Құнанбаева Д.Ə


Шығынсыздық нүктесі жəне оны есептеу əдістемесі



бет58/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
шб кытап ()

Шығынсыздық нүктесі жəне оны есептеу əдістемесі


Шығынсыздық нүктесінің (ағылш. breаk-evenpoint– BEP) экономикалық мəні кəсіпкердің пайдасы нөлге тең болатын өнімнің сыни өндіру немесе сату көлемі болып табылуында. Пайда – ол жалпы табыстардың (TR – totаlrevenue) жəне шы-


ғындардың (TC– totаlcost) арасындағы айырма болып табылады. Шығынсыздық нүктесінде табыстар шығындарды жабады. Шы- ғынсыздық нүктесінен асу кəсіпорын пайда алып жатқандығын, ал төмен болу кəсіпорын шығынға ұшырап жатқандығын білді- реді.
Шығынсыздық нүктесі компанияның қаржылық жағдайын анықтау барысында маңызды көрсеткіштердің бірі болып табы- лады. Шығынсыздық нүктесінен өндіріс жəне сату көлемінің асуы компанияның қаржылық тұрақтылығын анықтайды. Сон- дай-ақ ВЕР мөлшері компанияның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін маңызды болып табылады. Мысалы, егер ВЕР мөлшері өсетін болса, бұл жағдай пайда алумен байланысты мə- селелер бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар ВЕР кəсіпорын- ның өсуімен бірге өзгереді, бұл тауар айналымының ұлғаюына, сатылым желісін жетілдіруіне, бағаның өзгеруіне жəне басқа да факторларға байланысты.
Жалпы айтқанда, кəсіпорынның шығынсыздық нүктесін есептеу келесілерге мүмкіндік береді:

  • жоба тек қана келесі сатылым көлемінен өтелетінін ескере отырып, соған ақша салмау немесе салуға болатынын анық- тауға;

  • кəсіпорында уақыт бойынша ВЕР-дің өзгеруімен байла- нысты мəселені анықтауға;

  • өнімнің сату көлемі мен бағасының өзгерісін есептеуге, яғни егер де тауардың бағасы өзгерсе немесе керісінше өзгеріс- сіз қалатын болса, қалай өнімнің сату/өндіру көлемін өзгерту ке- рек екендігін анықтауға;

  • шығынға ұшырамау үшін түсімді қаншалықты деңгейде төмендетуге болатынын анықтауға (егер нақты табыс есептелген табыстан жоғары болатын болса).

Шығынсыздық нүктесін есептеу үшін шығындарды айны- малы жəне тұрақты деп бөлу қажет (шығындардың осы түрлері жөнінде жіктелімі 2-бөлімде сипатталған).
Тұрақты шығындар – өндіріс көлеміне (сату көлемі) байла- нысты емес шығындар. Оған: аммортизациялық аударымдар, əкімшілік-басқару персоналының негізгі жəне қосымша еңбек ақысы (аударымдармен бірге), жалдау төлемі жəне т.б. Тұрақты шығындардың өзгеруіне келесі факторлар əсер етеді: өндірістік
қуаттың (өнімділіктің) өсуі/төмендеуі, өндірістік цехты ашу/жабу, жалдау құнының төмендеуі/жоғарылауы, инфляция (ақшаның құнсыздануы) жəне т.б.
Айнымалы шығындар – əрбір өнім бірлігін қосымша өнді- румен (қосымша сатумен) бірге өседі Оларға: негізгі жəне қо- сымша материалдар, керек-жарақтар, жартылай фабрикаттар, технологиялық қажеттіліктерге отын жəне энергия, негізгі жұ- мысшылардың негізгі жəне қосымша еңбек ақылары (аударым- дармен бірге) жəне т.б. Өнімді өндіру жəне сату көлемі жоғары болған сайын айнымалы шығындардың сомасы да жоғары бо- лады. Өнім бірлігіне жұмсалған айнымалы шығындар өндіріс көлемінің өзгеруімен байланысты өзгермейтінін білу маңызды болып табылады. Өнім бірлігіне кеткен айнымалы шығындар шартты тұрақты болып табылады.
Шығынсыздық нүктесін есептеудің графикалық жəне мате- матикалық тəсілдері бар. Оларды толығырақ қарастырсақ.
Шығынсыздық нүктесін графикалық тəсілмен есептеу.
«Шығын – өндіріс көлемі – пайда» арасындағы өзара қарым- қатынасты талдау барысындағы шарттарды (11.1-бөлім) ескере отырып, СVР-талдауды графикалық əдіспен 11.1-сурет мыса- лында көруге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет