Нақты өнімдерді таңбалау. Негізгі ережелер мен талаптар


Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы



бет9/13
Дата03.01.2022
өлшемі0.62 Mb.
#451995
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Зейнолла

6 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Кез келген өндірістік ортада тіршілік қауіпсіздігін сақтау қажет. Тіршілік қауіпсіздігіне өрт қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігі және т.б. жатады. Өндірістік кәсіпорында еңбек қауіпсіздігіне үйреіледі және оның нұсқауын әрбір қызметкерлері мен жұмысшыларға таратылады. Кәсіпорын бойынша уақтылы және сапалы білім беруді ұйымдастыру кәсіпорын жетекшілері мен бөлімше (цех, лаборатория) жетекшілеріне жүктеледі. Кәсіпорын жетекшісі еңбектә қорғау жүйесінің кешенді қызметін қамтамасыз етеді. Өндіріс жағдайында ең алдымен кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшылары жеке қорғаныс киімдермен қамтамасыз етіледі.

Өндіріс орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторларға талдау

Қазіргі жұмыс істеп жатқан барлық кәсіпорындарда, техника қауіпсіздігі және еңбек жағдайларын қорғау жөнінде іс-шаралар әзірлеуге ерекше назар аударылады, сонымен бірге жан-жақты сауықтыру және еңбек жағдайларын жеңілдету халықтың әл-ауқатын көтерудің маңызды міндеттерінің бірі деп көрсетілуде.

Келешекте ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалануды көздеу, жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету үшін технология мен жабдықтарды жетілдіру, атмосферадағы заттектердің зиянды тастандыларымен өндірістік, көмектік және өзге шулармен дірілмен, электр және магниттік өрістердің әсер етуімен күрестің жаңа әдістері мен құралдарын әзірлеу қажет.

Адамдар және қоршаған орта үшін ең зиянды және қауіптілері: көміртек тотығы, азот оксидтері, күкіртті қосылыстар, жанбайтын көмірсутектері.

Ауыз суының шығынынан үнемдеу мақсатында сумен қайтара қамтыу көзделеді. Жуғыш құрылғылар мен технологиялық жабдықтардың ақаба сулары өздігінен ағуымен тазартқыш имараттарға беріледі. ГП 902-2-403,86 бойынша қабылданған, тазартылған ағындылар жуғыш құрылғыларға қайтара беріледі.

Аумақтың жалпы көлемі жобаланушы шекарада 6ГА құрайды. Шымкент метеостанциясының директоры бойынша және СН и П 2.01.01.-82 сәйкес құрылыс ауданы ІV-Г климаттық қосалқы ауданға жатады. Климатты сыртқы ауданың жылдық және тәуліктік температурасының шұғыл ауытқуымен шұғыл континенталды. Неғұрлым суық бескүндік ішінде орташасы-180С, неғұрлым суық тәуліктердің орташасы-210С, неғұрлым суық кезеңнің орташасы-60С. Ауаның ең жоғары температурасы +44оС, ең төмен температурасы-32оС.

Саздақтар үшін грунттың тоңдау нормативтік тереңдігі 0,63м, ірі сынықты грунтта –0,96м. Грунттың тоңдауының ең үлкен тереңдігі 1,0м. Шымкент СН и П 2.01.01-82 сәйкес көктайғақтық бойынша ІІ ауданға жатады.

Құрылыс алаңшасының гидрогеологиялық және геологиялық сипаттамасы жобаның сәйкес бөлімдерінде келтірілген. Алаңша иегіндегі грунттық сулар жер бетінен 7,9-10,6м тереңдікте шоғырланған.

   Еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi;

   Қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiс факторларының әсер етуi еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары. 


     

Өндірістік санитария

А) Өндіріс орнының метереологиялық жағдайы. Өндірістік ортаның метереологиялық шарттары – ауа температурасы, ылғалдылығы және қозғалыс жылдамдылығы, ол адам ағзасының жылу алмасуын анықтайтын және ағзаның әр түрлі жүйесінің функционалдық жағдайына, жұмыс қабілеттілігіне және денсаулығына әсерін тигізеді. Сондай – ақ жылу алмасуының бұзылуы адамның зиянды заттарға, дірілге және басқа да өндірістік факторларға әсері қиындай түседі.

Өндірістік ортаның жұмыс орындарының (өндірістік цехтардың, акционерлік жұмыс орындарының) ауаның физикалық жағдайына тәуелді және негізгі метереологиялық элементтермен сипатталынады: температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдылығы, сондай-ақ жабдықтардың қызған беткейінің жылулық сәулеленуі және өндірілетін материалдар, бұйымдар. Бұл факторлардың жиынтығы өндірістік микроклимат деп аталынады. Көбінесе өндірістік жағдайлар метереологиялық факторлардың барлық әрекеттерімен сипатталынады.

Термореттегіш – бұл дене температурасын (360С-370С аралығында) ұстауға бағытталған адам ағзасындағы физиологиялық және химиялық процестердің жиынтығы. Температураның бұл шектенасуы – кызу, ал шектен төмен түсуі – суу (үсу) деп аталынады. Қызу және суу адам ағзасындағы өмірлік функцияларының бұзылуына әкеп соғады. Термореттегіш адам ағзасындағы жылулық балансын реттейді. Химиялық және физиологиялық термореттегіштер болады.

Химиялық термореттегіш ағзаның қызуы немесе мұздау қауіптілігінде жылу алмасу деңгейінің төмендеуімен сипатталынады. Бірақ химиялық термореттегіштің ағзаның жылу алмасуының сыртқы ортамен тепе-теңдігіндегі рөлі физикалық термореттегішпен салыстырғанда үлкен емес. Қоршаған ортаға ағзадан жылу үш жолмен бөлінуі мүмкін:



  • Инфрақызыл сәуле түрінде;

  • Ауаның қызуы нәтижесінде (конвекция);

  • Денедегі ылғалдылықтың немесе тыныс алу мүшесінің шырышты қабығының булануы (терлеуі).

Қалыпты жағдайда адам радиациядан кейін өзінің 45% жылулық энергиясын жұмсайды, конвекцияда 30%-ын және терлеуде 25% жұмсайды. Жылудың 80-ы тері арқылы, шамамен 13-ы тыныс алу мүшелері арқылы, шамамен 15-ы ішілетін тағамды, суды және жұтатын ауаны қыздыруға жұмсалынады.

Термореттегіштің бұзылуының белгісі болып дененің (терінің) температурасының жоғарылуы табылады. Дене сәл қызғанда адам терлейді, шөлдейді, дем алу жиілінеді. Дене қатты қызғанда көп терлейді, қан ұя бастайды, адамның басы айналады, тіпті есінен талады. Адам ағзасына тек үлкен температура емес, сондай-ақ төменгі температурада да әсерін тигізеді. Ұзақ және интенсивті төменгі температура адамның (жұмысшының) жұмыс қабілеттілігі мен денсаулығына әсер ететін физиологиялық прцестердің өзгерісіне әкеліп соғады. Көбінесе тқөменгі температура қол-аяқ саусақтарының және құлақ ұшы тонады. Дененің тонуы нәтижесінде бел омыртқасының радикулиті, сүйек және бұлшық еттің ревматизмі, плеврит, бронхит ауруларына ұшырайды, сондай-ақ тыныс алу мүшелері суықтайды. Тону нәтижесінде дененің үсуі төменгі температураме, жоғарғы ылғалдылықпен және оның үлкен қозғалысымен сипатталынады. Бұл ыл ғалдылықты а ауның жылуды көбіреке өткізетіндігімен сипатталынады, ал оның қозғалысы конвекцияда жылу беруді үдетеді.

Өндірістік орындарының жұмысшы аймақтары үшін метереологиялық шарттары ГОСТ 12.1.005-76 «Жұмысшы аймағының ауасы» стандартымен регламенттелінеді.

Б) Шу мен дірілден сақтану. Шаруашылық сабын өндірісінде шу мен діріл көп соғады. Жұмыс орындарында шу мен дірілдің жоғарылауы адамның ағзасының кейбір мүшелеріне кері әсерін тигізеді. Шудың ұзақ уақыт бойында әсер етуі нәтижесінде адамның қалыпты қан тамырлард+ың және жүйке жүйелері, ас қорыту жүйелері нашарлайды. Шу – бұл серпімді (газ, сұйық, газ тәрізді) ортадағы бөлшектердің тербелетінқозғалыстардың нәтижесінде пайда болатын әр түрлі жиіліг пен интенсивтілігтегі дыбыс жиынтығы. Діріл – бұл қатты денелердің (аппараттардың, қондырғылардың) тербелуі. Көбінесе дірілде дауыс естіледі.

Шудың пайда болуына коммуникацияларда, б.о. цехының желдеткіш құрылғыларында құбыр желісі (ауаарна) бойымен газ және ауа қозғалысы кезінде пайда болатын аэродинамикалық шу. Бұл жағдайларда шу деңгейін азайтуға газ ауа ағынының жылдамжығын дұрыс іріктеу, құбыр желісі (ауаарна) қимасының көлемін ұлғайту, оларды бірқалыпты бұру жолымен қол жеткізіледі. Қимасы бойынша неғұрлым үлкен ауа арналарының диаметрін екі есе ұлғайту кезінде бос кеңістікке ағатын ауа ағымынан болатын шу деңгейі 15-20 дб азаяды.

Бұл жағдайда егер шу мен діріл деңгейін ұйғарымды нормаға дейін азайту мүмкін емес болса, олардың пайда болу көздерінде дыбыс және діріл оқшаулаудың өшірудің түрлі әдістерін қолданады, сонда-ақ цехтардың, учаскелердің, постылардың радиальды жоспарлауын іске асырады.

Дыбыссіңіру үшін бәрінен де қопсымалы кеуекті материалдар: киіз, кәдімгі және минералды мақта, асбест, губкалы резеңке, ағаш жаңқасын, арнайы құрылыс материалдарын пайдаланған дұрыс.

-желдеткіш жабдықтары жеке оқшауланған желдеткіш камираларына орналастырылады.

-желдеткіш агрегаттар діріл тұғырларына олрнатылады, олардың доңғалағының шеңберлік жылдамдығы 45м/сек-тан аспайды.

-желдеткіштер ауаарналармен иілгіш ендірме арқылы қосылады

-желдеткіш жүйесінің ауа таратушы құрылғыларындағы ауа қозғалысының жылдамдығы СН и П 11-33-85 сәйкес ең төмен болып қабылданған.

-Әкімшілік-тұрмыстық жайларға қызмет көрсетуші ағынды жүйенің ауаарналарына шусөндіргіштер орнатылған.

Аталған іс-шаралар өндірістік жайлар үшін 85 дб, ал ӘТК үшін 50дб жұмыс орындарынд ұйғарымды шу деңгейін қамтамасыз етеді.

Түрлі қарқындағы және жиіліктегі дыбыстардың ретсіз үйлесуі шу деп аталады. Өндіріс жабдықтары және құбыр желісі бөліктерінің қанағаттанарлықсыз бекітілуінің негізінде туындайтын тербеліс діріл деп аталады. Барлық жұмыскерлер жеке қорғану құралдары: қорғану көзілдірігі, распираторлар, қолғаптар, тиісті арнайы киіммен қамтамасыз етілген.

В) Өндіріс орнындағы желдету. Негізгі зияндылықтар механикалық және табиғи түрде іске қосылатын ағынды-тартпа желдеткіштің жергілікті сорып алуымен оқшауланады. Ауаның бөлініп тарауы ретеуші торлармен, ВДШ ауа таратқыштармен, ауыспалы қиманың ауаарнасымен жүзеге асырылады.

Ауаны шығару жоғарғы аймақтан шатыр желдеткіштерімен, ал жұмыс аймағынан біркелкі сору панельдері, иілгіш шлангілер зонттар, шкафтық таса және қаптама түріндегі жергілікті сорып алу арқылы жасалады. Сондай-ақ жұмыс орындарында көміртек тотығының 20 мг/м3 азот оксидінің 5 мг/ м3, күкірт қышқылы буларының 1 мг/ м3, бензин буларының 100 мг/ м3, шекті ұйғарымды концентрациясын қамтамасыз етуші желдету жүйесі жобаланған.

Жалпы ауыстырып тарту желдеткішінен ауа ғимарат шатырынан жоғары атмосфераға тасталады. Жергілікті сорып алу жүйелерімен алынатын ауа факельді тастанды көегімен, ғимараттың аэродинамикалық көлеңке аймағынан жоғары, атмосферада сұйылады және ыдырайды.

Жарылғыш қауіпті қоспалар мен шаңдар бөлінетін жайларда зиянды бөлінділердің технологиялық жергілікті таса орындармен жабдықталған, мұнда тартта желдеткіштің көмегімен зияндылықтың таса орыннан бөлініп шығуына кедергі келтіретін сирету беріледі. Әкімшілік-тұрмыстық жайларда қызмет көрсететін ағынды жүйедегі ауаарналарда шу сөндіріштер орнатылған.

Г) Санитарлы –тұрмыстық орындар. Өндірістегі қауіпсіздіктің бірінші шарты – жұмыс орнының реттілігі мен тазалығы. Май және сабын еденге түскенде оны сырғанақ етеді. Сондықтан еден үнемі таза әрі құрғақ болуы қажет. Егер май немесе сабын жерге байқаусызда түсетін болса, оны жақсылап жинап алу керек, ал еденді құрғатып сүрту керек. Егер сілті ерітіндісі төгілсе, онда еденнің сол бөлігіне құрғақ ағаш үгіндісін себу керек, содан соң ол үгінділерді қол тигізбей метал күрекшемен жинап алады және оларды металдан жасалған қоқыс жәшігіне тастайды. Содан кейін еденді сумен жуып, шүберекпен құрғатып сүртіп алу қажет. Сонымен қатар сұйықтықтың еденге төгілу себебін де жою қажет.

Д) Өндіріс орындарын жарықтандыру. Өндірістік мекемелері мен жұмысшы орындарын дұрыс жарықтандыру – қолайлы еңбек жағдайының негізгі элементі болып табылады. Дұрыс жарықтандыру еңбек өнімділігі артады, қауіпсіздік жағдайлары артады, шаршау басылады. Жарық дұрыс түсірілмеген жағдайда жұмысшы заттарды нашар көріп өндірістік ортада нашар жұмыс атқарады. Өндіріс орнында келесі жарық беру түрлері қарастырылады: 1) жасанды; 2) жұмыстық; 3) авариялық, адамдарды эвакуациялау үшін.

Өндірістік жайларда жалпы, басым көпшілігінде, біркелкі жарық беру жүйесін көздеп отырмыз. Жергілікті жарық беру желдету камераларында қарастырылады жарықтандыру шамасын таңдау өнеркәсіпке жасанды жарық беру нормаларының неізінде, сондай-ақ электр құрылғыларын орнатудың қолданыстағы ережелеріне сәйкес жасалады. Жарық шамдарының типін таңдау қоршаған орта жағдайларына, жайлардың биіктігіне және нормаланушы жарыққа қатысты жасалған. Жергілікті жарық беру желісі үшін жолымен алынатын 36 В кернеуі қабылданған, жарық беруді басқару негізінен топтық қалқандардан, сондай-ақ жеке сөндіргіштермен жүзеге асырылады. Агрегаттарды ауыстыру постыларының аумағына жарық беру СЦС-0,65-8 типті темірбетонды тіректерде орнатылған РКУ 0125 типті шамдал, өндірістік корпусының шатырына орнатылған ПЗС-35 прожекторларымен, мачталарда орнатылған ПКЛ-1500 прожекторларымен орындалған. аумаққа жарық беруді басқару ӘТК-ндағы күзет жайынан жүзеге асырылады. Сенімді жарық беру жарақат алу оқиғаларынан аулақ болуға ықпал етед. Сонымен қатар учаскенің жұмыс режимі 1,5 ауысымды болғандықтықтан кешкі уақытта табиғи жарық беру қарастырылады.

Е) Жеке қорғану құралдары. Жеке қорғану құралдары жұмысшыларды қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін алдын алу немесе төмендету үшін қолданылады. Жеке қорғаныс құралдарға келесі талаптар қойылады: пайдалану кезінде қорғанудың жоғарғы деңгейін және ыңғайлылығын қаматамасыз ету керек; адамға қоршаған ортаға үйлесімділігін қамтамасыз ету керек және жұмыс қызметіне оптималды жағдайды қамтмасыз ету керек (ГОСТ 12.4.011-75 «Жұмысшылардың қорғаныс құралдары»).

Әрбір жеке жағдайларда қорғаныс құралдары берілген процесс немесе жұмыс түрі үшін қауіпсіздік талаптарын ескере отырып таңдалынады. Өндіріс орындарындағы технологиялық және басқа да процестердің жүруі кезінде қызмет көрсететін персонал жеке қорғаныс құралдарын қолдануы қажет. Жеке қорғану құралдары тағайындалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді:


  • Изоляциялайтын костюмдер - пневмокостюмдер, гидроизоляциялайтын костюмдер, скафандр;

  • Арнайы киім – комбинезон, жартылай комбинезон, куртка, шалбар, халат, плащ, алжапқыш, пальто;

  • Тыныс алу мүшелерін қорғайтын құралдар – противогаздар, респираторлар, пневмокостюмдер, пневмомаскалар;

  • Арнайы аяқ-киім - етік, бәтеңке, батфорт,галош,бахила;

  • Қолды қорғау құралдары;

  • Көзді қорғау құралдары.

Өндіріс жағдайында ең алдымен кәсіпорынның қызметкерлері мен жқмысшылары жеке қорғаныс киімдермен қамтамасыз етіледі. 1-кестеде шаруашылық сабынын өндіру цехының жұмысшылары және қызметкерлерін жеке қорғаныс киімдермен қамтамасыз етілу деңгейі көрсетілген

1-кесте


Жұмысшыларға берілетін жеке қорғаныс киімдердің тізімі

Қамтамасыз етілу деңгейі


Нормаға сәйкес


Нақты берілгендер


ОСТ


Мақта мата костюмі

Бәтеңке


Қолғап

Резиналы етік

Резиналы қолғап

Қорғаныс көзәйнектері



Мақта мата костюмі

Бәтеңке


Қолғап

Резиналы етік

Резиналы қолғап

Қорғаныс көзәйнектері



ГОСТ 29295-2003

ГОСТ 19137-89

ГОСТ 28298-91

ГОСТ 5375-79

ГОСТ 20010-93
ГОСТ 12.4013-97


Қамтамасыз етілген

Қамтамасыз етілген

Қамтамасыз етілген

Қамтамасыз етілген

Қамтамасыз етілген

Технологиялық процестер қауіпсіздігі

А) Электр қауіпсіздігі

Электротехникалық бөлімшеде адам организміне электр тогымен әсер еткенде организме екі түрлі зақымдануға ұшырайтынын анықтаймыз: токпен барлық организм зақымдалатын электр соққы және электр жарақаттар (электрден күю, электрлік белгілер және терінің металлдануы).

Электржарақаттардың басып көпшілігі (76%) кернеуі 380 және 220 вольт өндірістік жиіліктегі ауыспалы токтың әсер ету нәтижесінде болады.

Түрлі электрқондырғыларда болған жазатайым оқиғаларды талдау жарақаттардың басым көпшілігі 72% тарату құрылғыларына, коммутациялық аппаратураға және қорғану аппараттарына қызмет көрсету кезінде болатынын көрсетеді. Әдетте қондырғылардың бұл түрімен жұмыс істеуге тек электртехникалық қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі.

Жарақаттаhдың 15%-ға жуығы түрлі қызметкерлердің, оның ішіне электрлік емес мамандықтағы қызметкерлердің ауа және кабельдік желі электр тартылымы, электрмен пісіру аппаратурасы сияқты электрлік қондырғыларға қызмет көрсетуі кезінде болады.

Ылғалды жаларда жұмыс істеу кезінде орны ауыстырылатын эл. құрал-сайман мен шамдалдар үшін 36в. аспайтын кернеуді пайдаланады, ал ерекше ылғал жаларда, металл аппараттардың сыйымдылықтардың ішінде жұмыс істеу кезінде эл. жабдықтардың, шамдалдардың, эл. құрал-саймандардың кернеуі 12V аспау керек. Аз кернеу көздері-гальваникалық элемент, аккумулятор батереялары, түзеткіш және түрлендіргіш қондырғылар бола алады. Авариялар мен жазатайым оқиғалардың негізгі себептерінің бірі-эл. жабдықтардың токөтер бөліктері мен сымдарының зақымдалуы мен оқшауламаның болмауы.

Оқшаулама материалы қоршаған орта жағдайлары мен эл. жабдықты пайдалану ерекшелігіне сәйкес болуы керек, яғни агрессиялық заттардың ылғалдығы, қыздыру әсеріне және механикалық әсер етуге төзімді болуы керек. Токтың жылыстауы 0,001А аспауы үшін, оқшаулама кедергісі мейлінше жоғары болу керек.

Кернеуде болып тұрған жабдықтардың бөліктеріне адамның жанасуы үлкен қауіп тудырады, оны жою үшін қорғныстық жерлендіру және нөлдеу қолданылады.

Жерлендірудің қорғаныстық әсерінің мәні мынады, токөтер бөліктерге жазатайым жанасқан адам жерлендіруге параллельді эл. тізбегіне қосылады, сондықтан адамның денесінен өткен ток шуғыл азаяды. Қоғаныстық жерлендіруге электр машиналардың, жылжымалы және орны ауыстырылатын электрқабылдағыштардың, трансформаторлардың, шамдалдардың корпустары, электр машиналар мен аппараттардың жетектері, трансфоматорлардың екінші орамасы, тарату құрылғыларының. басқару қалқандарының қаңқасы мен металл құрылымдары, кабельдік құрылымдар, сымдардың металл қабықшасы және электртартылымдардың құбырлары, сондай-ақ электр жабдықты пайдаланумен және орнатумен байланысты өзге металл құрылымдар жатады.

Тікелей жерлендірілген бейтараптамалы кернеуі 1000V дейін эл. қондырғылар мен желілерде қорғаныстық жерлендірудің орнына қорғаныстық нөлдеуді қолданады, мұнда эл. машиналардың, трансформаторлардың және электр жабдықтың өзге токөтер бөліктерінің металл корпустары бірнеше рет жерлендірілген, нөлдік сымға қосылады.

Тікелей жерлендірілген бейтарап тамалы кернеуі 220/ 380V желілерде қандай да бір фазаның корпусқа тұйықталуы жағдайында қорғаныстық нөлдеу бар болғанда бірфазалық қысқа тұйықталу туындайды, бұл максимальды токтық қорғаныстың іске қосылуына әкеледі және желінің зақымдалған уческесінің ажырауын болдырады.

Б) Өрт қауіпсіздігі, өртке қарсы іс-шаралар. Кәсіпорында өрт қауіпсіздігін алдын алу шаралары. Өрт қауіпсіздігі келесідегідей жүзеге асырылады:



  • қызметкерлер мен жұмысшылардың орнатылған өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау жауапкершілігін жоғарылату;

  • өрт қауіпсіздігінің іс-шараларын жүзеге асыру;

  • ГОСТ 12.3.046 стандартына сәйкес өрттің белгісін беретін және сөндіретін автоматты құралдарын енгізу;

  • Өрт қауіпсіздігі жұмыстарының реттелінуі;

  • Қызметкерлер мен жұмысшыларға өрт қауіпсіздігінің нұсқауын міндетті түрде тарату;

  • Инженер-техникалық қызметкерлерді технологиялық процестердегі өрт қауіпсіздігі іс-шараларын ұйымдастыруға тарту;

  • Өртке қарсы қатаң тәртіпті орнату;

  • Өнімді өндіру процесін регламенттейтін құжаттар бойынша, нормаларға және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жүргізу;

  • Ыстық ортаны және өрттің пайда болу көзін болдырмау;

  • Жанғыш заттарды және оларды тасымалдауды шектеу;

  • Жаңғыш ортаны оңашаландыру;

  • Өрттің таралуын алдын алу;

  • Өрт сөндіру құралдарын қолдану;

  • Адамдарды эвакуациялау;

  • Адамдардың жеке қорғаныс құралдарын қолдануы;

  • Өрт белгісін беретін құралдармен қамтамасыз ету;

  • ГОСТ 12.4.010 және ГОСТ 12.4.016 сәйкес жұмысшыларды жеке қорғаныс құралдармен қамтамасыз ету.

Өрт қауіпсіздік ережелері 1999 жылы 9-шілдесінде бекіткен ҚР-ның төтенше жағдайлар Агенттігінің ережесімен орнатылады. Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны үшін өрт тұтанса, онда айыпталушыға өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғандығы үшін Хаттама жазылады. Өрт қауіпсіздігінің нұсқауында цехтағы, зертханадағы, қоймалардағы өрт қауіпсіздігінің ережелері көрсетіледі.

Өрт қауіпсіздігін бақылау келесі бағыттарда жүзеге асырылады:

А) өрт қауіпсіздігі бойынша ережелерді бақылау;

Б) өрт қауіпсіздігінің іс-шараларының орындалуын бақылау;

В) электроқондырғыларын дұрыс тасымалдау және жұмыс істелінуін бақылау.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері мыналар болып табылады:

- өрт қауіпсіздігі саласында адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау.

- ұйымдар мен азаматтардың қызметіндегі қауіп дәрежесін дер кезінде анықтау, өрт қауіпсіздігі саласында алдын-алу шараларына және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды үйрету;

- өртті сөндірудің міндеттілігі, бірінші кезектегі авариялық-құтқару және өзге қажетті жұмыстарды жүргізу, медициналық көмек көрсету, азаматтар мен зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, өрт нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен мүлігіне, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне келтірілген зиянның орнын толтыру.

Өндірістік ғимаратты жобалау кезінде өрт, машиналарының кіруін барлық ғимараттар мен имараттар бойынша қамтамасыз етеміз және кіруді қатты жабынды өту жолдары бойынша жүзеге асырамыз. Алаңшада екі шығу жолы қарастырылған: негізгі және қосалқы.

Ғимараттың отқа төзімділіктің IV дәрежесіне жататындығына байланысты, оның барлық өндірістік учаскелері автоматты өрт сигналдауы бар автоматты өрт сөндіру құрылғылармен жаюдықтын және ТҚК, ТЖ постыларының және агрегаттарды ауыстыру постының орналасуы технологиялық және эвакуациялық өту жолдары мен кірме жолдары сақталумен орындалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет