Бауырдың усыздандыру қызметі. Қақпа венасынан ішкі ағзалардан келген улы заттарды бауыр ұстап қалады және бұлардан гөрі қатерсіз, улылығы аздау заттар (аммиактан мочевина, бос билирубиннен билирубинглюкуронид) түзіліп отырады.
Бауырдың сыртқа шығарушылық қызметі. Суда ерімейтін және белоктармен байланысқан заттар организмнен бауыр арқылы шығарылады. Бауырдың сыртқа шығарушылық қызметін анықтау үшін сынақ-сынамалар өткізіледі: қанға енгізілген заттардың (бромсульфалеин, жасыл индоциан) өтпен шығу жылдамдығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |