Калькуляциялық баптар бойынша өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнын талдау
жол
№
|
Шығын баптары
|
Сома, мың теңге
|
Үнемдеу (-), артық шығын (+)
|
алдыңғы жыл
|
есеп
жы- лы
|
мың теңге
|
%
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Шикізат пен материалдар
|
|
|
|
|
2
|
Қайтарылатын қалдықтар
(шегеріледі)
|
|
|
|
|
3
|
Технологиялық мақсатқа арналған отын жəне энергия
|
|
|
|
|
4
|
Өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақылары
|
|
|
|
|
5
|
Өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбекақылары
|
|
|
|
|
6
|
Өндірістік жұмысшылардың
əлеуметтік қажеттіліктеріне аударым
|
|
|
|
|
7
|
Жабдықтарды жұмыс күйінде
ұстау жəне пайдалану шы- ғындары
|
|
|
|
|
8
|
Өндірісті дайындау мен іске қосу шығындары
|
|
|
|
|
9
|
Цехтық шығындары
|
|
|
|
|
10
|
Жалпы цехтық шығындар (1 жол + 2 жол + ... + 9 жол)
|
|
|
|
|
11
|
Жалпы өндірістік (жалпы
шаруашылық) шығындар
|
|
|
|
|
12
|
Ақаулықтардан болған шы- ғындар (бекітілген ережелер
шегіндегі тек өндірісте рұқсат етілген шығындар)
|
|
|
|
|
13
|
Басқа да өндірістік шы-
ғындар
|
|
|
|
|
14
|
Өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жалпы өндірістік өзіндік құны (10 жол +11 жол
+12 жол + 13 жол)
|
|
|
|
|
15
|
Өндірістен тыс (коммер- циялық) шығындар
|
|
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
16
|
Өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) толық өзіндік
құны (14 жол + 15 жол)
|
|
|
|
|
17
|
Толық өзіндік құнның ішінде тікелей шығындар
(16 жол – (7 жол + 8 жол +
+ 9 жол +11 жол +12 жол +
+ 13 жол +15 жол))
|
|
|
|
|
«Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақы» атты бап- тың өзгеру себебі: өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) ең- бек сыйымдылығы мен орташа сағаттық еңбекақының өзгеруі болып табылады.
Тікелей материалдық шығын мен өндірістік жұмысшылар- дың тікелей еңбек шығынының өзгеруіне факторлардың əсері өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жеке түрінің өзіндік құ- нын талдау барысында анықталады.
Өндірісті дайындау мен іске қосу шығындарының өзгеру се- бебі: есептік жыл мен алдыңғы жылдың осы шығындар смета- сын салыстыру арқылы анықталады. Жанама шығындардың (жалпы цехтық жəне жалпы шаруашылық) өзгерісін талдау ба- рысында кəсіпорынның арнайы мəліметтері бойынша олардың есеп жылы мен алдыңғы жылғы сметалары бір-бірімен салысты- рылып зерттеледі.
Егер ақаулықтан болған шығындар өсетін болса, онда олар- дың себептері зерттеледі. Ақау шығындарымен күресу үшін кə- сіпорында қандай жұмыстар жасалғаны анықталады. Басқа өнді- рістік шығындарды талдау олардың құрамындағы бөлек түрле- ріне жүргізіледі жəне есеп жылын алдыңғы жылмен салыстыр- ғанда олардың өзгеру себептері анықталады.
Өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жеке түрінің өзін- дік құны калькуляциясын талдау кезінде есептік жылдың нақты көрсеткіштері жалпы жəне бөлек баптар бойынша жоспарланған көрсеткіштермен немесе зерттелетін өнімнің алдыңғы жыл мəлі- меттерімен салыстырылады.
Жалпы өнім (жұмыс, қызмет көрсету) көлемінде ең көп үлес салмағын құрайтын бұйымдарға ерекше көңіл бөлу керек. Мұн- да жалпы өнімнің өзіндік құнында артық шығын жоқ болғаны-
мен соның ішіндегі жеке калькуляциялық баптарында айтар- лықтай артық шығын болуы мүмкін екенін ескеру керек. Сон- дықтан өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жеке түрінің калькуляциясын талдау барысында тек қана жалпы нақты өзін- дік құнның жоспарланған немесе алдыңғы жылғы өзіндік құн- нан болған ауытқуын ғана емес, сонымен қатар жеке калькуля- циялық баптары бойынша ауытқуларды да зерттеу керек.
Өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) 1 теңгесіне шаққандағы шығындарды талдау
Тəжірибеде өнімнің өзіндік құнын талдау барысында сапа- лық көрсеткіш ретінде сатылған өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар көрсеткіші жиі есептеледі. Аталған көрсеткіш ағым- дағы бағамен өндірілген өнім құнына өнімді өндіру мен өткізуге кеткен жалпы шығындар сомасының қатынасы ретінде есеп- теледі.
S / Q(P),
мұндағы S – өнімнің толық өзіндік құны, яғни өнімді өндіру мен өткізуге кеткен жалпы шығындар сомасы, мың тенге;
Q(P) – өндірілген өнімді сатудан түскен түсім, мың теңге. Егер бұл көрсеткіштің деңгейі 1,0-ден төмен болса, өнім өн-
дірісі табысты, ал 1-ден жоғары болса, өнім өндірісі шығынды (тиімсіз) болып табылады.
Өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындар көрсеткіші өнімнің өзіндік құнын жалпылаушы маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол өзінің əмбебаптылығымен ерекшеленеді: кез кел- ген өндірістік салада есептеуге болады жəне өзіндік құн мен пайда арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.
Өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың деңгейі көр- сеткішін келесідей түсіндіруге болады: біріншіден, 1 теңгеге бағаланған өнімді өндіру үшін қажетті шығындар сомасы ретін- де, екіншіден, өнімнің құны құрылымын сипаттайтын салыс- тырмалы мөлшері ретінде.
Аталған көрсеткіштің өзгеру динамикасы негізгі үш фактор əсерінен жүзеге асырылады:
;
өндірілетін өнім, жұмыс немесе қызмет көрсету бағасы- ның өзгерісінен;
өндірілетін өнім, жұмыс немесе қызмет көрсету көлемі мен ассортиментінің өзгерісінен;
айнымалы шығындардың үлес салмағы мен тұрақты шы- ғындар сомасының өзгеруі арқылы өндірілетін өнім (жұмыс не- месе қызмет көрсету) бірлігі өзіндік құнының өзгерісінен.
Өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындарды факторлық талдау схемасы 10.2-суретте берілген.
10.2-сурет. Өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындар деңгейін белгілейтін факторлар арасындағы өзара қарым-қатынас
Өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындар өзгерісіне жоғарыда көрсетілген факторлардың əсері тізбекті алмастыру əдісімен жə- не сатылатын өнімді шығару туралы мəліметтері бойынша есептеледі.
Мысал. 2014–2015 жылдар аралығында «РАХАТ» АҚ-ының жылдық есеп мəліметтері бойынша сатылған өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындарына талдау жасасақ (10.4-кесте).
10.4-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |