69..

16. Орос - монгол толь. - Улан батар, 1982. - С. 69.

17.Сейдімбек А. Мир казахов. Этнокультурологическое переосмыс­ление. - Алматы: Рауан, 2001. – С.125-126, 127-66.

18. Радлов.В.В. Из Сибири. - М., 1989. - С.111.



Ж.Ә.Жүнісова

Астана қ., Қазақстан
«АЙМАН – ШОЛПАН» ЖЫРЫ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ

ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Қазіргі кездегі жазба әдебиетте шығарманың, жырдың міндетті түрде авторы, яғни шығарушысы көрсетілетін болса, жазба әдебиетке дейін шығарылған жыр, дастандардың авторы белгісіз. Сондықтан олардың кейбірі халықтық шығармалар қатарына енген. Солардың бірі – «Айман – Шолпан» жыры. Қазан төңкерісіне дейін жыр туралы жазылған зерттеу еңбектер де, пікірлер де болмағаны белгілі. Мұндай зерттеу еңбектер де, пікірлер де Кеңес заманында пайда бола бастады. Зерттеушілер жырдың қай дәуірді суреттейтіндігін, халықтық сипатын, қайшылықтарын, кемшіліктерін, көркемдік ерекшеліктерін қарастырды.

«Айман – Шолпан» жыры қазақ фольклорының бағалы қазынасы, қазақ этнографиясының сүбелі шығармаларының бірі бола отырып, өзінің бойына халық тілінің өз кезеңіндегі мол қазынасын, танымын, психологиялық иірімдері мен жалпы ұлт, ұлт мәдениеті мен этнографиясы, тілі дамуының біртұтас кешенін жинақтаған құнды дерек болып саналады. Мәселен, ас беру, сауын айту, сауға беру, бәйгеге тігілген жамбы, бата алу, ант ішу, ашамай, жарғақ, өкіл ата, қалың мал, нақ сүйер, құдайы беру, байғазы, азамат, көрісу, жайдақ нарға мінгізу, қол алысу, жесір, мал (дүние-мүлік), саба, піспек және т.б.

Жырдың басталуының өзі ас берумен басталады. Қазақ халқында өлімді шамасы келгенше туған-туыс, ауыл-аймақ болып аса құрметпен шығарып салатын дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді. «Ас беру ислам дінінің шариғатымен байланысты қалыптасқан әдет емес», - деп жазады Х.А. Арғынбаев. Өлген адамды шығарып салғаннан кейін ол әйел заты болса да, ер адам болса да бір жылға жақындағанда жылын береді. «Өлік жерленіп, қонақ асы беріліп болған соң артында қалған балалары, ағайын-туғандары жылдық асын беруге қам жасайды, өліктің атының жалын күзеп, құйрығын тірсектен жоғары кесіп, кекілін төбесіне түйіп жібереді. Мұны «тұл ат» деп атаған. Бұл ат дәстүр бойынша өліктің асында сойылуы керек», - деп жазады И.Г. Андреев. Ал ас беру алдымен өлген адамның жасына байланысты болса, екіншіден оның беделіне қарай берілген. Сондықтан кішігірім рулы елдің қолынан келе бермейтін қиын іс. Мәселен, жыр тармақтарында:

Кіші жүз алшын, жаппас, шөмекейден,

Бір кісі өлген екен беріпті ас, -

деп келуі кіші жүздің үш руы бірігіп ас беріп отырғанын байқаймыз. «Құдадғу білігте» ас сөзінің «еда пища» және «пир, угощение, званный обед» деген екі түрлі мағынасы келтіріледі (ДТС). Бұл ескерткіште бектер бас қосқан жиын-думан, сондай-ақ үйленгенде, баланы сүндетке отырғызғанда той томалақтар да ас деп аталған. «Алтын ярухта» да үйлену тойын «Qyz ašy – свадьба, свадебный пир» дейді. Демек бұл айтылғанға қарағанда, ертеректе той атаулы түгел ас делінген болу керек. Бірақ оны сол уақыттағы өзге астардан ажырату үшін алдына анықтауыш сөз қойып, қара ас түрінде айтқанға ұқсайды. Өйткені «Манас» жырында ас та, қара ас та – екеуі де келіп отырады. Жыр тілінде ас түрінде қара сөзімен тіркеспей берілген. Соған қарағанда ас сөзі жырдың шығу кезеңінде тойға қатысты мағынасын толық жойған кезі болса керек.

Негізінен ас беру дәстүрі қазақ елінде ел жайлауға қонып, мал семірген кезде берілетін болған. Ас өткізу мерзімі 3-4 күннен бір жетіге дейін созылатын. Жырда да астың берілген кезі жаз мезгілі екенін «Ат қосқан шелкер ыстық түскен тамыз» тармақтарынан байқауға болады. Ал астың қай жерде, қашан берілетіндігін, қанша ел шақырылатындығын ас беруші ру ақсақалдары шешетін.

Осыған орай, Т. Жанұзақтың: «Ру, тайпа, тайпалық одақ, халық және ұлттың шығу, қалыптасып даму кезеңдері – теориялық және практикалық мәні ерекше, тарихи-этнографиялық әрі философиялық ірі проблемалар», - деп жазуы да дәлел. Этнонимия саласына қатысты жыр тілінде кездесетін сөздер:

Кіші жүз Алшын, Жаппас, Шөмекейден.

«Кіші жүз құрамына енетін ірі үш тайпаның жалпы аты, тайпалық одақ. Халық шежіресінде Байұлы, Әлімұлы және Жетіру тайпалары Алшын аталады. Алшын туралы тарихи деректер көне заманнан бар. Алшын этнонимдік есімінің бастапқы тұлғасы «алазон» болуы ықтимал. Оның қалыптасуы, өзгеру күйінің схемасы: Алазонес > алазон > ализон > алзон > алсын > алшын... . Сонымен алшын этнонимдік есімі «көп ел, үлкен тайпа» деген мағынаны білдірсе керек».

Сөздіктердің құрамындағы сөздерді қарастыра келе, М. Малбақов: «Е. Букин сөздігінде тама, жаппас сияқты ру аттары кездесетінін, сонымен қатар, аталған сөздіктерде өзен-су атауларынан Еділ, Жайық, Қара теңіз, Тобыл өзендерінен басқа атау кездеспейді», - деп жазады. «Айман – Шолпан» жырының тілінде де Еділ, Жайық өзендерінің атаулары кездеседі.

«Шежіре – халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы», - деп жазады Х. Арғынбаев. Қазақ халқында шежіре ерте кезден бар. «Айман – Шолпан» жырындағы оқиға желісіне өзек болатын Кіші жүз ішіндегі рулардың өзара тартысы. Кіші жүздің рулық құрамына үңілер болсақ, бұл туралы алғашқы мәліметтер 1748 жылы А.И. Тевкелевтің еңбектерінде көрсетілген. Кіші жүз құрамы үш атаға жіктелген: Байұлы, Жетіру, Әлімұлы. Солардың ішіндегі жырда кездесетін ру аттарына тоқталар болсақ, мұндағы мақсат – жырдағы ру аттарының төркініне үңілу.

Ас беретін алшын, жаппас Байұлынан, ал шөмекей Әлімұлынан.
Н.А. Аристов пен П.И. Рычковтың болжамдары бойынша: «Шөмекейлердің негізгі таңбасы жалпы алшындардың таңбасына ұқсас, бұл шөмекей руының алшындар құрамына ерте кезде енгенін дәлелдейді».

Жаппас руы, дұрысырақ айтқанда, оның тармақтары орасан зор аумаққа бытырағандығы туралы шежіреде айтылған. Олар Торғай облысының әр түрлі уездерінде, Сырдария аумағы мен Орал облысының аумағында мекендегендері туралы мәліметтер бар.

Жырдағы басты кейіпкердің бірі – Маман бай. Оның руы – тама, бұл Жетіру. Тамалардың таңбасының қазақтың қыпшақ тайпасының таңбасынан ешбір айырмасы жоқ екенін атап өту керек. Оның үстіне, Тама руы ертедегі қыпшақтардың ежелгі жерінде, яғни Оңтүстік Оралда, Жайық және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысында үнемі мекендеп келгендігі туралы Вениамин Востров пен Марат Мұқановтар кіші жүз шежіресінде жазады.

Кіші жүзде шекті руы өте ірі және саны көп ру болған. Жырда да бұл рудың көптігі туралы Әлібек келіп шауып алмақшы болған кезде Айманның айтқанынан байқауға болады:

Көтібарың бес ауыл,

Ертең сәске болғанша,

Сұраймын шаппай берші деп.

Алатұр жиып өзгесін,

Осы жерде шекті көп.

Шекті шөмекеймен аталас Әлімұлынан тараған. Бұл ру ХҮІІІ ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректемелерінде Әлімұлына кіретін ру ретінде қарастырылған. Мұндай деректерді қарастырып отырғанда байқағанымыз, жырдағы топонимия мен этнонимияның сәйкестігі.

Ру ақсақалдары асқа қанша ел шақырылатындығын шешкеннен кейін алдын-ала алыс аймақтарға ең кем дегенде бір ай, негізінен бірнеше ай бұрын арнайы адам жіберіп, хабар берілетін. Жыр тілінде бұл былай беріледі:

Бір тұтқа кіші жүзде бай еді деп,

Шөмекей Маман байға сауын айтты.

Бұдан жырдың шығарылу кезеңінде сауын айту дәстүрі болғаны байқалады. Сауын айту ас беру, үлкен той жиындарда ел-елге хабар беру.


Р. Сыздық: «Бұрын жорық, аттаныс кезінде де елге сауын айтатын болған. Сауын айту – жай хабар айту емес, белгілі бір салттың ритуалы ретіндегі хабар. Сауын айтылған жақ сол үлкен жиынға өз үлесін, өз қатынасын көрсетуі керек болған», - деп жазады. Жиынға шақырылған ел алдын-ала апаратын жөн-жоралғысын, сусынын, сойыстығын, бәйгеге қосатын атын, күреске түсетін балуанын, тіпті кейде тігетін үйлерін де ала келетін болған.

Жырда мұндай жоралғылар былай берілген:



Саба артып тоғыз нарға Маман келді,

Өң алтын масатыдан кілем жауып,

немесе

Шай, қант пен тоғыз нарға тоқаш артып,

Көтібар өзі батыр шекті келді.

Ас беретін адам қанша бай болғанымен, асқа жиналатын бірнеше мыңдаған адамға қымыз дайындау мүмкін емес еді. Бұл жөнінде В. Плотников, И. Ибрагимов, Н. Гродеков, И. Аничков өз еңбектерінде қазақтың ас бергенде халықтың көп жиналатынына таңдана отырып, олардың сойыс малдарының, тігілген үйлерінің, сабаларының сандарына дейін анық атап көрсетеді.

Асқа жиналғандардың ең үлкен қызығы – ат шабысы. Яғни бәйгеге ат қосу болған. Сондықтан беделді, белгілі адамдар аста бәйгеге ат апармауды ар санайтын болған. Жырда Маман бай бәйгеге үш ат қосса, Көтібар жалғыз күрең атын қосады:

Ас берген алшын, жаппас, шөмекейден,

Бәйгіге үш жүз атты шықты айдап.

Ат шаптыру астың соңғы күні ұйымдастырылып, сонымен ас тарқайтын дәстүр бар. Бәйгі атқа бап керек. Бірнеше елден жаратылған аттар әкелінетін. Үлкен астарда көбінесе құнан бәйгесі және ат бәйгесі болады. Бәйгеге шабатын 7-12 жас аралығындағы балалар, олардың ер-тоқымы жайлы әрі жеңіл болуы керек. Ат шаптырып, озып келген аттың иесіне арнап, әр түрлі ас берген адамдардың шамасына қарай белгілейтін сыйлық түрі бәйгі басы тағайындалған. Жырда бәйге басын Көтібар батырдың күреңі озып келіп алғаны былай беріледі: «Жүз жамбы бәйгі басын батыр алды». Мұнан Көтібардың бойындағы батырлық қасиетіне сай, өзіне лайық бапталған атының бар екендігін байқаймыз.

Қазақ халқы зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, ертеректе баланы 5-6 жасында атқа мінуге үйрете бастаған. Ал мініп жүре алмайтын жас балалар үшін істелген арнаулы ерді – ашамай деп атаған. Ашамай сөзі онан басқа тағы да «түйеге жүк арту үшін жасалған ер тәрізді сайман»; ауыспалы мағынада «арса-арса болған, арбиған» мағыналарында да қолданылады. Жырда Көтібар батыр Маман байдың ұлының жоқтығын бетіне басады:

Бу қылып шекті малын не қыласың,

Мінгізген ашамайда ұғылың бар ма, -

деп келетін тармақтарда оның «ұғыл» сөзімен тіркесіп, бастапқы мағынасында қолданылып тұрғаны анық. Ә.Марғұлан «баланы қаршадай күнінен атқа мінгізіп үйрету тарихи замандағы қазақ қауымының белгілі дәстүрі болса, ата-ана үшін ол үлкен қуаныш болған. Жас баланы салт атқа үйреткенде алғашқыда жай ерден гөрі ашамайға мінгізіп, жан-жағынан байлауды жиірек қолданатынын» айтады.

Жас баланы салт атқа үйреткенде алғашқыда жай ерден гөрі ашамайға мінгізіп үйрететін. Ашамайды өте жуас, қолға тұратын жылқыға ерттейтін де, оған баланы мінгізіп, алғашқыда ауыл арасында жаяу жетектеп жүретін. Ашамайға бірінші мінген балаға да тілектер айтылып, шашулар шашылатын болған. Сол күні балаға арнап ата-анасының көз қуанышы болып алғаш атқа отырғанына той жасайтын. Сосын тізгінді өз қолына ұстаған соң, бала салт жүруге үйренеді. Кейбір балалар 7-8 жасынан бастап аттың құлағында ойнап, бәйгеге шабатын дәрежеге жететін. Байлығы асып-тасыған Маман байдың ұлының жоқтығын жырда «ұлдан шолақ» деп беруінің өзі, қазақ халқының ұл баланы шаңырақ иесі деп құрметтейтін дәстүрінен хабар береді. Ашамай сөзі арқылы жырлаушы халық дәстүрін әсерлі жеткізген.

Сонымен қатар, «Айман – Шолпан» жырында шығыс халықтарының арасында, әсіресе қазақтарда кеңінен таралған – бата алу дәстүрі кездеседі. Жырда:

Айман қыз елден сөйтіп алды бата,

Ісінде болмаған соң зәрре қате.



Бата араб сөзі – қазақша екі мағына береді: алғыс айту, ақ ниет, жақсы тілек білдіру (оң бата); діни ұғымда мұсылмандардың намазда т.б. діни жораларда оқитын дұғасы. Мұнда бата алу айтарлықтай ізгі іс жасағанда көпшіліктің беретін жақсы тілектері мағынасында қолданылған. Сонымен қатар халық арасында бата алған адам «көгеріп, өніп-өседі» деген де сенім қалыптасқан. «Жауынмен жер көгереді, батамен ел көгереді» мақалы осыдан туындаса керек. Жырдың басынан бастап шиеленіскен оқиға желісін ақылдылығымен, тапқырлығымен шеше білген Айман қыз көпшіліктің батасын алып, соңында бәрі құда болып, бір-біріне құрмет көрсетіп, сый-сыяпат, киіт кигізгенін мына тармақтардан көруге болады «Көтібар сонша жанға киіт берді».

Жыр бойында қазақтың өміріне тән салт-дәстүріміздің өзге де белгілері айқын байқалады. Мәселен, 1896 жылғы 179-180 шумақтарда:

Атакеңе бар дағы байғазы де,

Алып келіп жүрмеңіз жек көргенін,

немесе

Келеді Айман сұлу сүйіншіге,



Береміз Теңге тоқал сені дейді.

Байғазы, сүйінші деген сөздердің мағынасы қазақ халқы үшін өте терең. Бұл салт-дәстүріміз әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді деп айтуға болады.

Тілді тарихи тұрғыдан зерттеу өзіндік зерттеу нысандарына, сол зерттеу нысандарындағы тарихи деректер мен құнды ескерткіштер тіліндегі ерекшеліктерді айқындаумен сипатталады. Қазірге дейінгі жеткен тілдің даму сатылары мен бастау көздерін, тарихи қалыптасу сатыларын айқындау үшін мұндай тілдік деректерді, ұлттық құндылықтарды зерттеудің маңызы зор.

Этнография тұрғысынан жырдағы салт-дәстүр, халықтың нанымы мен сенімі, көзқарасы, өзіндік өмір сүру ерекшелігі айрықша нақтылықпен берілген. Қолданыстағы сөздердің, сөз тіркесінің алымы қазақы тілдің табиғатын, сөз жасау, сөз қолдану шеберлігін, ұлт танымындағы, түсінігіндегі ұғымдарды бейнелей алған сөз қолданысын байқата түседі. Қазақтың танымымен байланысты тіршілік дәстүрін бейнелеудегі жырдың тіліндегі ерекшеліктер ұлт құндылығын дәріптей алғандығымен де, ұлт санасына сіңіретін жыр ретінде қалыптаса алғандығымен де маңызды. «Айман – Шолпан» жыры осындай бай тілімен де құнды шығармаларымыздың бірі болып табылады.

Жырда кездесетін бірқатар сөздерге талдаулар жасау арқылы көне сөздер мен тарихи сөздер, тарихи атаулар қатарының жыр тілінде мол кездесетіндігіне, сол арқылы жыр тілінің қазақ тілінің бай мұрасын жеткізуші дәнекер екендігіне көз жеткізе түсуге болады.


ӘДЕБИЕТ

  1. Арғынбаев Х., Мұқанов М. Қазақ шежіресі хақында. – Алматы: Атамұра, 2000.

  2. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. – Алматы: Мектеп, 1980.

  3. Андреев И.Г. Описание Средней орды киргиз-кайсаков // Новые ежемесячные сочинение.ч. СХ – СХҮІІІ. СПб., 1795-1796.

  4. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – М. – Л ., 1951.

  5. Қазақ тілінің сөздігі / Жалпы ред. Басқарған Т. Жанұзақов. – Алматы: Дайк-Пресс, 1999.

  6. Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке (тарихи этнографиялық шолу). – Алматы: Ғылым, 1973.

  7. «Қисса Айман – Шолпан» / маш. бас. 2 экз. – №155, – №156 / Папка 80. Казань: Чирикова (Бұл кітап баспаға ұлықсат берілді Санкт-Петербургта, 20 сентябрь 1896 жылда). – 1896.

  8. Бекмұхаметов Е.Б. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері: Түсіндірме сөздік. – Алматы: Қазақстан, 1977.

  9. Жанпейісов Е.М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. – Алматы: Ғылым, 1976.

  10. Малбақов М. Қазақ сөздіктері: Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ сөздіктері хақында. – Алматы: Ана тілі, 1995.



С. Ж. Дүйсен

Астана қ., Қазақстан
АҚЫН-ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТАРИХИ

ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ
Әлемдік тарих ғылымында жүздеген жыл үстемдік еткен еуроцентристік концепция Еуразия аумағындағы көшпелілердің бір бұтағы-қазақтарды ұшарын жел, қонарын сай білген тарихы жоқ, «тарихи емес» халықтардың қатарына қосқаны, ұлтымызға мүсіркеушілікпен қарағаны белгілі. Өзінің атақонысында кемінде 3-4 мың жыл тапжылмай өмір сүріп, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосқан ұлттың тарихсыз болуы мүмкін еместігі белгілі. Бір кемшілігіміз ежелгі және орта ғасырлардығы тарихымыз туралы төл жазба деректеріміз өте тапшы. Сондықтан ежелгі тарихымызды зерттегенде жазу-сызуы ежелден жақсы дамыған көрші елдердің қазақтар туралы жазып қалдырған деректеріне және отандық археология ғылымының жетістіктеріне сүйенетініміз белгілі. Осының бір дәлелі ретінде қазақ ұлтының Еуразия кеңістігінде ешбір ұлттан кем қалмай уақытында қалыптасқанын мойындайтын соңғы жылдары шыққан бір шетел дерегіне жүгінейік.

Қытайтанушы ғалым, профессор Т. Законұлының дерегі бойынша 2004 жылы Қытайда шыққан «Орта Азия тарихы» атты төрт томдық еңбекте Хунань педагогикалық университетінің профессоры Ван Чжилай және Гуандун Шаугуан институтының профессоры Динь Дубэнь «қазақ» этнонимін «көшіп кетушілер», «еркін адамдар» деген мағынада түсіндіре келіп, қазақтың XVI ғасырда қалыптасқан ұлт екенін, бірақ XVIII ғасырдан бастап орыстардың қазақтарды ресми құжаттарда әдейі «қырғыз» деп бұрмалап атағанын, қазақтар өздерінің бұл тарихи атауын тек 1925 жылдан соң қалпына келтіргенін жазыпты [1, 90].

Көріп отырғанымыздай Қытай ғалымдары осыдан 500 жылдай бұрын қазақтың ұлт ретінде қалыптасуды аяқтағанын мойындап отыр. Ал ұлттың қалыптасуы ғасырларға созылатын күрделі процесс екені белгілі. Ұлт болған соң оның тарихы да болады.

Әлемдік тарихнамада тарихты зерттеуде тек жазба немесе заттай ғана емес ауызша деректерге де сүйену, оны тарихи дерек көзі ретінде санау тәжірибесі бар. Бұндай ұстанымды Азия мен Африканың кейбір елдерінің тарихшы ғалымдары кеңінен пайдалануда.

Алыс және жақын шетелдерде ауызша тарих айту дәстүрін әр кезде зерттеген ғалымдар шоғыры бар. Әлемдік тарихнама алыс шетелдердегі ауызша тарихтың түрлі бағыттарының өкілдеріне Ян Вансина, Жак Гуди, Филипп Жугар, Поль Томпсон, Рональд Грил, Андраш Хагедюшті жатқызады.

Ал орыс тарихнамасында Н.М.Карамзин, А.А.Шахматов, Б.Д.Греков, Д.С.Лихачев, В.Г.Мирзоев, Д.П.Урсу, Б.А.Рыбаковты жатқызады.

Қазақ-тарихшыл халық. Қазақ шежіресі мен ауыз әдебиеті ұлт тарихының теориялық-методологиялық ұстанымдарының қатарына жатады. Қазақ зерттеушілері оларды ауызша тарих түріне жатқызады. Отандық тарих ғылымында қазақтың ауызша тарихы туралы көзқарас Н.П. Вяткин, В.П. Юдин, А. Сейдімбек, Қ. Салғараұлы, С. Жақыпбеков, М. Қойгелдиев, Қ.Атабаев, Ж. Артықбаев, М. Елеуов, С. Мажитов, М. Алпысбес, Қ. Әлімғазинов, Р. Айтбаева, З. Елешова сияқты ғалымдар үлесіне тиеді.

«Қазақстан тарихшылар қауымдастығы» қоғамдық ұйымы 2005 жылы жоғары оқу орындарының тарих факультеттері мамандары үшін тарихшы ғалым М. Қойгелдиевтің жетекшілігімен Ауызша тарих айту дәстүрін оқытуға арнайы курс жоспарын және бағдарламасын жасап ұсынғаны белгілі. [2, 287-299].

Көшпелі өмір салты қазақ халқында ауызша тарих айту дәстүрін туғызды. Атадан балаға ел тарихы, жүз, тайпа-ру, әулет тарихы желісі үзілмей беріліп отырды. Ұлт жадындағы ауызша тарих өркениетті елдердегі кітапхана, мұрағат рөлдерін атқарды. Қазақтың ежелден қалыптасқан ауызша тарих айту дәстүрі оның рухани мәдениетінің бір көрінісі болды.

Тарихынан айрылған ұлт ұлт болып өмір сүре алмайды. Сондықтан отарлаушы ел қазақ ұлтын шынайы тарихи жадынан айыруға, өздері ғана қазақты «жаңа ұлт» етіп жасағандарына сендіруге ұмтылды. Фашистік Германияның идеологы Геббельстің: «Халықты тарихынан айырсаң бір ұрпақтан соң ол мәңгүрттеніп тобырға айналады, ал келесі ұрпақтан бастап оларды мал табыны сияқты айдаған бағытыңа жүргізе аласың» дегені белгілі.

Бұрын ғасырлар бойы отарлық езгіде болып тарихи жадынан айрылған Азия мен Африка, Латын Америкасы елдерінің тарихшы ғалымдары қазір ауызша тарих айту дәстүрін зерттеу әдістері мен методологиясын жасауды қолға алуда. Оны тарихи дерек көзі ретінде ұлт тарихын зерттеген ғылыми еңбектерінде пайдалануда.

Көрнекті этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбек: «Қазақтың миф, эпос, ертек, аңыз, жыр, шежірелік әңгімелер сияқты рухани мұраларына бірыңғай әдеби-фольклорлық немесе этнографиялық материал тұрғысынан қарамай, сонымен бірге этникалық тарихтың айғаы ретінде де қарау керек» - деген орында ұсыныс айтады [3, 16].

Қазақ халқының өте бай тарих айту және оны сақтау дәстүрі болғандықтан Қазақстан мұрағаттары мен кітапханаларында әр кездерде ел аузынан жазып алынған мыңдаған тарихи жырлар, шежірелер мен аңыздар жинақталған. Қазақтың тарихшы ғалымдары оларды қазір талдап, саралап ғылыми айналымға қосуда бірқатар жұмыстар жасауда.

Солардың бірі ортағасырларда қазақ даласында өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының еңбектерін тарихи дерек көзі ретінде пайдалану. Бұл әсіресе қазақ-ноғайлы дәуірін, олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастарын, мекендеген жерлерін, қоныс аударуларын т.б мәселелерді зерттегенде қосымша дерек көзі ретінде пайдалы. Қазақ пен ноғай этникалық жағынан өте жақын болған. Олар бұрыннан Дешті Қыпшақты мекендеген туыс ру-тайпалардан құралған болатын. Кейіннен Алтын Орданың құрамында бірге болып, XVII ғасырға дейін екі халықтың бірлігі үзілмеген. Шоқан Уалихановтың Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы «бауырлас орда» деп атағаны да белгілі.

А. Сейдімбектің пайымдауынша «Қазақ шежіресі, әсіресе оның аңыз-әңгімелері бес-алты ғасыр аясындағы (яғни, Қазақ хандығы құрылған кезеңнен бергі кездегі) тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы мейлінше нақтылы деректер бере алады» [3, 17].

Қазақ ақын-жырауларының тарихи оқиғаларды, тарихи тұлғалардың еңбектерін суреттейтін еңбектерін А. Сейдімбек халықтың «этнозердесі» деп бағалайды. Алаштың тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу-қазақтың дәстүрлі таным түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс.

Асан қайғы, Қазтуған жыру, Доспанбет жырау, Шалкиіз жырау сияқты Қазақ хандығының алғашқы құрылу дәуірінде өмір сүрген қайраткерлердің сол замандағы оқиғаларды бейнелеген өлең-жырлары құнды тарихи деректер деуге болады.

Қазақ ғалымдары «Дала философы» деп бағалаған Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы) шамамен 1361-1370 жылдары Еділ бойында дүниеге келіп 1465 жылдарға дейін өмір сүрген деп есептейді.

Жыраудың мына өлең жолдарына назар аударып көрелік.

Ай, хан, мен айтпсам білмейсің.

Айтқаныма көнбейсің.

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің.

Қымыз ішіп қызарып,

Мастанып, қызып терлейсің.

Өзіңнен басқа хан жоқтай,

Елеуреп неге сөйлейсің?!

Қорған салдың бейнет қып,

Қызметшің жатыр ішіп-жеп,

Оны неге білмейсің? [4, 24].

Тарихшылар мен әдебиет зерттеушілер жырау бұл сөзін Қазақ хандығының екінші ханы Жәнібекке қаратып айтқан деп есептейді. Өлең жолдарынан әлі де хандықтың етек-жеңі толық жиылмағаны, жан-жақтан шапқыншылықтар болып жатқаны, ханның қамал салғызып елін нығайтуға әрекет жасағанымен, сол жолдағы қаржыны қызметшілері жымқырып өз пайдаларына да жаратып жүргендерін Асан қайғы ханның алдына жайып салады.

Асан қайғының өлеңдері немесе ол туралы аңыздар зерттеушілерді оның өмір сүрген уақытын, қандай хандармен замандас болып ақыл-кеңес бергені, іздеген жерұйығы қазіргі қандай жер т.с.с. сұрақтарға жауаптар іздеуге бағыттайды. Мәселен, қазақ тарихына қатысты жеті Жәнібек болса, зерттеушілер Асан қайғы солардың үшеуінің тұсында өмір сүріп, оларға қызмет еткен деп бағамдайды. Біріншісі-Алтын Орда-Жәнібегі, екіншісі-Қазақ хандығын құрған-Жәнібек, үшіншісі-Астрахан ханы –Жәнібек [5].

Ал Доспанбет жыраудың шығармаларынан біз ноғай-қазақтардың XV ғасырда бір шеті шығыстан екінші шеті Қара теңіз бойына дейінгі аймақты қоныстанғанын көреміз.

М. Мағауиннің дерегіне қарағанда Доспанбеттің тегі ноғайлы. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақтар татарларды да ноғай деп атай берген. Шынында, татар мен ноғай екеуі екі халық болған [6, 41]. Ресей отарлауының нәтижесінде Ноғай Ордасы жойылып ноғайлы халқының бір бөлігі қазақтарға қосылып қазақ ұлтына айналғаны тарихта белгілі жәйіт.

Жыраудың:

«Бетегелі Сарыарқаның бойында

Соғысып өлген өкінбес!»-

деген жыр жолдары [4, 31] Сарыарқаның қазақтың байырғы жері екенін көрсетіп тұр. Ел қорғайтын сарбаз бөтеннің жерінде қаза тапса туған-туыстары өкінетіні белгілі ғой.

Айналайын Ақ Жайық

Ат салмай өтер күн қайда? [4, 33].

Немесе жыраудың:

Еділдің бойын ел жайлап,

Шалғынға бие біз байлап,

Орындықтай қара сабадан,

Бозбаламен күліп-ойнап

Қымыз ішер күн қайда! [4, 34].

деген жыр жолдары ноғайлы-қазақ руларының мекендеген жерлерін тайға таңба басқандай көрсетеді.

Азов қаласының Қырым хандығы (1433-1773 жж) құрамында болғаны, ал бұл мемлекеттің құрамында қазақтың арғын және қыпшақ рулары болғаны тарихтан белгілі.

Азау, Азау дегенің,

Әл Ғұсман паша жұрты екен.

Дін ісләмнің кірті екен.

Азаудың ер Доспанбет ағасы,

Азаудың бір бұрышындай нарты екен!

деген өлең жолдары тарихшы ғалымдарға Доспанбет жырау өмір сүрген тұста Азау қаласы (қазіргі Ресейдің Азов қаласы-авт.) ноғайлы-түркілердің құрамында болғанына дәлел. (Ескерту, «аға»-ханға жақын шонжардың титулы-авт.).

XV ғасырда өмір сүрген Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры» өлеңдер топтамасы да қазақ тарихынан мәліметтер береді.

«Алан да, алан, алан жұрт,

Ақала ордам қонған жұрт,

Атамыз біздің бұ Сүйініш,

Күйеу болып барған жұрт.

Анамыз біздің Бозтуған,

Келіншек болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жер

Кіндігімді кескен жұрт

Кір-қоңымды жуған жұрт.

Қайран менің Еділім,

Мен салмадым, сен салдың

Қайырлы болсын сіздерден

Менен қалған мынау Еділ жұрт!...[4, 29].

Жыраудың бұл толғауынан бұдан бес ғасырдан астам бұрын Еділ өзені бойын қазақ жұрты жайлағаны көрініп тұр.

Қазақ жыраулық поэзиясының атасы Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560) Ноғай ордасы және Қазақ хандығы дәуірінде өмір сүрген. Ол өз жырларында сол кездегі ноғайлы мырзалары арасындағы талас тартысты оқиғаларды суреттейді.

Орманбет би өлген күн,

Он сан ноғай бүлген күн-

деген өлең жолдары [4, 47] сол кездегі ноғайлы халқының Орманбет бидің тұсында онға бөлінгенінен хабар береді. Мұны тарихшылардың кейінгі зерттеулері де растайды.

Орманбет есімі Орталық Қазақстандағы көне қала атауымен де байланысы бар. Академик Әлкей Марғұлан өзінің «Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане» деген мақаласында Есіл өзені аумағында Орманбет атты қаланың болғанын жазады. Орманбет Орыс ханның аты болуы да ықтимал. Ә. Марғұлан XVIII ғасырдың 60-шы жылдары орыс саяхатшысы Х. Барденстің сызбалары мен суреттері бойынша қаланы қоршаған дуал биіктігі 2,8 метр, қала орнының аумағы 342*159 метрді құраған депжазады. [7, 26]

Ақмолалық өлкетанушы Клара Әмірқызы [8, 12] және тарихшы ғалым Баянбай Хұсайынұлы [9, 15-20] бұл қаланың орны Атбасар қаласынан 25 шақырым жердегі «Сергеевка» ауылы маңында орналасқан деп көрсетеді.

Бұл қаланың атауы қай Орманбетке қатысты, Орыс ханға ма, әлде Орманбет биге ме, ол жағы әлі зерттеушілер тарапынан анықтауды күтеді. Бұл деректер археолог ғалымдар тарапынан қала орнында зерттеулер жүргізуді де қажет етеді.

М.Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан дүзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», - деп жазған болатын.

Міне, осындай ауызша деректер Қазақ елінің орта ғасырлардағы тарихын зерттеуде тарихшыларға ой салатын және ұлт тарихының кейбір қалтарыс тұстарын анықтауға септігін тигізері анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет