Құнанбаева Д.Ə



бет38/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69
шб кытап ()

Қорлар есебінің мəліметтері



Материал

Саны

Бірліктің өзін- дік құны, тенге

Жалпы шы- ғындар, тенге

5 наурызда сатып алу

50

350

17 500

17 наурызда сатып алу

100

390

39 000

29 наурызда сатып алу

60

410

24 600

Барлық қорлардың
болуы

210




81 100

Мысалдағы мəліметтерді пайдалана отырып, орташа құн нə- тижелері анықталады.









81 100 : 210 =







210

386,19

81 100

Наурыз соңындағы қорларды
алып тастау

(100)

386,19

38 619

Жіберілген материалдар

110

386,19

42 481

Дəл нəтиже орташа өзіндік құн материалдардың əр жаңа партиясы түскеннен кейін есептелетін жағдайда болады. Сол өзіндік құнымен материал шығындары нақты бір күнге келесі түсімге дейін бағаланады. Əдістің артықшылығы – операция жасалған сəттегі жіберілген қорлардың құнын жəне запастардың қалдығын есептеудің уақыттылығы.


ФИФО əдісімен бағалау («бірінші түсті – бірінші кетті») қорлар сатып алынған кезегі бойынша қолданылады деп қарас- тырады. Кезең соңындағы запастардың өзіндік құнын соңғы са- тып алынғандар көрсетеді, ал жіберілген материалдар одан ерте сатып алғандармен сəйкестендіріледі. Алдындағы мысалдың мə- ліметтерін қолдана отырып ФИФО əдісімен нəтижелерді анық- таймыз (7.2-кесте).
ФИФО əдісі бойынша қаржылық есеп беруде қорлардың қалдығы соңғы құны бойынша, ал өнімді сатудан түскен түсімде бірінші сатып алынғандардың бағасы көрсетіледі. Осыдан жоға- ры инфляцияда жəне бағалардың едəуір өсуі қарқынында ФИФО əдісін қолдану пайда мен шығыстар есебінде пайданың өсуіне алып келу мүмкін.


7.2-кесте
ФИФО əдісі бойынша нəтижелерді есептеу



Материалдарды сатып алу мерзімі

Саны

Бірлік шығыны

Жалпы шығындар

Наурыз айында барлық запастардың
болуы

210




81 100

алынады:
Соңындағы бағаланған запастар (ФИФО):










29 наурыз

60

410

24600

17 наурыз

40

390

15600

Соңындағы барлық запастар

100




40200

Жөнелтілген материалдардың өзіндік
құны

110




40900

МӨҚ бағалау əдісін таңдау маңызды экономикалық мəнге ие, өйткені кəсіпорын төлейтін салықтардың көлеміне əсер ете- ді. ФИФО əдісі бойынша операциялық қызметте бірінші, мүмкін едəуір арзан қорларды қолданудан болған «жалған» пайда көр- сетілгеніне қарамастан, операциялық қызметтен алынған едəуір жоғары пайдаға салық салынады. Сондықтан кəсіпорын үшін запастарды бағалау əдістерін таңдау критерийлердің бірі салық- тық төлемдердің айырмашылығы болып табылады.


МӨҚ бағалау əдісін таңдау кəсіпорынның есептік саясатын- да көрсетілуі тиіс. Тəжірибеде көптеген кəсіпорындар орташа өзіндік құн əдісін артық көреді жəне кейде болжанған бағалар динамикасы мен басқарудың стратегиялық міндеттеріне сəйкес заңмен рұқсат етілген əдістер комбинациясын да таңдайды. Мы- салы, кəсіпорындар жаңа өнімді өндіру кезінде жəне төмен баға- мен, бірақ нақты өзіндік құннан төмен емес, өткізу нарығын жаулау кезінде ФИФО бағалау əдісін таңдайды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет