Құнанбаева Д.Ə


Құндылықтар тізбегінің тұжырымдамасы жəне оны қолдану



бет63/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69
шб кытап ()

Құндылықтар тізбегінің тұжырымдамасы жəне оны қолдану


Құндылықтар тізбегінің тұжырымдамасы (vаlue chаin) Майкл Портердің 1985 жылы Америка Құрама Штаттарында жарияланған «Бəсекелестік артықшылығы» деген еңбегінде көр- сетілген.


Аталған тұжырымдаманың жаңашылдығы қосылған құн тұ- жырымдамасынан айырмашылығында, ол пайда алуға көзделген ұйымда бар қызметті бағалауға мүмкіндік береді жəне сол қыз- мет түрлеріне келесілерді жатқызады:

  • жеткізушілермен байланыс;

  • тұтынушылармен байланыс;

  • кəсіпорынның бір бөлімшесінің құндылық тізбегіндегі тех- нологиялық байланыстар, кəсіпорын ішіндегі бөлімшелердің құндылық тізбегі арасындағы байланыстар;

  • жобалау, өндіріс, маркетинг кезінде, қосалқы функциялар- ды орындау барысында байланыстар.

Портер сондай-ақ компанияны тұтастай қарастыру оның күшті жəне əлсіз жақтарын ашып бере алмайды деп санайды, се- бебі бəсекелестік артықшылықтар жобалау, өндіріс, маркетинг қызметі, өнімді жеткізу жəне қосалқы функцияларды орындау сияқты əртүрлі бағыттарды қамтитын көпжақты əрекеттер бары- сында қалыптасады. Сондықтан ол компанияның құндылықтар тізбегін пайдалануды ұсынады (12.1-сурет).
Портер құндылықтардың жалпы тізбегін өзі құн жүйесі деп атайтын шекте қарастырады.
Портер бəсекелестік мəн мəтінінде құнды сатып алушы оған келетін жеткізілім үшін төлеуге келісетін соманы айтады. Құн
сатылған тауарлардың бағасы мен санына тəуелді табыстың жалпы көлемімен анықталады.
Құнды қалыптастыратын əр қызмет түрі мыналарды қамтиды:

  • сатып алынған компоненттер;

  • адам ресурстары;

  • кез келген формадағы технология;

  • əртүрлі ақпараттық ағымдар.

Құнды қалыптастыру бойынша қызметті екіге бөлуге бола- ды: негізгі жəне қосымша.
Негізгі қызмет түрлері 12.1-суреттің жоғарғы бөлігінде көр- сетілген (осы қызметтің нəтижесі өнімді физикалық құру, оны сату жəне сатып алушы мен нарыққа жеткізу болып табылады):

  • ішкі қамтамасыз ету тауарды қабылдау, қоймалау, сұрып- тау, қайта өңдеу, резервті қоймалау, амортизация, тасымалдау жəне кері жеткізілімді қамтиды;

  • өндіру кызметі шикізат ағынын соңғы өнімге айналды- ратын барлық іс-əрекеттерді, яғни механикалық өңдеу, қорап- тау, құрастыру, орнату жəне тексеруді қамтиды;

  • сыртқы қамтамасыз ету тауарларды жөнелту, қоймалау жəне сатып алушылар арасында тарату; тапсырысты өңдеу, кес- те құру, жеткізу жəне тасымалдау т.б. іс-əрекеттерді қамтиды;

  • маркетинг жəне сатылымға сатып алушыны өнімді қабыл- дау жəне оған төлеуге көндірумен байланысты барлық іс-əрекет- тер кіреді. Оларға жарнама, тауар айналымын арттыру, жеке сатылым, бағалауды құрастыру, тарату каналдарын таңдау жəне баға құру жатады;

  • қызмет көрсету жеткізілетін өнімнің құндылығын сақтауға жəне арттыруға бағытталған барлық іс-əрекеттерді қамтиды. Бұл

  • монтаж, жөндеу, оқыту, бөлшек өндірісі жəне өнімнің моди- фикациясы.

Қызметтің қосалқы түрлері төменгілерді қамтиды:

    • зерттеулер мен əзірлемелер, яғни ноу-хау, технологиялық рəсімдер мен үдерістер шеңберінде құнды құру бойынша бар- лық қызметтер;

    • персоналдың барлық санаттарын жалдау, оқыту жəне сый- ақылауды қамтитын еңбек ресурстарын басқару;

    • менеджмент, жоспарлау, қаржы, бухгалтерлік есеп, заң- дық қамтамасыз ету, мемлекеттік сектормен байланыс жəне са- паны басқару іс-əрекеттерін қамтитын əкімшілік қызметі.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет