Нақты өнімдерді таңбалау. Негізгі ережелер мен талаптар


Сәйкестікті ерікті растау тәртібі



бет5/13
Дата03.01.2022
өлшемі0.62 Mb.
#451995
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Зейнолла

Сәйкестікті ерікті растау тәртібі

Сәйкестікті ерікті растау міндетті сертификатталуға жатпайтын мұнай өнімдерін сертификаттау кезінде қолданылады. Сәйкестікті еркін растау ерікті сертификаттау нысанында жүзеге асырылады. Сәйкестікті ерікті растауды аккредиттеу саласына ерікті растауға арналып өтінілген өнімдер номенклатурасы енгізілген сертификаттау жөніндегі орган жүргізеді. Ерікті растау мұнай өнімдерінің нормативтік құжаттардың анықталған көрсеткіштеріне немесе өтінушімен анықталған арнайы талаптарға сәйкестігін растау кезінде қолданылады.

Ерікті растау жөніндегі тәртіптер мен процедуралар өтінушімен келісім бойынша стандартта көрсетілген талаптарға сәйкеседі.

Сертификаттаудың таңдалған сызбасына сәйкес жұмыстардың оң нәтижесі жағдайында сертификаттау жөніндегі орган ерікті сертификаттау үшін белгіленген үлгіде сертификатты рәсімдейді. Өнімді таңбалаған жағдайда ерікті сертификаттау үлгісі үшін белгіленген Сәйкестік белгісі пайдаланылады.

Сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімін ұзарту тәртібі

Сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімін ұзарту сертификат берген органда жүзеге асырылады. Өнім партиясына арналған сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімін ұзарту тәртібі мен процедуралары өзіне мыналарды қосуы керек:



1) Сатылмаған мұнай өнімдерінің қалдықтарын көрсетіп кәсіпорынның бірінші басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылып сертификаттың әрекет ету мерзімін ұзарту туралы өтінушіден хат қабылдау;

2) Хатқа қоса берілген құжаттарды талдау: әрекет ету мерзімінің уақыты өтіп кеткен сертификат және өнімді сертификатталғанын растайтын басқа да құжаттардың (болатан жағдайда) түпнұсқасы;

3) Құжаттар бойынша үйлестіру: хатта және сертификат түпнұсқасында көрсетілген өнім туралы мәліметтерді сертификаттау жөніндегі органның мұрағаттық құжаттарына сертификат көшірмесінің жазбаларымен салыстыру (өнім атауы, оралуы, партия көлемдері және қалдық сандары, зауыт және өнімнің шыққан елінің атауы бойынша жазба белгілерін, өтінушінің өзінің белгісін). Үйлестіру сұрыптау актісі бойынша;

4) Қалдықтарды қоймалау орнына шығу, өнімді сертификаттау жөніндегі органның мұрағаттық құжаттарында және сертификат түпнұсқасында бар мәліметтер бойынша, сатылмаған өнім таңбасымен үйлестіру. Сертификаттау жөніндегі органда бар үлгіні сатылмаған өнім үлгісімен салыстыру әдісімен жеке үйлестіру;

5) Қалдықтарды алу актісін құру қосымша нысаны бойынша;

6) Қажет жағдайда сарапшы-аудитор шешімі бойынша ұзарту өнімге
сертификаттау немесе сұрыптап сынау жолымен жүргізіле алады;

7) Жүргізілген жұмысқа талдау және нәтижелер бойынша шешім қабылдау.

Сатылмаған өнімнің қалдықтарын үйлестіру жөніндегі жұмыстардың он нәтижесі және ұзартудың негізділігі жағдайында сәйкестік сертификатының әрекет ету мерзімін өзгерту туралы шешім қабылданады. Сәйкестік сертификатының әрекеті қалған өнім партиясындағы өнімнің жарамдылық мерзімін, санын, сақталу шарттарын және бастапқы берілген сертификаттың әрекет ету мерзімін есепке алып ұзартылады. Әрекет ету мерзімін ұзартқан жағдайда сәйкестік сертификаты белгіленген үлгідегі сертификаттың жаңа бланкісіне ресімделеді. Бұл жағдайда Мемтізбе бойынша сертификаттың тіркеу нөмірі және сертификатты беру күні солай қалады, үйлестіру кезінде белгіленген сатылған өнім номенклатурасы, қалдық партия көлемі көрсетіледі және қалдықтар көлемін көрсеткеннен кейін «қалдықтар» жазуы жазылады. Сертификат әрекеті туралы белгіленген әрекет етудің жаңа мерзімі көрсетіледі.

Сертификаттың әрекет ету мерзімін ұзартудан бас тарту мына жағдайларда кабылдануы мүмкін:


  1. Өтінушіде сертификат түпнұсқасының болмағаны жағдайда;

  2. Өнімнің жарамдылық мерзімінің бітуімен;

  3. Сертификатталған өнімге шағым болған жағдайда;

4) Сертификат түпнұсқасын ресімдеу және сертификаттың әрекет ету мерзімін ұзарту кезінде ұсынылған өнім қалдықтарын үйлестіру бойынша жағдайдың болмауы кезінде;

5) Сертификаттың әрекет ету мерзімін ұзарту үшін ұсынылған өнімнің және оған сертификат ресімделген өнімнің сәйкеспейтіні жағдайда;



6) Сақтау, қоймалау, тасымалдау және т.б. өнімнің сыртқы түрінің,
қауіпсіздік және сапа көрсеткіштерінің бұзылуына әкелетін дұрыс жағдайдың болмауы кезінде;

7) Ұсынылған өнімді сынаудың теріс нәтижелерін алған жағдайда.

Өнімді сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат

Берілген өтініштермен және оларға қоса берілген тауарға ілесетін құжаттармен және сертификаттау жөніндегі жұмыс нәтижелерімен бірге кешенде берілген сәйкестік сертификатының көшірмелері тігіледі және сертификаттау жөніндегі орган мұрағатына апарылады. Мұрағаттық құжаттар кем дегенде үш жыл сақталады. Сәйкестік сертификатын беруден бас тартқан жағдайда ҚР СТ 3.4 сәйкес бас тарту туралы ақпарат бірдей уақытта өтінушіге және Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

Сертификат іс-әрекетінің мерзімін ұзартудан бас тартқан жағдайда, бас тарту туралы ақпарат (ҚР СТ 3.4) бірдей уақытта өтінушіге және Стан­дарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

Өнімді сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат ай сайын, ҚР СТ 3.11 белгіленген есеп беруге сәйкес Стандарттау, метрология және сертификат­тау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Тоқсан сайын ҚР СТ 1.1 қосымшаларына сәйкес ақпарат мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерге беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет