Құнанбаева Д.Ə


Кəсіпорынның маркетингтік шығындарының құрамы



бет25/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69
шб кытап ()

Кəсіпорынның маркетингтік шығындарының құрамы


Кəсіпорында маркетингтік қызметін жүзеге асыру шығын- дары келесілерді қамтиды:



  • зерттеу аналитикалық жұмыстарымен байланысты шы- ғындар;

  • мақсатты сегмент таңдау жəне нарықта тауарды орнықты- румен байланысты шығындар;

  • өнім бойынша шешімдер кешенін əзірлеу шығындары;

  • кəсіпорынның баға саясатын құру шығындары;

  • тауарды тарату (тауарды өткізу каналдарының құрылы- мын жəне тауар қозғалысы саясатын əзірлеу) шығындары;

  • тауар қозғалысы шығындары;

  • маркетингтік қызметін басқару шығындары (маркетингтік бағдарламаны жоспарлау, ұйымдастыру, есепке алу, бақылау, талдау).

  1. Зерттеу-аналитикалық қызметті жүзеге асыру шығында- ры. Сыртқы орта жағдайын, тұтынушы қалауын, нарықта қалып- тасқан тенденцияларды білу үшін кəсіпорынға ақпарат керек. Бұл мəселені шешу бойынша шығындар төменгідей болуы мүм- кін:

  • ағымдағы маркетингтік ақпарат шығындары;

  • маркетингтік зерттеу шығындары;

  • аналитикалық жобалау жүргізу шығындары;

  • өзге де шығындар (компьютерлер, бағдарламалар, пер- соналды оқыту, мəлімет базасын жаңарту жəне т.б.).

Сыртқы ағымдағы маркетингтік ақпарат жинау жүйесі бас- шыларды коммерциялық ортаның соңғы жағдайларымен хабар- дар етеді.
Бұл ақпарат келесі шығындарды құрайды:

  • кітаптар, журналдар, газеттер мен арнайы жарияланым- дарға шығындар;

  • нақты жағдайды анықтау мен ол туралы хабарлау бойын- ша персоналды оқыту мен сыйақылау шығындары;

  • сыртқы ағымдағы ақпаратты жинауға жауапты мамандар- ға шығындары;

  • дистрибьютерлер мен бөлшек саудагерлерді ақпарат бер- гені үшін сыйақылау шығындары;

  • арнайы көрмелерге бару шығындары;

  • сыртқы ағымдағы ақпаратты жеткізушілерден мəлімет алу шығындары жəне т.б.

Ішкі ағымдағы маркетингтік ақпаратты жинаудың негізгі шығындары – бұл ішкі есептік жүйені жобалау мен дайындау. Кез келген кəсіпорында ағымдық өнімді өткізу, шығындар, ма- териалдық қорлар көлемі жəне т.б. көрсеткіштерді сипаттайтын ішкі есебі болады. Бұл бағыттағы шығындардың негізгі түрлері келесідей:

  • маркетинг мақсатына қажетті ақпаратты керекті түрде алуға мүмкіндік бере алатын арнайы компьютерлік бағдарлама- ларды құру шығындары;

  • осы ақпаратты дайындау жəне оған кəсіпорынның қызы- ғушылығы бар қызметкерлеріне жіберу шығындары.

Өте жиі жағдайларда маркетологтарға нарықтық жағдайды тереңірек зерттеу керек болады, сол үшін маркетингтік зерттеу жүргізілуі мүмкін.

  1. Маркетингтік зерттеу жүргізу кезінде кəсіпорында мүм- кін туындайтын негізгі шығындарды қарастырайық. Кəсіпорын маркетингтік зерттеу жүргізу мəселесін келесідей шеше алады:

  • маркетингтік зерттеуді өз бетінше жүргізу;

  • маркетингтік зерттеу жүргізуді арнайы ұйымға тапсыру;

  • маркетингтік зерттеуді жартылай өз бетінше, жартылай басқа ұйымдар көмегімен жүргізу;

Бірінші жағдайда маркетингтік зерттеулер шығындары кəсі- порынның оны жүргізуге кеткен қаржысына тең болады; екінші жағдайда сыртқы ұйымның ұсынған смета бойынша шығын- дары мен маркетингтік зерттеу жүргізгені үшін сыртқы ұйымға төленетін сыйақы сомасына тең болады. Үшінші жағдайда шы- ғындар сыртқы ұйымның араласу деңгейі мен кəсіпорынның өз күшімен орындалған жұмыс көлеміне байланысты болады.
Маркетингтік зерттеуді өз күшімен жүргізу кезінде кəсіпо- рында ақпарат жинауға байланысты шығындар туындауы мүм- кін. Олар жинайтын ақпарат түріне, зерттеу жүргізу əдісіне, зерттеу құралына, аудиториямен қарым-қатынас жасау тəсіліне байланысты болады.
Екінші реттік ақпаратты (бір жерде бар, бұрын басқа мақ- сатпен жинақталған ақпарат) жинағанда зерттеу шығындары бастапқы ақпаратты жинағандағы шығындардан аз болуы мүм- кін. Екінші реттік ақпарат əдетте арзан жəне қолжетімді болады. Екінші реттік ақпаратты жинау шығындары келесілерді құрауы мүмкін:

  • екінші реттік ақпаратты сатып алу шығындары – мемле- кеттік мекеме шығарылымдары, мерзімдік шығарылымдар, кітаптар, коммерциялық ақпарат (мысалы, нарықты шолу), ішкі ақпарат көздері (есептер, баланс жəне т.б.);

  • екінші реттік ақпаратты жинаумен айналысатын маман- дардың еңбекақы шығындары.

Бірақ екінші реттік ақпарат ескірген немесе нақты болмаған жағдайда кəсіпорын бастапқы ақпаратты жинауы мүмкін. Ал- ғашқы ақпарат – белгілі бір мақсатта алғаш рет жиналған ақпа- рат. Бастапқы ақпаратты жинау шығындары келесілерді құрауы мүмкін:

  • бастапқы ақпаратты жинаумен айналысатын мамандардың еңбекақы шығындары;

  • жұмыс құжаттарды тираждау шығындары (басып шығару, материалдар шығысы, аудио жəне видео, қағаз);

  • аудиториямен байланыс жүйесі шығындары (ұялы байла- ныс қызметі, пошталық шығын, интернетке шығын);

  • зерттеу құралдары шығындары (анкеталарды тираждау, механикалық құралдар сатып алу).

Маркетингтік зерттеу шығындары бастапқы ақпаратты жи- нау əдістеріне байланысты болады. Бастапқы ақпаратты жинау- дың негізгі үш əдісі болады: байқау, эксперимент, сауалнама.
Байқау бұл зерттеуші адамдар тобының əрекеттерін жəне болып жатқан жағдайларды тікелей байқау жолымен бастапқы ақпаратты жинау əдісі. Бұл əдісте зерттеуші еңбекақысына, бай- қауды жүргізу құралдарына байланысты шығындар туындауы мүмкін.
Эксперимент – жағдайлар арасындағы байланысты анықтау мақсатында зерттеудің кейбір процестерге белсенді араласуы арқылы бастапқы ақпаратты жинау əдісі. Эксперимент жүргізу барысында пайда болған шығындарға эксперимент жүргізуге қа- жетті материал мен жабдықтарға жəне эксперимент жүргізетін мамандардың еңбекақы шығындары жатуы мүмкін.
Маркетингтік сауалнама – қандай да бір тауарға қатысты адамдардың субъективті ой-пікірін, қалауын білу арқылы бас- тапқы ақпаратты жинау əдісі. Сауалнама шығындарына интер- вьюерлер еңбекақысы, сауалнама жүргізу үшін қажет жабдық- тар, материалдар шығыны жатуы мүмкін.
Жиналған ақпаратты өңдеу мен талдауға байланысты шы- ғындар келесіні құрайды:

  • жиналған ақпаратты өңдеу мен алынған нəтижеге талдау жасайтын мамандардың еңбекақы шығындары;

  • ақпаратты өңдеу мен талдау барысында қолданылатын жабдықтар шығындары.

Аналитикалық есепті дайындау мен алынған нəтижені ұсы- нумен байланысты шығындар шамалы болуы мүмкін. Олар зерт- теу нəтижесі мен алынған қорытындыларды ұсынуға (мысалы, арнайы құжат ретінде зерттеуді рəсімдеу, компьютерлік пре- зентация жасау жəне т.с.с.) кеткен шығындарды құрайды.

  1. Өнім бойынша шешімдер кешенін құрумен байланысты шығындар. Жаңа тауарды жасау барысында фирмада келесідей шығындар туындауы мүмкін:

  • тауар дизайнын жасаумен байланысты шығындар;

  • тауар орамасының дизайнын жасаумен байланысты шы- ғындар;

  • тауар маркасын жасау жəне пайдаланумен байланысты шығындар (тауар маркасын жасау, оны патенттеу);

  • өнім бойынша менеджердің еңбекақысы;

Жаңа тауарды жасау үдерісінде жаңа тауар идеясын талдау мен іріктеу, одан кейін алынған идеяларды тауарларды жоба- лауға айналдыру жəне оның жүзеге асырылуын тексеру қажет. Мамандар тауардың негізгі параметрлерін: қасиетін, сапасын, жалпы түрін анықтайды. Сондықтан жиналған материалды баға- лайтын мамандар тартылуы мүмкін, яғни мамандардың еңбек- ақысын төлеуге байланысты шығындар пайда болады.
Тауар идеясын (түпкі ойды) таңдағаннан кейін нарыққа шы- ғу бойынша маркетингтік стратегияны құру жəне өндіріс пен өт- кізу мүмкіндіктерін талдау қажет. Қызметтің аталған түрлері маркетинг саласында мамандарды, сонымен қатар экономистер- ді, технологтарды тартуды талап етеді. Осы кезеңде туындайтын мамандардың еңбекақы шығындары маркетингтік шығындары- на жатқызылуы мүмкін.
Жаңа тауарды жасау үдерісінде маркетинг саласындағы мамандар жаңа тауардың дизайны, тауар маркасын қолдану жə- не тауар қаптамасының дизайны туралы шешім қабылдайды. Сонымен қатар жаңа тауарды жасаумен байланысты шығындар- ға тауар мен тауардың қаптама дизайнын, тауар маркасын жа- саудағы жəне оны патенттеуге кеткен шығындарды жатқызуға болады.

  1. Кəсіпорынның баға саясатын құрумен байланысты шы- ғындар. Кəсіпорынның өз тауарына белгілейтін бағасы, аталған тауардың сұранысына елеулі түрде əсер етеді, ал ол сəйкесінше, оны өткізуден түскен түсімнің көлеміне əсер етеді. Жеңілдіктер де көтерме жəне бөлшек саудагерлерді ынталандыру жүйесі ре- тінде маңызға ие. Жеңілдіктердің дұрыс ойлап табылған жүйесі делдалдарға, сатып алушыларға жəне жалпы кəсіпорын тауарла- рын өткізу көлеміне жағымды ынталандыру ықпал етуі мүмкін. Тұтынушыларға ұсынылатын жеңілдіктер маркетингке жұмса- латын шығындардың түрі ретінде, оларды ұсынудағы жоғалту- лар ретінде қарастырылуы мүмкін.

Баға саясатын жəне жеңілдіктер жүйесін қалыптастырумен байланысты шығындар, аталған мəселені шешумен айналыса- тын персонал еңбекақысы, əртүрлі кеңесшілер жəне мамандар-
ды тартумен, оған қоса жеңілдіктерді ұсынудағы жоғалтулардан қалыптасуы мүмкін.

  1. Тауарды таратумен байланысты (тауарды өткізу канал- дардың құрылымын жəне тауар қозғалысы саясатын құру) шы- ғындар.

Тауарды өткізу жүйесі маркетингтік саясаттың маңыздыла- рының бірі болып табылады. Өткізу саясатында тиімді пайда- ланған жағдайда күмəнсіз тауардың қолжетімділігін қамтамасыз ету есебінен фирманың табысы көбейетіндей, оңтайлы өткізу каналын таңдау мəселелері, тауарды өткізу əдістері қарасты- рылады.
Тауарды тарату жүйесін қалыптастыру барысында кəсіпо- рын бірнеше мəселелерді шешеді:

  • тауарды өткізу каналының құрылымын қалыптастыру;

  • тауарды өткізу каналының қатысушыларын іріктеу;

  • тауарды өткізу каналының қатысушыларын ынталандыру;

  • тауарды өткізу каналының қатысушылары қызметін ба- ғалау.

Алғашқы екі мəселені шешу барысында кəсіпорында əртүр- лі кеңесшілер мен мамандарды тартумен байланысты шығындар туындайды.
Арна қатысушыларын ынталандыру. Делдалдарды өз мін- деттерін жақсы орындау үшін тұрақты түрде ынталандырып отыру керек. Мұнда, кəсіпорында бірлескен жарнаманы есепке алу, бонус, сыйлық (премия) ұсыну арқылы делдалдарды ынта- ландыру шығындары туындауы мүмкін.
Дистрибьюторлармен жұмыс жүргізу шығындары. Кəсіпо- рын дистрибьюторлармен тиімді жұмыс жасау үшін маркетинг- тік қызметі шеңберінде дистрибьюторлармен жасалатын жұмыс- ты жоспарлау бойынша бөлім құра алады. Аталған бөлім дист- рибьюторлардың қажеттіліктерін анықтаумен, сауданы ынта- ландыру бағдарламасын əзірлеумен айналысады.
Дистрибьюторлардың қызметін бағалаумен байланысты бо- латын шығындар, олардың қызметі туралы ақпаратты өңдеумен байланысты болуы мүмкін: өнімді өткізу көлемі, қоймадағы та- уар қорларының деңгейі, тауарды тұтынушыларға жеткізіп беру жылдамдығы жəне т.б. Сонымен қатар бұл шығындар да маман- дардың еңбекақысымен байланысты.

  1. Тауарлар қозғалысы шығындары. Тауарлар қозғалысы де- геніміз потенциалды тұтынушыларға өнімнің артықшылықтары туралы ақпаратты жеткізу жəне оларды тауарды сатып алуға ынталандыру бойынша түрлі іс-əрекеттердің жиынтығы.

Маркетингтік коммуникацияның құралдарына жарнама, өт- кізуді ынталандыру, PR (халықпен қатынас), жеке сатылым, көрме іс-шарасы жатады.
Жарнама шығындары – тиісті нарықта тауардың қозғалысы үшін тұтынушыларға мақсатты ақпараттық əсер ету шығын- дары. Оларға кіретіндер:
жарнаманы өткізу (көрнектілік) шығындары:

  • теледидарларда;

  • баспасөзде (журнал, газет);

  • радиода;

  • жарықтандырылған жəне басқа да сыртқы жарнама үшін;

  • коммерциялық қызметпен байланысты басқа да жарнама- ларды өткізу үшін;

жарнаманы шығару шығындары:

  • сатып алу, өндіру, көшіру, қайталау, кино, видео, диа- фильмдер жəне т.б.;

  • стенд, жарнамалық щиттер мен көрсеткіштерді өндіру;

  • сату көрмелерді, үлгі бөлмелерді көрнекілеу;

  • жарнамалық өнімдерді əзірлеу жəне жариялау (плакаттар, проспектілер, көрнекті прейскуранттар жəне т.б.);

  • этикеткалардың нобайларын, түпнұсқа жəне фирмалық пакеттердің үлгісін дайындау, сувенирлерді сатып алу жəне өн- діру, т.б.;

  • жарнаманы жасау жəне жарнамалық қызметпен айналыса-

тын мамандардың еңбекақысы; жарнамаға кеткен өзге де шығындар:

  • жарнамалық материалды сақтау, жөнелту;

  • көрмеге қойып көрсету кезінде өзінің бастапқы сапасын жартылай немесе толығымен жоғалтқан тауарлардың бағасын арзандату.

Тауарды өткізуді ынталандыру – қызмет көрсету мен өнім- дердің сатылымына бағыттаған қысқа мерзімді сыйақылау ша- ралары. Егер жарнама тауарды сатып алуға талап етсе, тауар өт- кізілімін ынталандыру оны дəл қазір сатып алуды талап етуге
негізделген. Сатылымды ынталандыру тұтынушаларды, сауда- ны, кəсіпорынның сатушыларын ынталандыру болып табылады.
Сатылымды ынталандыру шығындары:

  • тегін үлгілермен қамтамасыз ету;

  • купондарды, жеңілдіктер жəне жарты бағамен беру, пакет- тік сатылымдарды төмен бағамен беруді қолдану;

  • сыйлықтар (сатушылар мен тұтынушыларға), тұрақты тұ- тынушыларды сыйақылау;

  • жарнамасы бар сувенирлер;

  • тұтынушыларға ақша, тауар, саяхат сияқты бір нəрсені ұтып алуға мүмкіндік беретін ойындар мен жарыстар жүргізуге кеткен шығындар;

  • өнімді сату орнында плакаттарды ілу, үлгілерді көрсету шығындары жəне т.б.

Жеке сатылым деп тауарды сату мақсатында бір немесе бір- неше əлеуетті тұтынушылармен қатынасуда сол тауарды ауыз- ша презентациялауды айтуға болады. Бұл өнімді сатудың белгілі сатыларында өнім қозғалысының ең тиімді құралы, əсіресе тұ- тынушыларда ұсынылған тауарға (біріншіден, өндірістік бағыт- тағы өнімге) жақсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында. Бірақ бұл əдіс тауар қозғалысының ең қымбат əдісі болып табылады: мысалы, американдық фирмалар жарнамаға қарағанда жеке са- тылымға үш есе көп қаражат жұмсайды.
Жеке сатылымды ұйымдастыруға кететін шығындар:

  • сату агенттерін іздеу мен іріктеу;

  • сату агенттерін оқыту;

  • сату агенттерінің еңбекақысы;

  • сату агенттерінің жұмысын бақылау шығындары.

Маркетингте көрнекті орынды көрмелер алады. Прессада өндірістік тауарлар туралы жарнамалық хабарландыруға қара- ғанда кəсіби көрмелік іс-əрекет маңыздырақ рөл атқарады.
Көрмеге қатысуға байланысты негізгі шығындар:

  • тіркеу алымы (көрмеге қатысу құқығы үшін);

  • фирма өкілдерінің (стенд жасаушыларының) еңбекақысы;

  • стенд жасау шығындары;

  • үлестірме материалдарына кететін шығын (парақтар, сый- лыққа берілетін буклеттер, кітаптар);

  • көлік шығындары (үлестірме материалдарын, көрмелік құрал– жабдықтарды, үлгілерді, қызметкерлерді жеткізу);

  • пресс-конференцияларды өткізуге кеткен шығындар;

  • қызметкерлерді орналастыру шығыны (егер көрмелер бас- қа қалада немесе басқа елде өткізілетін болса).

Қоғаммен байланыс (PR) фирма жəне оның өнімдері тура- лы жақсы пікір қалыптастыру арқылы, келеңсіз оқиғалар мен сыбыстарды жою арқылы əртүрлі мемлекеттік жəне қоғамдық құрылымдармен жақсы қарым-қатынасты құруды білдіреді.
Қоғаммен байланысқа кеткен шығындар мыналарды құрайды:

  • прессамен байланысты орнату шығындары;

  • ақылы мақалалар (тұлғаларға, тауарларға, қызметтерге на- зар аударту үшін БАҚ-да танымдық мəліметтерді орналастыру);

  • пресс-релизді жариялау шығындары;

  • пресс-конференцияларды ұйымдастыру шығындары;

  • корпоративтік басылымды шығару шығындары (ішкі – қызметкерлерге арналған жəне сыртқы – сатып алушылар мен қоғамдық бірлестіктерге жəне т.б. арналған).

  1. Маркетингтік қызметін (жоспарлау, ұйымдастыру, есепке алу, бақылау жəне талдау) басқару шығындары. Маркетингтік қызметінің негізгі құраушыларын жоспарлау, енгізу үшін, олар- ды есептеу мен бақылау үшін, қызметтің осы түрлерін орындай алатын білікті қызметкерлер керек. Қызметтің осы түрлерімен айналысатын жұмысшылар маркетингтік қызметті (бөлімді) құ- райды. Сондықтан маркетинг аясындағы қыметкерлерге кететін шығындар пайда болады.

Кəсіпорын барлық маркетингтік жұмыстарды өзіне ала ала- тын маркетингтік қызмет құрылымын құру керек.
Шағын кəсіпорындарда барлық маркетингттік жұмыстар бір ғана адамға жүктелуі мүмкін. Оған маркетингтік зерттеу, жар- нама т.б. айналысуға тура келеді. Егер кəсіпорын үлкен болса, маркетингтік қызметтермен айналысатын əдетте бірнеше маман болады. Əрбір кəсіпорын өзінің маркетингтік мақсатына ең жақ- сы жолдармен жеткізетін маркетинг бөлімін құрады.
Кəсіпорынның маркетингтік іс-əрекетін жүзеге асырумен байланысты персоналына маркетинг бөлімінің қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар басқа да ресми түрде маркетинг жө- ніндегі басшыға бағынбайтын қызметкерлер де жатады. Мыса- лы, егер баспасөз қызметі PR-акцияларын жүзеге асыруға қаты- сатын болса, осы қызметтің шығындарын (соның ішінде пер-
соналға кететін шығындар) маркетинг шығындарына жатқызуға болады. Жалақы жəне жалақы қорынан жасалатын аударымдар- дан басқа персоналға кететін шығындарға ынталандыратын əр- түрлі төлемдер, жеңілдіктер жəне т.б. жатады.
Маркетинг аясында қызмет ететін персоналға кететін шы- ғындар мыналар:

  • жұмыскерлердің жалақысы;

  • жұмыскерлердің жалақысынан жасалатын аударымдар;

  • жұмыскерлерге берілетін сыйақы мен бонустар;

  • мерзімнен тыс жұмыстың ақысы;

  • қызметкерлерге бір рет берілетін төлемақы;

  • қызметкерлерді сақтандыру шығындары;

  • қызметкерлерге жұмсалатын басқа шығындар (мысалы, та- мақ ішуге дотациялар, тегін медициналық көмек жəне т.б.).

Аталған шығындар толығымен өнімнің өзіндік құнына кіру мүмкін немесе пайдадан төленеді (басшыларға бонустар).
Сонымен қатар қызметкерлерге кететін шығындарға барлық маркетингтік қызметтің жұмысын, оның бөлек бағыттарын рет- тейтін мамандардың еңбекақысы жатады. Ең алдымен, бұл мар- кетингтік қызметі басшысының, əртүрлі бағыттардың, топтар- дың басшыларының жалақысы жəне т.с.с.
Маркетингтік қызметінің шаруашылық шығындары да бола- ды. Оларға жататындар:

  • маркетингтік зерттеулермен жəне жарнамалық акциялар- ды жүргізумен байланысты іс-сапар шығыстары (мысалы, қыз- меткерлердің əртүрлі аймақтардағы жергілікті нарықты зерттеу іс-сапарлары жəне т.б.);

  • қызметкерлерді оқыту (маркетингтік қызметі қызметкер- лерінің біліктілігін арттыру кəсіпорынның табысты іс-əрекетінің басты шарттарының бірі);

  • мамандардың кеңесі (кəсіпорын мамандарды зерттеу жұ- мыстары үшін ғана емес, сондай-ақ ағымдық жағдайды талдау, ағымдық аналитикалық ақпаратты алу үшін тартады);

  • өкілдер шығыны;

  • байланыс шығындары (телефондық сөйлесулер, интернет жəне т.б.);

  • маркетингтік қызметке арналған канцелярия мен басқа да шаруашылық шығындар;

  • жарнамалық құрал-жабдықтарды ұстауға жəне жөндеуге кететін шығындар;

  • жарнамалық құрал-жабдықтардың амортизациясы (көпте- ген кəсіпорындар жарнамалық акцияларды жүргізу үшін жөн- деуді қажет ететін жəне қалпында ұстауға шығындарды қажет ететін жарнамалық құрал-жабдықтарды сатып алады. Осы негіз- гі активтерге амортизациялық аударым жүргізіледі);

  • ғимараттарды жөндеу жұмыстары (маркетингтік қызмет- керлер жұмыс жасайтын жəне жарнамалық құрал-жабдықтар сақталатын ғимаратқа кəсіпорын ұдайы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады);

  • ғимараттарды қалпында ұстау (бұл шығын маркетингтік істің бағытына қарамай жүргізілуі мүмкін);

  • басқа шаруашылық инвентарь;

  • маркетингтік қызметте қолданылатын автокөлікті жөндеу- ге, жанар-жағар майға кететін шығын.

Сондай-ақ маркетингтік қызметті жүргізу кезінде кəсіпо- рындарда келесідей шығындар болуы мүмкін:

  • мүлік салығы;

  • жарнамаға салығы.

Қатаң бəсекелестік жағдайда маркетингтік шығындар өседі. Бұл өсім кəсіпорынның маркетингтік кешенінің барлық қызметі- мен байланысты болуы мүмкін.
Бар тұтынушыларды ұстап қалу жəне жаңаларды тарту үшін кəсіпорын жарнамаға (соған орай жарнамаға салық өседі) жəне сатылымды ынталандыруға көп шығын жасайды, сатып алу- шыларды зерттеу жəне олардың қалауларын анықтау үшін көбі- рек қаражат жұмсайды. Маркетингтік шығындарының көбеюі кəсіпорынның барлық шығындарының өсуіне жəне өткізілген өнімнің жалпы түсімінде пайданың үлес салмағының төменде- уіне алып келеді.
Сатылымның өсуі пайданың өсімімен бірге жүру қажет.
Маркетингтік шығындары кəсіпорынға өнімді өткізуге көмекте- суі керек. Маркетингтік шығындарының көлемі мен құрылымы туралы шешімдерді кəсіпорынның басшылары қабылдауы тиіс. Сонымен кəсіпорын басшылығы маркетингтік қызметінің шы- ғындарына назар аударуы жəне оларды басқаруы тиіс.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет