Құнанбаева Д.Ə


Материалдық-өндірістік қорларды тиімді басқару



бет39/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
шб кытап ()

Материалдық-өндірістік қорларды тиімді басқару


Кəсіпорын қызметінің нəтижелеріне материалдық-өндірістік қорларды басқарудың тиімділігі елеулі ықпал етеді, ал өз кезе- гінде бұл басқару кəсіпорынның сыртқы мен ішкі факторларына байланысты.


Сыртқы факторларға елдің жалпы экономикалық жағдайы, салық заңнамаларының ерекшеліктері, қаржы иституттарының қызметі жатады. Осы факторларға байланысты кəсіпорын МӨҚ қолдану тиімділігін арттыру үшін ішкі тетіктері мен резервтерін белсенді пайдалануға тырысу керек.
Шығарылған өнімнің нарықта бəсекелестік сəттілігі оның өндірістік өзіндік құнын төмендету мен қалыпты қызмет етуге жеткілікті МӨҚ нормативті көлемін азайту арқылы бұл өнімнің бағаларын төмендету жағдайында болуы мүмкін. Бірдей көлем- дегі шикізаттар мен материалдардан шығарылатын өнімнің кө- лемін жоғарылату өнімнің материал сыйымдылығы жəне энер- гия сыйымдылығын төмендету жолымен мүмкін болады.
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету жəне шарттық міндеттемелерін уақытылы орындалуына кепіл болу үшін кəсіп- орындар запастарды құруға мəжбүр болады. Компанияның ме- неджерлерінің алдында, бір жағынан, запастарды ұстау шы- ғындарын төмендету, екінші жағынан, олардың жетіспеушілігін болдырмау міндеті тұрады.
Қазіргі кезде кəсіпорынның қызметіне МӨҚ қорларын са- тып алуда үнемдеу, тасымалдау шығындарын төмендету, өнді- рістің қамтамасыз ету сенімділігін арттыру, материалды ре- сурстардың бағаларының көтерілу мүмкіндігінен қорғану, соны- мен қатар өнімнің өндірісінің мерзімдік ауытқулар есебі мақса- тында МӨҚ құру оң əсер етеді.
Сатып алу көлемін реттеу. Қорларды үлкен көлемде құру көп жағдайда оларға шығынды үнемдеуге əкеледі. Мысалы, егер қорлар партиямен бағасындағы жеңілдікпен сатып алынса, олар- ды сақтау шығындары да баға бойынша үнемдеуден төмен бо- лып табылады.
Сонымен қатар ерекше қажеттіліксіз сақтау орынсыз қара- жат жұмсауды білдіреді. Материалды ресурстарды ұзақ мерзімді сақтау олардың сапасының нашарлауына, сəйкесінше МӨҚ құ-
руға жұмсалған қаражатты жоғалтуға əкеледі. Артық қорлар құ- ру себептері өндіріс қажеттілігіне сəйкес келмейтін сатып алу- дың артық көлемі, нақты ресурстар бойынша қажеттіліктің көле- мі мен мерзімін білмеу болып табылады.
Өндірістік бағдарлама аз көлемде қорлармен сəтті орындал- ған жағдайда кəсіпорын басшыларында барлық логистикалық
«сатып алу – өндіріс – өткізу» тізбегіндегі матералды ағымды жүйелік басқаруды реттеуге мүмкіндік туады.
Тасымалдау шығындарын төмендету. МӨҚ есептеудің басқа мəселелеріне қарағанда тасымалдау шығындарын төмендету мə- селесі де маңызды. Ең арзан ірі партияларды темір жол көлігі- мен тасымалдау болып табылады, ол едəуір қойма қорларын құ- райды, сондықтан МӨҚ-ды сақтау шығындарының өсуіне əкеледі.
Сол мезетте аз партиялармен сатып алу жəне материалдық қорларды өз көлігімен тікелей өндірістік бөлімшелерге жеткізу қоймалау қажеттігін төмендетеді, бірақ сонымен бірге тапсырысты рəсімдеу жəне тасымалдау шығындарының өсуіне əкеледі.
Менеджерлер алдында нақты жағдайда тасымалдау шығын- дарын минималдау мақсатында тасымалдау тəсілін (жалпы шы- ғындары бойынша оңтайлы) таңдау міндеті тұр.
Сонымен қатар МӨҚ-ды ұстау шығындарын төмендету ре- зервтері оларды тиімді пайдалану, нормативтен артық запастар- ды жою, нормалауды жетілдіру, материалды-техникалық қамта- масыз етуді ұйымдастыруды жақсарту т.б. болып табылады.
Сақтау шығындарын қысқарту. МӨҚ-ды сақтау шығындары құрамы көп санды баптардан қалыптасады. Материалды ағым- дарды басқару міндеті запастарды ұстаумен байланысты жалпы шығындарды анықтау.
Сақтау шығындарын келесі түрде топтастыруға болады:

  • запастарға салынған капиталмен байланысты шығындар;

  • запастарды ұстау шығындары, өйткені жабдықтау үдеріс- тің міндеттерінің бірі запастарды қысқарту арқылы қоймалау шығындарын төмендету болып табылады, есепке тек МӨҚ көле- міне байланысты шығындарды қосу тиімді.

Қорларға салынған капиталмен байланысты шығындар МӨҚ-дың жалпы құнына тікелей байланысты. Мысалы, өндіріс-
тік мақсатқа үш ай бойы қолдануға сатып алынған қорлар пар- тиясының құнын кəсіпорынға бір ай ішінде төлеу керек. Кəсіп- орын өзінің қаражаты жеткіліксіз жағдайда пайыздық сыйақы- лармен бірге банктік займ алуы мүмкін. Ең алдымен МӨҚ сатып алуға немесе басқа мақсаттарға займды пайдалану тиімділігін анықтау қажет.
Қорларды ұстаумен байланысты шығындар құрамына қойма ғимаратын ұстау шығындары, қойма персоналының еңбекақы шығындары, құрал-саймандарды сатып алу мен қолдану жəне жүкті ішкі тасымалдау механизмдерін сатып алумен байланыс- ты шығындар, сақтандыру, жарық беру, жылыту, тазалау, күзет жəне т.б. шығындары жатады.
Сонымен қатар қорларды ұстау шығындарын төмендету ре- зервтеріне қойма жұмысшылар санын қысқарту жатады, мыса- лы, бір қойма ғимаратынан бас тартқан жағдайда.
Қорлардың көлемін қысқарту арқылы төмендегілер жүзеге асады:

  • МӨҚ-ды қоймаға орналастыру үдерісі жеделдетіледі;

  • қажетті заттарды іріктеуге кететін уақыт азаяды;

  • қоймадағы қорларды түгендеу уақыты азаяды;

  • құрал-саймандарды пайдалану шығындары төмендейді;

  • қорларды іште жылжыту шығындары төмендейді;

  • сақтандыру шығындары азаяды.

Сонымен қатар қорлардың көлемін азайту арқылы оларды ұстау шығындарын қысқартуды МӨҚ-дың жетіспеуінен болған шығындармен салыстыру қажет, оның ішінде шикізат пен мате- риалдардың жеткіліксіз көлеміне байлынысты кəсіпорынның жоғалтатын пайда бөлшегімен. МӨҚ-дың жетіспеушілігі оларды тез іздеу жəне жеткізуге байланысты қосымша шығындарға ұшыратады.
Қорларды басқаруда қызмет істеу шығындарының, яғни ше- шім қабылдау үшін ақпарат жинауға жəне өңдеуге кететін шы- ғындардың маңызы зор. Қорлардың деңгейін төмендету логис- тика əдістерінің көмегімен мүмкін болады. Логистика кəсіп- орынның минималды жалпы шығындары кезіндегі жиынтық қорлар көлемін оңтайландыруды көрсетеді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет