Нақты өнімдерді таңбалау. Негізгі ережелер мен талаптар


Сапа жүйесін сертификаттау



бет7/13
Дата03.01.2022
өлшемі0.62 Mb.
#451995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Зейнолла

Сапа жүйесін сертификаттау мынадай жағдайда қолданылуы мүмкін:

  1. Өнімді сертификаттауда.

  2. Жеткізілетін өнімге келісім шартжасалады.

  3. Мемлекеттік органның мемлекеттік тапсырысын орналастыратын кәсіпорынды таңдап алуда.

  4. Банк ұйымдарының кәсіпорындарды несиелеу саясатының қажеттілігін анықтауда.

  5. Сақтандыру ұйымының кәсіпорынды сақтандырудың қажеттілігін анықтауда.

  6. Кәсіпорынның тұрақты, қажетті деңгейдегі өнімді шығара алатынын дәлелдегенде.

Сапа жүйесін сертификаттау жұмысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің, ал болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің, өкілетті органдарымен жүргізіледі. Сапа жүйесін сертификаттау – дайындаушы кәсіпорынның МЕМСТ 40 8001-8003 (МСО8001-ИСО8003) талаптарына сай жргізіледі. Сапа жүйесін сертификаттау, төмендегідей негізгі принциптерден құралады. Олар:

  • Өз еріктілігі – дайындаушы кәсіпорынның ынтасы мен келісімді түрде өнімді міндетті сертификаттың 5,6 – құрылымы (ҚР СТ 3,4) бойынша жүргізіледі.

  • Бағалау объективлігі – сертификаттауды жүргізетін органның және экспорт аудиторларының осы кәсіпорынды сертификаттауға өтініш берушіден де, басқа жақтан да тәуелсіз еріктілігін қамтамасыз етумен және кәсіпорынды сертификатталған экспорт-аудитордың жетістілігімен негізделеді.

Бағалау нәтижесін жаңғырта алушылығы – тексеру тәсілі және өңдеудің сапа жүйесін бағалау, бағалауда шынайы мәліметтерді есептеу, құжатты дұрыс сақтау, толық бірлеспеген талаптар мен бағалауды бірдей тәсілмен жүргізуді айтамыз.

Сертификаттау кезіндегі комерциялық құпиясы бар кәсіпорын туралы мәлімет, сертификаттау органының құжаттары, эксперт-аудиторларының жұмыс құралдары-құпия талаптарға кіреді.

Сапа жүйесін сертификаттауға және инспекциялық бағалауда – бағалау объектісі кәсіпорынның таңдап алынған үлесі бойынша МЕМСТ 40 8001-8003 талаптарына сәйкес сапаны қамтамасыз ететін және сертификаттарын өнімнің сапасы тұрақты ұстап тұратындай кәсіпорынның жағдайы мен өнімнің сапасы табылады.

Сапа жүйесін сертификаттауда сертификаттау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:



  1. Сапа жүйесін сертификаттағысы келген кәсіпорын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі аккредитацияланған орынға сұраныс береді. Сұраныспен бірге негізгі мәліметтерді алдын-ала сапа жүйесін тексергендігі жөніндегі толтырылған анкета және өндіріс сапаның нұсқауы жіберілді.

  2. Сапа жүйесін алдын-ала бағалау.

  3. Соңғы тексеру және сапа жүйесін бағалау

  4. Тексеру нәтижесін қарау және сертификат беру.

  5. Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық тексеру.

Сапа жүйесін алдын-ала бағалау – жүйені сертификаттау қажет және қажет еместігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Алдын-ала бағалау үшін сертификаттау органы сұраныс берген кәсіпорын үшін бас эксперт-аудиторды тағайындайды. Ол білікті мамандардан эксперт-аудиторлар комиссиясын құрады. Комиссия құрамына өтініш беруші кәсіпорынның немесе сертификаттау нәтижесіне мүдделі адамның қатысуына шек қойылады. Комиссия тапсырылған құжаттарды кәсіпорынның сапа жүйесі үшін таңдап, мемлекет аралық, халықаралық құжаттармен тәуелсіз жерлерден алынған сапа туралы мәліметтермен сараптай отырып, таңдайды. Қажет болған жағдайда комиссия қосымша мәліметтер жинау үшін өзінің өкілетті адамын кәсіпорынға жіберуге құқығы бар. Тексеру үшін комиссия мынадай жұмыстарды қарастырады:



  1. Кәсіпорынды тексереді.

  2. Алынған метериалдарды талдайды.

  3. Соңғы жиналыс өткізу үшін алдын-ала қарастыруларды жасырады.

Тексеру – сұрау, құжаттарды зерттеу, тексерілетін бөлімшелерді қадағалау т.с.с. жұмыстар арқылы жүргізіледі. Алынған мәліметтер басқа жерлерден алынған мәліметтермен салыстырылады. Нақты алынған материалды талдау жұмысы сапа жүйесінің мемлекеттік, мемлекет-аралық, халықаралық стандарттар мен нормалық құжаттарға сәйкес екендігін өндірістің тұрақты түрде белгілі сападағы өнім шығаруға мерин анықталады. Талдау нәтижесін пайдаланып, сапа жүйесінің стандарт талабына тұрақты өнім шығарудағы нормалық құжаттар мен тұтынушылар талабына сәйкес екендігі туралы қорытынды дайындайды. Қорытынды жиналыста тексерілген кәсіпорын басшыларына тексеру кезіндегі байқалған кемшіліктер жөніндегі ескертулер жасалады.

Тексеру және сапа жүйесін бағалау нәтижесінде есеп дайындалады. Есепте тексерілген кәсіпорынның атауы, мекен-жайы, сертификаттау органың атауы, тексерулуді жасаған күні, тексерудің міндеті мен мақсаты, тексеруге қатысқан комиссия мүшелері, шақырылған мамандар тексеруде пайдаланған нормалық құжаттар, тексеру барысында байқаған кемістіктер сапа жүйесінің мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық стандарт талабына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы комиссия қорытындысы жүйенің сапа аумағындағы қойылған міндеттерге жете алу мүмкіншілігі және есепті жіберетін ұйымның тізімі келтіріледі.

Есеп бір ай көлемінде жасалынып, өтініш берушіге жеберілуі тиіс. Сапа жүйесін тексеру нәтижесінде мынадай қорытындылар шығарылуы мүмкін:


  1. Жүйе – стандарт және нормалық құжаттар талабына толық сәйкес.

  2. Жүйе – негізінен стандарттар мен нормалық құжаттар талабына сәйкес, бірақ кейбір элементтері бойынша сәйкес келмейді.

  3. Жүйе – көп мөлшерде стандарт және нормалық құжаттар талабына сәйкес емес, келісімдерді жою ұзақ уақыт қажет.

Тексеру нәтижесінде оң шешім алған сапа жүйесі сертификат беруге әзір. Екінші қорытындыға шешім қабылдаған кезде кәсіпорын алты ай ішінде көрсетілген кемшіліктерді жойып, қайта өтініш беруге құқылы. Мұнда қайта тексеру қысқартылған құрылыммен яғни кемшіліктер байқалған элементтер бойынша жүргізіледі. 3-ші қорытындағыдай шешім қабылданса, сапа жүйесі кемшіліктерді жойғаннан кейін толығымен қайта тексеріледі. Егер тексеру нәтижелі болса, сертификаттау органы – сертификат беруге міндетті.

Сертификаттың нөмірін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің рестіріне тіркеп, сертификатты кәсіпорынға тапсырады. Сертификаттың жарамдылық мерзімін сертификаттау органы бекітеді. Мерзім 3 жылдан артық болмауы тиіс.

Сапа жүйесін сертификаттауда тексеру нәтижесімен келіспеушілік жағдайлар туындаса, кәсіпорын 1 ай ішінде сертификаттау органының шағын, арыз комиссиясына, ал болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарт комитетінің шағым-арыз комиссиясына шағынуына құқылы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарт комиссиясының шешімі - соңғы шешім болып табылады.

Сертификатталған сапа жүйесін сертификаттаудың жарамды мерзімі ішінде инспекциялық бақылау жүргізеді. Бақылау кезеңін сертификаттау органы бекітеді. Бақылау уақыты жылына 1 реттен кем болмауы тиіс. Егер, инспекциялық бақылау барысында кемшіліктер байқалатын болса, онда сертификаттау органы жүйені уақытша немесе толығымен тоқтатуға құқылы. МЕМСТ 40 8001-8003 талабында сапа басшысына мынадай міндеттер қойылады:


  1. Сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды айқындау.

  2. Зертханаларды ұйымдастыру.

  3. Міндеттер мен жауапкершілікті бөлісу.

  4. Сапаны қамтамасыз етудің жалпы жолдарын ұйымдастыру.

  5. Әрбір сынақ жүргізуде сапаны.

  6. Статистикалық бақылау әдістемесінкең көлемде қолдану.

  7. Стандарттық үлгілерді қолдану.

  8. Сынау процесінде сәтсіздікті тапқан жағдайдакері байланысты ұйымдастыру және түзетуге басшылық жасау.

  9. Сапа жүйесі қызметіне ішкі тексеруді жүргізу.

  10. Нормативтік құжаттар қорын ұйымдастыру.

  11. Өлшеу құралдары мен сынау жабдықтарын тексеруді қамтамасыз ету.

  12. Шағымдарды қарау.

  13. Құжаттарды есепке алу және сақтау тәртібін қолдану.

  14. Тіркеу куәлігінің күшін тоқтатқан жағдайда қызметті тоқтатуды ұйымдастыру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет