Құнанбаева Д.Ə



бет36/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69
шб кытап ()

«Жібек» ААҚ сапа шығындары туралы мəлімет



Шығын түрлері

Сомасы, мың тг

1

2

Дайын өнімді соңғы бақылау

45000

Жөндеу жəне қайта жасау

7 000

Бақылауға жəне сынауға арналған материалдар

3700

Өнім сапасын бағалау үшін пайдаланылатын өндірістік
жабдықтарды тексеру жəне техникалық қызмет көрсету

9 600

Ақау өнімдерді түзету

10 000

Ішкі өндірістік бақылау

3900

Қайта сынап көру жəне бақылау

3 000

Тұтынушыдан қайтарылған өнімдерді талдау

500

Сапаны жоспарлау жəне процестерді басқару

1300

1

2

Персоналды оқыту

1800

Жөндеу жəне кепілдемелік қызмет көрсету

4400

Ақау

13 000

Ішкі өндірістік қасиеттерді бақылау

900

Өнімнің сапа деңгейін төмендету

1100

Сапа бойынша шаралар жасау

800

Кепілдік жөндеу құны

8 000

Тұтынушылардан қайтарылған тауарлармен əкімшілік
жұмыс

3 000

Сатушының сапаны қамтамасыз етуі

800

Сапа менеджментінің жүйесін бақылау

800

Сапа менеджментінің жүйесін сертификаттау

20 000

Берілген мəліметтерді ескере отырып, келесі тапсырмаларды орындаңыз:



  1. берілген сапа шығындарын негізгі категориялар бойынша топтасты- рыңыз:

Р – ескерту шығындары (prevention cost); А – бақылау мен бағалау шығындары;
I – ішкі бас тартулармен байланысты шығындар (internаl reject cost); E – сыртқы бас тарту шығындары (externаl reject cost);

  1. жалпы шығын көлеміндегі əрбір шығын топтарының үлесін анық- таңыз.

  2. алынған нəтижелерге қарай отырып қандай қорытындыға келер едіңіз?


7-тарау


ҚОРЛАРДЫ БАСҚАРУ КЕЗІНДЕ ШЫҒЫНДАРДЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ


    1. Кəсіпорын қорларының түрі


Қорлар қандай да бір орында белгілі бір уақытта өндірістік немесе жеке тұтынуды күтетін материалды құндылық болып та- былады. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында (ҚЕХС) IАS 2 қорлар төменгідей активтер ретінде анықталады:

  • қалыпты қызмет жүрісінде сатуға арналған;

  • өндіріс үдерісінде сондай сатуға;

  • өндірістік үдерісте немесе қызмет көрсетуде қолдануға ар-

налған шикізат немесе материалдар нысанында.
Материалды-өндірістік қорлардың жіктелуі 7.1-суретте көр- сетілген.
7.1-суретте көрсетілгендей, материалды-өндірістік қорлар келесі белгілер бойынша жіктеледі:

  1. Заттық құрамына байланысты: шикізат пен материалдар, дайын өнім, тауарлар.

  2. Айналым фазасы бойынша: өндірістік қорлар, аяқталма- ған өндіріс қорлары, дайын өнім қорлары, тауар қорлары. Тауар- лы-материалдық қорлар (ТМҚ) өз мəртебесін айналым қорлары- ның айналым фазасына байланысты келесідей өзгертеді: кəсіпо- рынға келіп түскен материалдық ресурстар өндірістің қорлары болып табылады. Содан кейін өндіріске жіберілуіне байланысты олар жарым-жартылай аяқталмаған өндіріс қорлары болуы мүм- кін немесе толық өндірістік циклді, құрастыруды, техникалық бақылауды жəне басқа да қажетті операцияларды өтіп, дайын өнімге айналады. Дайын өнім бола тұра тұтынушыға тиеледі не- месе дайын өнім қоймасына жіберіліп дайын өнім запастарына айналады жəне тауарлы қорлар деген атауға ие болады.

  3. Қызметтік мақсатына байланысты: ағымдағы, кепілдік, дайындық, мерзімдік, жылжыту запастары, спекулятивті, ескір- ген қорлар.


105





7.1-сурет. Қорлардың жіктелуі
Ағымдағы қорлар есептіліктің кез келген уақытындағы за- пастардың деңгейіне сəйкес келеді, өндірістік жəне өткізу үдері- сінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін арналған кепілдік қор- лар қорларға сəйкес келуі мүмкін. Кепілдік (сақтандыру) қорлар тұрақты мөлшер жəне қалыпты жағдайда өзгермейді. Олар өнім- ге сұраныс өзгермелі болатын болса, ресурстарды жеткізу бойынша келісімшарттары орындалмағанда, өндірісте сəтсіздік- тер орын алғанда жəне т.б. жағдайларда логистикалық жəне қаржылық тəуекелдерді төмендетеді. Дайындық қорлар – өнді- рістік немесе өткізу қорларының бір бөлігі. Олар материалдық ресурстарды жəне дайын өнімді тұтынуға арналған. Маусым- дық қорлар сұраныстың маусымдық ауытқуларында қалыпты жұмысты жəне өндірістің, тұтынудың жəне тасымалдаудың мер- зімдік үзілісі кезінде үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету үшін құ- рылады. Спекулятивті қорлар материалды ресурсқа бағаның кө- терілуі немесе протекционистік квоталар мен тарифтерді енгізу мүмкіндігінен қорғану мақсатында құрылады. Ескірген (өтімсіз) қорлар сақтауда, моральді тозуда, өндірісте жəне тауардың өмір- лік циклі мен дистрибуцияда логистикалық циклдердің сəйкес келмеуі салдарынан тауар сапасының нашарлауында пайда бо- лады. Мұндай жағдайда моральды тозған тауарлар өткізілмейді (сатылмайды).

  1. Өнімді тарату каналдарына байланысты: өдірістік жəне тауар запастары.

Өзгермелі нарықтық шарттарда запастарды қамтамасыз ету көздері болатындары:

  • шикізат материалдары (соның ішінде бөлшек бұйымдары мен жартылай фабрикаттар);

  • дайындау кезіндегі өнім (аяқталмаған өндіріс);

  • сауда жəне делдалдық компанияларға ірі партиялармен сатып алынатын жəне мерзімдік ауытқуларды есепке ала оты- рып сатылатын дайын өнім.

  1. Өндірістік-шаруашылық қызметі сферасына байланысты: өндірістік сферадағы, айналым сферасындағы қорлар.

  2. Орналасқан жеріне байланысты:

  • өндірістік қорлар;

  • жолдағы қорлар (өндірістен сату кəсіпорындарына, көлік жəне тұтыну үдерістерінің территориялық орын ауыстыруда болған өнім);

  • тауар қорлары.

Өндірістік деп кəсіпорында əлі пайдаланылмаған жəне өнді- рістік үдерістерде ешқандай өңдеуге ұшырамаған, өндірістік тұ- тынуға арналған, үздіксіз өндірісті қамтамасыз ететін, сұраныс пен жабдықтаудың бірқалыпсыздығын тегістейтін қорлар аталады. Өндірістік қорлардың көлемі өндірістің сипатына жəне мас- штабына, тауар нарығының толықтық деңгейіне байланысты бо- лады. Өнімнің өндіріс көлемінің жəне оны сатудың өсуі запас- тардың сəйкесінше абсолюттік көлемде өсуін қажет етеді. На- рықтың материалдық ресурстармен біркелкі емес жəне жеткілік- сіз деңгейде қамсыздануы, уақытылы жеткізілмеуі салдарынан кəсіпкерлер қорлар мөлшерін жоғарылатуға мəжбүр болады. Ірі көлемдегі қорлар сəтті қызмет жасаудың шарты деген ұйғарым жалған болады, өйткені олардың мөлшерінің өсуі экономикалық
тиімсіздікке əкеледі.
Сонымен қатар көптеген факторлар, оның ішінде запастар- ды сақтау шығындары, олардың айналымнан едəуір бөлігінің алынуы, сақтау кезіндегі жоғалтулар, құнсыздану, қорлар мөл- шерін азайтуға ынталандырады. Сондай-ақ запастар аз болмауы тиіс, өйткені олардың жеткіліксіздігі немесе болмауы, аз сəйкес келетін материалдармен алмастыруға əкеледі немесе жедел тап- сырыс жасап қажет заттарды жеткізуге мəжбүрлейді.
Əрине, оңтайландыру жəне өндірістік үдерісті үнемдеу көз- қарасы жағынан қорлардың мүлдем болмауы дұрыс. Бірақ тəжі- рибеде мұндайдың болуы мүмкін емес.
Материалды-өндірістік қорлардың құрамына басқа жеке не- месе заңды тұлғалардан алынған жəне қосымша өңдеусіз сатуға арналған тауарлар кіреді.
Өндірістік қорлар келесідей топтастырылады:

  • шикізаттар мен негізгі материалдар – өнімнің материалды негізін құрайтын құндылықтар;

  • қосымша (көмекші) материалдар – өнімге сипаттамалық қасиеттерді беру үшін, сонымен қатар машиналар мен құрал- жабдықтарға қызмет көрсету, оларды күту жəне өндіріс үдерісін қамтамасыз ету мақсатында шикізат пен негізгі материалдарға қосылатын немесе біріктірілетін заттар.

  • жартылай фабрикаттар мен бөлшек заттар – технология- лық мақсатта сатып алынған материалдар. Шикізат жəне негізгі материалдармен бір уақытта өндіріс үдерісіне қолданылады;

  • өндірістің қайтарылатын қалдықтары – өндірістік үдерісте пайда болған шикізат пен материалдың қалдығы;

  • жанармай – технологиялық жəне шаруашылық қажеттілік- тер үшін əртүрлі энергия, қатты жəне сұйық жанармай;

  • тара жəне таралық материалдар – орау, тасымалдау жəне сақтау заттары;

  • артық бөліктер, бөлшектер – қозғалтқыштың, құрал-жаб- дықтардың тозған бөлшектерін ауыстыру жəне жөндеуге қажет- ті заттар.

Аяқталмаған өндіріс қорлары бітпеген өнім, өз өндірісінің жартылай фабрикаттарының жəне техникалық бақылау бөлімі- мен əлі қабылдап алынбаған дайын өнімдер құндарының қосын- дысынан тұрады.
Дайын өнім запастары техникалық бақылау бөлімімен қа- былданған дайын өнім құнынан тұрады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет