Құнанбаева Д.Ə


Функционалдық-құндық талдаудың (ФҚТ) мəні, пайда болу тарихы



бет32/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
шб кытап ()

Функционалдық-құндық талдаудың (ФҚТ) мəні, пайда болу тарихы


Функционалдық-құндық талдау (ФҚТ) объектінің сапасын сақтау немесе сапасын арттырумен бірге жобалау, өндіру жəне пайдалану саласында шығындарды азайтуға бағытталған ереже- лер, əдістер, процедуралардың жүйелі комбинациясы болып та- былады. Нақты айтқанда, ФҚТ өнім өз функциясын орындау бойынша шығындарды талдау технологиясы болып табылады.


Функционалдық-құндық талдаудың (ФҚТ) негізін ХХ ға- сырдың 40-жылдардың соңында Пермь телефон зауытының ин- женер-жобалаушысы Ю.М. Соболев қалады. Ю.М. Соболев əр- бір өндірісте пайдаланбаған мүмкіншіліктер болатынын ескеріп, əр детальға егжей-тегжейлі жобалау жəне жүйелік талдауды қолдану деген идеяға келді. Ол əрбір құрылымдық элементті құ- рылымның жеке бөлігін сипаттайтын деталь (материал, өлшем, ауытқулар, жіп, тесіктер жəне т.б.) ретінде қарастырды жəне функционалдық мақсатына байланысты оларды негізгі жəне кө- мекші топқа жіктеді. Негізгі топтың элементтері бөлшектер қойылатын пайдалану талаптарына сай болуы қажет. Көмекші топтың элементтері бөлшектерді, өнімдерді құрылымдық рəсім- деу үшін қызмет етеді.
Құрылымды элемент бойынша экономикалық талдау көмек- ші топ элементтері шығындарды өсіретінін жəне оларды өнімнің сапасын нашарлатпай қысқартуға болатынын көрсетті. Бөлшек- терді элементтерге бөлу нəтижесінде артық шығындар байқала бастады. Əрбір элементке жеке көзқарас жəне əр элементті іске
асырудағы қажетсіз шығындарды анықтау Ю.М. Соболев əдісі- нің негізін құрады.
Сондай-ақ ХХ ғасырдың 40-жылдарының соңында Ю.М. Соболевпен қатар американдық «Дженерал электрик» электротехникалық компаниясының инженері Лоуренс Д. Майлс ресурстарды үнемдеу саласында ұқсас зерттеу жүргізді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде əскери техникаға сұраныстың ар- туына байланысты компания инженерлері тапшы материалдар- ды алмастыратын баламаларды іздеуге жəне оларға қолданыста- ғы техникалық шарттарды, технологиялық регламентті сай бейімдеуге мəжбүр болды.
Л.Д. Майлстың жетекшілігімен мамандар тобы өнім функ-
циясын іске асырудың неғұрлым тиімді жолдарын қарастыруға негізделген өндірістік шығындарды төмендетудің жаңа əдісін құру жəне оны өндіріске енгізу бойынша зерттеу жүргізді. Бұл топ функционалдық тəсіл арқылы 4 жылда 230 өнімді талдады жəне олардың құрылымын өзгертті, нəтижесінде сол өнімді өндіру шығындары сапаны төмендетпей орташа есеппен алған- да 25 %-ке қысқарды.
1952 жылы Л.Д. Майлс бүгінгі күнде ФҚТ (VА – Vаlue аnа- lysis) деп танылатын əдісті ойлап тапты.
ФҚТ əдісін қолданудың алғашқы 17 жыл нəтижесінде (1947 жылдан бастап 1964 жылға дейін) «Generаl Electric» ком- паниясы өндірістік шығындарын төмендетіп, 200 млн долларға дейін үнемдеуге мүмкіндік алды. 1965 жылдан бастап 1968 жыл- ға дейінгі кезеңде ФҚТ бағдарламасына инвестицияланған əрбір доллар компанияға 25 долларға үнемділік əкелді.
Бірте-бірте АҚШ-та ФҚТ əдісін қолдану кеңейе бастады. 50-жылдардың басында алғаш рет бұл əдіс кеме құрылыстарын жобалау саласында қолдануға бейімделген болатын. 1976-1977 ж. ФҚТ-ның міндеттері өнімнің өмірлік циклында əзірлеу, өндіріс, пайдалану шығындарын, қызмет көрсету жəне жөндеу шы- ғындарын қоса алғанда шығындарды төмендетуге бағытталды. 1960 жылдан кейін бұл əдіс Еуропада, кейіннен Жапонияда мойындалды.

  1. жылдарда Жапонияда ФҚТ əдісі ГФР-ге қарағанда 10 есе жиі қолданылды. Жалпы ФҚТ батыс Еуропада Жапонияға қара- ғанда əлдеқайда аз таралған. Жаңа өнім өндіру барысында жа- пондық фирмалар 80-90 % жағдайларда ФҚТ-ды қолданады, ал

өнімді жетілдіру жəне жаңарту үшін 50-85 % барлық жағдайлар- да қолданылады.
ФҚТ-дың Жапонияда қарқынды дамуы бірнеше жайлармен түсіндіріледі. ФҚТ əдісі, белгілі болғандай, ұжымдық шығарма- шылық ойлауды, командалық жұмысты талап етеді. «Отбасы» принципімен жұмыс жасайтын жапондық фирмалар дəстүр бойынша осындай жұмыс стиліне дайындалған. Батыс еуропа- лықтармен салыстырғанда олар болашаққа жəне ұзақ мерзімді бағдарламаларға, жүйелік позиция бойынша күрделі мəселелер- ге көбірек көңіл бөледі.
Қазіргі кезде ФҚТ өнім жəне процестердің сапа шығында- рын талдаудағы ең танымал əдістердің бірі болып табылады.
Америкалық статистика мəліметтері бойынша, ФҚТ-ға са- лынған əрбір доллар өнімнің өзіндік құнын төмендету нəтиже- сінде 7-ден 20 долларға дейін үнемділік əкелуі мүмкін.
ФҚТ келесі пайымдауға негізделеді: кез келген өнім немесе объект белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру (өз функциясын орындауы) үшін өндіріледі жəне өмір сүреді: сағат – уақытты көрсету үшін, телевизор – видеосигналды қабылдау жəне оны кескінге түрлендіру, қарындаш – жазу немесе сурет салу үшін жəне т.б. Өнімде немесе тауарда мұндай функцияларды жасау үшін белгілі бір мөлшерде тірі жəне материалдандырылған ең- бек жұмсау қажет екені анық.
Кез келген объектіге неғұрлым көбірек көңіл бөліп қарасақ, оның бір емес бірнеше функция атқаратынын анықтауға болады. Мысалы, сағаттар ағымдағы сағат пен минуттан бөлек күнтізбе мағлұматтарды (күн, апта, ай) да көрсетуі, секундомер болуы, оятқыш сағат, сонымен қатар əшекей де болуы мүмкін. Осылай- ша, объектіде көптеген пайдалы функциялардың болуы өндіру- шіден белгілі бір көлемде шығын жұмсауын талап етеді.
Егер осы функцияларды талдайтын болсақ, олардың кейбі- реулерін негізгіге жатқызуға (объектінің басты жасалу мақсаты) болады, қалған функциялар көмекші рөл атқарады, оларсыз не- гізгі мақсатты жүзеге асыру мүмкін емес. Соңында мүлдем қа- жет емес (артық немесе кедергі келтіретін, зиянды) функциялар табылады. Мысалы, сағаттар тым ауыр немесе үлкен болып ұс- тауға ыңғайсыз болуы, телевизор адам үшін зиянды сəулелену (радиация) көзі болып табылады жəне т.б.
Дегенмен кез келген жағдайда да объектіде ол функция- ларды жасау үшін қандай да бір қаражат жұмсалған. Қорытын- дыны айқындайтын болсақ, егер функциялар қажет емес болса, онда оларды жасау үшін шығын жұмсау да артық.
Сондықтан ФҚТ барлық шығындарды келесілерге бөледі:
а) функционалдық мақсатының орындалуы үшін функцио- налды қажетті;
б) артық, дұрыс емес таңдау немесе жетілмеген конструк- торлық шешімдер арқылы жасалған.
Объектіге тəн функцияның əрқайсысы түрлі əдістемелермен орындалуы мүмкін. Мысалыға, ағымдық уақыт нұсқар тіл, цифр немесе қандай да бір басқа тəсілдер көмегімен көрсетілуі мүм- кін. Əрине, функцияларды жүзеге асыру əдістемелері əртүрлі технологиялық жəне техникалық жолдармен қол жеткізіледі жə- не соған сəйкес əртүрлі көлемдегі шығынды талап етеді. Демек, белгілі функцияны орындау əдістемесін таңдау арқылы оны құ- руға алдын ала ең төменгі шығын мөлшерін қалайды. Сондық- тан функцияларды орындау үшін қолданылып жүрген əдісті ар- занырақ əдіске ауыстыру арқылы өнім құнын төмендетуге болады.
Осылайша, ФҚТ бір уақытта артық функцияларды жоюмен бірге негізгі функцияларды орындау үшін (өндірісті ұйымдасты- рушылық, техникалық жəне басқа да өзгертулер жолымен) арзан жолдарды табуға негізделген шығындарды азайту резервтерін анықтаудың тиімді жолы болып табылады.
ФҚТ-дың түпкі мақсаты – тұтынушы мен өндіруші тұрғы- сынан неғұрлым үнемді практикалық шешімдер нұсқасын таң- дау. Осы мақсатқа жету үшін талдау көмегімен келесі міндеттер шешіледі:

    • зерттеу объектісінің жалпы сипаттамасын қамтамасыз етеді;

    • ол функцияларға бөлшектенеді жəне таңдалған функция- ларды негізгі, көмекші жəне қажетсіз деп топтастырады;

    • таңдалған функцияларға сəйкес шығындар анықталады жəне топтастырылады;

    • артық функцияларды алып тастап жəне басқа да техника- лық жəне технологиялық шешімдер қолданып, өнімді дайындау шығындары есептеледі;

    • өндірісті технологиялық жəне ұйымдастырушылық жағы- нан жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалады.

ФҚТ-дың объектілері болуы мүмкін:

    • ұйымдастырушылық жəне басқарушылық процестер мен құрылымдар, ұйымдастырушылық құрылымды құру (жетілдіру), бөлімшені басқару жүйесінде тапсырмаларды, құқықтар мен жауапкершілікті бөлу, қызметкерлердің тиімді жұмыс жасау шарттарын жасау;

    • өнім сапасы (өнім сапасының жоғарылату резервтерін анықтау, «сапа–баға» оптималды жағдайға жету);

    • өнім құрылымы (жобалау кезеңінде, өндірісті дайындау, тікелей өндірістік процесте), технологиялық жабдықтардың жə- не инструменттердің барлық түрлері, арнайы жабдықтар мен арнайы материалдар;

    • технологиялық процесс (технологиялық құжаттауды жа- сау, өндірісті технологиялық дайындау, өндірісті ұйымдастыру жəне басқару сатыларында), жəне өндірістің басқа да процестері (дайындау, «қайта өңдеу, құрастыру, қоймалық, транспорттық).

Функционалдық-құндық талдау келесі қағидаларға негізде-
леді:

  1. кəсіпорынның пайдаға бағдарлануы. Біріншіден, кəсіпо- рынның пайдасын төмендететін элементтер, факторлар мен объектілер анықталады, екіншіден, бірнеше нұсқалардың ішінен пайданың неғұрлым жоғары өсуін қамтамасыз ететін басқару- шылық шешімдер таңдап алынады;

  2. пайдалы тəсілді қолдану. Талдау барысында объектілер- дің тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеттілігі анықталады: объект орындай алатын пайдалы функциялар, оның эксплуатациялық параметрлері мен сипаттамалары. Сондай-ақ объектінің пайдалану əлеуетін бағалау деңгейі болжамданады;

  3. функционалдық (үдерістік) тəсілді қолдану. Талдау бары- сында объект қандай функцияларды орындау қажеттігі жəне шын мəнінде ол қандай функцияларды орындайтыны анықтала- ды. Объектінің барлық функциялары тұжырымдайды, жүйелейді жəне бағалайды. Функционалдық тəсіл тəсілдің пайдалылығын нақтылайды жəне дамытады, өйткені барлық анықталған функ- циялар пайдалы жəне пайдасыз деп бөлінеді. Объектінің пайда- лы функциясы оның тұтынушылық құнын сипаттайды;

  4. шығындық тəсілді қолдану. Шығын деңгейі кəсіпорын- ның табыстылығын анықтайды. Өндіріс кезінде немесе талдана- тын объектіні пайдалануда жүзеге асырылатын бизнес-процес- тер шығындармен қоса жүреді. Алайда шығындар ақталатын (қажетті) жəне қажетсіз болуы мүмкін. Талдау барысында пайдасыз шығындарды жəне оларды қысқарту немесе жою үшін шешімдерді анықтау қажет;

  5. кəсіпорын қызметіне түзетулер енгізу бойынша мини жо- балар арқылы құндық талдау нəтижелерін орындау. Осының ар- қасында соңғы практикалық нəтижеге қол жеткізіледі жəне тал- даудың өзі ұсынымдар шығару жəне есеп құрастыру бойынша шектелмеген;

  6. аналитикалық жұмыс топтарының құрамында ұжымдық шығармашылық жұмысты ұйымдастыру. Құндық талдау бойын- ша жұмыстар оларды аналитикалық жұмыс топтары (құрамына түрлі бейімділікті жəне түрлі профильдегі мамандар кіреді) орындаған жағдайда ғана тиімді болады. Бұл жаңа стандартқа сай емес шешімдерді іздеуге жəне мəселені түрлі тұрғыдан (өн- діріс, пайдалану жəне нарық талабы тұрғысынан) кешенді қарас- тыруға көмектеседі. Сонымен қатар құндық талдау саласында топ мүшелерін кəсіби дайындау маңызды болып табылады.

ФҚТ теориясы машина жасау, электртехникалық жəне элек- трондық өндіріс саласында барынша кең қолданылады. Бұл – əдістің жүйелілігіне байланысты. ФҚТ жүйелігінің күші əрбір зерттелетін объектіде сапа, сипаттама жəне шығын арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді.
ФҚТ-дың үш нысаны бар:

  1. Түзетуші (бұрын пайда болған онімдерді жетілдіруде пай- даланылады).

  2. Шығармашылық (жаңа өнімді жобалау кезінде қолданы- лады).

  3. Терістелген (өнімдерді қолданудың жаңа саласын іздеу кезінде қолданылады).





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет