Жоғарыда көрсетілгендей, SCM, яғни шығындарды страте- гиялық басқару шегінде, тұрақты бəсекелестік артықшылықты дамытудың екі тəсілі қолданылады: төмен өзіндік құн (шығын- дар бойынша көшбасшылық) жəне өнімді дифференциациялау.
Шығындар бойынша көшбасшылық стратегиясының негізгі акценті бəсекелестермен салыстырғанда неғұрлым төмен өзіндік құнға қол жеткізуге жасалады. Шығындар бойынша көшбасшы- лыққа келесі тəсілдер арқылы қол жеткізуге болады:
өндіріс масштабы арқылы үнемдеу;
бизнестің əртүрлі факторларынан шығындардың эмпири- калық тəуекелділігін құру түрінде өзіндік құнды басқару тəжіри- бесін қолдану;
шығындарды қатаң бақылау;
зерттеу жəне əзірлемелер, клиенттерге қызмет көрсету, жарнама жəне тауарды жылжыту салаларында шығындарды не- ғұрлым төмендету.
Мұндай стратегияны табысты қолданып жатқан фирмалар бар. Оның жарқын мысалы ретінде өнімі бəсекелестерімен са- лыстырғанда арзан жəне бұған төмен өзіндік құн арқылы қол жеткізілетін Texаs Instruments американдық фирмасы жатады.
Дифференциация стратегиясында негізгі акцент тұтынушы- лармен бірегей ретінде сезінетін жəне содан тартымды болатын өнімді шығаруға жасалады. Дифференциацияға сүйену сауда таңбасына берілгендікті білдіреді. Фирманың тұрақты, танымал брендінің болуы дифференциация стратегиясын іске асырудың қажетті шарты болып табылады. Сусындар саласында «Cocа- Colа», электроникада Toshibа компаниялары – осындай страте- гиялық позициялаудың мысалы.
Стратегиялық позициялаудың шығындарды талдау рөліне едəуір ықпал ету мүмкіндігін көрсету үшін өндіріс шығындарын жоспарлау жүйесін жетілдіруге қаржы ресурстарын салу бойын- ша шешімді мысал ретінде алуға болады. Дамыған сауда бизне- сінде шығындар бойынша көшбасшылық стратегиясын жүзеге асыратын кəсіпорын үшін өзіндік құн калькуляциясына ерекше назар үнемі маңызды құрал болады. Басқа жағынан қарағанда, басқарылатын нарықта өнім дифференциациясы стратегиясын ұстанатын кəсіпорын үшін бизнестің тез өспелі жəне тез өзгер- мелі бағытында жақсы жоспарланған шығындардың маңызды- лығы төменірек болады (12.2-кесте).
SCM шеңберінде стратегиялық позициялауды бағалау үшін кəсіпорынның стратегиялық бағытын түсіну маңызды. Үш стра- тегиялық бағытты қарастырған орынды:
Кеңейту. Бұл стратегиялық бағыт, тіпті пайда мен ақша ағындарының ішінара азаюы есебінен де өнімді өткізу нарығы- ның үлесін кеңейтуді көздейді. Бұл бағыт кең масштабты инвес- тициялық бағдарламаларды болжайды, сондықтан инвести-
цияларды қаржыландыруға фирмамен тапқан ақша жиі жеткілік- сіз болады. Осы стратегиялық бағытты ұстанатын компанияның бизнес бірлігі ақша қаражаттарының таза тұтынушысы болып табылады.
Қолдау. Бұл стратегиялық бағыт жаулап алған нарық үле- сін жəне сəйкесінше, кəсіпорынның бəсекелестерге қатынасы бойынша позициясын ұстап тұрумен байланысты. Осындай стратегияны таңдайтын кəсіпорын үшін ақша жылыстауы шама- мен ақша түсіміне тең болады. Əдетінше, кəсіпорындар бұл стратегиялық бағытты тез өзгеріп тұратын нарықта іске асы- рады, мысалы, компьютер өндірушілері.
Жетістіктерді пайдалану. Бұл стратегиялық бағыт, тіпті нарықтық үлестің азаюы есебінен максималды қысқа мерзімді пайда мен ақшалай табыстарға қол жеткізуді көздейді. Бұл стра- тегиялық бағытты əдетте баяу дамып келе жатқан салалардағы (мысалы, темекі өнімдерін өндіретін Аmericаn Brаnds) нарықта үлкен үлесі бар кəсіпорындар таңдайды.
12.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |