Нақты өнімдерді таңбалау. Негізгі ережелер мен талаптар



бет6/13
Дата03.01.2022
өлшемі0.62 Mb.
#451995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Зейнолла

Инспекциялық бақылау

Инспекциялық бақылау оның нормативтік құжаттардың міндетті


талаптарына сәйкестігін белгілеу және өндірілетін өнім сапасы сипаттамаларының тұрақтылығын растау мақсатында жүзеге асырылады. Инспекциялық бақылауды сертификат берген сертификаттау женіндегі орган, қажет жағдайда мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының, сондай-ақ тұтынушылар қоғамдарының өкілдерін қатыстырып жүргізеді. Инспекциялық бақылау сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімі бойына, бірақ жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі. Жоспардан тыс бақылау мұнай өнімдерінің сәйкессіздігі туралы ресми ақпарат алған жағдайда, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі жұмыстар жүргізу кезіндегі жағдайдан өзгеше өндірісте кез келген басқа жағдайдың туындағаны жағдайда жүргізіледі (өзгерістердің өнім сапасы мен қауіпсіздігіне әсер етуін белгілеу мақсатында). Қажет жағдайларда жоспардан тыс бақылау инспекицялық бақылаумен алмастырылуы мүмкін.

Инспекциялық бақылау:

1) Сертификатталған өнім туралы ақпаратты талдауды;

2) Сапа сипаттамаларының тұрақтылығын және өнімнің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін өндіріс параметрлеріне бақылауды;

3) Сертификатталған өнімді сәйкестендіру және сынамаларды сұрыптау және сынаулар жүргізу. Сынаулар көлемдері өндіріс жағдайына және норма­тивтік құжаттардың талаптарын сақталуына қарау сарапшы-аудитор белгілейді;

4) Бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімдерді қабылдауды қарастырады.

Қалыптасқан талаптардың бұзылуына әкелетін, бірақ түзетуші іс-шаралар жолымен жойылуы мүмкін азғантай сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда сертификаттау жөніндегі орган белгілейтін анықталған мерзімнен кейін қайтадан инспекциялық бақылау жүргізіледі.

Инспекциялық бақылаудың оң нәтижелерін алған жағдайда өндірісте қауіпсіздік пен сапа сипаттамаларының тұрақтылығына бақылау жөніндегі мәселелерді қарастырып және сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімі бойына өнімді әрі карай шығару және сату мүмкіндіктері туралы қорытындылармен акті ресімделеді.

Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша сертификаттау жөнін­дегі орган сәйкестік сертификатының әрекетін мына жағдайларда тоқтатып немесе жоя алады:

1) Инспекциялық бақылаудың теріс нәтижелері;


  1. Өндіріс технологиясының бұзылуы немесе кез келген көрсеткіштің белгіленген нормадан ауытқуы;

  2. Сертификаттау жөніндегі органмен келіспей сертификатталған өнім­нің сапасы мен кауіпсіздігіне әсер ететін өзгерістері бар нормативтік құжаттарды пайдалану;

  3. Сертификаттау жөніндегі органмен келіспей өндіріс технологиясы­ның бақылау, орау, таңбалау, сақтау және т.б. тәсілдерінің өзгеруі;

  4. Сертификатталған өнімді өндіруді тоқтату немесе өндірістің өзін жою.

Сәйкестік сертификатын жойған немесе әрекет ету мерзімін токтатқан жағдайда өнімді Сәйкестік белгісімен таңбалау құқығы автоматты түрде жойылады немесе тоқтатылады.

Шағымдар

Өтінушінің сертификаттау немесе инспекциялық бақылау нәтижелерімен келіспейтіні жағдайда ол бір айлық мерзім ішінде сертификаттау жөнін­дегі органның немесе Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеттің шағым қарау комиссиясына шағым бере алады. Шағымдарды беру және оны қарастыру ҚР СТ 3.10 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау жөніндегі комиссиямен қабылданған шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қарала алады.

«Hill Cor­poration» ЖШС өндіретін майдың сериялық өндіріс, әрі өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын болғандықтан 3-схема бойынша сертификаттаудан өтеді. Сәйкестік сертификаты 12 ай мерзімге беріліп отырады. «Hill Cor­poration» ЖШС өнімнің әр тобын белгіленген нұсқада жасалған сертификат көшірмесімен бірге жіберуге құқығы бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет