Негізгі зерттеу әдістері
Сұрастыру
Бауыр және өт жолдары ауырған науқастардың арыз- шағымдары әр түрлі болады. Холецистит өт жолдарының дискенезиясында, өт қапшығының тас ауыруында негізгі шағым болып есептелетін ауыру сезімі төмендегідей. Ауру қабырғаның оң жағынан сезіледі, шаншу тәрізді болып өте қарқынды жүреді, науқастың оң жақ иығына, оң жақ жауырын астына беріледі. Бауыр ауырған науқастарда ауыру сезімі өте қатты болмайды, өйткені ол глиссон қапшығының созылуы мен қабынуына байланысты өрістейді.Созылмалы холециститте оң жақ қабырға астының ауруы, ауызға ащы дәмнің келуі ,өт қапшығы ішіндегі тастың қозғалысында бауыр асты оқтын-оқтын шаншып ауырып тұрады. Ал гепатит пен цирроз ауруларында бауырдың тұсы яғни оң жақ қабырғаның асты сыздап, тіреп тұрғандай болып, төмен тартып ауырады. Негізгі өт жолы таспен бітеліп қалса, дененің сарғаюы белең алады. Терінің сарғаюы да негізгі шағымға жатады.
Сарғаю симптомының екі түрі бар:
Достарыңызбен бөлісу: |