Минералдық зат алмасу. Микроэлементтердің ішінде бауыр ауруларының диагностикасында маңызды орын алатын темір мен мыс. Темір – мыс қатынасы обтурациялық сарғаюда азаяды, ал бауырдың паренхимасының бұзылуында көбейеді.
Гормондар мен витаминдердің алмасуы. Бауыр стероидты гормондар, серотонин, гистаминдерді әлсіздендіреді. Олар витаминдердің барлығының дерлік зат алмасуына қатысады.
Бауырдың сыртқы секреторлық қызметіне өтті түзіп, шығаруы жатады. Өттің құрауыштары (өт қышқылдары, холестерин, фосфолипидтер) ішекте сіңіріледі де, қанмен қайтадан бауырға барады. Осылайша үнемі айналуда болады. Өт қышқылдары, олар тек қана гепатоциттерде түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |