Науқастарды сұрастыру



бет9/9
Дата02.01.2022
өлшемі210.37 Kb.
#452383
1   2   3   4   5   6   7   8   9
пропедевтика 8 лекция

Науқастарды қарау


Физикалық зерттеу әдістері

Қарап  тексеру

    Созылмалы өт қабының  қабынуымен  (холециститпен)ауырған  адамдар толық болады,  бауыр циррозында  науқас адам   жүдейді,  іші үлкейеді,  кіндіктің  және бүйір аймақтарында  вена  тармақтары көрінеді. Көзі, алақаны, терісі сарғаяды. Көздің  қабақтарында, тері астында, тырнақта, сары  түйіндер- ксантелазмалар, ксантомалар көрінеді.





Цирроз  ауруында  еркек адамдарда  сүт бездерінің  үлкеюі  кездеседі.  Алақандары мен  табандары қызарады, тілі қызыл жылтыраған,  тегіс болып келеді.  Терісінде  өрмекші тәрізді, немесе қан тамырлы  жұлдызшалар.



 

Осы  айтылған  симптомдардың  себебі қанда эстроген  гормондарының  көбеюі, бауырдың  залалсыздандыру қызметінің  төмендеуінен  деп жорамал жасауға  болады.  Бауырдың аумағын қарап тексергенде ешқандай өзгеріс көзге көрінбейді, тек бауырдың  қатерлі ісігінде ғана, немесе эхинококкта оң жақ  қабырға  асты көтеріліп үлкейіп көрініп тұруы мүмкін. Асцит кезінде шалқасынан жатқан науқастың кіндігі шығып, екі бүйірі (фланкалары) сыртқа теуіп, қарыны жалпайып, бақаның қарнына ұқсастанады.






Цирроздан, ісік немесе ұлғайған лимфа түйіндері қысып қалғанда, тағы басқа себептерден бауырдың қақпа венасы жүйесінде қан айналым бұзылса, іштің алдыңғы жағындағы вена тармақтары кеңейіп, білеуленіп кетеді (медуза басы – caput medusae). Кеңейген веналардағы қан ағысының бағытын анықтау үшін екі саусақпен оларды қысып алып, саусақты кезек көтеріңкіреп қай жағы қанға тола бастайтынын байқау керек. Қан жоғары қарай ақса, қанағысы жоғары қуыс вена жүйесіне, төмен қарай ақса, төменгі қуыс венаға бағытталғанын білдіреді..

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет