Бухгалтерлік (қаржылық) жəне басқарушылық (өндірістік) есеп беру айырмашылықтары
№
|
Критерий
|
Бухгалтерлік есеп беру
|
Басқарушылық есеп беру
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Есепті жүргі- зу міндетті- лігі
|
Есепті жүргізу міндетті
|
Есеп жүргізу басшылықтың шешіміне байланысты. Құнды- лығы алу шығынынан жоғары болатын мəлімет жиналып, өң- деледі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
2
|
Есепті жүргі- зу мақсаты
|
Кəсіпорынның активі жəне міндеттемелері, қаржылық нəтиже туралы сыртқы қолданушыларға
ақпарат дайындау
|
Жоспарлау, талдау, бақылау жəне шешім қабылдау үшін қажет сенімді жəне жедел ақпаратпен кəсіпорынның
менеджментін қамтамасыз ету
|
3
|
Ақпаратты қолдану- шылар
|
Сыртқы (акционерлер, инвесторлар, салық органдары жəне т.б.) жəне ішкі (менеджмент)
қолданушылар
|
Тек ішкі қолданушылар, өзінің құзіретіне сəйкес
|
4
|
Регламентті- лену дəрежесі
|
Заңнамалық актілермен регламенттенеді
|
Заңнамалық регламенттенудің болмауы, кəсіпорынның есеп- тік саясаты туралы бұйрықты немесе басқа да фирмалық
құжаттарды қолдану
|
5
|
Уақытқа байланыс- тыру
|
Ұйымның қаржылық тарихын көрсетеді.
Бухгалтерлік есептеу
шаруашылық жұмыс- тардан кейін орындалады
|
Басқарушы есеп құрылымына ұйымның экономикалық тарихы туралы ақпаратпен
қатар болашақ жоспары мен бағалаулары қосылады
|
6
|
Ақпарат типі
|
Ақшалай түрде ақпаратпен қамтылған
қаржылық құжаттар
|
Ақшалай жəне натуралдық түрдегі ақпарат
|
7
|
Ақпараттың дəлдік дəрежесі
|
Жуықтау жəне жуық бағалау қолданылмайды
|
Жуықтап бағалау жиі қолданы- лады, себебі басшыларға дер кезінде ақпарат керек болады
|
8
|
Есеп беру мерзімі
|
Толық есеп кəсіпорын- ның жылдық нəтижелері- мен құрылады, дəлдігі тө- менірек – əрбір кварталға
|
Толық есепті үлкен кəсіп- орындар ай сайын жасайды, жеке қызмет түрі бойынша –
апта сайын, кейбір кезде – шұғыл
|
9
|
Есепті тапсыру мерзімі
|
Есепті сыртқы ауди- торлармен тексеру үшін белгілі бір мерзім керек, кейбір жөндеулер енгізу үшін уақыт керек болып табылады. Есептік мерзім біткеннен кейін бірнеше
аптадан соң ғана қолдану- шыларға түседі
|
Басқару есеп беру тез əрекетті талап ететін ақпаратпен қамтылған. Бұл есептер əдетте басқарушылар үшін жасалады, есеп беру уақыттан кейін бір- неше күн аралығында оларға беріледі
|
10
|
Есеп беру нысаны
|
Кəсіпорын бойынша
|
Нарық секторы, шығындардың қалыптасу орны, жауапкерші- лігі орталығы бойынша енгізі- леді. Керек кезде ғана кəсіп- орын бойынша қорытын-
дыланады
|
1
|
2
|
3
|
4
|
11
|
Дұрыс есеп
|
Есеп беру заңнамалық
|
Есеп беру əдіснамасы
|
|
беруге
|
құжаттарға сəйкес
|
заңнамалық құжаттарда
|
|
жауапкерші-
|
жасалуы тиіс. Есеп беру-
|
қарастырылмаған, кəсіпорын-
|
|
лік
|
дің əдіснамасын бұзу
|
ның ерекшелігіне сəйкес құ-
|
|
|
үшін заңда жауапкерші-
|
рылған кəсіпорынның ережеле-
|
|
|
лік қарастырылған
|
рі бойынша жүргізіледі
|
Шығындардың басқарушылық (өндірістік) есебінің мəні мен жүйесі
Басқарушылық (өндірістік) есебі кəсіпорынның шығынын басқаруында маңызды рөл атқарады. Осындай есеп жүйесінде шығын жəне кəсіпорынның іс-əрекетінің экономикалық нəтиже- лері шеңберінде кəсіпорынның басқарушылары шешім қабыл- дау үшін негіз болатын ақпарат дайындалады. Басқарушылық (өндірістік) есебін ұйымдастыру заңнамамен реттелмеген жəне кəсіпорынның ішкі ісі болып табылады.
Басқару есебінің мəні – жедел басқару шешімдері жəне кəсі- порынның болашақ даму мəселелерін шешуді келістіру үшін ақ- паратты жүйеге келтіретін шығын жəне кіріс есебінің, норма- лаудың, жоспарлаудың, бақылау жəне талдаудың интеграция- ланған жүйесі.
Басқарушылық есеп жүйесіне сенімділік қағидасына, бақы- лаудың мүмкіндігі мен нақтылығына, менеджерлерде жұмыс тиімділігі үшін жауапкершіліктің болуына негізделген басқару- шылық бақылау кіреді.
Басқарушылық бақылау келесі екі негізгі шартты орында- ғанда тиімді болады:
егер жұмысшылар мен кəсіпорынның қызығушылығы бір- дей болатын жағдайда орындаушылар қызметі бағаланса;
басқарушылық бақылау кəсіпорынның қызметкерлері се- нім артатын сегменттік есеп жəне есеп беру жүйе арқылы жүзе- ге асырылады.
Басқару есебінде қолданылатын тəсілдер əртүрлі болып ке- леді:
бухгалтерлік жəне қаржы есебінің тəсілдері (шот жəне қос жазу, инвентаризация жəне құжаттау, баланстық жалпылау жəне есептілік);
индекстік əдіс (статистикада қолданылады);
экономикалық талдау тəсілдері (факторлық жəне маржи- налдық талдау);
математикалық əдістері (корреляция, сызықтық бағдарла- малау, жəне т.б.). Басқарушылық есебі бүгінде ақпаратты өңдей- тін ақпараттық технологияларды қолданусыз мүмкін емес.
Басқарушылық (өндірістік) есебінің маңызды бір артықшы- лығы оның жеделдігі болып табылады.
Шығындарды басқару тəжірибесінде шығындар есебінің же- делдігі жəне толықтығымен ерекшеленетін бірнеше өндірістік есеп жүйесі бар.
Жеделділік жағынан нақты шығындар (бұрынғы, есептілік) есебін жəне стандартты (нормативтік) қалькуляцияны құруды қарастыратын «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығындар есе- бін, нақты шығындар есебін жəне оларды үнемі стандарттармен (нормалармен) салыстыруды ажыратады. Стандартты (норма- тивтік) калькуляцияны еңбек жəне материалдар шығындары- ның, үстеме шығыстардың стандарттарын (нормаларын) құру негізінде жасайды.
Өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнында шығындар есебінің толықтығы жағынан өзіндік құнға шығын-
дарды толық қосу жүйесі жəне қандай да бір белгі бойынша өзіндік құнға шығындарды толық емес, шектеулі қосу жүйесін ажыратады. Мысалы, «директ-костинг» жүйесі өндірістің мөл- шеріне байланысты тек тікелей емес, ауыспалы жанама шығын- дарды да қарастырады.
Басқару (өндірістік) есебінің жүйесі келесі есеп беруді қам- тамасыздандыруы тиіс:
басқарушы қызметтің түрі мен функциясы (сапа, өндірісті материалды-техникалық қамтамасыздандыру, маркетинг жəне т.б. шығындары) бойынша шығындар есебі;
пайда болу орны жəне жауапкершілік орталығы бойынша шығындар есебі;
калькуляциялау бойынша шығындар есебі;
калькуляциялау бойынша нəтижелер есебі;
белгілі уақыттағы нəтижелер есебі.
Сонымен, тек қана өндірістік есеп шеңберінде бір өнімнің өзіндік құнын, пайдасын жəне рентабельділік деңгейін объек- тивті-дұрыс есептеуге мүмкіндік болады.
Кəсіпорынның басқарушылары шығындарды қалай топтас- тыруға, шығындардың пайда болу орнын қаншалықты бөлшек- теуге жəне оларды жауапкершілік орталықтарымен қалай байла- ныстыруға, тек нақты ғана немесе стандартты (жоспарлы, нор- мативтік) шығындарды да есептеу, толық немесе ішінара (ауыс- палы, тікелей, шектеулі) шығындарды есепке алу болатынын өз- дері шешеді.
Шығындарды есепке алу жəне өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнын калькуляциялау – басқарушылық есептің ең маңызды бөлімдерінің бірі. Оның мəліметтері келесі- дей сұраққа жауап береді:
қандай өнімнің ары қарай шығатынын жəне қандай өнім- нің тоқтатылуын;
максималды пайда табу мақсатында кəсіпорынның өнді- рістік бағдарламасын құрастыру;
сату көлемін арттыра отырып, жоспарланған пайда сома- сын алу үшін қаншалықты өнім бағасын төмендетуге болаты- нын;
өнімге қандай баға қою керек екенін;
жинақталатын детальдарды өндіру немесе сатып алу ке- ректігін;
жаңа құрылғы сатып алу керектігін;
өндірісті ұйымдастыру мен технологияны ауыстыру ке- ректігін;
кəсіпорынның ағымдық іс-əрекеті мен дамуындағы басқа да мəселерді шешуді.
Басқарушылық (өндірістік) есебі айнымалы жəне тұрақты шығындардың ерекше сипаттарына негізделіп шаруашылық ше- шімдер қабылдау үшін ақпаратты дайындайды. Мұнда өнімді өнді- ру жəне өткізу көлемінен тəуелсіз болатын кəсіпорынның тұрақты шығындары шешім қабылдау кезінде басты рөл ат-қарады.
Достарыңызбен бөлісу: |