Құнанбаева Д.Ə



бет23/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69
шб кытап ()

Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалар:

  1. Өнімнің экономикалық өмірлік цикліне (ЭӨЦ) түсініктеме беріңіз. Оның құрылымы мен негізгі параметрлерін сипаттаңыз.

  2. Өнімнің тұтыну бағасындағы шығындардың мөлшеріне оның ЭӨЦ құ- рылымы мен параметрлері қалай əсер етеді?

  3. Өнімнің ЭӨЦ кезеңдері бойынша шығындарды есептеу əдістемесінің ерекшелігі неде?

  4. Шығындарды басқару жүйесінде еңбекті техникалық нормалау əдісінің рөлін көрсетіңіз. Неге бұл əдісті жаппай жəне ірі сериялы өндірісте қолдана- ды? Мысал келтіріңіз.

  5. Тəжірибелік-статистикалық нормалауды қандай жағдайда қолдану тиімді болып саналады. Мысал келтіріңіз.

  6. Өнімнің ЭӨЦ-нің қандай кезеңдерінде шығындарды эвристикалық не- месе математика-статистикалық əдістермен есептейді?


      1. тарау


МАРКЕТИНГТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


    1. Кəсіпорынның маркетингтік қызметіндегі шығындардың ерекшеліктері


Нарықтық экономикада кəсіпорынның маркетингтік қызметі оның аса маңызды функционалдық қызметі болып табылады жə- не оны жүргізу шығындары кəсіпорынның табысты қызмет етуі мен дамуының негізін құрайды.


Маркетинг қызметі – қолданбалы ғылыми зерттеулері мен жобалық жасалымдардан бастап өнімді өткізу жəне сатудан ке- йінгі сервиске дейін – басты мақсатқа бағынулы: өнімді тұтыну- шылардың үнемі даму үстінде болатын талаптарын анықтау жə- не қанағаттандыру. Осыған байланысты маркетинг қызметі кəсіп- орынның барлық қызметіне əсер етеді жəне оның шығындарына алып келеді.
Кəсіпорынның маркетингтік қызметіне кететін шығындар бірқатар ерекшеліктерге ие болып келеді. Тауардың əртүрлі өмірлік цикл кезеңдеріндегі маркетингтік қызметіне кеткен шы- ғындардың сипаты 5.1-кестеде көрсетілген.
Маркетингтік қызметіндегі шығындардың ерекшелігі тө- мендегідей:

  • маркетингтік шығындарының міндеттілігі. Егер маркети- нгтік зерттеулер мен нарықтық маркетингтік талдауға, баға құру саясатын жүргізуге, тұтынушыға дейін тауарды жеткізу арнасы- ның құрылымына, жарнама мен өнімді өткізуді ынталандыруға шығындар жұмсалмайтын болса, онда маркетинг қызметі мүл- дем жоқ болып есептеледі, ал кəсіпорын қызметі кері салдары пайда болуына байланысты тиімсіз болады;

  • маркетингтік шығындарының жүйелілігі (тұрақтылығы). Өндірістік шығындарға қарағанда маркетингтік шығындары тұрақты жəне тұрақсыз болуы мүмкін. Маркетингтік зерттеулер- ге, жаңа тауар тұжырымдамасын жасап шығаруға, жарнамаға

жұмсалатын шығындар тауардың бастапқы өмірлік циклінде жүзеге асырылады жəне тұрақсыз сипатта болуы мүмкін. Мы- салы, жарнамаға жыл бойы біркелкі түрде бөлінген шығындар бірнеше жинақталған түрде өткізілген жарнамалық науқандарға қарағанда төмен нəтиже беруі мүмкін.
Маркетингтік қызметтің тұрақты шығындарына сол қызмет- пен айналысатын персоналдың еңбекақысы, маркетинг қызметі- нің өкілдік шығындары, жарнамалық құрал-жабдықтарды жұ- мыс күйінде ұстау жəне қолдану шығындары, əкімшілік шы- ғындар, салық төлемдері жəне т.б жатады;

  • маркетингтік шығындардың инвестициялығы. Экономи- калық тұрғыдан маркетингтік шығындарды инвестициялық жə- не ағымдағы деп бөлуге болады. Инвестициялық шығындарға пайдасын бірнеше шаруашылық цикл мерзімінде алуға жоспар- ланатын шығындар жатады. Оларға технологиялық құрал-жаб- дықтарды, лицензия мен технологияны сатып алуға, логотиптер мен саудалық белгілер жасауға жұмсалатын шығындар жатады. Бухгалтерлік есеп ережесіне сай, маркетинг қызметіне кететін шығындар ағымдық кезеңнің шығындарына жатады жəне ағым- дық шығындар болып есептеледі.



5.1-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет