Нақты өнімдерді таңбалау. Негізгі ережелер мен талаптар



бет10/13
Дата03.01.2022
өлшемі0.62 Mb.
#451995
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Зейнолла

7 СӨОЖ бойынша тапсырма

Өнім сапасын басқарудың негіздері
Өнім сапасын басқаруға келесідегідей негізгі факторлар әсер етеді.

Нарық. Қазіргі өткізу нарығы үшін сипатты, жақсартылған сападағы өнімнің жаңа түрлерінің ассортиментін кеңейту керек.

Ғылыми-техникалық прогресс пен бәсекелестердің жетістігі Кәсіпорын техника-технологиялық өзгерулеріне тез бейімделуі мен оларды бәсекелес нарық жағдайында артықшылықтарды алу үшін қолдануы қажет.

Кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігі. Кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігінің маңызды құраушысы – бәсекелестердің үздік өніміне қарағанда өзіндік құнымен сапа дәрежесі бойынша оның пайдалығының дәрежесін сипаттайтын өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігі кәсіпорынның тауар өткізу мүмкіндіктерімен, кәсіпорынның техника ұйымдастырушылық және қаржылық жағдайымен, оның имиджімен анықталады. Имидждің мәні нарықта сенімділікті жаулап алу, оң қоғамдық пікірді қалыптастыру, тауар (қызмет көрсету) тартымдылығын жоғарылату үшін ерекше үлкен болады.

Инвестициялық қызмет. Тұрақты экономика жағдайында сапа саясатының негізгі бағыттары зертеулерді активті түрде жүргізу, перспективті жобаларды жүргізу, өткізу нарығында бәсекелестерден озу мақсатында алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру болып атбылады. Күйзелістік мезгілде өндірістің төмендеуі мен инвестициялардың жетіспеуі кезінде біраз уақытқа өнімге сұранысты ұстап тұруға қабілетті сапаның жеткен дәрежесін сақтауға ұмтылу керек.

Сапа саласындағы саясаттың басты мақсаты – халықтың, халық шаруашылығының, елдің қорғанысының, экспорттың тұтынуына қажетті өндірілетін және өткізілетін өнім мен қызмет көрсету сапасының тұрақты сәйкестілігін қамтамасыз ету. Бұл мақсаттың сандық мәні-өнімнің экономикалық мақсатты сапасына жетуге кеткен шығындардың механизациясы.

Басты мақсаты қызмет бағыттарына бөлінуі мүмкін, мысалы:

кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;

өнім өткізінің жаңак нарықтарын игеру не кеңейту;

өнім сапасының маңызды көрсеткіштерін жақсарту;

сервистің дамуы;

өнімге кепілдігі мерзімінің ұзартылуы, т.б.

Сапаны басқару мақсаттарына өнімнің жаңа түрлерін жетілдіру, жобалау және оның маркетингі, материалды – техникалық қамсыздануды жетілдіру, өндіріс, орама, сақтау, тасымалдау, өткізу әдістері, қызметтің нақты бақылануы арқылы жетеді.

Маркетинг ролі мақсатты нарықты іздеу мен таңдауда, оның сиымдылығын анықтауда, ерекшеленген нарықты сегмент тұтынушыларының толық сипаттамасын құрастыруды, онымен кері тұрақты байланысын қамтамасыз етуде, сапаға оның талаптарын қоюда тұжырымдалады.

Өнімді жобалау мен жетілдіруде тұтынушыларға талаптары сапасының оның сәйкестігіне қол жеткізеді.

Жобалау сатысында тауардың экологиялық зиянсыздылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жұмыс істеу керек.

Материалды – техникалық қамсыздандырылуының жұмыскерлері сапалы материалдарды, комплекттейтін тораптарды, бөлшектерді сатып алады, алынған ресурстарға нақты талаптар қояды, жеткізушілермен жұмыс істеу формаларын жетілдіреді, сатып алынған өнімнің сапасы бойынша сұрақтарды шешудің процедураларын жетілдіреді, сатып алынатын өнім сапасы туралы ақпаратты тіркеуді жасайды. Сапаны басқару, тексеру және бағалаудың объективтілері өндіріс сатысында процесстің барлық элементтері болуы керек: технологиялық құралдар, жұмысшы инструменттері, өлшеу мен бақылау құралдары, технологиялық процестер, кадрлар, нормативті-техникалық құжаттар, программалық қамсыздандырылу, ресустар және қоршаған орта.

Маркаларды, орауды, тасымалдауды, сақтауды, жүкті тиеу мен түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін процедуралар өнім сапасын максималды мүмкін сақтауы үшін жағдай жасауға бағытталуы керек. Өнімді орау процедуралары мен әдістерін регламенттеу сиымдылыққа, сиымдылықтау әдістеріне, көліктік құралдарына, тиеу механизмдеріне талаптардан тұру қажет.

Бақылау жүйесі кез-келген ақауларды табу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Өнім сапасының талаптарына сәйкес еместіктерді табу келесі сатылардан тұрады:

сәйкес емес параметрлері бар өнімді табу;

дайын өнімнің комплекттеуші бұйымдардың, материалдардың, шикізаттың, техникалық құжаттардың ұқсастылығын тексеру;

сәйкес емес өнімді бөлектеу;

мүмкін қолдану мақсатында сәйкес емес өнімді зерттеу;

өнімнің сәйкес емес бірліктерін (партияларын) жою.

Жобалау. Жобалаумен сапаға қатысты мақсаттарға жету жолдары анықталады. Жобалау бағалаудан, жүйе мен сапа программаларын жетілдіруден, оның жақсаруына арналған жағдайларды жетілдіруден тұрады. Сапаны жобалаудың екі дәрежесін көрсетуге болады:

Стартегиялық. Перспективаға сапа саласында жұмыстың негізгі бағыттары белгіленеді. Сапа стратегиясы - өндірістің жалпы стратегиясының бөлігі.

Кезектегі (жедел). Жақын жылға шараларды ұйымдастырады.

Сапа жобалаудың негізгі мәселелері мынадай:

нарықтың қазіргі және перспективті тұтынушылығына өнім қасиеттерінің сәйкестігін қамтамасыз ету;

ресурстық қамсыздандыру мен тұтынушылар талаптары пікірлерінен қарағанда сапаны жоғарылату бойынша оптимальді мәселелерді белгілеу;

сертификатталған өнімнің өндіріс жоғарылату;

шығарылып отырған өнімнің тұтынушылық жеке қасиеттерін жоғарылату;

шығарылымды қысқарту не өндірістен бәсекелестікке қабілетсіз өнімді алу;

стандарт талаптарын, техникалық жағдайларды, басқа нормативті құжаттарды орындауды қамтамасыз ету;

сапаның осы дәрежесіне жетуді қамтамасыз ететін шараларды өткізу мен жетілдіру;

өндірістің экономикалық тиімділігі мен сапасы жақсарған өнімнің өткізуін жоғарылату.

Сапа бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

Жалпы түрде бұл жүйе мынадан тұрады: әр қайсысының толық қолданылуының жағдайы мен сапасын анықтайтын факторлардан, машиналардың жүйесі мен технологиясын, кадрларды дайындаудан, өндіріс пен еңбектің талдауынан, жобалауынан, ұйымдастырылыуынан, жүйені басқару мен материалды ұйымдастырудың шараларынан.

Өнімнің сапасын басқаруы мен әр кәсіпорында оның өтілуінің жүйесін ұйымдастыру оның өтілуінің жүйесін ұйымдастыру күрделі мәселе болып табылады, себебі олар көптеген басқару объектілерімен, олардың шауашылық территориясында топталуымен, көптеген сыртқы факторларға басқару жүйесінің тәуелділігімен, ұйымдастырушылық жағдайының толық қатарының тұрақсыздығымен шарттасқан.

Ұйымдастыру процесі келесі сатылардан тұрады: орындауға қажетті әрекеттерді бөліп қарастыру;

орындауға міндетті адамдарды анықтау;

бір не бірнеше жұмыс әрекетінен тұратын логикалық құраушылардың әрекеттер жиынтығын бөлу;

мамандық бойынша міндетті және қызметтерді бөлу;

әр түрлі мамандықтар арасындағы өзара байланысты анықтау;

координация.

Сапа бойынша рационалды және тиімді жұмысты ұйымдастыруда келесі схема пайда болады:

өнім сапасына талаптар қою және мұқтаждықтарды анықтау;

бастапқы материалға қажетті қасиеттерді беру (жоспарды, программаны орындау);

алынған қасиеттердің талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқулар не кемшіліктерді табу);

алынған қасиеттердің берілгендерінен ауытқуларды жоюды қамтамасыз ету.

сапаны басқаруы бойынша жұмысты әр түрлі ұйымдастырушы бірліктер орындай алады, мысалы, сапаны басқарудың арнайы қызметі; функционалды, сызықты бөлімшелер (қызметтер, бөлімдер), сыртқы агенттіктер (тәуелсіз аудиторлар) т.б.

Сапаның жауапкершілігін табыстау үшін бірліктерді таңдау мынаған тәуелді:

нақты жұмыстарды орындауға және дайын болуға құлшынысқа дайындығының дәрежесіне;

жұмыстың жаңа бағыттарына қатынасына (эктузиазм не қарсылық);

жұмыс көлеміне;

Сапаны басқарудың арнайы қызметінің функциясы мынадай болуы керек:

өнім сапасын қалыпта ұстау;

өнім сапасын қамтамасыз етудегі бөлімшелерге көмек көрсету;

сапаға әрекеттегі талаптардың өзгеруі не жаңасын енгізуі бойынша ұсынысты беру;

басқару қызметі мен ақпаратпен ауысуы және байланысты қалпында ұстау;

өнімді тексерудің мерзімділігі және әдістерді анықтау;

жұмыстың тапсырмаларды құрастыруға қатысуы;

алынған бөлшектер мен инструменттердің бақылауын қамтамасыз етуі;

технологиялық процестерді бақылауды ұйымдастыру;

жобалық шешімдердің бағалануына қатысу;

стаистикалық есеп берулерді құрастыру;

ақау түрі мен себептерін талдау;

тұтынушыны ақаулы өнімнен қорғау;

еңбектің өндірістік емес шығындарын қысқарту;

ақауды анықтау.

Сапа басқарудың қызметтері құрылымы қазіргі күні көптеген кәсіпорындарда негізінен жеңілдетілген түрі қолданылады. Олардың қызметі негізінен жұмыстың техникалық және технологиялық аспекттерін қамтиды. Сонымен қатар кәсіпорындар басшылары техникалық бақылаудың экономикалық сұрақтарына, дұрыс ұйымдастырушы сұрақтарына, ақпаратты жинау мен өңдеуге жеткілікті түрде көңіл бөлмейді.

Өнім мен еңбек сапасын басқарудағы үлкен рольді функционалды қызметтері ойнайды. Мысалы, экономикалық қызметтер еңбек пен өнім сапасын бағалау критерилерін жетілдіру, сапаны жақсартуына материалдық ынталандыруды ендіреді, т.б.

Сызықты бөлімшелердің (бригада, ферма) деңгейінде сапаны басшылар бағалайды. Басшылардың қызметтеріне тапсырмалардың орындалуына бақылау, әр орындаушының жеке еңбегінің сапасына объекті бағалауды жасау, нормативті техникалық құжаттардың, параметрлерін, өнім мен еңбектің сапасының стандарттарын, өнім мен еңбектің сапасының стандарттарына жатады.

Ұйымда сәтті жетекшілік ету үшін және оның құрылымдалуы үшін оны бағыттап және жүйені, жарқын әдіспен басқару қажет сәттілікке сапа менеджмент жүйесін енгізу және оны жұмысшы жағдайда ұстап тұру арқылы қол жеткізуге болады. Сапа менеджмент жүйесі барлық қызығушы жақтардың қажеттілігін ескере отырып тұрақты, үнемі жақсару үшін жасалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет