«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет40/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Берман Г.Н. Математикалық талдаудың есептер жинағы / Г.Н. Берман.
Физика-математика оқулықтарының бас редакциясы,1983 ж.
2. Бияров Т.Н. Элементар математика есептерінің жинағы / Т.Н. Бияров., 
М.М. Молдабеков- Алматы.: Кітап, 1992 жыл. – 348 бет. 
3. Буловацкий М.П. Как разнообразить виды задач. Математика в школе / 
М.П. Буловацкий - Москва.: Педагогика. №5, 1988 год. – 6-10 стр. 
4. Ибрашев Х.И. Математикалық анализ курсы / Х.И. Ибрашев, Ш 
Тергекулов - Ана тілі баспасы, 1970 ж. 
5. Караева Ж.А. Теоретические основы развития школьного образования в 
Казахстане / под. ред. Ж.А. Караева, М.Ж. Жадриной, Г.З. Байжасаровой, - 
Алматы.: Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования 
имени Ы.Алтынсарина, 1999 год. – 216 стр. 
ӘОЖ 37.013.2 
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ЖАҒДАЙЫНДА ТӘРБИЕ ҮРДІСІНІҢ 
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ 
Әлімханқызы Индира 
Ғылыми жетекші: Игибаева А.Қ., п.ғ.д., профессор 
Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: indira.alimkhan@mail.ru 
Мақалада мектеп-интернат жағдайында тәрбие жұмысы мазмұны, әдістемесі 
мен технологиясы, тәрбие үрдісі тиімділігін арттырудың педагогикалық 
жағдайлары, тәрбие іс-шаралары жайлы айтылады. 
Түйін сөздер: мектеп-интернат, педагогикалық жағдайлар, тәрбие жүйесі, 
тәрбиеші, тәрбиеленуші, тәрбие үрдісі. 
«Мектеп-интернат» педагогикалық сөздікке сәйкес «балалар оқитын және 
өмір сүретін мектеп ретінде деп» анықталады. Педагогикалық зерттеулерді талдау 
мектеп-интернат жағдайында балаларды тәрбиелеу проблемасына ғалымдардың 
қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Интернат мекемесі бала үшін 
қалыпты өмір жағдайларын қамтамасыз етуге, оның дамуына, әлеуметтенуіне, 
тәрбиесіне және оқуына ықпал етуге бағытталған.
Педагогикада жағдайларды көбінесе педагогикалық жүйе қызметінің тиімді 
өтуіне әсер етуші факторлар, жағдайлар, шаралар кешені деп түсіндіреді. 
А.С.Белкин, Л.П.Качалова, Е.В.Коротаева, Л.М.Яковлева педагогикалық жағдайды 
бір істің сәтті өтуіне ықпал ететін, педагогикалық қолайлы орта, оқу-танымдық іс-
әрекетте оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие процесіндегі шаралар 
кешені ретінде қарастырады. Педагогикалық жағдайды Н.М. Борытко 
педагогикалық процестің жүруіне айтарлықтай әсер ететін сыртқы жағдай немесе
педагогтың белгілі бір нәтижеге бағытталған іс-әрекеті деп атап өтеді [5]. 
Педагогикалық жағдайлар ұйымдастырушылық, дидактикалық, әлеуметтік, 
әлеуметтік-психологиялық қызметтерден тұрады. 


119 
Мектеп-интернат жағдайында тәрбиенің басты міндеттері – жеке тұлғаны 
оқу-тәрбие үрдісінде жан-жақты қалыптастыру. Берілген теориялық білімді 
еңбекпен, өмірмен байланыстырып жүргізу, еңбек етуге тәрбиелеу, оқушыларды 
экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік білім беру. 
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, саналы, парасатты, білімді, рухани 
адамгершілігі жетілген адамды тәрбиелеу. Мектеп-интернат тәрбие жұмысы 
мазмұны, әдістемесі мен технологиясы оның тәрбие жүйесімен анықталады. 
Тәрбиелік жүйе – біртұтас жиынтық. Оның негізгі компоненттері: мақсат, 
мазмұн, әдіс-тәсілдері бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін 
қалыптастыру. Мектеп-интернатта тәрбиелік жүйе оқыту үрдісіндегі тәрбие, 
мектеп ұжымының қарым-қатынас стилі, моральдық-психологиялық ахуалы, 
сабақтан тыс әрекет, сыныптағы тәрбие жұмыстары, мектептен тыс тәрбие жұмысы, 
ата-аналармен қарым-қатынас, сыртқы ортамен, қоғамдастықпен жұмыс тәрізді 
бөліктерден тұрады. Тәрбиелік жүйе диагностикалық, оқу-танымдық, қоғамдық-
пайдалы еңбек, эстетикалық, құндылық-бағдарлық, көркем-шығармашылық
спорттық-сауықтыру, түзеу, қарым-қатынас типі, ынтымақтастық, бірлескен 
шығармашылық, өзін-өзі басқару қызметтерінен тұрады. Интернаттық мекемелерде 
жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігі көп жағдайда мектеп режимінің қатаң 
сақталуынан, оқу-тәрбие процесінің оңтайлы ұйымдастырылуынан, мектептің 
материалдық-техникалық базасының жағдайынан, ата-аналармен, қоғаммен тығыз 
байланысынан анықталады. Мұнда тұлғаның әлеуметтенуіне, қабылетінің 
ашылуына, 
дарындылықты 
дамытуға, 
тұлғаның 
жағымды 
қасиеттерін 
қалыптастыруға, тәрбиесіне жағдай жасалынады. Оқушыларды күнделікті және 
жүйелі түрде бақылау олардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге, әсіресе білімінде 
олқылықтары бар балаларға жеке бағытта жұмыс жасауға мүмкіндігі жоғары. 
Мекемеде үй тапсырмасын орындау, шаруашылық жұмыстары, балалардың бос 
уақытын ұйымдастыру, күнделікті тұрмыстық өмірі мен қызметі барлығына ортақ 
түрде атқарылады. Мектеп-интернатқа оқушыларды қабылдаған соң бірінші 
кезекте мектеп-интернат ережелерін меңгертіп, қарапайым тәртіп дағдыларын, 
түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтау 
дағдыларын қалыптастыру керек. Қайталанатын жаттығу әдіс-тәсілдері арқылы 
оқушының мінез-құлқын жетілдіруге жұмыстар жасалынады. Бұл әрине тек 
тәрбиешінің қатысуымен ғана жасалатын жұмыс емес, баланың өзін-өзі тәрбиелеуі, 
ішкі мотивациясын туғызу арқылы жасалатын, біріккен, үздіксіз өте ауқымды 
жұмыс. Әр іс-шараны ұйымдастыру барысында оқушылардың қажеттілігі мен 
қызығушылығын, жас ерекшелігін міндетті түрде ескеру керек. 
Тәрбие процесінде балалар ұжымын ұйымдастыру жұмыстары маңызды орын 
алады. Сондықтан А.С.Макаренко «Тәрбие жұмысы – ұйымдастырушының 
жұмысы» - деді. Ұжым қалыптастыру үшін ең алдымен біркелкі талап қойып, оның 
орындалуы үшін міндеттер қабылданады. Талап қою балаларды мінез-құлық 
нормасына үйретеді. Жұмысты бірлесіп жоспарлау, әр түрлі тапсырмаларды ұжым 
болып орындау, іс-шараларға қатысу, өзара көмек беру, қоғамдық жұмыстарға 
қатысу, бірлесіп тапсырманы орындау т.б. әдіс-тәсілдер ұжымның қалыптасып 
дамуына көп көмегін тигізеді. Ұжымның дамуымен бірге ұжымның өзін-өзі 


120 
басқаруы да іске асады. Өзін-өзі басқару балаларды еркіндікке, жауапкершілікке 
тәрбиелейді.
Оқу – тәрбие нәтижесі педагогтардың шеберлігіне, оқушылар ұжымымен 
дұрыс қарым-қатынас орната алуына, мекеме қызметкерлерінің өз жұмыстарын 
жауапкершілікпен атқаруына байланысты. Мектеп-психологы оқушылардың
психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің қабылеті, мінезінің дамуына үзбей 
зерттеулер жасап, ұсыныстар береді, оқушылардың жүйке жүйесінің 
бұзылыстарының алдын-алу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Мектеп 
дәрігері әр баланың денсаулығын қарап, бақылап, уақытында ем қабылдауын
дәрігерлік тексерістен өтуін қадағалайды. Баланың өмірі мен денсаулығы, саналы 
тәрбие мен сапалы білім алып шығуы, алған білімі мен тәрбиесін қолдана алуы 
мектеп-интернатта тәрбиешінің жұмысты дұрыс ұйымдастырып, талмай еңбек 
етуіне байланысты. Сынып тәрбиешісі оқушымен, ата-анамен, пән мұғалімдерімен, 
асхана қызметкерлерімен, дәрігермен, сыртқы мәдени, ғылым ошақтарымен тығыз 
байланыста, ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Тәрбие жоспарында белгіленген 
іс-шараларды әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды қолдана отырып 
өткізеді. Сыныптың сабақ үлгерімін бақылап, мониторинг жасайды. Балалардың 
алуан түрлі әрекетін,ұжымдағы қарым-қатынасын,ынтасы мен түрткісін, 
қалыптасып келе жатқан қажеттіліктері мен мүдделерін жеткілікті дәрежеде толық 
білуі үшін зерттеу жұмыстары және оның нәтижесімен жұмыс жасайды. 
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың танымдылық белсенділігін, 
дарындылығын дамыту пән апталықтары, байқаулар, пәндік олимпиадалар, 
жарыстар, 
турнирлер 
арқылы, 
үйірмелер, 
кітапханаларға, 
музейлерге, 
мұражайларға, саябақтарға, көрмелерге саяхат жасау арқылы жүзеге асады. 
Оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартатын, қоғамдық пайдалы еңбекке баулитын 
ең маңызды формалардың бірі-үйірмелер.Үйірме сабақтары жалпы және арнайы 
білімдерін кеңейтуге көмектеседі. Олар балалардың жеке қызығушылықтарын, 
шығармашылық қабылеттерін қанағаттандырады. Үйірмелік жұмыста тәжірибелік 
іс-әрекеттер маңызды орын алады, үйірме сабақтары кәсіби бағдар береді, 
оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге көмектеседі. 
Мекемеде дарынды оқушылармен жұмыс ғылыми жоба, олимпиада, 
интеллектуалдық сайыстар, байқаулар, спорттық, өзін-өзі басқарушылық-
ұйымдастырушылық, көркемөнерпаздық бағыттарда іске асырылады. Мектеп 
оқушылары өз қабілеттерін осы бағыттағы жұмыстарға қатынаса отырып дамыта 
алады. 
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыратын негізгі 
орталық база-мектептен тыс мекемелер. Мектептен тыс мекемелермен тығыз 
байланыс оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыратын, шығармашылық 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік тәрбие институты болып табылады.
Отбасымен тығыз байланыста жұмыс жасау-тәрбие жұмысының нәтижелі 
болуының негізгі көзі. Ол үшін мектеп ұжымы, сынып тәрбиешісі отбасымен, яғни 
ата-анамен бірлесіп отырып жұмыс жасау керек. Мұндай жұмыстарға ата-аналар 
жиналысы, ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмыстары, ата-
аналармен жеке жұмыс, бірлескен іс-әрекет жұмыстары жатады. Ата-аналарды 
балалармен бірлескен іс-әрекетке тарту түрлеріне жорық, серуен, саяхат, жөндеу 


121 
жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер жатады. Жалпы мектепішілік дәстүрлі іс-
шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру, түлектер кеші, мектеп бітіру 
кештері, ата-аналар спартакиадасы, ата-аналар педконсилиумы, кездесулер т.б. 
жұмыстар жатады.
Кәсіптік бағдар беру, жоғары сынып оқушыларын мамандық түрлерімен 
таныстыру, болашақ мамандығын таңдауға көмектесу мақсатында ЖОО 
ұстаздарымен кездесулер, ашық есік күндері ұйымдастырылады. Соңғы кезде 
педагогтар оқушылармен бейресми қарым-қатынаста ойындар, жорықтарға шығу, 
асханада тамақ даярлау сияқты тәсілдерді қолданып жұмыс жасауда. Бұл оқушы 
мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынастың ,сенімділіктің, достықтың артуына,
оқу-тәрбие үрдісінің тиімді өтуіне ықпалы зор.
Сонымен, тәрбие жұмысының тиімділігі: 
- тәрбиелік қатынастар сипатына, яғни тәрбие барысында оң қатынастар 
қалыптасуына; 
- мақсаттар мен ұйымдастырылған әрекеттер сәйкестігіне; 
- тәрбиеленушілердің алған білімі мен біліктерінің өмір сүру жағдайлары 
сәйкестігіне; 
- тиімді тәрбиелеу үшін тиісті жағдайлардың жасалуына, яғни психологиялық 
климат пен материалдық қамтамасыз ету жағдайлары байланысына; 
- тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің ұштастырыла жүргізілуіне; 
- тәрбиеге қатысушылардың белсенділігіне; 
- дамыту және оқыту үдерістерінің тиімді жүзеге асырылуына; 
- тәрбиелік іс-әрекеттердің мақсатты, сапалы жүруіне; 

сыртқы әсерлерді тұлғаның ішкі қажеттіліктеріне айналдыру 
мотивациясына; 

тәрбиеленушілердің 
өзара 
қарым-қатынастарының 
сапасы 
мен 
қарқындылығына; 
- тәрбиеленушілердің қарым-қатынас жасау ортасына тікелей байланысты 
болады.
Осылайша, педагогикалық жағдайлар тұлға дамуы үшін, тәрбие жұмысының 
тиімді жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етуі үшін бірін-бірі толықтыру 
негізінде өзара байланысты, кешенді амал ретінде әрекет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет