8 Теориялық сабақтар
Қауіпсіздігінің және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар
Майлар шамалы қауіпті заттарға жатады және адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша ГОСТ 12.1.007 сәйкес қауіпсіздігінің 4-сыныбына жатады, майлы бұлдыр пайда болған жағдайда – қауіпсіздігінің 3-сыныбына, орташа-қауіпті заттарға жатады.
Майлар кумуляция, бұзылмаған тері арқылы өту қабілеттігіне ие болып тұрмайды.
Майлармен түйісуі орталық жүйке жүйесінің, жүрек-тамырлы жүйесінің, қан тудыратын мүшелерінің зақымдануына және алмасу процесстерінің бұзылуына келтірілмейді.
Жұмыс аумағының ауасында С1-10 (С-ға саңағанда) шекті алифаттық көміртектерінің максималды бірреттік/ орта-айлық шекті рауалы шоғырлану (ШРШ) 900/300 мг/м3, аэрозоль күйіндегі майлардың шекті рауалы шоғырлану (ШРШ) жұмыс аумағының ауасында 5 мг/м3.
ШРШ хроматографиялық немесе басқа метрологиялық аттестатталанған тәсілімен анықталады. Жұмыс аумағының ауасында көмірсутектер буларының шоғырлануын бақылау үшін АНТ-2М типті анализатор-ағуіздегішті немесе ГХ-ВРЗ типті химиялық газанықтауышты, немесе басқа ұқсас мағыналы аспаптарды қолдануға рұқсат етіледі.
Жұмыс аумағының ауасында зиян заттардың мөлшерін бақылау Қазақстан Республика-сының Мемлекеттік санэпидқадағалау органдарымен бекітілген әдістемелеріне сәйкес ұйым-дастырылуы тиіс.
ГОСТ 12.1.044 сейкес майлар тұтқыр жанғыш сұйықтық болып табылады. Тұтану температурасы 210 С-тан төмен емес және өздігінен тұтану температурасы 340 С жоғары.
Майлар жану кезінде мынадай өрт сөндіруге арналған құралдар қолданылады: шашы-ратылған су, көпіршік; көлемдік сөндіру кезінде – көмірқышқыл газ, СЖБ құрамы, «3,5» құрамы және тым ыстық бу.
Майлармен өткізілетін жұмыстар жүргізетін бөлме ГОСТ 12.4.021, талаптарына сәйкес келетін жалпы ауыспалы кіру-ауа тарту желдетпесімен жабдықталуы тиіс.
Майларды сақтау және пайдалануға арналған бөлмесінде ашық отты жағуға тыйым салынады. Электржабдығы, электр желілері және жасанды жарық түсіру жарылыс жағынан қа-уіпсіз орындалымында жасалулары тиіс.
Соққы кезінде ұшқын пайда болдыратын құрал-саймандарды қолдануға рұқсат етіл-мейді, сондай-ақ ГОСТ 12.1.018 сейкес электрұшқын қауіпсіздігінің талаптары сақталуы тиіс.
Май төгілген жағдайда оны бөлек ыдысқа жинап, төгілген жерін құрғақ шүберекпен сүртіп шығу қажет. Ашық алаңшасында төгілген жағдайда төгілген жерін құммен көміп тастап, одан кейіноны сәйкес зиянсыз ету қажет.
Елді мекендердің атмосфералық ауасындағы ластанатын заттардың ШРШ бақылау сәйкес ұйымдастырылуы қажет.
Өнімді өндіру, тасымалдау, қолдану және сақтау, тұмшалы түрде жабдықтауға бай-ланысты технологиялық процесстер және операцияларда пайдалану, технологиялық тәртібін қатал сақтауы майлардың зиян әсер етуінен негізгі қоршаған ортаны қорғау құралдар болып та-былады
Зиян заттарының шығарындылармен ластанудан атмосфералы ауаны қорғау мақсатында ГОСТ 17.2.3.02 сәйкес шекті рауалы шығарындылардың мөлшерін бақылау ұйымдастырылуы тиіс.
Майларды өндіру, сақтау және пайдалану кезінде тұрмыстық және нөсерлік канали-зация жүйелеріне, сондай-ақ ашық суқоймаларына және топыраққа өнімнің түсуін жоятын ша-ралар қарастырылуы тиіс.
Майлармен жұмыс істеу кезінде жеке қорғау құралдарын қолдану қажет: ГОСТ 12.4.010 бойынша қолғаптар, ГОСТ Р 12.4.013 бойынша қорғайтын көзілдірік, ГОСТ 12.4.111 немесе ГОСТ 12.4.112 бойынша костюмдер және ГОСТ 12.4.137 бойынша және белгіленген тәртіпте бекітілген салалық нормалар бойынша аяқ киім.
ШРШ асатын май булардың мөлшері бар аумағында жұмыс істегенде тыныс мүшелерінің қорғауға арналған құралдарды қолдану қажет – ГОСТ 12.4.121 бойынша БКФ маркалы тазарта-тын противогаз, ГОСТ 12.4.034 сәйкес ПШ-1 маркалы шлангты немесе оларға ұқсайтын проти-вогаздар.
Майларды өндіруде қызмет ететін персонал белгіленген тәртіпте бекітілген типтік салалық нормаларға сәйкес өнімді ұстай білу қауіпсіздігінің ережелеріне оқытылуы тиіс.
Деңенің ашық жерлеріне май түскен жағдайда майды сүртіп тастап, одан кейін сумен жақсылап сабындап сумен жуып шығу тиіс; көздердің шырышты қабықшасына май түскен жағдайда көздерді жылы сумен жуып шығу тиіс.
Майлармен барлық істейтін жұмысшылар бастапқы және кезеңдік қаралуын өтулері тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |