ӘДЕБИЕТ
1. Жолдасбеков М., Салғарин Қ., Сейдiмбек А. Елтұтқа. - Астана: Күлтегін. 2001.
2. Жұртбай Т. Руханият пернесі. // Столичное обозрение. 11.12.1998.
Д. Қалиолаұлы
Астана қ., Қазақстан
ТӨРТ АНАҒА МАХАББАТ
Бүгінгі әлемдік жахандану үрдісінде, тәуелсіз қазақ елінің ішкі рухани бірлігін сақтуға қызымет ететін, қарқынды дамуға қозғау салып, алғабасарлыққа жебеу болатын ұлттық идеологияны қалыптастыру және оның мазмұнын уақыт талабына сай толықтырып отыру қажеттілігі күн өткен сайын айқындалып келеді. Себебі, ұлттық идеологиядағы бостықтарды күні-бұрын байқайтын түрлі “изм”, секталар немесе жатпиғылдағы ішкі-сыртқы күштер қазақ қоғамындағы кейбір идеологиялық бостықтан өз орнын ойып алуға жанталасып, өзінің әлеуметтік ықпалын кеңейтуге тырысуда. Ендеше мұндай тарихи кезеңде, қазақтың ұлттық идеологиясының мазмұнына қатысты түбегейлі қайта толғану кезек күттірмейтін маңызды мәселе екені анық.
Қазақтың ұлттық идеологиясы жөнінде толғанушылар көбіне-көп еуропалық идеологиялардан үлгі алып, әлем ойшылдарының көзқарас, пікірлерінен қазаққа сай келетін бірбүтін теория жүйесін жасақтауға бейім. Мұндай идея жүйесінің өзіндік оң ықпалы болған күнде де, қазақы болмыс пен Қазақстан қоғамына сай келмейтіні, қазақ топырағына тамыр тартпайтыны анық. Ендеше, қазақтың ұлттық идеологиясы неден бастау алуы керек? Әрине жол әлдеқашан бар, ол бағызы дүниеден бүгінге жеткен түпнұсқалық ұлттық, ұлыстық қасиеттер, мінездемелер, жосындар, қағида-жарғылар, ой-толғаныс дәйектері. Абайдың Қара сөздері мен философиялық өлеңдері, Алашорда қайраткерлерінің ой-толғаныстары, тіпті жыраулар жыры мен батырлық дастандары т.б.. Тек соны аршып алу, жүйелеу, заман талабына сай қайта өңдеу, оған болашақтық мақсат, мән-мағына беру міндеті ғана күн тәртібінде тұр. Түптеп келгенде ұлттық идеялогияның мазмұны а) туған жерге б) қазақ тіліне с) ұлттық салт-дәстүрге д) төл тарих сынды төрт анаға махаббаттан бастау алса, бұл қарапайым, бірақ күллі тәрбиенің өзегі, негізі дерлік ұлттық құндылықтар бізді ұлы мақсаттарды орындауға жетелей алар еді.
Бірінші, туған жерге махаббат – қазақ жерінің қасиетті тұтастығы алдында әр азамат жауапты екенін, әр ұрпақ қазіргі територияның жарты сүйемін де кемітпей өзінен кейінгі ұрпаққа аманаттауын, қазақ жерінің асты-үсті байлығы Қазақстан халқының игілігі үшін орынды, үнемді, өнімді пайдаланылуын, шетелдік қаржыгерлердің ел шаруашылығындағы ықпалын барынша әлсіретіп, осы жердің шынайы қожайыны қазақтар, қазақстандық азаматтар екенін нақты өмір өрісінде іске асыруды білдіреді. Қазіргі әлемде, басқа елді қарулы күшпен басып алу тәсілі барған сайын маңызын жоғалтты, тыныш, бейбіт бойұсындыру, кіріптар етіп ықпалына кіргізу, технологиялық, қаржылық артықшылықтардан пайдаланып соғыссыз жаулап алу күресі қиян-кескі жүріп жатыр. Осынау, әлемдік бәсекеде туған топырағымызға деген махабатты; озық технологияларды уйренумен де, ел байлығы мен өндірісін өзіміз игеру арқылы да бейнелеуімізге әбден болатын секілді. Алпауттарға бағыныштылықтан құтылу үшін көз алдағыны емес қайта ертеңгі еңсе көтеруді ойлау керек, бұл ауыр міндет, қиыр жол екені анық, дегенмен егер ұлттық иеология осы туған жерге махаббат иеясынан бастау алса, қазақстандықтар осы иеология төңірегінде жұдырықтай жұмылса ақыры бір күн Қазақстанның әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылуы әбден мүмкін.
Екінші, қазақ тіліне махаббат – мемелекеттік тілдің қоғамының ұйтқы тілі, ортақ тілі, бірден-бір тұғырлы тілі екендігін барынша дәрптеумен қатар қазақ тілінің орны мен мәртебесін шегіне жеткізе көтеруді білдіреді. «Францұз тілі Францияда қандай мәртебеде болса, қазақ тілі де Қазақстанда сондай мәртебеде болуы керек. Франсұз тілі әлем әдебиеті мен мәдениетінде қандай ықпалға ие болса, қазақ тілі де сондай халқаралық мәдени ықпалға ие болу лазым. Ол үшін қазақ тілі бүкіл Қазақстанда толық жалпыласуы, қазақ тілінде әлемдік деңгейдегі ғылыми, әдеби, философиялық еңбектер жазылуы және қазақ тілінің құдіреті адамдық армен ұштастырылып, ұлттық идеологияның маңызды мазмұнына айналуы лазым.» (Кішібеков, 2000, 17)
Үшінші, ұлттық дәстүр, салт-санаға адалдық пен рухани махаббат, төл мәденметпен сусындап өсу және оның қадіріне жету, өз ата салтына адалдығын мақтаныш тұту – міне бұл салт-санаға адалдық пен рухани махабат. Көне қытай ойшылы Лао Цзы: “өз тамырына адал нәрсе ғана баянды” деп ұлағатты нақыл сөз қалдырған екен. Әрине дәстүрдің асылы мен жасығы болады, жай дәстүрлер мен өзекті, маңызды дәстүрлер болады. Әсіресе қазақты баршадан даралап, өзгешелеп тұрған дәстүрлер біздің ең адал болуға тиісті тарихи құндылығымыз, бабадан қалған есіл байлығымыз. Өйткені қазақылық дегендіктің өзі басқаларға ұқсамайтын қазаққа ғана тән белгілердің бірлігі. Егер бұл дәстүр-салттар адамдық қасиетке сай, ұлы даламыздың тәбиғи туындысы, түпнұсқа қасиетіміздің жаңғырығы болса, онда ол жан алып, жан беруге тұрарлық ғажайып асылдар болғаны. Отаншылдық, ұлт сүйгіштік ізгі қасиеттер дәл сондай салт-дәстүрлерді мазмұн етуі керек. Бүгінгі таңда, бөгденің жасығын асылға балайтын, ал өз асылын бағаламайтын тегеурінсіз мәңгүрт жастар өсіп келе жатыр және бұл әлеуметтік тәрбиенің қазақы алтын тамырдан ажырап қалғанының кесепаты. Сондықтан, қазақстан қоғамы қазақ салт-дәстүрін негіз еткен әлеуметтік тұрмыс дәстүрін қалыптастыруы, шығыс пен батысқа, оңтүстік пен солтүстікке жалтақтаудан арылып, өзіндік қасиеті анық, даралық белгісі айқын қазақы рухтағы өркениетті сомдауға құлшынуы керек. Сондай-ақ, ұлттық идеологияның мазмұны осы принциптен ешқашан алыстамауы шарт. Болмаса, жаһандану селі ұлттық болмысы әлсіреген ұлттарды түгелімен жайпап, оларды даралықсыз, тексіз, адамдық пен ұлттық қасиеті тоналған, ақша мен атақтан, ойын мен ермектен өзгені білмейтін құрт тақілетті құбыжыққа айналдырары сөзсіз. Ал бұл – әлемге қожа болуға асыққан белді ұлттардың жемтігі болу дегенді білдірсе керек.
Төртінші, ұлттық төл тарихқа махаббат – ата-баба тарихының құдіретінен қуат алып, тамыры терең, талғамы ерен тектіліктен шығу. Әр адам кенет пайда болған кездейсоқ құбылыс емес, мәңгілік уақыт желісінің өткінші ғажайып буыны, оның сана қатпарында ұлттық, ұлыстық рухтың тұқым қуалаумен жалғасқан миллион жылдық тарихи түйсік түйіндері бар. Бұл тарихи түйсік түйіндері бір адам рухының ең өзекті, шұрайлы бөлігі және ол кімде ашылса, оянса, сол адам рухани талант биігіне көтеріліп, тарихи ауыр жүкті қайтпас қара нардай арқалай алады. Сосын, бір адамның ұлттық, адамзаттық тарихпен болған қарым-қатынасы оны пенделік тар шеңберден алып шығып, адамзаттық, ұлыстық деңгейдегі өмір мәселелеріне пікір айтуға, ұлы істердің үддесінен шығуға толымды етеді. Ал, керсінше, өз төл тарихынан адасқандар тамыры қураған ағаш секілді тарихи түйсігінен ажырап бөгдеге иек сүйегіштік қасиетіне дағдыланады. Билеуші ұлттардың бодандағы халықтың ұлттық санасы мен тарихи жадысын әлсіретуге айрықша мән беретін себебі де осындай рухани жутаң жандарды көптеп тәрбиелеп, оларды өз ұлтына қарсы айдап салу мақсатынан туындаған. Өйткені төл тарихты терең білу оны құрметтеуге, ал тарихын құрметтеу өз ұлтын шынайы сүюге жетелейді.
Төл тарих біз үшін ғажайып айна. Бұл айнадан біз қандай адам болудың үлгі-өрнегін үйренеміз, өз болмыс, тіршілігіміздегі мін, мерездерді байқаймыз. Ізгілік пен пасықтық, ұлылық пен қораштық, қожайындық пен құлдық, адамдық пен хайуандық шекарасын ата-баба тарихы ғана ажыратып бере алады.
Қорытып айтқанда, қазақтың ұлттық идеологиясы қамтитын мазмұн аясы кең, қойылатын тереңдік, биіктік, кеңдік талабы ауыр, ұзақ уақыттық іргелі, ауқымды ізденісті талап ететін күрделі де, бірегей жұмыс. Дегенмен ұлттық идеология «Төрт анаға махаббат» идеясынан бастау алар болса, онда ол төрт ананы сүйетін, төрт ана үшін күресетін ұлт мүшелерінің санын еселеп арттырары даусыз.
ӘДЕБИЕТ
-
Кішібеков Д. Қазақ менталитеті кеше, бүгін, ертең. Алматы. 2000, - 17б.
Э. Гюнейлигиль
Истанбул, Түркия
СЕКСЕН ТӨРТ МЫҢ КИІЗ ҮЙМЕН
БАРАҚ ОҒЫЗ ТҮРІКТЕРІ АНАДОЛЫДА ОРЫН АЛДЫ
Ата қоныс ұлан-байтак Орталық Азия даласында жарқыраған Түрік әлеміннің темірқазығы, Қазақстанның аса көрнекті ғылым-этнографы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері
Ақселеу Сланұлы Сейдімбекпен мен алғаш рет бір мың тоғыз жүз тоқсан тоғызыншы жылы тамыздың бңр ыстық күні, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратындағы құрылыс орталығында танысқан едім.
Осы жыл байырғы Түріктерде жыл санау әдісінше қоян жылы еді. Қоян жылынан күтетін құт береке дарытатын қасиетті де, қастерлі терең ұғымдар біздің бүкіл достығымызға ортақ еді.
«Қыпшақтың ең атақты қобызшыларынан Барақ бақсы мен Мағжан Жұмабаевтың «Қойлыбайдың Қобызы» атты дастанындағы Барақ батырды және Барақ есімді сұлтан, батырлардың ішінде Қойлыбайдың кезеңіне жақынырақ келетіні оның әкесі Әбурахпаның туған бажасы – Барақ сұлтан» [1] туралы менің көп сұрақтарым бар еді!
Себебі, түпкі тегі Алтайдан тараған туысқан Түрік халықтарының көне тарихы, таң ғажайып әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрлерін және ортақ қазынасы Түрік тілдерінің керемет сырларын, әсіресе ру тайпалық бөліктері, ауыз әдебиеттері арасындағы қарым-қатынастарды зерделей келе, мен Орталық Азиядан көшіп кетіп Кіші Азияның оңтүстік шығыс аймақтары бойынша, таулық Газиантеп алқабында «Cексен төрт мың киіз үймен» тарих сахнасында орын алған [2:7] Барақ қауымынның, яғни, Газиантеп облысы Барақ Оғыз Түріктерінің, Барақ сұлтан және Барақ батырмен байланысты бар ма?, - деп айтқанымда, Ақаңның көңілге қонымды жауабы:
- «Тарихи деректерге қарағанда Қазақ тарихында сегіз Барақ бар екен», - болды.
Анадолы елдерін мекендеген Түркия Түріктерінің ежелден бері ата жұртымыз деп айтатын Қазақстан және Сыр елі осы күннен кейін
мені тағы да басқа ой елегіне жетеледі.
Ақаң маған, «Оғыздардың екі емшегі бар» деп, айтатын.
«Арал анамыздың» [ 3: XXI] қойнында жақсы сақталатын қос Сейхұн мен Жейхұн өзендердің бойында ІХ – ХІ ғасырларда Хорезм аумағында қоғамдық құрылыста өмір сүрген және кейін батысқа қарай көшіп Түркменстан, Азербайжан, Гагауыз Жері, Урымлы және Түркия Tүріктерінің негізін құрайтын үлкен бір Tүрік бұтағы болып табылатын Оғыздардың Анадолы даласындағы Алатау, ала ат, ала бұғы, ала текемет, ала үйрек сияқты жер, су, тау аттары бәрі ата жұртымыз Қазақстанда да бар.
«Жер, су, тау атауларының да айтары бар», - деген Ақаң, «Осының көп сыр себептері бар!», «Түрік әлеміннің және ата-баба мұрасы өркениетіміздің жәдігері жер, су, тау атаулары бәріміздің жазба тарихымыз», - деуші еді.
«Он ғасырдан астам уақыт бабалардың айтуыменен» [4:1] атадан ұрпаққа өте отырып, аманат етілгендіктен, «Ортақ болғандықтан» [5:XI] және ата – баба отаны сезімі әлі де болса өз тазалығын жоғалтпады.
Ақаңның айтуынша, «Ежелгі Түрік тарихына қарап, түп анасы Көк Бөріден шыққан оқиғалар желісінде Түрік халықтарының жер бетіне жайылуының терең тарихы бар. Соның ішінде, Алтайдан бастап батысқа
қарай Сырдария, Ертіс пен Амударияның алтын өзен жағалауларын мекендеген Оғыздар ол жерде де өздерінің туып-өскен топырағына сыймай, ат басын жаңадан күн батысқа бағыттап Анадолы елдеріне көшіп кетіп, бүкіл әлемге тараған соң, жер бетін жаулап алған дүние жүзіндегі ең атақты Түрік бұтағы деп танылды» деген сынды, осы туралы айтылған сансыз кездесу мен мол мағлұматты сұхбаттарымыз болушы еді.
Астанада, Түрік құрылыс орталықтарына жұмыс істеуге келетін Ақмола облысы және Қарағанды облысының қазақтары мен Түркияның Газиантеп облысы Барақ Оғыз Түріктерінің араларындағы өте көп ұқсастықтар жөнінде пікір алысуда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жобалау орталықтарында және Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Аграрлық университетінің Қазақ тілі кафедрасы бөлімдеріндегі профессорлар, жазушы академиктер мен ректорлармен сұхбаттассам да, көбінесе Ақаңмен әңгімелесетінмін.
Жазбаша және ауызша Түрік дереккөздерінде Барақ Оғыз Түріктері жайлы кездеспеген кейбір тақырыпты Акаңнан тыңдадым.
«3000 жылдық көшпелі»[6:19] қауымнан Барақ Оғыз Түріктерінің «Көшіп – қонар жұрт» [6:6] киіз үй өмірінен бас тартулары әрі тұрақты түрде Газиантеп және айналасындағы жазықтық жерге орналасулары жайында оқиғалар бар...
«Ұзақ-жақын түгел Анадолы кеңістігінде шырқаған, аты аңызға
айналған киелі құс Дөнен шапалақы мысалы» [7:13] күндіз-түні «Тоқтаусыз, аялдамастан!» [7:13] «Көшпелі өмірдің ең көне сәттерінен бастап бүгінге дейінгі ең тамаша сәттерін» [7:6] тоқтаусыз айтылумен және қайталанумен келген «Жазықтық Газиантеп маңы жайлауы
[3:50]
бойынша мәжбүр мекен алу, жергілікті Арап қауымдары, көршілес көшпелі тайпалармен соғыстар және ата жұртқа қатысты сағыныш пен сезім толы көші-қон кезінде шыққан күй жырлардың» [3:50] Қазақ күйлері мен Сыр жырларына қандай қарым-қатынасы бар?,- деп, осы тараптан келгенде Акаңмен әр дайым бір бірімізге мол сұрақтарымыз, сауалды сұхбаттарымыз таусылмай таңды таңға ұратынбыз.
«Ит жаманы Барақты, ит жақсысы Тарақты; ер жаманы Барақты, ер жақсысы Тарақты», деп әзілдейтін Ақселеу, тағы бірде «Ит жеті қазынаның бірі» дейтін.
Бұрынғылар «Әр айдың оты басқа» [8] деп, жаздың ыстық тамызында мың сан жылқы, түйе мен түлік малын жайлаған, қыстың көзі қырауда тоқтаусыз қыстайтын кең далада көшіп-қонып жүрген. «Көктем мен жаз, жаз бен күз, күз бен қыстың қолайсыз күндерінде» [9] аяқ баспаған от, таза су мен малдың арқасында жүрген көшпелі Барақ Оғыз Түріктерінің арғы ататегі жайлы ауызша деректер мен соның төңірегінде аңыз әңгімелер ел арасында көп қой.
Ауызша шежірелерде қариялардың пайымдауынша, Барақ Оғыз Түрктерінің тарихы жыртқыш құсқа байланысты аңыздан басталады.
Сонау заманнан бері ақсақалдардың ауызынан көне ғасырлардан сыр суыртпақтаған осы әңгімені, бала кезімізде құдай ұмытқан Анадолы ауылдарында көпті көрген кейбір қариялардан талай естідік.
«Аңыз бойынша, ұшы-қиыры жоқ Орталық Азия тауларының шыңында, тамырлары жерден нәр алған жалғыз бір шынар ағашы өсіпті. Бұл ағаштың кей кезде көк аспанмен құшақтаса тілдескен қою көлеңкелі бұтақтарының арасына жасы ұлғайған киелі құс Келкенес өз өлімін сезініп, екі жұмыртқа салып кетеді!
Жұмыртқанның біреуінен батыр деген, «Көк Барақ Ит» шығады! Екінші жұмыртқаның не болғаны, немесе одан кім шыққаны белгісіз.» [2: 9]
Көшпелі тайпа мәселелері сұхбаттарынан бүгінгі күнімізге дейін келген бұл аңыздың, жалпы, Түрік тілді халықтардың шыққан тегі туралы әңгіме және дастандарымен қарым-қатынасты бар болғаны мағлұм екен.
Мысалы, «Тибеттер өздерінің арғы тегін маймылдың еркегі мен раушастың (орман-аруақ) ұрғашысынын шыққан, Моңғолдар – көкбөрі мен ақмаралдан, Телестер– бөрі мен хұн шаньюінің қызынан, Түріктер– хұн ханзадасы мен қаншық қасқырдан тараған деп есептейді.» [10: 22]
Осы тұрғыдан келгенде, нақты түрде белгіленбеген, ауызша деректерге қарағанда тарихы оқиғалар және көшпелі ру мен тайпалар тұралы сұхбаттарда, көнекөз қариялардың кезінде айтып кеткен әңгімесін қайтадан еске түсірсек, аңызда білінбейтін мәселелер бар.
Себебі, кең байтақ далада жалғыз бір ұлы шынар ағашы мен
қай жерден келгендігі, қайда баратыны, не екені белгісіз жасы келген жыртқыш бір құс туралы айтылады.
Аңыздың тағы да басқа ең қызықты жері, құстың еркегі жоқ!
Қос жұмыртқаның біреуінен, «Көк Барақ Ит» деген батыр дүниеге келген кейін не болғаны және екіншісінен кім шыққаны немесе ақыры не болғаны да белгісіз.
Ата-бабаларымыз айтпақшы, «Ит құтты, ат құтты, әйел құтты» деген мақал еске түсіп отыр!
Өзіме қарап, Барақ Оғыз Түріктерінің арғы тегі еркек шынар ағашы аруағы мен ұрғашы құстан шыққан ба, деп ойлаймын.
Құдайға жүз мың шүкір! Бала кезімізде бұрыннан келе жатқан көшпелі тіршілікті көрдім, ішінде болдым.
Өте ұзақ емес, тағы да кейін ең соңғы отыз, қырық жыл шамасында оңтүстік шығыс Түркия маңы аймақтарын және үн жоқ, түн жоқ Сурия шөл даласын мекендеген Барақ Бейділі тайпаларының жазы-қысы вертикаль, горизанталь көшпелі тіршілігін де көргенмін.
Осы тұрғыдан келгенде, Барақ ру мен тайпаларының арғы тегі туралы аңыз әңгімелерінің мазмұны, олардың кейінгі ұрпақтары үшін бүгін ең күрделі және ең маңызды көп мәселелердің бірі болып келе жатыр!
«Мен ең соңғы көшпелі тіршілікті көрген Қазақпын» деген ұлы
тұлға Тарақты Ақселеу Сланұлы Сейдімбек, Кеңестер Одағы заманының білімін алған классик бір Қазақ ғалымы емес, ол, жаңалықтарға ашық, тарихқа шыншыл бір Түрк дүниясы профессоры еді.
Түркологияның және Түрік Әлемі этнологиясының толып жатқан мәселелері жайында, қырық сан кирил әріпімен жазылған Қазақ алфавитіне байланысты сұрақтарыма қарай түсінік мен қөзқарастырын өзіме айтар-ды.
Ақ-патша Империясында және Кеңестер Одағы Мемлекеттік шекарасында бұратана ұлт болып қала беретіндіктің дәлелі, орыс ғалымдарынан қалған жаман мирас термин сөздер, үкімдер, атаулар және алфавиттер мәселесін турасында әр уақыт әңгімелестік.
«Түрік аты астында қырық үш этнос халық бар...» деп айқан, Ақаң, сөздің расын да айтты:
«Ортақ Түрік алфавиті, ортақ Түрік тілі, жаңа ортақ термин сөздерге байланысты мәселелерді қозғау үшін үлкенді-кішілі қырық үш этносностың әр бірінен төрт-төрттен ғалымды бір араға келтіріп, соларды пайдалану арқылы жұмыс жүзеге асырылады...!», - деген еді.
Сөзбе сөз айтқанда, Ақаң, «Ұлы дала сөзінің ғылым тілінде елу төрт мағынасы бар, географиялық тілде жиырма үш мағынасы бар», - дейді.
Қазақ Әлемінің шежірелік қайнар көзі және Түрік Дүниесінің дәстүрлі көшпелілер қоғамына қатысты дәлелдерді ғалыми еңбектерінде орнықтыра алған Ақаңмен дос болып әңгімелескен жылдарымды құрметпен еске аламын.
Анадолы даласында, «Ат өлу майдан қалу, жігіт өлу даңқ қалу!» деген ұлағатты сөз бар. Жол көрсетуші үлкен тұлға, көрнекті ғалым жазушы Ақселеу Сланұлы Сейдімбек аға, Сіз, Түркия Түріктерінің де Ақаңысыз!
Эрол Гюнейлигиль мырзаға!
Қазақта «Өліге деген құрмет-тірілер үшін» деген аталы сөз бар.
Бұл сөздің мағынасы - өткен өмірдің өнегелі ісі бүгінге, бүгіннің өнегелі ісі болашаққа жалғасу керек дегенде саяды. Яғни, мәдени-рухани
сабақтастық болса ғана өмірде мағына болады, қоғамда реттілік пен үйлесім болады деген сөз.
Осы тұрғыдан келгенде, Эрол Гюнейлигиль мырза, Сіз Түрік халқының ұлы перзенті Лоханлы Хөкгеш туралы мол дерек жинап, игілігі зор еңбек тындырғансыз. Өнердің қайнар көзі халықта екенін дәлелдеп шыққансыз.
Лоханлы Хөкгеш өнері бүкіл Түркі халықтары мақтаныш етуге лайық. Өйткені, ол сан ғасыр бойы шындалған халық өнерінің аса дарынды тұлғасы. Онын өлмес өнері арқылы Түрік халқының текті мәдениетін тануға болады. Әсіресе, Газиантеп Барақ Искан үлгісін бүгінгі күнге жеткізген, сөйтіп Түрік халқының тамаша бір өнер мектебін өміршең еткен Лоханлы Хөкгеш еңбегі мен дарынына тағзым етемін. Ұлттың мерей-мәртебесін осындай тұлғалар асқақтатады.
Эрол Гюнейлигиль мырза, Түріктің бір ұлы перзентінің рухани ғұмырын ұзартқаныңыз үшін Сізге зор ризашылығымды білдіремін!
Тәңір жарылкасын! 21. 03. 2007.
Ақселеу Сейдімбек
Проф. Қ Р. Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. [11]
ӘДЕБИЕТ
1.Сүлейман Мақсұтбек, Астана айнасы Инфо– Цес 23-11-2009 No:42(1198).
2.Гюнейлигиль Эрол, Оғыз Қыпшақ Түріктері Туралы Деректер Мен Көшпелі Тайпа Мәселелері, Газиантеп 2008. 200 б.
3.Гюнейлигиль Эрол, Түрік Халық Музыкасы Газиантеп Барақ Искан Үлгісі Лоханлы Хөкгеш Туралы Деректер, Газиантеп 2003. 200 б.
4.Arsunar Ferruh, Gaziantep Folkloru, MEB, İstanbul 1962.
5.Demirel Süleyman, “Korkut Ataya Saygı”, Kazakistan’da Dede Korkut, AKM, Ankara 2000.
6.Сeйдiмbek Сланұлы Aқсeley, Қazaқ Әлемі, Санат, Aлматы 1997.
7.Andican Аhat, “Açış konuşması”, Doğumunun 70.Yıl Dönümünde Cengiz Aytmatov Uluslararası Bilgi Şöleni Bildirileri, AKM, Ankara 1999.
8.Сейдімбек Ақселеу және Эрол Гюнейлигиль. Он Жыл Cұхбаттар, ЕҰУ, Астана 1999-2009.
9.Сүлейман Мақсұтбек, Астана айнасы Инфо– Цес 28-9-2012 No:39(1350).
10. Гумилев Лев, Көне Түріктер, Алматы «білім» 1994. 480 б.
11.Акселеу Сланұлы Сейдімбектен келген хат.
III секция
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА. АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК ЖӘНЕ ҰЛТ МҮДДЕСІ
Б.С. Абдуова
Астана қ., Қазақстан
СӨЗ ТАҢДАУ ЖӘНЕ СӨЗ ҚҰБЫЛТУ (АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ МЫСАЛЫНДА)
Ақындық, оның әлемі туралы сөз болса, әрине, алдымен Абайға жүгінеміз. Ұлы Абайдың ақындық даралығын, ғажайып сөз әлемін талай-талай ғалымдар, зерттеушілер, өнер сүйер, тіл түсінер көпшілік аз айтпайды. Осы бір аса көп емес, әйтсе де мұхиттан терең мұраны М.Әуезов, Қ.Жұбанов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, І.Жансүгіров, С.Мұқанов тағы басқа да көптеген ғалымдар өз зерттеулеріне арқау етті. 1950 жылдары Абай поэзиясын талдауға профессор Қ.Жұмалиев кіріседі. Соның негізінде 1960 жылы ғалымның «Қазақ әдебиетінің тарихы және Абай поэзиясының тілі» деген еңбегі жарық көреді. 1968 жылы ғалым Р.Сыздықованың Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысын зерттеген еңбегі шығады. Осындай іргелі еңбектерден кейін де Абайтану бағытында талай зерттеу еңбектері жарық көріп келеді. Азды-көпті еңбектердің бәрінде де Абай шығармашылығының барлық қырлары ашылды деген тұжырым жоқ. Ондай пікірдің болуы мүмкін де емес. Өйткені Абайдай алыптың сөз әлеміне қалдырған мұрасы өлшеусіз. Сондықтан да болар, адамзаттың Абайы, Жамбылша айтсақ «өлең пайғамбары» қашан болса да өзінің сөз сарайымен өзгені баурайды да тұрады. Ешкімнің ойына келмейтін сөз ойлап тауып емес, көптің көкейінде жүрген ойды өзгеше айта білуімен де Абай өлеңі өз құдіреттілігін жоймай келеді. Ақынның 8 мыңнан астам өлең жолдары, 175 төл өлеңі, 55 аударма өлеңі, 3 поэмасы мен 45 қара сөзі қалды. Абай өз өлеңдерінде жүрек, адамгершілік, сөз, ғалым, білім, өлең, махаббат, ғашықтық, сезім, қыз, жігіт, ой, ел, халық, адам, жан, қазақ, тағдыр, дүние, құдай, алла, қала, бала, көңіл, мал, пайда т.б. сөздерді көп қолданады, оның үстіне бұлар түрлі эпитеттермен, теңеумен, метафора, метонимиямен келіп, ойды айшықты жеткізеді. Ал солардың ішінде еп деген сөздің ешқандай топ түрлерінсіз – ақ қолданылып, мағынасын түрліше құбылтудың ерекше айтуға болады.
Еп тәуелденеді, септеледі, -ті жұрнағын қабылдап, қатыстық сын есімге айналады да, жіктеледі. Ақын өлеңдеріндегі бұл сөздің түрлі мағынаға ауысуы – қазақ тіліндегі сөздердің қиюын келтіріп қараса, тура мағынасында тұрып-ақ көркем ой беру қабілетін дәлелдей түседі.
Мысалы:
Сұм-сұрқия, сұмдықпен еп берем деп,
Сүйер жансып, сүйкімді бет берем деп...
Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп,
Тоқтау айтқан кісіні шет көрем деп...
Аз адам шаршайды,
Ебіне көнбеске...
Амалдап қарағайды талға жалғап
Әркім жүр алар жердің ебін қамдап,... – деген үзінділердегі ең сөзін «ыңғай»-дың синонимі ретінде қабылдауға болады, яғни «сұм-сұрқия, сұмдықпен еп беру» - бір істі арам жолмен ебіне келтіру, ыңғайлау деген ойды берсе, «арамды еп көру» - арамдықты жақтау (өзіне ыңғайлы көру), оған бой ұсыну, сондықтан да тоқтау айтқан кісіні шеттету, оған жоламау деген ойға саяды. «Алар жердің ебін қамдау» - амалдап, бірді-бірге жалғап, тіршілік ететін адамдар «алатын жердің ыңғайын келтірер» деген ойды меңзейді.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап мал ізде, -
деген өлең үзіндісіндегі еп сөзі егін сөзіне ассонанс болып қана тұрған жоқ, астарлы ой мағынасын жамылып тұруымен де өзгеше. Оны мына мысалмен салыстырсақ, анық көз жеткіземіз:
Бұл шал бөтен шал емес, қыдыр еді,
Ебін тауып даруға келді кезі, -
деген үзіндідегі еп те алдыңғы ойға орайлас. Абай бұл жерде «егін салып, іс қыл, ыңғайын келтір, сауданың қыр-сырын үйрен, мал (дүние, байлық, құт деген ұғымда қолданып тұр) тап» деген ой топшылауын небәрі үш ауыз сөзбен жеткізген.
Алынған үзінділердегі «ебін тауып» - ыңғайын, сәтін келтіріп деген синонимдердің орнына буын үйлесімі сай болғандықтан сәтті жұмсалғанын аңғарамыз. Ал енді:
Ер жігіт таңдап тауып еппен жүрсін...
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер пайдасы...
Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,
Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?
деген үзінділердегі еп-тің жөні өзгеше. Мұндағы еп «ыңғайын» сөзіне синоним болып тұрған жоқ. «Таңдап тауып, еппен жүру» - ақырын, сақ, анық, қатесіз сөздерінің синонимі де, екінші үзіндідегі еп –тың сөз. «Көпсіну», «азсыну-азырқау», «жатырқау-жатсыну» деген біраз сөздерде кездесетін –сін, -сын жұрнағын еп-ке қосу – қазақ сөзжасамындағы тың құбылыс. Алайда өлең ұйқасына қарап, буын санын арттыру, не азайту, қысқарту тәсілі – бұрыннан бар амал. Абайдың жаңа сөз табудағы, өлеңнің құрылысы мен мазмұнына жасаған шеберлігі туралы қайталамай –ақ қойсақ та, «епсіну» - «ыңғайын», орайын, ебін тауып келтіру» -дің қысқартылған түрі болғандықтан, сонысымен де айшықты екенін айту ләзім. Мағжанша айтсақ, алтын хакім бұл тосын сөзбен «аз білімін көптей көріп, көп қазақты өйтіп-бүйтіп, амалдап, ебін тауып басқарса, ондайлардың кімге пайдасы тимек?» деген ойды жеткізген. Абай шығармашылығында сөз түбіріне грамматикалық норма бойынша үйлеспейтін осы тәріздес қосымшаларды жалғаудан басқа, сөз түбірін сақтай отырып, қосымшаның қазіргі (сол тұстағы да) нормаға келмейтін ерекшелігімен қысқарту әдісі болған. Мысалы, ақынның «Көкбайға» деп аталатын өлеңі бір ғана шоғырдан (тирададан) тұрады.
Бұралып тұрып,
Буыны құрып,
Қисайта тартып мұрының.
Әсемсіп, сәнсіп,
Білгенсіп, бәлсіп,
Әр нәрсенің орынын.
Керенау, кердең, бір керім,
Жақпайды маған сол жерің.
Осындағы алғашқы екі тармақ аллитерациялық тәсілге жатса, -сып жұрнағымен келген төрт сөздің соңғысы, яғни бәлсіп сөзі қысқартылған түбір күйінде өлең өлшемін шебер түйіндеп тұр. Бәлсіну сөзінің мағынасын тарқатып жатудың керегі де жоқ. Мұндағы – сіну жұрнағы – көпсіну, жатсыну, қомсыну, ұмсыну, азсыну сияқты бірқатар сөздерге жалғанатын өнімсіз жұрнақ. Сәнсіп, бәлсіп сөздеріндегі – сіп жұрнағы кісімсіп деген сөздегідей ұнамсыз қылықты адамға меңзейді. Ал керенау, кердең, керім деген үш сөз контекстік синоним жасап, өлеңді дыбысталуы жағынан да, мағыналық жағынан да жұп-жұмыр, тақтайдай тегіс шығарған. Осы тәріздес «қысқартылған түбірлі сөздер» Абайдың «Әбдірахманға» деген өлеңінде де кездеседі.
...Сыйласарлық кісіге
Түк қалмайтын сақтаған.
Бауырларын еркейтіп
Не сұраса, қақпаған.
Берілген өлең шумағындағы алғашқы жеті буынға кейінгі үш жолдағы барлық буындар сәйкестірілген (бұл өлеңнің барлық жолдары жеті буыннан тұрады). Сол себептен де болар, ұлы ақын қазақтың «еркелету, еркелетіп» деген сөздеріндегі «ерке» түбірін сақтап отырып, тіліміздегі й+тіп жұрнақтарын (үлкейтіп, кішірейтіп, бадырайтып, дабырайтып деген сөздерде кездесетін жұрнақ) түбір сөзге жалғайды. Бұл әдеби тіліміздің заңына қайшы қолданыс болады деп айта алмаймыз, өйткені негізгі ұғымды білдіретін түбір сөз сол қалпында сақталған және «еркелетіп» деген сөздің қысқартылған баламасын жасайды. Осылай болғанда ғана алдыңғы буындағы өлшемдерге дәл сәйкес келеді. Авторлық қолданыстардағы мұндай сөздер белгілі бір мақсатпен жұмсалған.
«Кәрі қой ептеп сойған байдың үйіндегі» «ептің» мағынасы өзгеше. Онда отар – отар қойдың арасынан кәрі, ауру, ақсақтарын алдырып, аз-аздап сойдырып, ет пен тамақтан қысылмай отырған бай үйінің тұрмысы мен әрекетін дәл берген.
... Ағайдың бек көп
Айтамын ептеп
Сөзімді ұғар елім жоқ...
Ептеп бағыт, есерге ем таба алмай,
Тәтті, тамақ жей алман дәмін татып, -деген үзінділердегі «еп»-тің мағынасын «ақырын», «жайлап» деген сөздерге балама бола алады.
...Не десем саған еп?
Ғашығың да қайғы жеп...
...Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Сампылдап сағым қуған бойыңа еп пе? – деген өлең жолдарындағы «еп» «дұрыс», «жарысымды» мағынасында тұр. Алайда әрі ықшам (бір ғана буын), әрі өлең ұйқасына сай келгендіктен ғана емес, бұл сөз мағыналық реңкі өзгермелі болғандықтан да ұлы ақынның қаламына жиі іліккенін аңғарамыз.
...Күнде өзімшіл ептінің
Несін адам ұстасын...
...Еңбегі жоқ еппенен мал табам деп,
Сендіре алмай, сене алмай сенделеді..., - деген үзінділерде екі түрлі мағынада жұмсалған. Біріншісінде, өзімшіл деген анықтауыш епті-ні ұнамсыз мағынаға (пысықтай, қу, өз есебін жақсы білетін дегенге) ие етсе, екіншісіндегі еп еңбегі сіңбеген, тер төкпеген жұмыс арқылы ебін тауып, байлыққа жеткісі келетін кейбіреулер осы жұмысына өзгені сендіре алмай, әрі өзі де сенімді болмай, текке әуре болады (сенделеді) деген ұзақ сонар ойды сығымдап, жұп-жұмыр етіп жеткізген.
Абай өлеңдеріндегі еп сөзі бірде қосымшасыз, бірде қосымшамен келіп, өлең өрімін, оның мағыналық реңкін сан-алуан құбылта жеткізумен ерекшеленді.
Өлең пайғамбарының сөз құбылту ашу үшін жеке сөзді образ етіп жұмсауы, синонимдер қатарынан «ептісін» таңдаудағы қарымы, қуаты, даралығы айрықша екенідігіне тағы да тәнті боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |