Терінің қышуының себебі: қанда өт қышқылдары көбейеді. Қышу түнде өршіп, теріде асыған орындардың ізі алады. Портальды цирроз кезіндегі алғашқы көрінетін белгілер болып асқазан мен өңештің кеңейген қан-тамырларынан кең көлемде қан кету еселенеді. Бұл өңеш пен асқазан көк тамырындағы қан қысымының жоғарлауынан болады.
Науқастың даму тарихы
Науқастан аурудың алай басталғанын, қалай ауырғанын, денесінің қашан сарғайғанын, зәрінің және нәжісінің түсінің өзгеруін, диспепсиялық синдром симптомдарынвң қалай өрбігенін сұрау қажет. Бұрын сары аурумен ауырғаннын немесе ауырмағанын білу керек.
Науқастың өмір тарихы
Ұзақ уақыт ішімдік ішкен адамдардасозылмалы гепатит немесе цирроз аурулары жиі кездеседі. Ауру адамның мамандығын анықтаудың да үлкен маңызы бар, өйткені қызмет бабында ол әр түрлі химиялық заттармен жұмыс жасайтын болса немесе атты болса, әсіресе фосфор, бензол, мыс, қола, радиоактивті заттар, оларда токсикалық гепатиттің пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |