«научное наследие заки ахметова и национальные ценности», в честь 95-летнего юбилея Заки Ахметова



Pdf көрінісі
бет41/153
Дата07.02.2024
өлшемі5.2 Mb.
#491177
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153
Зәки-Ахметовтің-95-жыл-толуына-орай-жинақ-4-бөлім

Әдебиеттер тізімі 
1. Педагогика: Жалпы негіздері және тәрбие теориясы. С.Б.Бабаев, 
Ш.Б.Оразов, К.С.Бабаева, Оқу құралы, Алматы, 2008 ж. 
2. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқу құралы Р. Набуова. Алматы 2020 ж. 
3. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. С. Әбенбаев Алматы: Дарын, 
2004ж. 36-бет. 
4. Жалпы педагогика: Оқу құралы З.Байжанова. - Алматы, 2008. 
5. Педагогические условия, ориентированные на развитие: теоретический 
аспект. Статья Н. Г. Баженова, И. В. Хлудеева. 


122 
ӘОЖ 37.01(574) 
 
МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ
ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Әлімханқызы Индира 
Ғылыми жетекші: Игибаева А.Қ., п.ғ.д., профессор 
Аманжолов университеті, Өскемен қ., Қазақстан 
e-mail: indira.alimkhan@ mail.ru 
 
Мақалада мектеп-интернат жағдайындағы тәрбие жұмысының педагогика, 
психология 
ғылымдарында 
зерттелуі, 
мектеп-интернат 
мекемелеріндегі 
тәрбиешінің қызметі, мектеп-интернат жағдайындағы тәрбие үрдісінің бағыттары 
мен әдістері жайлы айтылады. 
Түйін сөздер: мектеп-интернат, педагогика, психология, тәрбиеші, тәрбие 
бағыттары, тәрбие, әдіс-тәсілдері, тәрбие тұжырымдамасы, тәрбиелік іс-шаралар. 
Мектеп-интернаттар жасөспірімдерге саналы тәрбие мен сапалы білім беруде 
орасан зор қызмет атқарады және өзіне тән ерекшеліктері бар екенін байқатты. Бұл 
ерекшеліктер оқушылар ұжымын қалыптастыру үшін бірыңғай педагогикалык 
басшылықтың қажеттігінен, окыту мен тәрбиелеу үрдістерінің бір мақсатты 
көздеуінен,баланың жеке басына ұжымының ықпалы мен өзара қарым-қатынас 
жүйесін реттеп отырудың маңыздылығынан байқалады. Мектеп-интернат жүйесі
тұлғаны білім мен тәрбие бере отырып саяси санасын өсіреді, мәдениет пен 
өркениет жетістігіне баулиды, құқықтық санасын өсіріп, әлеуметтендіреді, 
оқушының қабылетін ашып дарындылығын дамытады. 
Елімізде мектеп-интернаттардың алғаш ұлы тұлғалар Ы.Алтынсарин, 
С.Сейфуллин ат салысып, оқу-тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктері жайлы
ағартушылар: Ш.Уалиханов, ЬІ.Алтынсарин, А.Кұнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, 
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өз еңбектерінде құнды 
ой-пікірлері мен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп кеткен. Жалпыға бірдей 
білім беруді жүзеге асыру, мектептер салу, соның ішінде мектеп-интернаттар салу 
және олардың оқу-материалдық базасын нығайту, педагог кадрларды даярлау, 
кәсіптік-техникалық білім беру мен мәдени-ағарту мекемелерінің дамуы 
Т.Т.Тәжібаевтың, 
А.И.Сембаевтың, 
К.Бержановтың, 
А.Қ.Игибаева, 
К.К.Кунантаеваның еңбектерінде кең көлемде көрсетілген. А.Шәріповтың, 
Қ.Аймановтың, А.Щербаковтың, Г.Нечитайлоның, М.Әубәкі-ровтың және 
басқалардың монографияларында халық ағарту ісінің жалпы немесе жеке 
мәселелері, білім беру саласының қызметі қамтылған. 
Қоғамдық дамудың әртүрлі кезеңдерінде кеңес заманындағы интернаттар 
мемлекеттік көмек пен қолдауға мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге арналған 
жатақханалар деп аталған. 
«Мектеп-интернат» педагогикалық сөздікке сәйкес «балалар оқитын және 
өмір сүретін мектеп ретінде деп» анықталады. Интернат түріндегі мекеме – жетім 
балалар мен ата–анасының қамқорлығынан айырылған балаларға, мүмкіндігі 
шектеулі балаларға, ерекше жағдайларда аз қамтамасыз етілген отбасыларының 
және көп балалы отбасылардың балаларына, бейәлеуметтік мінез-құлықты 


123 
балаларға және тиісті мектептер жоқ елді мекендердің балаларына күтім жасайтын 
ұйым. 
Дүние жүзі бойынша, біздің заманымыздан бұрын 597 жыл бұрын құрылған
монастырлық Кинг мектебі, Кентербери мектебі, 1382 жылы құрылған Винчестер 
колледжі және 1407 жылы құрылған Освестри мектебі үздіксіз жұмыс істейтін ең 
көне мектеп-интернаттар болып табылады. Бұл мемлекеттік мектептер Оксфорд 
пен Кембридж университеттерінің негізін қалады. 1998 жылы Біріккен Корольдікте 
772 жекеменшік мектеп-интернат болды, оларда ел бойынша 100 000-нан астам 
бала оқыды. Америка Құрама Штаттарында ең көне кіші мектеп-интернаты 1866 
жылы негізі қаланған Массачусетс штатындағы Саутборо қаласындағы Фэй мектебі
болды.
Ең көне мектеп-интернаттар қатарына Үнді мектептерінде Карлайлдағы
Пенсильвания, Канадада Колумбия халықаралық колледжі әлемнің түкпір-
түкпірінен 1700 оқушы оқитын ең ірі тәуелсіз мектеп-интернатына жатады. 2015 
жылы Норвегияның Fullriggeren Sørlandet желкенді кемесінде швейцариялық 
A+WorldAcademy мектеп-интернаты ашылды. Дүние жүзіндегі ең қымбат мектеп-
интернаттардың қатарына швейцариялық Institut Le Rosey, Beau Soleil, Collège du 
Léman, Collège Champittet және Leysin American School мектептері кіреді. 2015 
жылғы санақ бойынша Қытай мемлекетінде шамамен 33 миллион баланы 
қамтитын 100 000-ға жуық мектеп-интернаттар бар. Ресей мемлекетінде алғаш 
мектеп-интернаттардың құрылуына КОКП ОК бірінші хатшысы Н.С. Хрущев көп 
еңбек сіңірді.
Мектеп-интернаттар ашу Қазақстан Компартиясының жалпыға бірдей білім 
беруді жүзеге асырудағы маңызды шараларының бірі болып табылды. Мектеп-
интернаттар жалпы білім беретін мектептерден, балалар үйлері мен мектеп 
жанындағы интернаттардан бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленді. Басты 
айырмашылығы – мектеп оқушыларын мектепте және сабақтан тыс уақытта 
үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастырды. Мектеп-интернат 
тәрбиеленушілерінің үнемі мұғалімдер мен тәрбиешілердің бақылауында болуы 
оқу жоспарлары мен бағдарламаларының тез әрі сапалы орындалуын қамтамасыз 
етуге, оқушыларды тәрбиелеу мәселелерін жан-жақты шешуге мүмкіндік берді. 
Қазақстандағы қазіргі мектеп-интернаттар ұлттық интеллигенцияның туып, 
қалыптасуына ұшан-теңіз еңбек сіңірді. Революционер Әліби Жангелдин, тұңғыш 
журналист Мұхамеджан Сералин, педагог-жазушы Спандияр Көбеев, Қазақ-
станның халық артистері Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Серке Қожамқұлов, 
Қазақстанның халық артисі, композитор Кеңес Дүйсекеев, генерал-лейтенант Әділ 
Шаяхметов, Парламент Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев, жазушы Ақұштап 
Бақтыгереева, Кәрім Мәсімов, Қайрат Келімбетов, Тимур Құлыбаев, Асқар 
Жұмаділдаев, Серікбай Нұрғисаев, Тұрсынжан Шапай, Алаш сыйлығының 
лауреаты Шарбану Бейсенова, ақын-жазушылар Тұрғазы Нұқайұлы, Көкей 
Сақабайұлы, Жұмаділ Әділбаев, Айтмұханбет Қасымов, Егемен Қазақстан газетінің 
тілшісі Оңдасын Елубай т.б көптеген қазақ зиялылары Қазақстанның түкпір-
түкпіріндегі мектеп-интернаттардың түлектері.
Солардың қатарында Өскемен қаласындағы ана тіліндегі бірден-бір білім 
ордасы, 1920 жылы құрылған – Жамбыл атындағы мектеп-интернаты түлектері: 


124 
халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Шарбану Бейсенова, ақын-жазушылар 
Тұрғазы Нұқайұлы, Көкей Сақабайұлы, белгілі қаламгерлер «Дидар» газетінің бас 
редакторы Жұмаділ Әділбаев, осы газеттің бас редакторының орынбасары
Айтмұханбет Қасымов, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Оңдасын Елубай, 
журналистер Мурат Амренов, Ғалия Омарханова, облыстағы тұңғыш қазақ 
мүсіншісі Талаптан Иманбаев, ақындар Сәкен Қасымов, Тоқтарбек Хамзин, 
филология ғылымдарының докторы, Абайтанушы Қартаева Айжан, Қазақстан 
жазушылар Одағының мүшесі, ақын Азамат Тасқараұлы бар. Мектеп-интернатты 
40 жылға жуық ардагер-ұстаз, осы мектептің түлегі Валиахмет Нұрахметұлы 
Байдельдинов басқарды. Атақты ұстаз, академик, КСРО Мемлекеттік сыйлығының 
лауреаты Қанипа Бітібаеваның ғылыми-әдістемелік атаулы мектебі, бүгінгі күні 
республикалық ғылыми-әдістемелік зертхана 1991 жылы 19-мамырдан бастап 
жұмыс істеп келеді. Білім ошағы Жамбыл-мектеп-интернаты тәрбие орталығына, 
педагогтардың бас қосу, жиындар өткізу орталығына айналды. 
Қазіргі таңда Қазақстанда негізгі және орта білім алуға мүмкіндіктері жоқ 
ауылдардан шыққан 16125 баланы қамтитын 275 мектеп жанындағы интернаттар 
жұмыс жасайды. Бұдан басқа, 611 баланы қамтитын тіректі мектептер жанында 46 
интернат бар. Тұрмыстары төмен отбасыларынан іріктеп алынған 1587 баланың ба-
сын біріктіріп отырған 8 интернат тағы тұр. Бұдан бөлек, мүмкіндіктері шектеулі, 
сондай-ақ мүгедек балаларға арналған 87 интернатта 13219 бала оқып жүр. Ал сан-
аториялық типтегі 16 мектеп-интернатта барлығы 2713 бала білім алуда. Бұған қоса, 
дарынды балаларға арналған 72 мектеп-интернат 14083 оқушыға тереңдете білім 
беріп келеді [5]. 
Жалпы білім беретін мектеп-интернаттардың жұмыс істеу тәжірибесі 
көрсеткендей 
- мектеп-интернаттар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және 
отбасылық тәрбиесінің тиімді үйлесімінің сәтті нысаны болды және болып 
табылады; 
- бұл мекемелер көптеген оқушылар үшін еңбек қызметіне белсенді 
дайындықтың «өмір мектебіне» айналды; 
- мектеп-интернаттар қазіргі жағдайда балалар мен жасөспірімдердің 
девиантты және азғындық мінез-құлқының алдын алудың жетекші әлеуметтік-
педагогикалық функциясын орындайды; 
- мектеп-интернаттар тәрбиеленушілердің педагогикалық және әлеуметтік 
оңалтуына ықпал етеді. 
Мектеп-интернаттардағы тәрбиешілердің басты міндеті оқушылардың
тұрмыстық өмір сүруі мен тәрбиесін жоспарлау және ұйымдастыру, мұғалімдермен 
бірлесе отырып, шәкірттердің оқуына бақылау жасау, оқушыларға үй 
тапсырмаларын уақытылы орындату, сондай-ақ олардын әрбір сабақ тапсырмасын 
өздігінен орындауын қадағалау, еңбектің барлық түріне деген сүйіспеншілікті 
туғызу, өмір сүру барысында еңбектің қажеттігіне олардың көзін жеткізу, үнемі 
бағыт сілтеп, басшылық жасап отыру. Тәрбиеші оқудың, еңбектің, тұрмыстың бір-
бірімен тығыз байланыстылығын көрсетумен қатар, әр оқушының санасына жоғары 
адамгершілік нормаларын егеді,бос уақытын тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. 
Сонымен қатар тәрбиешілер шәкірттердің бойына өзара сыйластық, басқаның еңбек 
етуі мен демалуына ілтипатпен қарау, интернат мүлкін көздің қарашығындай 
сақтау, интернатта және одан тыс жерде өзін мәдениетті ұстай білу сияқты әдептілік 


125 
машықтарын сіңіріп отырады. Осы тәріздес міндеттерді жүзеге асыру үшін 
тәрбиеші әр баланың жасына қарай жеке ерекшеліктерін ескеруі, ұйымшыл сынып 
ұжымын құруы, өзі де үнемі ізденіп, білімін көтеруі шарт. Интернат қарапайым 
мекеме емес – бір уақытта мектеп және отбасының бір түрі. Сыныптарда қызу
жұмыс ортасы қажет, ал интернаттың тұрғын үй-жайларында үйдегі жайлылық 
қажет. Жұмысқа қажетті іскерлік қарым-қатынас ұжымдағы жылылықпен және 
жақындықпен үйлесуі керек. Тәрбиедегі табыстың сыры – бүкіл ұжым мен әрбір 
оқушының тәрбиесін дұрыс үйлестіру. Тәрбиешінің педагогтық шеберлігі оның істі 
дұрыс ұйымдастыра білуінен, өз білімін жүйелі жетілдіріп отыруынан байқалады. 
Мектеп-интернат жағдайында тәрбие жұмысында тәрбиенің қойған мақсатынан 
және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының негізгі 
бағыттары айқындалады. Олар: жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа 
тәрбиелеу, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие,ұлттық тәрбие,отбасы 
тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, көпмәдениетті және 
көркем-эстетикалық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу, 
дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыттары. 
Тәрбиенің негізгі бағыттары арқылы, тәрбие әдістерін қолдана отырып
тәрбие жұмыстары жасалады. Тәрбие өнерге ұқсас күрделі, әрі қызықты үдеріс. 
Тәрбиеші бір-біріне ұқсамайтын, қайталанбайтын жеке адамдармен жұмыс 
жүргізеді, көптеген жағдайларға байланысты әдістерді таңдайды. Тәрбиеші 
қолданған әдістерінің себептерін қаншалықты түсінсе, әдісті орнымен қолдана 
білсе, тәрбиелеу жолдарының дұрыс таңдалғанының белгісі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет