Құнанбаева Д.Ə



бет64/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
шб кытап ()

12.1-cурет. Құндылықтардың стандартты тізбегі

Жоғарыдан шығатын қорытынды, бір жағынан, құндылық- тар тізбегі тұжырымдамасы – бұл шикізаттың алғашқы көздері- нен бастап соңғы тұтынушылар алған дайын өнім жəне қызмет көрсетулермен аяқталатын компания қызметінің шығынын қа- лыптастыратын механизмдерін тұтас қарастыруды ұсынатын шығындардың қалыптасуы мен басқару бойынша жан-жақты жəне біртұтас əдіс.


Бірақ басқа жағынан, компания қызметін стратегиялық маңызды элементтер мен үдерістерге бөлу шығындардың негізгі құрамдас бөліктерін анықтауға мүмкіндік береді, себебі олар əр буында орын алады. Компания шығындары мен активтерін құн- дылықтар тізбегінің буындары бойынша бөлу олардың əрқайсы- сын сандық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді, себебі егер тізбек буындары бір-бірімен байланысты болса, шығындары да байланысты болады.
Компанияның құндылықтар тізбегі негізгі бəсекелестердің шығындарын салыстыру жəне бəсекелестерге қатысты шығын- дар бойынша компанияның бəсекелестік позициясын анықтау
үшін арналған шығындардың стратегиялық талдауының қажетті элементі болып табылады.
Осы тұжырымдама келесілерге қолданылады:

    • ағымдағы операциялық шығындарға, мысалы, жеке мен- шік көлікпен өнімді жеткізу немесе арнайы құрылымдардың қызметтерін пайдалану;

    • ағымдағы жағдайға байланысты қаржылық шешімдерді қабылдауға, мысалы, дебиторлық қарызды басқаруға қатысты;

    • инвестициялық шешімдерді қабылдау жəне іске асыруға, мысалы, капиталды салудың мүмкін нұсқаларын бағалау кезінде жəне т.б.

Тұжырымдаманың артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Тұжырымдаманың негізінде жүргізілетін шығындардың салыс- тырмалы талдауы компания қызметінің əрбір түрінің қаншалық- ты саладағы ең жоғарғы көрсеткіштерге сай келетінін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған ақпаратты басшылыққа ала отырып, белгілі бір қызмет түрінің реттілігін неғұрлым тиімді жоспар- лауға, шығындарды төмендету əдісін таңдауға, шығындар бойынша фирманың бəсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын анықтауға болады.
Тұжырымдаманы қолданудың кемішілігі де бар. Басқа ком- паниялардың шығындары бойынша ақпарат конфиденциалды болғандықтан, оны алу өте қиын. Сонымен қатар бəсекелестік компаниялар шығындарды анықтау үшін бір-бірінен ерекшеле- нетін есеп əдісін қолдануға тырысатындықтан, шығындар бойынша ақпаратты салыстыру үнемі мүмкін бола бермейді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет